ЖҰБАНИЯЗ Найзаұлы (1865, бұ-рынғы Сырдария обл. Перовск уезі, Шойбас а. - 1933.
Қызылорда обл. Жаңақорған ауд. Жаңаталап а.) -жырау, ақын. Руы - шөмекей. Шегебай ақынмен
және Кете Жүсіппен айтысқа түскен. Бірнеше айтыстары "Айтыс" кітабына енген.
ЖҰБАНОВ Құдайберген Қуанұлы (19.12.1899. Ақгөбе обл. Темір ауд. 25.2.1938) - түркітанушы,
педагог. Алғашқыда Оспан ишанның мешітінен дәріс алып, араб тілін үйренеді. Електегі екі
сыныптық орыс-қазақ уч-щесін (1918). Орынбор қ-ндағы "Хусайния" медресесін (1920) бітірген.
Араб, парсы, орыс, латын, түрік, жапон, француз, ағылшын, неміс тілдерін меңгерген. 1920 ж.
"Ай"журналын ұйымдастырып, М.Горькийдің "Сұңқар туралы жыр", "Дауылпаз туралы жыр",
"Хан мен ұлы". т.б. шығармаларын қазақ тіліне аударып жариялаған. Ақындық. жазушылық
өнерімен де танылып. өлең. пьеса, т.б. жазған. "Мақпал - Сегіз" дастаны, "Ай", т.б. өлеңдерін
журналда жариялаған. Көпшілік көкейіне тез қонатын сықақ, фельетондары сахнада, сауық
кештерінде айтылып, "Еңбекші қазақта" жарияланған. 1925 ж. Ж-тың режиссерлігімен Ақтөбе
қ-нда М.Әуезовтің "Еңлік-Кебек" пьесасы қойылды. Ж. 1920 -22 ж. ауылда мұғалім. 1922 - 24 ж.
Темір уездік оқу-ағарту бөлімінде, 1924 - 29 ж. Ақтөбе губ. оқу-ағарту бөлімінде басшылық
қызметтер атқарған. 1928 ж. Санкт-Петербургтегі Шығыс тілдері ин-тының (Шығыстану ин-ты)
толық курсын бітіріп, 1929 ж. осы ин-тың акад. Самойлович басқаратын "түркітану семинарийіне"
оқуға түскен. 1930 ж. КСРО ҒА-ның Тіл білімі ин-тының аспиранты болды. 1932 - 37 ж. ҚазПИ-де
(қазіргі ҚазҰПУ) проф.. қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының меңгерушісі болған. Ж. қазақ
мектептері мен жоғары оқу орындары үшін қазақ тілін оқыту бағдарламаларын жасап, оқулықтар
мен әдістемелік құралдар жазған. Сондай-ақ, "Қазақ тілінің ғыл. грамматикасының
материалдары" (1-том), "Фонетика" (орыс тілінде), "Қазақ тілі фонетикасының тарихын зерттеуге
кіріспе", "Қазақ тілінің ғыл. курсы жөнінен лекциялар", "Буын жігін қалай табуға болады", "Қазақ
тілінде біріккен сөздің жазылуы", т.б. іргелі еңбектердің авторы, "Абай - қазақ әдебиетінің
классигі" ("Әдебиет майданы", 1934. №11 - 12) атты аяқталмай қалған әдеби-публицистикалық
еңбегінде Абайдың қазақ әдеби тілін дамытудағы, ақындық шеберлігін, композиторлығы мен өлең
құрылысына енгізген жаңалығын тұңғыш көрсетіп, әділ бағалады. 1937 ж. жалған саяси айыппен
тұтқындалып, ату жазасына кесілді. 1957 ж. 3 қазанда ақталды. Ақгөбе мемл. ун-тіне, осы қаладағы
бір көшеге Ж. есімі берілген.