"АХМЕТБЕК-ЖҮСІПБЕК" - шығыстық сарындағы қисса 3360 жолдан тұрды. Мазмұны"
Бозұғлан" жырымен ұқсас болғанымен оқиға желісі аяқталмай қалған. "Бозұғланның" мазмұндық
ерекшеліктері де бар. Қиссаның бір нұсқасы 1935 ж. Қостанай обл-нда жазылып алынған. "
Ахметбек пен Жүсіпбек" деп аталатын екінші нұсқасы Әдебиет пен өнер ин-тының Қарақалпақ
экспедициясы 1964 ж. Нүкіс қ-нда қазақ жырауы Жалғасбайдың айтуы бойынша үнтаспаға түсіріп
алған. Қиссаның Қали Өтешев жырлап, шығыстанушы А.В. Васильев жинаған үшінші нұсқасы
да бар. Соңғы екі нұсқа да еш жерде жарияланбаған, толық емес, қолжазбаның басқы-соңғы беттері
жоқ. Үш нұсқаның да колжазбаларының түпнұсқалары Орт. ғыл. кітапхана қорында сақтаулы.