ЖҰМБАҚ ӨЛЕҢ - қазақтың жұмбақтары көбінесе өлең түрінде айтылады. Тақпаққа тән
ерекшеліктер ұлғая, ұштаса түседі. Көркемдік суреттеу құралы ретінде жұмбақ өлеңде
теңеулер, метафоралар, каламбур тәрізді сөйлемшелер елеулі орын алады. Жұмбақталған
объект өзіне сәйкес басқа нәрсемен теңеліп, салыстыру арқылы қалыптасқан бейне болып шығады.
Мыс., "Біреудің бір ұлы бар және қызы. Біледі ол екеуін дүние жүзі. Ұйықгайды ұлы түнде, қызы
күндіз. Жүргенде білінбейді басқан ізі". (Күн мен Ай). "Кілемнің түрлеріндей жүндері бар,
Айбатты, жан шыдамас үндері бар, Шаршы бой, сұлу құйрық, қысқа құлақ, Кететін зиян қылып бір
жері бар" (Жолбарыс).
ЖҰМЫРБАЙ Мәмбетұлы ( 19 ғ.) -ақын. Бат. Қазақстан өңірінде өмір сүрген. Кіші жүз
құрамындағы байұлы тайпасынан шыққан. Ақынның сақталған өлеңдері мен толғауларынан өршіл
рух сезіледі. "Шәріп правительге", "Сұрасаң, менің атым Жұмырбайды", "Жапанда жүрген
ақбөкен", т.б. өлең, толғауларында ақын жақсы мен жаманды, асыл мен жасықгы салыстыра
суреттеп, өмірдің мәні, жастық пен кәрілік, тоқтық пен жоқтық, ерлік пен ездік туралы толғанады.
Ж. шығармалары "XIX ғасырдағы қазақ поэзиясы" ( 1985) жинағында жарияланған.
"ЖҰМЫСШЫ" - қазақ жұмысшыларына арналған тұңғыш мерзімді басылым. 1928 жылдың
мамырынан 1929 жылдың мамырына дейін Қызылорда қ-нда, осы жылдың қыркүйегінен 1930
жылдың тамызына дейін Алматыда жарық көрген. Таралымы 11 мың дана болған. Газетте шет
елдердегі жұмысшылар қозғалысы, Кеңес Одағында және Қазақстанда болып жатқан жаңалықтар,
өндіріс жайы, жұмысшылар тұрмысы жан-жақты жазылған. Газет оқырман хаттарын жариялап, әр
түрлі сауалдарына жауап жазып, қазақ жұмысшыларының ой-санасын оятып, мәдени-білім
дәрежесін кетеруді мақсат еткен. "Ж." газетінде Ә.Байділдин, Ә.Айсарин, О.Беков, Б.Майлин,
Ғ.Малдыбаев, К.Әбдіқадыров, М.Боранбайұлы, Ә.Тәжібаев, С.Мұқанов, Қ.Тайшықов,
А.Тоқмағамбетов, Ж.Сыздықов, І.Құрамысов, Ж.Тілепбергенов, Е.Қалымбетұлы, т.б. қаламгерлердің
әр түрлі жанрдағы шығармалары жарық көрген.