Н. Ш. Чернышевский мұраларын оқып таныс болған, Батыс Еуропа әдебиетінен Гете, Дж. Байрон



Pdf көрінісі
бет124/677
Дата07.01.2022
өлшемі3,44 Mb.
#18344
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   677
АУЫЗ  ӘДЕБИЕТІ  -  ауызша  таралған  халықтық  көркем-әдеби  туындылардың  әдебиеттану 
ғылымындағы жиынтық атауы. 1896 ж. Вильям Томс ұсынған "фольклор" (ағылш. folk- халық, 
lore - білім, даналық) сөзі де А. ә. атауы үшін халықар. ғыл. атау ретінде орныққан. Фольклор 
атауы орыс ғалымдарының зертгеулері арқылы халықтың ауы-ша поэтик. шығармашылығы 
деген  мағынада  қалыптасқан.  Қазақ  әдебиеттану  ғылымындағы  "А.  ә."  деген  ұғым  да 
фольклордың осы мәнімен сабақтас. А. ә-н зерттейтін ғылымды "фольклортану" деп атау  да 
осыған  байланысты.  А.  ә.  -  ежелгі  тас  дәуірінде  пайда  болып,  түркілік  тұтастықты  бастан 
кешірген,  одан  бері  қазақ  халқының  қалыптасу  тарихымен  біте  қайнасып,  бірге  жасап  келе 
жатқан  теңдесі  жоқ  рухани  мұра.  Ол  байырғы  ата-бабаларымыздың  наным-сенімдерінен, 
тарихынан, тұрмыс-тіршілігінен, жақсы мен жаман туралы түсініктерінен, асыл арманы, биік 
мұратынан  жан-жақты  мағлұмат  береді.  Дәстүрлі  қазақ  қоғамында  А.  ә-нің  көтерген  жүгі 
үлкен болды. Халықтың тарихи зердесі, филос. ой-түйіндері, пед. тәжірибесі, адамгершілік 
өлшемдері, кәсіптік әдебиетке тән көркемдік сұраныстары. театрлық өнерге тиесілі әлеум. 
мән.  т.б.  А.  ә-не  жүктеледі.  Шілдеханадан бастап рулар арасындағы даудамайларға, бесік 
жырынан  бастап  жоқтауға,  ем-домнан  бастап  лирик,  өлеңдерге,  ырым-түсініктерден  бастап 
қоғамдық  дүниетанымдық  аңыз-әңгімелерге,  мифтік  сенімдерден  бастап  қоғамдық 
ой-пікірлерге  дейінгінің  бәрі  де  А.  ә-нде  тоғысты.  А.  ә.  жанрлық  құрамы  жағынан  да 
сан-салалы болып қалыптасты. Тұрмыс-салт өлеңдері (еңбек, аңшылық, үйлену, жерлеу салты, 
наным-сенім.  т.б.).  ертегілер,  аңыздар,  әпсаналар,  мифтер,  эпостық  жырлар.  тарихи  жырлар, 
кара өлең, өтірік өлең, мақал-мәтелдер. жүмбақтар, айтыс, шешендік сөздер, жаңылтпаштар, драм. 
үлгідегі  шығармалар...  -  міне,  ауыз  әдебиетінің  негізін  құрайтын  осы  бір  жанрлардың 
жанрлардың өзі  әрі қарай түр-түрге бөлініп кете береді. Қазақ халқының А. ә. үлгілерін жинау 
жұмысы 18ғ-дан басталды. Ресейден Қазақ даласына шыққан түрлі экспедициялар фольклорлық 
және этногр. деректерді де жинады. Алайда фольклор үлгілерін жүйелі түрде жинау жұмысы 19 
ғ-да жүзеге асты. В.В. Радлов, Г.Н. Потанин, Ш.Уәлиханов, А.Е. Алекторов, АВ. Васильев сияқты 
ғалымдар А. ә. жанрларын жіктей отырып,  олардың  текстологиясына да көңіл бөлді. Түптеп 
келгенде  фольклорлық  мұраны  жинау  және  жарыққа  шығару  халықтың  тұрмыс-тіршілігін, 
әдет-ғұрпын,  салт-санасын,  наным-сенімін,  дүниетанымын  білудің  негізгі  дерек  көзіне 
айналды.  20  ғ-дың  басындағы  Ә.Диваев  бастаған  бірнеше  экспедициялардан  бастап, 
жер-жерден  фольклор  үлгілерін  жинау  ісі  бүгінге  дейін  жалғасып  келеді.  19  -  20  ғ-лардың 
басында Қазан, Уфа қалаларында қазақ халқының батырлық жырлары, діни және ғашықтық 
дастандары көптеп жарық көрді. "Ер Тарғын ", "Қыз жібек ", "Бозжігіт ", "Мұңлық, -Зарлық,", 
"Шәкір  -  Шәкірат",  т.б.  жыр-дастандар  дүркін-дүркін  қайта  басылып  шықты.  20  ғ-дың 
2-жартысын  бастап  қазақ  А.  ә-нің  көп-томдық  басылымдарын  шығару  ісі  қолға  алынды.  А. 


ә-нің тарихы  мен  методологиясы жан-жақты  зерттелді. М.Әуезов, Е.Ысмайылов, Қ.Жұмалиев, 
М.Ғабдуллин,  Ә.Қоңыратбаев,  ӘМарғұлан,  Б.Кенжебаев,  М.Дүйсенов,  Н.Төреқұлов, 
Р.Бердібаев, М.Мағауин, С.Қасқабасов, т.б. ғалымдардың бірнеше іргелі еңбектері жарық көрді. 
Қазақ  А.  ә-нің  озық  үлгілері  кәсіби  үлттық  өнердің  өзге  түрлері  (опера,  театр,  кино, 
кескіндеме.  т.б.)  үшін  қайнар  бұлақ,  құнарлы  тақырып  саналады.  Алғашқы  қазақ 
операларынан  («Қыз  Жібек»,  «Айман  -  Шолпан»),  қазақ  театры  мен  киносындағы  сәтті 
шығармалардың  көпшілігіне  А.  ә-ндегі  туындылар  арқау  болды.  А.  ә-нің  кейбір  жанрлары 
қазіргі заманға сай жаңа сипаттар дамуда; қ, Айтыс, Беташар, Жар-жар, т.б. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   677




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет