АЛДАБЕРГЕН Нұғыманұлы (1887. Оңт. Қазақстан обл. Бәйдібек ауд. Жүзімдік а. - 1936. сонда)
- би. 1918- 20 ж. Ташкент. Самарқан медреселерінде оқыған. Жас кезінен болыс, билерге хатшылық
қызмет атқара жүріп, өзінің зеректігімен, тапқырлығымен ел құрметіне бөленеді. 1927 жылға дейін
би болып, жергілікті басқару ісіне араласады. 1928 - 30 ж. Жүзімдік ауылын артель, кейін
ұжымшар етіп ұйымдастыруға қатысады. А-нің ел аузында сақталған шешендік сөздерінің
бірқатары жиналып, жарық көрді.