араб жазуымен көшірген нұсқасы, 506 жолдан тұрады. Парсыша, тәжікше түсініктемелері бар.
Үшінші нұсқасы 15ғ-дың аяғында не 16ғ-дың басында көшірілген. Көлемі 524 жол. Қазір
Стамбұлдағы Топ-қала сарайында сақтаулы. "Ақиқат сыйының" бірнеше нұсқасын тауып, зерттеп,
жариялауда - Н.Әсім, Р.Арат (Түркия),
В.Радлов (Ресей), Т.Ковальский (Польша), Ж.Дени
(Франция),
Х.Сүйіншәлиев, Ғ.Айдаров, Ә.Құрышжанов, М.Томанов, Б.Сағындықов (Қазақстан),
Н.Маллаев, Қ.Махмудов, С.Мутталибов (Өзбекстан), т.б. шығыстанушы ғалымдардың еңбегі
зор. А. Ж-дің "Ақиқат сыйының" 14 ғ-дағы түпнұскасының фотокөшірмесі, транскрипциясы
қазақ тіліне қара сөзбен жолма-жол және өлеңмен аударылып, 1985 ж. жарықкөрді.
АХМЕДОВ Ғалым Хакімұлы (25.12. 1906. Ақгөбе обл. Алға ауд. 1-май а. -1.12.2002,Алматы)
-жазушы, аудармашы. Орынбор халық ағарту ин-тын бітірген (1925). 1926 - 32 ж. Ақтөбе. Жамбыл
облыстарында әр түрлі қызмет атқарған. Қазақстан КП ОК-нің нұсқаушысы (1938). Жамбыл қ-лық
партия к-тінің 1-хатшысы (1938) болды. 1944 ж. Қазақ мемл. біріккен баспасының Бас редакторы,
1950 ж. Қазақ көркем әдебиет (қазіргі "Жазушы") баспасының директоры, Қазақстан Жазушылар
одағында әдеби кеңесші, "Жазушы" баспасында көркем аударма редакциясының меңгерушісі
қызметтерін атқарған. А. шығарм. жолын аудармашы ретінде бастаған. Орыс жазушылары
Б.Горбатовтың "Бағынбағандар" повесін (1947). Т.Семушкиннің "Аласталған Алитет" (1950),
И.Тургеневтің "Соны сүрлеу"(1959), "Түтін"(1966), М.Бу-
бенновтың "Қыран ұшқан құла тұз" (1962), К.Фединнің "Алау" (1969) романдарын, эстон
жазушысы Ю.Смуулдың"Мұз кітабын" (1977), Л.Толстой, А.Чехов әңгімелерін қазақ тіліне
аударған. Қазан төңкерісінен соңғы Қазақстандағы әлеум. оқиғалар мен ақтаңдақ кезең туралы
"Жорық жылдары" (1977), "Жем бойында" (1992) романдары мен "Өткен жылдар", "Ескі достар"
(1986), "Алаш-Алаш болғанда" (1996) прозалық естелік кітаптары жарық көрді. Бұл туындыларын
нақты деректілігі мен автордың өзі куә болған тарихи оқиғаларды шынайы баяндауымен құнды.
"Құрмет белгісі" орденімен марапатталған (1999).
Достарыңызбен бөлісу: