Н. Ш. Чернышевский мұраларын оқып таныс болған, Батыс Еуропа әдебиетінен Гете, Дж. Байрон



Pdf көрінісі
бет76/677
Дата07.01.2022
өлшемі3,44 Mb.
#18344
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   677
АЛПЫСБАЕВ Құныпия Қожахметұлы (4.8.1949 ж.т., ҚХР, Іле-Қазақ обл. Баяндай а.) - ғалым. 
филол.  ғыл.  докт.  (2000),  проф.  (2001).  ҚазҰУ-ды  бітірген  (1974).  1974  -75  ж.  осы  ун-тте 
кәсіподақ  комитеті  төрағасының  орынбасары.  1987  -  1989  ж.дайындық  бөлімі  деканының 
орынбасары.  1993  -  94  ж.  сырттай  оқытатын  филол.  ф-тінің  деканы.  1994  -  95  ж.  аға  ғыл. 
қызметкер болып жұмыс істеді. 1996 жылдан ҚазҰУ-да кафедра меңгерушісі. Ғыл. зерт. еңбектері 
қазіргі  қазақ  әдебиеті  мәселелеріне,  қазақ  поэмасы  мен  тарихи  шығармалардың  көркемдік 
құндылықтарын  саралауға  арналған.  Бірқатар  мақалалары  шет  елдерде  (Түркияда,  Қытайда) 
басылған. ҚР Білім беру ісінің үздігі (1997). 
АЛТАЙ  Асқар (12.4.1963 ж.т., Шығ. Қазақстан обл. Зайсан қ.) - жазушы. КазҰПУ-ды бітірген 
(1984). 1984 - 89 ж. Алматы обл. Күрті аудандық "Шұғыла" газетінде тілші. С.Мұқанов мұражай 
үйінде кіші ғыл. қызметкер. Қазақ теледидары "Алатау" бағдарламасында жауапты редактор, бөлім 
меңгерушісі.  1989  -1994  ж.  "Жұлдыз"  журналының  әдеби  сын  бөлімінде  редактор,  бөлім 
меңгерушісі, 1994 - 95 ж. "Ер-Дәулет" ақпараттық агенттігінде бас редактордың орынбасары. 1995 
-1998  ж  Қаржы  министрлігінің  "Қаржы-қаражат"  журналында  бас  редактордың  орынбасары, 
бас редактор. 1998 - 2004 ж. "Білім" баспасында жетекші редактор, "Атамұра" баспасында редактор 
қызметтерін  атқарған.  2004  жылдан  "Арда"  баспасының  бас  директоры.  А-дың  "Алтай 
балладалары"  ("Алтайдың  ал-қызыл  модағайы"),  "Қайың  сауған.  Ел  ауған"  романдарының, 
"Қызыл  бөлтірік",  "Қара  бура",  "Қаладағы  құлпандар"  повестерінің  авторы.  "Қыр  мен  қала 
хикаялары"  (1998),  "Алтай  новелласы"  (2001),  "Салбурын"  (2005).  т.б.  жарық  көрген.  "Қызыл 
бөжірік"  повесі  1997  Халықар.  Сорос  қорының  грантын  жеңіп  алып.  сол  қордың  шығарған 
"Повестер мен әңгімелер" атты жинағына енді. Халықар. "Алаш" сыйл. лауреаты (2003). 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   677




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет