Н. Ш. Чернышевский мұраларын оқып таныс болған, Батыс Еуропа әдебиетінен Гете, Дж. Байрон



Pdf көрінісі
бет632/677
Дата07.01.2022
өлшемі3,44 Mb.
#18344
1   ...   628   629   630   631   632   633   634   635   ...   677
ЖҮСІПБЕК          БАСЫҒАРАҰЛЫ,  Жүсіпбек  Басығарин  (т.ж.б.,  Қызылорда  обл. 
Сүлутөбе қонысы - 1920. Ташкент) - ақын, аудармашы. "Қыз балаларға" (1913), "Боз-балаларға" 
(1914), "Жас әйелдерге" (1914) атты дидактикалық өлеңдері "Айқап" журналында, "Ақымақтарға" 
(1913), "Өлең-жыр" (1914), "Интеллигент" (1914), т.б. өлеңдері "Қазақ" газетінде, "Жазушыларға" 
(1917),  "Отағасы"  (1917),  "Неғып  жатыр?"  (1917)  өлеңдері  "Алаш"  газетінде  жарияланған.  Ж. 
Б-ның публицистикалық мақалалары өте көп. Ж. Б. Нысанбай жыраудан "Кенесары - Наурызбай" 
жырын жазып алып, 1923 ж. Мәскеудегі Күншығыс баспасынан шығарған. 1926 ж. Мәскеуден Ж. 
Б-ның құрастыруымен "Тазша (өтірік сөздер. өлеңдер)" кітабы басылып шыққан. "Тазша баланың 
қырық  өтірігі"  аталатын  қазақ  ертегісі  тұңғыш  рет  осы  жинақта  жарияланған.  Н.  Төреқұлов,  X. 
Досмұхамедов,  А.  Байтұрсынов,  М.Шоқай,  С.Қожанов,  Ғ.Мұратбаев,  т.б.  қоғам  қайраткерлері  Ж. 
Б-ның  шығарм.  еңбегін  жоғары  бағалап,  оған қолдау көрсетіп отырған. Ақынның  әдеби  мұрасы 
арнайы зерттелмеген. 
 
ЖҮСІПБЕКОВ Хамза (1900. Қарағанды обл. Нұра ауд. - 25.2.1938. Алматы) - жазушы, мемлекет 
қайраткері,  аудармашы. 1920-22ж.  Омбы. Ақмола губернияларында, Көкшетау  уезінде жауапты 
қызметтер  атқарған.  1922  -  26  ж.  БК(б)П  Ақмола.  Бөкей  губ.  к-ттерінің  бөлім  меңгерушісі, 
жауапты хатшысы, 1927 - 32 ж. БК(б)П Қазақ өлкелік к-ті бақылау комиссиясының алқа мүшесі 
және  жауапты  хатшысы,  1933  -  36  ж.  Қазақстан  кәсіподақтар  кеңесінің  төрағасы,  Қазақ  АКСР 
әділет халық комиссарының орынбасары. 1936 - 37 ж. Марксизм-ленинизм ғыл.-зерттеу ин-тының 
қазақ бөлімшесінде аудармашы. 
Қазақ  мемл.  көркем  әдебиет  баспасының  директоры  қызметтерін  атқарған.  1935  -  36  ж.  Қазақ 
АКСР  ОАК-нің  мүшесі  болған.  1925-37  ж.  мерзімдік  баспасөзде  әдеби-сын  мақалалары, 
әңгімелері,  очерктері  жарияланып  тұрған.  "  Қарсақбай"  атты  кітабы  жарық  көрген  (1928). 
Н.Островскийдің "Құрыш қалай шынықты" романын қазақ тіліне аударған (1935). Ж. 1937 ж. күзде 
"халық  жауы"  деген жалған  айыппен  тұтқындалып,  ату  жазасына  кесілді.  Алматы қ.  маңындағы 
"Жаңалық" а-ндағы қорымға жерленген. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   628   629   630   631   632   633   634   635   ...   677




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет