Н. Ш. Чернышевский мұраларын оқып таныс болған, Батыс Еуропа әдебиетінен Гете, Дж. Байрон



Pdf көрінісі
бет413/677
Дата07.01.2022
өлшемі3,44 Mb.
#18344
1   ...   409   410   411   412   413   414   415   416   ...   677
ДОМБРОВСКИЙ  Юрий  Осипович  (12.5.1909.  Ресей,  Мәскеу  -  29.4.1978.  сонда)  -  жазушы, 
аудармашы.  Алматыда.  1956  жылдан  Мәскеуде  тұрды.  1933  -  39  ж.  орта  мектепте  мұғалім, 
директор.  Қазақстан  Орт.  мұражайында  аға  ғыл.  қызметкер  болған.  Негізсіз  бірнеше  рет 
айыпталып,  1956 ж.  ақталды.  Алғашқы шығармасы  - "Державин"  романы 1939 ж.  жарық көрген. 
"Қара-торы қыз" атты тарихи новеллалар жинағы (1969), "Маймыл өзінің бас сүйегін алуға келеді" 
романы (1959), "Көне мұраны сақтаушы" (1964), "Қажетсіз заттар қоймасы" (1988)  романдары. 
Гоголь  көшесіндегі  ағаш  үй"  атты  естеліктер  кітабы  (1973),  көптеген  әңгімелері,  өлеңдері, 
әдеби-мақалалары  жарық  көрген.  Қазақстан  тақырыбы  Д.  шығармасында  ерекше  орын  алады. 
М.Әуезовтің "Абай жолы" эпопеясы туралы "Творчестволық ерлік", А.С. Пушкин атынд. ҚР Мемл. 
кітапханасы жөнінде "Қазақстанның кітап қазынасы", т.б. еңбектерін жазса, "Алау" деген әңгімелер 
жинағында (1974) республикамыздың тамаша адамдары жайлы әңгімелейді. Д. орыс-қазақ әдеби 
байланысының дамуына мол үлес қосты. С. Мұқановтың "Сырдария" (1949), "Өмір мектебі" (1-кіт.. 
1960),    I.  Есенберлиннің  "Айқас"  (1968),  "Қатерлі  өткел"  (1970)  романдарын,  Е.Ысмайыловтың 
"Ақындар"  монографиясын  (Х.Сыздықовпен  бірге  1957).  Ғ.  Мүсіреповтің,  Ғ.Мұстафиннің,  Б. 
Соқпақбаевтың, т.б. бірқатар әңгіме. повестерін орыс тіліне аударған.   
 
ДОСАЙ  Бәйгелұлы  (1692,    қазіргі  Оңт.  Қазақстан  обл.  Бәйдібек  ауд.  Алғабас  а.  -  1970)  -  би, 
шешен.  Ұлы  жүз құрамындағы  үйсін тайпасынан  шыққан.  Бала  кезінен  ауыл-аймақ  арасындағы 
кішігірім  дау-дамайларды  шешіп,  тапқырлығымен,  шешендігімен  көзге  түскен.  Кейін  көптің 
қалауымен би сайланған. Ел басына күн туған алмағайып кезеңдерде елді жаудан қорғаудың түйіні 
қиын  мәселелерін  Төле,  Әйтеке,  Қазыбек  билермен  бірге  ақылдасып,  шешкен.  Інісі  Қосай  - 
жоңғарларға қарсы бірқатар шайқастарды басынан кешкен батыр. Халық арасында Д. би айтқан 
деген уәжді нақыл сөздер көп сақталған. 
 
ДОСАЙБАЕВ  Хасен  (1900.  Алматы  обл.  Жамбыл  ауд.  -  1945.  сонда)  -ақын.  Отан  соғысына 
қатысқан.  Патриоттық  өлеңдері  майдан  газеттерінде  басылған.  "Жаз",  "Жер  мен  еңбек",  "Еңбек 
үлгісі", "Адал еңбек", "Болат пен дене", "Мұғалім", "Пушкинге", "Фрунзе туралы қойшының өлеңі", 


т.б. өлеңдері обл. газеттерде, жинақтарда ("Халық ақындарының өлеңдері", 1937; "Ел жүрегі". 1937;   
"Ленин-Сталин туралы жырлар". 1949) жарияланған.   
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   409   410   411   412   413   414   415   416   ...   677




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет