"ЗУБДАТ әл-АСАР" ("Жылнамалар қаймағы") - ортағасырлық тарихи шығарма. Толық
атауы - "Тарих-и зубдат әл-асар" ("Жылнамалар қаймағы аталған тарих"). Авторы - Абдаллаһ
бин Мұхаммед бин Әли Насралдаһи, қысқаша Абдаллаһ Балхи. Ол Балх қ-ның білімді
адамдарының бірі болған. "3. әл-А." Мұхаммед сұлтанның жеке тапсырмасымен 1525 жылдан
кейін шағатай тілінде жазылған. Қолжазба еңбектің 3 нұсқасы Санкт-Петербургте, Ташкентге (бұл
екі қолжазба да тақырыпсыз), Лондонда сақталған. Шығармада дүниенің жаратылысынан бастап,
Сүйінішқожа хан кайтыс болған 1925 жылға дейінгі автордың өзі білген Шайбани әулетінің
тарихына қатысты оқиғалар баяндалады. "3. әл-А-ды" ғыл. айналымға енгізген В.В. Бартольдтың
айтуынша, шыгарма "Тамам ат-тауарих" деп те аталады. "3. әл-А-да" Шамс әд-Дин Әбу Абдоллах
Мұхаммед әл-Мұқаддаси, Әбу Жафар Мұхаммед ат-Табари, Ала әд-Дин Ата Мәлік Жуайни,
Рашид әд-Дин, Абд әр-Раззақ Самарқанди, т.б-дың еңбектері пайдаланылған. Шығарманың
Шайбани әулетіне арналған тарауында қазақ халқының тарихына қатысты деректер кездеседі.
Автор өзі баяндаған оқиғалардың куәсі болған.