Н. Ш. Чернышевский мұраларын оқып таныс болған, Батыс Еуропа әдебиетінен Гете, Дж. Байрон



Pdf көрінісі
бет83/677
Дата07.01.2022
өлшемі3,44 Mb.
#18344
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   677
“Алып ер тоңға” - түркі халықтарының арғы ата-тегі саналатын сақтар тарихынан сыр шертетін 
қаһармандық жыр. Біздің заманымызға “Алып ер тоңға” дастанының жалпы сюжеттік желісі мен 
жекелеген  үзінділері  ғана  жеткен.  Дастанның  басты  қаһарманы  Алып  Ер  Тонға  -  аты  аңызға 
айналған тарихи тұлға. Ол - біздің заманымыздан бұрынғы VII ғасырда өмір сүрген Тұран елінің 
әміршісі.  көреген  көсемі,  сақтар  әскерінің  қолбасшысы,  ержүрек  батыры,  "Алып"  -  сақтармен 
ғұндар заманынан бері ел қорғаған батырлардың қолбасшы ерлердің атына қосылып айтылып келе 
жатқан мәртебелі есім. Алып Ер Тоңғаның тарихи тұлғасы мен дастандағы әдеби бейнесі жайында 
кезінде Әбу Райхан әл-Бируни, Махмұт Қашқари, Хамза Исфахани, Рашид әд-Дин т.б. аса құнды 
пікірлер айтқан. Бұлардың бәрі де дастанның басты қаһарманы Алып Ер Тоңғаны сақтар дәуірінде 
өмір  сүрген  мемлекет  қайраткері  ретінде  сөз  етеді.  Олар,  әсіресе,  Тұран  мен  Иран  арасындағы 
соғыста Алып Ер  Тоңға өзін аса дарынды қолбасшы ретінде танытқанын ерекше атап  көрсетіп 
отырады. Фирдоусидің "Шахнамасында" Тұран елінің қалың қолын бастаған Афрасиаб (Альш 
Ер Тоңға) жорықтарын бейнелеп көрсеткен оншақты арнаулы тараулар бар. Олар: "Афрасиабтың 
Бәрман  мен  Құмайынды  Сұхраб  құзырына  жіберуі",  "Афрасиабтың  қорқынышты  түс  көруі", 
"Афрасиабтың  қайраткерлермен  мәслихат  құруы",  "Сияуыш  пен  Афрасиабтың  бір-біріне  ант 
беруі", "Афрасиабтың Сияуышқа хат жазуы", "Афрасиаб пен Сияуыштың аңға шығуы", "Афрасиаб 
ордасына Рүстемнің түнде  шабуыл жасауы", "Афрасиабтың  ирандықтардан жеңілуі", т.б. Демек, 
парсы елінің ұлы шайыры Фирдоуси (940 - 1030) осы “Алып ер тоңға” дастанын толық күйінде 
оқыған  сияқты.  Ол  өзінің  "Шахнамасында"  Тұран  елінің  патшасы,  әскери  қолбасшысы,  даңқты 
батыры  Алып  Ер  Тоңға  жайында  әфсана-аңыздарды,  тарихи  деректерді,  мақтау  өлеңдері  мен 
жоқтау  жырларын  аса  дарынды  сөз  зергерлеріне  ғана  тән  шеберлікпен  пайдалана  білгені 
көрініп-ақ тұр. Алайда бұл арада мықтап ескеретін бір жәйт бар. Алып Ер Тоңға - Тұран елі үшін 
жағымды қаһарман, ал Иран жағы үшін ол нағыз жау, басқыншы патша екені мәлім. Сол себепті 
ұлы шайыр "Шахнамада" Алып Ер Тоңғаны (яғни Афрасиабты), бір жағынан, жанкешті батыр, 
орасан күштің иесі, дарынды қолбасшы етіп көрсетсе, екінші жағынан, Иран елін қанға бөктіруге 
әзір тұрған залым патша ретінде бейнелейді. Соның өзінде, Фирдоуси өз шығармасында Алып Ер 
Тоңғаның  түркі  дастанындағы  батырлық  келбетін  көп  өзгертпей  сол  калпында  сомдап  берген 
сияқты. Ислам дәуірі  әдебиетінің  аса көрнекті өкілі,  ғұлама-ақын  Жүсіп  Баласағұн  (11 ғ.) да 
кезінде  “Алып  ер  тоңға”  дастанын  түпнұсқадан  оқып,  оны  өзінің  "Құтты  білік"  дастанында 
шеберлікпен пайдаланғанын аңғару қиын емес. Жүсіп Баласағұн "Құтты білік" дастанының Алып 
Ер  Тоңғаны  жырлауға  арналған  бөлімін  "Мақтауға  тұрарлық  қасиеттер  және  ізгі  істердің 
пайдасы туралы" деп атаған. "Құтты білік" дастанының 277-бәйітінен бастап 286-бәйітіне дейінгі 
аралықта түгелдей дерлік Алып Ер Тоңғаның ізгілікті істері, асыл тектілігі, даналығы, Тұран елін 
басқарудағы көрегендігі, дарынды қолбасшы болғандығы, қарапайым халыққа қамқоршы болғаны, 
жомарттығы,  мәрттігі,  т.б.  ізгі  касиеттері  мадақталады.  “Алып  ер  тоңға”  дастанының  негізгі 
идеясы  -  Тұран  елін  сыртқы  жаудан  қорғау,  түркі  жұртын  ішкі  ынтымақ-бірлікке  үндеу,  туған 
жердің  абырой-даңқын  арттыра  түсу  болып  табылады.  Бұл  дастан  Алып  Ер  Тоңғаның  қайтыс 
болып, бүкіл түркі елінің күңіренген жоқтау жырымен аяқталады. "Алып Ер Тоңғаны жоқтау" деп 
аталатын  жыр  Махмұт  Қашқаридың  "Диуани  лұғат  ат-түрік"  атты  сөздігі  арқылы  бүгінгі  күнге 
ешбір өзгеріссіз жеткен. Бұл жоқтау “Алып ер тоңға” дастанының ең соңғы тарауы болса керек. 
Аяулы батыры қаза болғанда жоқтау айту дәстүрі түркі халықтары арасында күні бүгінге дейін 
сақталған.  “Алып  ер  тоңға”  дастанының  түпнұсқасынан  бізге  жеткен  үзінділерін  оқи  отырып, 
түркі тайпаларының бұл қаһармандық жыры исламға дейінгі дәуірде, яғни араб, парсы поэзиясына 
тән  термин  сөздер  әлі  түркі  поэзиясына  әсер  ете  қоймаған  кезеңде  өмірге  келгенін  аңғарамыз. 
“Алып ер тоңға” дастаны түркі тайпаларының байырғы поэтикалық өлшемі - көг өлшемінде туған. 
Бұл  өлшем  бойынша,  жырдың  алғашқы  үш  жолы  өзара  ұйқасады  да,  төртінші  жолы  келесі 


шумақтың төртінші жолымен ұйқасып, а-а-а-б; в-в-в-б; г-г-г-б түрінде болып келеді. Көне түркі 
ауыз  әдебиеті  тудырған  мұндай  жыр  өлшемін  ұлы  Абай  өзіне  ғана  тән  шеберлікпен  жазба 
әдебиетте көркемдік дәстүр ретінде жалғастыра түсті. Бұған Абайдың " Білімдіден шыққан сөз" 
деген өлеңі дәлел. “Алып ер тоңға” дастаны араға сан ғасырлар салып барып қазақтың батырлық 
жырларында өзінің көркемдік дәстүр жалғастығын тапты. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   677




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет