кісіге байланысты деп саналады. А. Ж. туралы шығармалар қазақ халқына ерте кезден белгілі
болған. Олар сюжеттік, жанрлық сипатына қарай үш топқа бөлінеді: 1) хикаяттық сипаттағы
шығармалар. Оларда А. Ж-тың өмірі әңгімеленеді, жомарт болу себептері баяндалады; 2)
қиял-ғажайып ертегілер. Олардың сюжеті басқа да елдердің ертегісімен үндес. Мұнда А. Ж. -
асқан бай, таусылмас қазынаның иесі. Оның жомарт болуы осында; 3) тұрмыс-салт ертегілері.
Оларда А. Ж. - келген қонаққа берер асы да жоқ тақыр кедей. Сонда да жомарт болып
бейнеленеді. Е.Сарымбаевтың аударып, толықтыруымен жарық көрген "Хикаят дастан
Хатымтайы" (1891; 1892; 1913; көлемі 88 бет) А. Ж. туралы шығармалардың ішіндегі ең көлемдісі
саналады. Қ.Шахмарданұлының "Қиссаи Хатымтай - Жомарты" (1897; 1899; көлемі 8 бет),
Ш.Жәңгіровтың айтуындағы ертегі жобасы (1914; кө-лемі 32 бет) А. Ж. туралы қазақ тілінде
алғаш жарық көрген шығармалар.
АУҒАН Жақсылықұлы Шығ. Қазақстан обл. Аякөз ауд. Таскескен кенті. Ұшұүлақ а. - 1985.
сонда, Текебұлақ а.) - ақын. "Қазақтың 200 әні" музыкалы-этнографиялық жинағында
(құрастырған Т.Бекхожина, 1972) А-ның әуенмен айтылатын "Көшенді жоқтау" деген сатиралық
өлеңі жарияланған. А шығарм-ғы туралы ғалым С.Қорабайдың "XX ғасырдың бас кезіндегі қазақ
әдебиетіндегі сатираның дамуы" зерттеуінде мағлұматтар берілген.
АУДАРМА,көркем аударма - әдеби шығарманың бір тілден екінші тілге аударылған нұсқасы,
көркем әдеби шығармашылықгың бір саласы. Орта ғасырлардан бастап қазақ әдебиетінде де
шығыста бұрыннан белгілі сюжетті арқау ете отырып шығарма жазу дәстүрі болған. Оларды бүгінгі
дәуірде қалыптасқан мағынада А. деуге келмейді. Олар кейде еркін А. деп саналғанмен, шынында
төлтума шығарма сипатына ие болған. Шынайы А. қалайда түпнұсқаға сәйкес болуы шарт. Көркем
А. түпнұсқаға мағынасы қаншалық жақын келетініне орай дәлме-дәл А., еркін А., сәйкес А. деп
ажыратылады. Көркем А-да әдеби шығарма бастан аяқ сөзбе-сөз тәржімаланбайды, сөздердің
мағынасын, көркемдік қуатын, бейнелік әсерін неғұрлым толық жеткізу мақсат етіледі. А. жасаушы
адам кем дегенде екі тілді жақсы білуі қажет. Онсыз А. сапасы ойдағыдай шықпайды, түпнұсқаның
ұлттық сипаты, өзіндік өзгешеліктері сақталмайды. А-да сөз қолдану, ойдың мағынасын толық
жеткізу, көркемділігін жоғалтпау, маңызын төмендетпеу сияқты талаптар толық сақталуы шарт.
А. - әдебиеттің кең арналы, мол саласының бірі. А. арқылы бір халықтың таңдаулы әдеби
шығармаларынан басқа халықтың өкілдері сусындай алады. Көркем А-ның қасиетін арттырып,
түп-нұсқаның мағыналық байлығын, ой-толғамдары мен сезім иірімдерін, көркемдік
өзгешеліктерін жаңғыртып, жарқырататын қайта туғызатын суреткерлік шеберлік. Көркем
А-ның бүгінгі әдеби процесте алатын орны үлкен. Қазақ әдебиетінде қазіргі заманғы көркем А.
жасау дәстүрі 19 ғ-дан басталады. Абай неміс ақыны Гетенің, орыс ақындары Ю.Лермонтовтың,
А.Пушкиннің жекелеген шығармаларын қазақ тіліне ерекше көркемдікпен аударса,
Ы.Алтынсарин орыс педагогы К.Д- Ушинскийдің,
Шәкерім Құдайбердіұлы Л.Толстойдың
("Асархадон патша", "Үш сауал"), А.С. Пушкшнің ("Дубровский", "Боран"),
Тұрағұл Абайұлы
М.Горькийдің ("Челкаш"), А.С. Неверовтың ("Марья-большевичка", "Мен өмірге жерікпін"),
Б.Прустың ("Антек") шығармаларын аударып, көркем аударманың дамуына ықпал етті. 20 ғ-да А.
ерекше серпінмен дамып,
А.Байтұрсынұлы (И.Крылов мысалдары),
М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов,
М.Әуезовтер көркем А-ның арнасын кеңейтті.
Х.Өзденбаев, Т.Нұртазин, Ғ.Жарылғапов,
Ә.Жұмабаев, Г.Бельгер, Н.Шәкеев, Ж.Ысмағұлов, С.Ақтаев, т.б. қаламгерлер көркем А. саласын
жаңа сапаға көтеріп, соны ізденістерге барды. Қазақ әдебиеттану ғылымында көркем аударма
тарихы мен теориясын зерттеу ісі жолға қойылған. Филол. ғыл. докт. Н.Сағындықованың "
Көркем аударманың негіздері" (1995) атты монографиясы жарық көрді. 2002 ж-дан бастап
"Аударма" баспасы әлем әдебиетіндегі көркем шығармалардың озық үлгілерін қазақ тілінде
шығарып келеді. (қ. "Аударма")
Достарыңызбен бөлісу: