АЛЬБОМДЫҚ ЛИРИКА - лирикалық жанры. Алғаш орта ғасырлардағы француз
поэзиясында пайда болған. Бұл жанрға жататын өлеңдерге тән басты қасиет - сыршылдық, нәзік
сезімге берілу. Бұл сипат оңаша, өзімен өзі болып отырып сыр шерту, көлденең адамға
білдірмейтін ішкі сезімді, жүрек сырын қағазға жазудан келіп шыққан. Кейін Франциядан бүкіл
Еуропаға тарайды. А. л-ны әуесқой ақындар да көп қызықтаған. Қазақ поэзиясында А. л. түріне
жақын келетін өлеңдер біршама. Мыс., М.Жұмабаевтың арнау өлеңдері.