Н. Ш. Чернышевский мұраларын оқып таныс болған, Батыс Еуропа әдебиетінен Гете, Дж. Байрон



Pdf көрінісі
бет667/677
Дата07.01.2022
өлшемі3,44 Mb.
#18344
1   ...   663   664   665   666   667   668   669   670   ...   677
ИМАШХАН Байбатырұлы (1938. Моңғолия, Баян Өлгий аймағы, Қызылтөбе а. - 12.4.2000) - ақын, 
драматург. ҚазҰПУ-ды бітірген (1964)." 1964 - 82 ж. Моңғолия Жазушылар одағы қазақ бөлімінің 
төрағасы, Баян Өлгий аймақтық "Шұғыла" журналының редакторы, 1982- 88 ж. МХР Мин. кеңесі 
жанындағы әдебиет бөлімінің Баян Өлгий аймағындағы өкілі, 1988 - 91 ж. "Аймақтық оқулықтар" 
редакциясының бас редакторы,  1991 - 92 ж. орта мектепте мұғалім болған. 1992 ж. Қазақстанға 
қоныс  аударған.  1  1  кітабы  қазақ  тілінде,  3  кітабы  моңғол  тілінде  жарық  көрген,  3  пьесасы 
сахналанған.  Шығармалары  орыс,  бурят,  мажар,  алтай,  болгар,  серб  тілдеріне  аударылған. 
Моңғолияның "Алтын жұлдыз" орденімен марапатталған ( 1989).   
 
ИМПРОВИЗАЦИЯ (лат. inprovisus - кенетген, тұтқиылдан), суырыпсалмалық - көркем туындыны 
орындау кезінде өнерпаздың аяқ астынан туындыға өз жанынан жаңалық қосып, оны орындауды 
жалғастырып  әкетуі.  И.  поэзияда,  музыкада,  театрда,  биде,  т.б.  кездеседі.  Кәсіби  өнердегі  И-ның 
тууы, негізінен, халық шығарм-ғымен тығыз байланысты. Ежелден-ақ көптеген халықтарда И-ның 
айрықша  белгілерін  көрсететін  суырыпсалмашылар  болған.  Қазақ  халқының  ақын-жыраулары, 
шешендері, күйшілері, әншілері И-ның озық үлгісін көрсеткен. И. қазақтарда жалпыұлпық сипат 
алған.  Поэтикалық  И.  -  ақын  немесе  жыршының  алдын  ала  дайындықсыз  берілген  тақырыпқа 
кенеттен  жыр  шығаруы.  Қазақауыз  әдебиетінің  өкілдері,  негізінен,  суырыпсалмашылық  өнерге 
шебер болған. Ежелгі дәстүр бойынша жылдам әрі бөгетсіз өлең шығарып айта білмегенді халық 


ақын дап танымаған. И-ның үздік үлгісі - ақындар айтысы. Шынайы И. өнері саналатын айтыс - сөз 
сайысының  ерекше  түрі  болып  табылады.  Ақындық  дарын  өзара  айтыс  пен  өнер  жарыстарында 
(ойын-той, жиын-мереке) сынға түскен. 
 
 
ИМШЕНЕЦКАЯ  Нина  Александровна  (14.12.1911.  Ресей,  Пермь  қ.-1995)  -  ақын,  аудармашы. 
Пермь қ-нда үш жылдық бухгалтерлік курсын бітірген (1929). Түрлі мекемелерде есепші, аға және 
бас есепші болып жұмыс істеген. 1939 ж. Алматыға ауысып, үзақ жылдар есепші қызметін атқарған. 
Алғашқы өлеңі 1956 ж. "Дружные ребята" газетінде жарияланған. Балаларға арналған алғашқы өлең 
кітапшасы  1961  ж.  жарық  көрген.  Бірнеше  қазақ  ақын-жазушыларының  балаларға  арналған 
өлеңдерін орыс тіліне аударған.   
 
ИПМАҒАМБЕТОВ  Әнуар  Нұрғалиұлы  (15.1.1912,  Бат.  Қазақстан  обл.  Теректі  ауд.  -  1996)  - 
жазушы,  аудармашы.  Қазақстанның  еңб.  сің.  мәдениет  қызметкері  (1970).  2-дүниежүз.  соғысқа 
қатысқан. М.Горький атынд. Әдебиет ин-тының жанындағы курсты бітірген (1956). 1934 -41 ж. 
"Лениншіл  жас"  (қазіргі  "Жас  Алаш")  газетінде  әдеби  қызметкер,  жауапты  хатшы,  Қазақ 
радиосында бас редактор. 1946 - 49 ж. "Қазақфильм" киностудиясында бөлім бастығы, 1950  -52, 
1956 - 59 ж. Қазақ мемл. көркем әдебиет (қазіргі "Жазушы") баспасында бас редактор, 1962 - 65 ж. 
Целиноградта  (қазіргі  Астана)  "Тың  өлкесі"  газетінде  редактордың  орынбасары,  1965  -  76  ж. 
"Коммунизм нұры" газетінде редактор болған. 1973 ж. "Жайықтың сол жақ бетінде" атты кітабы 
жарық көрген. Француз классигі П.Мерименің "Кармен" (1951), орыс жазушылары Н.В. Гогольдің 
"Ескілікті  помещиктер"  (1952),  "Өліжандар"  (1958)  повестерін,  "Тау  қырандары"  (1976), 
Э.Казакевичтің "Одердегі көктем" романдарын, Ш.Уәлихановтың  "Таңдамалы" шығармаларын (I 
томдық,  1982).  көптеген  көркем  фильмдер  сценарийлерін  қазақ  тіліне  аударған.  Қызыл  Жұлдыз, 
"Құрмет белгісі", 2-дәрежелі Отан соғысы (1985) ордендерімен және медальдармен марапатталған. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   663   664   665   666   667   668   669   670   ...   677




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет