АЛҒАЗЫҰЛЫ Шарғын (1903. Алматы обл. Ұйғыр ауд, Ұзынтам -1988. Райымбек ауд..
Қожманбет а.)-ақын. 1920 - 21 ж. ақын мектебінде ақын Додабаев Маңұтаннан дәріс алған. 1925
- 30 ж. болыстық атқару к-нде хатшы болып, ауылды ұжымдастыру науқанына белсене араласады.
1932 ж. асыра сілтеушіліктің лаңымен Қытайға қоныс аударуға мәжбүр болады. 1934 -58 ж.
аралығында Қытайдағы қазақ ақындарында ағартушылықпен айналысып, мұғалім, мектеп
директоры. ауд. оқу, мәдениет бөлімдерінің меңгерушісі. халық кеңесінің хатшысы сияқты
қызметтер атқарады. Ақын Таңжарық Жолдыұлымен бірлесіп, Құлжа қ-да тұңғыш қазақ газеті "Іле
газетін" шығаруға ат салысады. Бұдан кейінгі ашылған "Төңкеріс таңы", "Білім арнасы", "Одақ"
т.б. газет-журналдарда шығармалары жарияланып тұрған. А.Таңжарықпен, Нәсілхан қызбен,
Күлшарханмен айтысып, "Шалкөде - жырдың жайлауы" дастанын шығарады. Оның
туындылары Шыңжаңның барлық баспасөз беттерінде, Пекиндегі "Ұлтгар" журналында басылды.
1958ж. туған жерге оралып, а. ш-ның түрлі салаларында қызмет атқарды. Өзі қайтыс болған соң,
шығармалары "Көш керуен" (1992) атты жеке жинақ болып басылып шықты.