Н. Ш. Чернышевский мұраларын оқып таныс болған, Батыс Еуропа әдебиетінен Гете, Дж. Байрон



Pdf көрінісі
бет75/677
Дата07.01.2022
өлшемі3,44 Mb.
#18344
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   677
"АҚШАМЫ" - Алматы қалалық әкімшілігі мен қалалық мәслихатының газеті. Бірінші саны 1989 
ж. 1 шілдесінен бастап "Вечерняя Алма-Ата" газетінің аудармасы ретінде жарық көрген. 1990 ж. 17 
ақпаннан дербес газет болып шыға бастады. Республиканың барлық облыстарына тарайды. Газет 
қалалық әкімшіліктің, қалалық мәслихаттың жұмысын, Алматы қаласының әлеум.-экон.өміріне 
байланысты мақалалар, көркем әдеби туындылар, т.б. жариялап келеді.   
 
"АЛПАМЫС БАТЫР" - кззақ халқының қаһармандық эпосы. Терең мазмұны, көркемдігі мен 
тарихи  шындықты  қамтуы  жағынан  "Одиссея",  "Манас",  "Калевала",  "Қобыланды  батыр",  т.б. 
секілді әлемге танымал жыр." А. б-да" халықтың басынан өткен қаһармандық оқиғалар эпикалық 
әсірелеу заңдылығымен берілген. Жырда Түрік қағандығы дәуіріндегі ( 5 - 7  ғ-лар) азаттық үшін 
күрестің  сарындарынан  бастап,  қазақ  халқының  17  -  18  ғ-лардағы  жоңғар  шапқыншылығына 
қарсы  қаһармандық  ұрыстарының  нақтылы  елестері  де  сезіліп  отырады.  Жыр  дәл  қазіргідей 
классикалық  бүтіндікке  ғасырлар  бойы  жетілу,  толығу  арқасында  жеткен.  Әсіресе,  жырдан 
батырлық  ертегілердің  жігі  айқын  байқалуы  эпосты  көне  туындылардың  бірі  деп  есептеуге 
мүмкіндік  береді.  Мыс.,  жырда  қарт  ата-аналардың  жаратқаннан  перзент  тілеп  әулиелерге  түнеп 
мінәжат етуі, болашақ батырды зарығып көруі; жас қаһарманның жедел ер жетіп. айрықша қайрат 
танытып жүйрік ат мінуі; жау шапқыншылығына ұшыраған елінің кегін қайтарып, туған елін 
бақытқа  кенелтуі;  өзіне  өмірсерік  болатын  сұлу  жар  таңдап  бақытты  өмір  кешуі  секілді  ежелгі 
батырлық  ертегілерге  тән  тұрақты  сарындар  мейлінше  анық  және  толық  көрсетіледі. 
Қаһармандардың  туып-өскен,  өмір  кешкен  елі  -  Жиделібайсын,  нақтылы  тайпасының  аты  - 
қоңырат болып көрсетілгені көптеген ғалымдардың дастанды қоңыраттардың тайпалық эпосы деп 
айтуына  мүмкіндік  берген.  Дегенмен.  эпоста  сипатталатын  оқиғалар,  адамдардың  іс-әрекетінің 
молдығы,  сан  дәуірдің  наным-сенім  ерекшелігін  танытатын  тұстары  эпостың  шеңберін 
бүкілтүркілік және бүкілқазақтық деңгейге көтереді. "А. б." жырының халықтың есінен мәңгілік 
ұмытылмастай  орын  алу  себебі  тарихи  әлеум.  шындықтың  биік  көркемдікпен  жырлануында. 
Мұндағы  бейнеленетін  көріністердің  бәрі  де  қазақтың  көшпелі  өміріне  тән  мейлінше  етене 
жәйттер. "А. б." жыры ел арасында ғасырлар бойы айтылып келгенімен баспа жүзін алғаш рет 1899 
ж.  көрген.  Қазан  төңкерісіне  дейін  бұл  жыр  7  рет  қайталанып  басылып  шыққан.  Жырдың  ел 
арасындағы  түрлі  нұсқаларын  іздеп  тауып,  хатқа  түсіріп  орысша  мазмұнда  бастырған  атақты 
фольклоршы  Ә.Диваев.  Ол  бұл  жырдың  бір  нұсқасын  қарақалпақ  бахшысы  Жиенмұрат 
Бермұхамедовтан,  тағы  бірер  нұсқасын  Шымкент  уезінің  түрғыны  Е.Ақылбековтың 
қолжазбасынан алған. Кеңес жылдарында өзге де батырлық жырларымен қатар "А. б." сан рет 
қайта  басылды.  Оның  тарихи,  көркемдік  мәні  мен  орны  туралы  М.Әуезов,  С.Сейфуллин, 
Қ.Жұмалиев,  ӘМарғұлан,  М.Ғабдуллин,  Н.Смирнова,  Т.Сыдықов  сынды  зерттеушілер  арнаулы 
еңбектер жазды.  Бұл қатарда орыс ғалымы В.М.  Жирмунскийдің түркі батырлық  эпосы туралы 
монографиясын айрықша атап өтуге болады. "А. б." жырының дүние жүзіне мәлім болуына осы 
аталған еңбектің пайдасы зор болды. Жырдың аса тартымды, кең танымал болуының  тағы бір 
сыры  оның  фабулалық  желілерінің түркі тілдес  халықтар  әдебиетінде ұшырауына байланысты. 
Татар, башқұрт халықтарында бұл тақырып ертегі түрінде айтылады. "Қорқыт Ата кітабы" мен 
"А.  б."  жырының  тараулары  арасындағы  ұқсастық  тарихтың  тағы  да  бір  терең  қабаттарына 
бойлатады. Мұның өзі қыпшақ-оғыз халықтарының бір заманда Сырдария бойларында ұзақ уақыт 
аралас  өмір  кешкендігініңде  куәлігіндей.  Тәуелсіздік  туын  көтерген  көптеген  түркі  халықтары 
егемендік  алған  заманда  бұл  елдердің  ерте  кездегі  өнер  байланысын,  тағдырластығын, 
мүдделерінің ортақтығын, көркемдік ойлау мәдениетінің жақындығын көрсететін этн. туыстықты 
дәлелдейтін  нағыз  қымбат  куәліктің  бірі  "А.  б."  жыры  болуы  оның  халықар.  деңгейдегі  мәнін 


арттыра  түседі.  "А.  б-дың"  түп  негіздерінің  пайда  болғанына  1200  -  1300  жыл  толды  деп 
тұжырымдауымызға  да  осы  мысалдар  айқын  себеп.  Жырдың  үлкен,  көркем  поэзиялық 
нұсқалары  туысқан  қарақалпақ,  өзбек  халықтарында  да  кездеседі.  "А.  б."  халық  арасында 
айрықша  қастерленуі  оның  түрлі нұсқасы  көп болуына  ықпал  етті.  Қазан  төңкерісіне  дейін  бұл 
жырдың Қазақстанның барша аумағында айтылып келгені белгілі. "А. б." жыры Оңт. Қазақстан 
облысында кеңінен таралғаны атап көрсетерлік. Бұл өлкеде осы жырдың түрлі нұсқаларын айтқан 
С.Аққожаев, Ә.Байтұрсынов, Е.Керімбетов, А.Нысанов, Ж.Жақыпов тәрізді ақын-жыршылар өмір 
кеш-кен.  Әсіресе,  Сүлтанбек  Аққожаев  жазып  алған  нұсқасы  "А.  б."  жырларының  ішіндегі  ең 
толық  әрі  көркем  түрі  болып  табылады.  Өзбекстан  мен  Қарақалпақстан  қаламгерлері  осы  жыр 
негізінде пьеса жазды. Ал қазақ композиторы Е.Рахмадиевтің "Алпамыс" операсы (Либреттосын 
жазған К.Кенжетаев) мәдени құндылықтарымыздың катарына қосылды. 
АЛПАМЫС  Нәзікен(15.5.1937  ж.т..  Алматы  обл.  Жамбыл  ауд.  Сарыбай  а.)-  ақын.  ҚазҰУ-ды 
(1960). Мәскеу ун-тінің аспирантурасын (1964) бітірген. Қазақ экон. ун-тін-де дәріс оқыды, доцент. 
"Қарлығаш" (1995). "Қыз ғұмыр - жыр ғұмыр" (2001) жыр жинақтарына бір топ өлеңдері енген. 
"Шырағдан" (1995). "Күрең шетен" (2003) жыр жинақтары жарық көрген. Жамбыл атынд. халықар. 
сыйл. иегері (1996).   


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   677




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет