Н. Ш. Чернышевский мұраларын оқып таныс болған, Батыс Еуропа әдебиетінен Гете, Дж. Байрон



Pdf көрінісі
бет634/677
Дата07.01.2022
өлшемі3,44 Mb.
#18344
1   ...   630   631   632   633   634   635   636   637   ...   677
ЖҮСІПОВ Қуандық Фазылұлы (2.9.1941 ж.т., Баянауыл ауд. Жаңа жол а.) - ғалым, филол. ғыл. 
докт. (1994). проф. ҚазҰПУ-ды (1964). Әдебиет және өнер ин-ты аспирантурасын бітірген (1967). 
1968 ж. Семей пед. ин-тында аға оқытушы, 1973 - 95 ж. доцент, 1995 - 97 ж. Екібастұз жоғарғы 
колледжінде кафедра меңгерушісі. Қазір Павлодар мемл. ун-тінде кафедра меңгерушісі. 
 
ЖҮСІПОВ Мұзарап (14.10.1905. Қызылорда обл. Қармақшы ауд. -21.3.1972. сонда) - ақын, әнші, 
композитор, күйші, фольклорлық мұраны жинаушы. Ауыл мекгебінде мұғалім (1926 - 36), есепші 
болып  қызмет  істеген  (1936  -  43).  Өнерде  әкесі  Жүсіп  пен  Ешнияз  салдың  жолын  ұстанған. 
"Тамшы"  (1925),  "Үш  насихат"  (1926),  "Үш  жұмыртқа"  (1927),  "Самұрық"  (1948),  т.б. 
дастандардың авторы. Бірнеше әндері "Тасқын"," Үш бөлім", "Жастармыз", "Балымша-ай" әндері 
мен "Көркем қыз", "Мұңлы қыз", "Қаз дауысы", "Шаттық" күйлері бар. Ақын он мың жолға жуық 
ауыз  әдебиеті  жәдігерліктерін  жинастырып,  Орт.  ғыл.  кітапхананың  қолжазбалар  қорына 
тапсырған.  Ж.  туындылары  "Пернедегі  термелер"  (1965),  "Айтыс"  (1966),  "Ленин  деп  халық 
жырлайды" (1969). "Қазақтың қазіргі халық поэзиясы" (1973) жинақтарына енген. 
 
ЖЫЛҚАЙДАРОВ  Иманжан  (1882.  Қарағанды  обл.  Ұлытау  ауд.  Ұлытау  а.  -  10.8.1973.  сонда)  - 
ақын. "Әділбек" тарихи дастаны. "Сабыр" толғаулары, "Туысқандар қойды қол", Гүлденген менің 
Отаным" (1958), "Сәуле", "Ақмарқа", "Ұлытау", "Әліби ерлігі", "Ұлытау", "Шақшақ ұлы Жәнібек", 
"Назымбек"  дастандары  бар.  Академик  Ә.Марғұлан  басқарған  тарихи-этнографиялық 
экспедициясына (1947) қатысып, ауыз әдебиеті үлгілерін жинаған. "Жастарым, жайна" таңдамалы 
шығармалар жинағы (1959) жарық көрген. Шығармалары "Пернедегі термелер" (1965), "Айтыс" 
(1966, 3-т.), "Ленин деп халық жырлайды" (1969) жинақтарына енген. Қазақстан Жоғ. Кеңесінің 
Құрмет грамотасымен марапатталған.   
 
ЖЫЛҚЫШИЕВ  Амангелді  (31.3.  1940  ж.т..  Атырау  қ.)  -  ақын.  Атырау  пед.  ин-тын  бітірген. 
Мақат ауд. мектептерінде мұғалім. 1966 - 88 ж. Мақат ауд. "Мұнайшы" газетінде әдеби қызметкер, 
жауапты  хатшы,  редактордың  орынбасары  міндетін  атқарған.  Қазақстан  Жазушылар  одағының 
Атырау  обл.  әдеби  кеңесшісі,  қалалық  "Қазақ  тілі  қоғамының"  төрағасы,  Мақат  ауд.  "Мақат 
тынысы"  газетінде  қызмет  атқарған.  "Тұңғыш"  (1981),  "Туған  жер  толғауы",  "Таң  самалы", 
"Шар-болаттай шыңдалған" (2004) жинақтары жарық көрген. Бір топ өлеңдері "Тоғыз перне", " 
Мерейлі мекен" ұжымдық жинақтарына енген.   


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   630   631   632   633   634   635   636   637   ...   677




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет