ЖҮНІСБАЕВНесіп (10.12.1950жт., Алматы обл. Қаратал ауд, Көпбірлік а.) - спорт журналисі,
жазушы, тоғыз құмалақтан Қазақстанның спорт шебері (1987), жоғары дәрежелі төреші,
Қазақстанның еңб. сің. жаттықтырушысы (1998), Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі.
КазҰУ-ды (1975), Қазақ дене тәрбиесі ин-тын (1995. қазіргі Қазақ мемл. спорт және туризм
академиясы) бітірген. 1975 - 91 ж. "Лениншіл жас" ("Қазіргі "Жас алаш") газетінің бөлім
меңгерушісі болды. 1991 - 2003 ж. "SPORT ks" газетінің бас редакторы, Ж. Қазақстанның
тоғызқұмалақтан өткен тұңғыш спартакиадасының чемпионы (1984) болды. Респ. Тоғызқұмалақ
федерациясының тұңғыш президенті. Қазақстан спорт журналистері қауымдастығының төрағасы,
Спорт тақырыбына арнап оннан астам кітап жазған. "Үшінші раунд" (1980), "Ауылдан шыққан
алыптар" (1986), "Мексикадағы футбол тойы" (1988), "Футболмен тыныстаған Испания" (1989),
"Олимпийский маршрут" (1999, 2002) кітаптары жарық көрген. Ж. Қазақстанда тұңғыш "Намыс"
ұлттық футбол клубын ұйымдастырушы. Әлем спорт журналистері қауымдастығының мүшесі
және Азия спорт Журналистер одағы атқару к-тінің мүшесі. Орыс тілінде жазылған "Олимпийский
маршрут: Барселона - 92. Атланта - 96. Нагано - 98" атты кітабы 2000 жылдың қорытындысында
Қазақстан Республикасы Президентінің алғысына ие болды. "Жалын" баспасы ұйымдастырған
жабық бәйгесінің(1985) жүлдегері. "Әкемнің қамшысы" (2002), "Намыс жыртар ұл қайда?"
(2003) атты ой толғамдары жарық көрген.