Н. Ш. Чернышевский мұраларын оқып таныс болған, Батыс Еуропа әдебиетінен Гете, Дж. Байрон



Pdf көрінісі
бет79/677
Дата07.01.2022
өлшемі3,44 Mb.
#18344
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   677
АЛТЫБАС  АҚМОЛДА,  өз  аты  Әлмұхаммед  (1860  -  1925)-ақын.  Өлеңдері 
А.Байтұрсыновтың  "Әдебиет  танытқышына"  енген.  Алғашқы  өлеңдерінен  сақталғаны  -  Ресей 
империясының  жергілікті  құқық  қорғау  органдары  1886ж.  Троицкіде  Байтұрсын 
(А.Байтұрсыновтың әкесі) мен оның ағасы Ақтасты соттап, Сібірге жер аударғанда, соларды 
арашалай  алмаған  уез  бастығының  көмекшісін  сынға  алған  өлеңі.  Бұл  өлеңі  Муфтахиддин 
Ақмолланың өлеңдер жинағына қате енген (Ақмолла. Күндер мен түндер; өлеңдер, толғаулар, 
термелер,  айтыс.  А..  1986).  А.  А.  1916  жылғы  ұлт-азаттық  қозғалысына  белсене  қатысқан. 
"1916  жыл,  Билерге"  өлеңінде  А.  А.  қазақ  жастарын  байлап-матап,  солдатқа  беріп  жатқан 
жергілікті  әкімдер  қылығын  әшкерелейді.  Ә.Жангелдинге,  Т.Сейдалинге,  Ы.Алтынсаринге 
арнаған  өлеңдері  де  бар.  А-А-ның  жетпіс  өлеңі  Орт.  ғьш.  кітапхананың  қолжазба  қорында 
сақгаулы. 
 
АЛТЫНБАЕВ  Қалихан  Қалиасқарұлы  (27.11.1927.  Семей  обл.  Жарма  ауд.  Малай  а.  - 
16.11.2002, сонда) -ақын. Респ. айтысқа алғаш рет 1959 ж. қатысып, екінші жүлдені жеңіп алған 
(бірінші  жүлде  ешкімге  берілмеген).  1984  ж.  Кенен  Әзірбаевтың  туғанына 100 жыл толуына 
арналған респ. ақындар айтысында үшінші  орынға ие болған. 1990 ж. респ. айтыста жеңіске 
жеткен. А. өз өмірінде отызға жуық айтысқа түседі. Оның айтыстары "Ақындар жыры" (1961), 
"Айтыс" (3 том, 1966), "Ақындар шықты айтысқа" (1969), "Қазақтың қазіргі поэзиясы" (1975) 
жинақтарында жарияланған. Ақын шығармалары орыс, өзбек, қырғыз тілдеріне аударылған. 
"Дала  бесік"  (1973).  "Қиял  канатында"  (1985).  жьф  жинақтары  жарық  көрген.  "Қойбағар". 
"Тепек", "Мамай батыр", "Барақ шыққан бауырында", "Ақырғы айқас", т.б. тарихи дастандары 
бар. А-тың ел аузынан жинаған ауыз әдебиеті нұсқалары Әдебиет және өнер ин-тының қолжазба 
және мәтінтану бөлімінде сақтаулы.   
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   677




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет