Н. Ш. Чернышевский мұраларын оқып таныс болған, Батыс Еуропа әдебиетінен Гете, Дж. Байрон



Pdf көрінісі
бет123/677
Дата07.01.2022
өлшемі3,44 Mb.
#18344
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   677
АУДАРМА" - баспа. 2002 ж. құрылған. "Нобель сыйлығының лауреаттары", "Әлем әдебиеті", 
"Шытырман  оқиғалар  және  фантастика",  "Жыр  жауһар",  "Тарих.  Таным.  Тағдыр",  "Даналық 
дәрістері", т.б.сериялар бойынша 2002 - 20004 ж. 100-ден астам кітап басылып шықты. Баспада 
2004  жылдан  "Мәдени  мұра"  бағдарламасы  бойынша  "Әлем  әдебиеті  кітапханасы"  сериясымен 
шығарылатын  100  томдық  басылымды  жарыққа  шығару  қолға  алынды.  АУПБАЕВ  Жанболат 
Әлиханұлы  (24.12.1951  ж.т.,  ҚХР.  Шыңжаң  өлкесі  Текелес  а.)  -  жазушы,  журналист.  1958  ж. 


Қазақстанға  қоныс  аударған.  ҚазҰУ-дың  журналистика  ф-тін  бітірген(1974).  1974  -  1986  ж. 
"ЖасАлаш" газетінде әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі, 1986 - 1991 ж. "Қазақстан коммунисі" 
журналында бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы, 1991 - 1996 ж. "Халық кеңесі" газетінде бас 
редактордың орынбасары, 1996 - 1999 ж. "Ақиқат" журналында бас редактордың орынбасары 
қызметгерін атқарған. Қазір "Егемен Қазақстан" газетінің бас редакторы. А-тың "Мынау ғажап 
дүние" (1983), "Жанарымда - туған жер (1984), "Оққа тосылған от жүрек" (1985), "Сырымды 
саған айтамын" (1990), "Ғұмыр-дария"(1997), "Таңғажайып тағдырлар" (1998), "Бізге беймәлім 
бейнелер" (2000) атты кітаптары жарық көрген. О.Сүлейменов, С.Санбаев шығармаларын 
қазақ тіліне аударған. Сондай-ақ "Қажымұқан мен Қажытай" ("Қазақтелефильм", 1991), "Хан 
Тәңірі"  ("Казақтелефильм".  1994)  деректі  киноленталар  сценарийлерінің  авторы.  Халықар. 
"Алаш"  сыйл.  лауреаты  (2005).  АУШАДИЯР  -  ауыз  әдебиетінің  тұрмыс-салт  жырларына 
жақын,  қазіргі  кезде  ұмытылған  көне  жанры.  Кейбір  нұсқалары  20  ғ-дың  80-жылдарында 
баспасөзде  жарияланды.  А.  насихат,  ғибрат  айтуға  негізделген.  Ақыл-насихат  айту  арқылы 
айтушы  өзінің  ақындық  нанымын  да.  салт-дәстүрден  қаншалықты  хабардар  екенін  де 
танытады. Сондықган А. көлемі айтушының қарым-қабілеті мен көңіл ауанына қарай өзгеріп 
отырады. А-да бірден бастап, 25-ке. 50-ге санап отырып, насихат айтылады (100-гедейін жетуі 
мүмкін). А. термеден ертерек пайда болған деуге болады. Үгітті, үлгілі сөз, насихат толғаудың 
оңайлау формасы ретінде туып, дами келе, терме жанрының дүниеге келуіне түрткі болған.   


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   677




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет