Н. Ш. Чернышевский мұраларын оқып таныс болған, Батыс Еуропа әдебиетінен Гете, Дж. Байрон



Pdf көрінісі
бет627/677
Дата07.01.2022
өлшемі3,44 Mb.
#18344
1   ...   623   624   625   626   627   628   629   630   ...   677
ЖҮНІСҚАН Бүркітбайұлы (1896. Шығ. Қазақстан обл. қазіргі Жарма ауд. Белтерек әкімш. 
аум. -1926. сонда) - ақын. Алғашқы өлеңін туған нағашысы, белгілі ақын Көкбай Жанатаевқа 
арнайды.  Жалдап  оқытатын  мұғалімнен  орыс  тілін  үйреніп  жүргенде  Николай  патшаның 
суретін  мазақтап  өлең  шығарғаны  үшін  мектептен  қуылады.  Жастайынан  серілік  құрып, 
той-думанда  ел  ішінде  ән  салады,  суырып  салып  өлең  шығарады.  айтыстарға  қатысады. 
Оның есімі осы айтыс арқылы белгілі болған.  Өз нағашысы Көкбаймен, Еркөкше Көкеұлы, 
Иманбазар  Қазанғапұлы  ақындармен,  Жанбатыр  деген  өлеңшімен  айтыстары  сақталған. 
Шекер деген әйел ақынмен арнайы айтысып, жеңеді. "Бай кеткен соң бәйбіше", "Сақып байға", 
"Құнанбай атаң болса құдай емес", "Қамауда", "Жағыпар болысқа", "Маң төбет", "Мәликеге", 
"Төртеуінде  сегіз жыр", "Төртеуінде  сегіз жар". "Менің атым  Жүнісқан",  "Шідерінің  ақауы", 
"Нұрзи атынан", "Бағила", "Қайран елім", "Бөке кеніші", т.б. өлеңдері сақталған. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   623   624   625   626   627   628   629   630   ...   677




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет