ИРАН-ҒАЙЫП, Оразбаев Иранбек Әбітайұлы (7.6. 1947 ж. т., Қызылорда обл. Сырдария ауд.
Абай а.) - ақын, драматург. Қазақ политех. (қазіргі ҚазҰТУ) ин-тын (1970). Мәскеудегі Әдебиет
ин-ты жанындағы жоғары әдеби курсты (1980) бітірген. Қызылорда обл. "Білім" қоғамында
референт, "Жазушы" баспасында редактор, " Қазақ әдебиеті" газетінде бөлім меңгерушісі,
Мәдениет к-тінің редакциялық-репертуарлық коллегиясының бас редакторы қызметтерін атқарған.
1998 жылдан Ғ.Мүсірепов атынд. Қазақ жастар мен балалар театрының әдебиет бөлімін басқарған.
Ақынның алғашқы жыр жинағы "Жүрек жырлайды" 1974 ж. жарық көрген. "Хан - Абылай -
Сабалақ", "Жәбек-шаған", Гүл-Нәр", "Театр Романы", "Қорқыттың көрі", "Мауглидің оралуы",
"Махамбет", "Кашғария", "Былыққа батқан қала", "Керкеткен" атгы драм. дастандары бар.
Қазақстан Жазушылар одағы сыйл. (1986). ҚР Мемл. сыйл. (2002) лауреаты.