Н. Т. Байкадамов А. К. Абжанова



Pdf көрінісі
бет3/18
Дата21.12.2023
өлшемі1,34 Mb.
#142055
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
 
 



Кіріспе 
 
Қазақстан Республикасының Президенті Назарбаев Нұрсұлтан Әбішұлы 
«Қазақстан 2030» атты стратегиялық бағдарламасында Дамыған нарықтық 
экономикаға негізделген экономикалық ӛсуінде: «2010 жылға дейін бастапқы 
кезеңде ӛз мүмкіндіктері мен бәсекеге қабілетті тұрғысынан келешегі бар 
еңбекті қажет ететін салаларға кӛңіл бӛлу керек. Басымдық тәртібімен - екінші 
деңгейлі банктерге ерекше кӛңіл бӛлу қажет деп атап ӛткен болатын.
 
Бүгінгі таңда банк қызметтерін жетілдіру, банк жүйесінің даму жолдарын 
анықтау еліміздің экономикалық, саяси, әлеуметтік ӛмірінің басты назарында. 
Қазақстанның экономикалық нарықтық қатынастар жолына түсуі оның жалпы 
әлемдік тенденция спекторында дамуын анықтайды. Сондықтан коммерциялық 
банктер әлемдік тәжірибелерге сүйене отырып, жаңашыл (инновациялық) 
технологияларды енгізу арқылы ӛздерінің қажеттіліктерін толығымен 
қанағаттандыра алады.
Банк жүйесі – нарықтық экономиканың маңызды және бӛлінбес 
құрылымдарының бірі. Банктер қаржылық делдалдар сияқты шаруашылық 
қызмет процесінде босайтын шаруашылық органдардың капиталдарын, 
халықтың жинақтарын және де басқа да бос ақша қаражаттарды тартып, қарыз 
алушылардың уақытша пайдалануына береді, ақшалай есеп айырысуларды 
жүргізеді және экономика үшін басқа да кӛптеген қызметтер атқарады. 
Осылайша, ӛндіріс тиімділігіне және қоғамдық ӛнім айналысына тікелей ықпал 
етеді. 
Банктік қызмет кӛрсетудің сандық және сапалық сипаттамасына банктік 
қызметтер нарығындағы бәсеке де ықпал етеді. 
Қазіргі дамып жатқан ақпараттық технологиялар заманында ӛз 
шаруашылығын жалғастыру үшін, қызмет ауқымын кеңейтіп, жоғары пайдаға 
қол жеткізу үшін кӛптеген кәсіпорындар тауардың жаңа түрін шығаруға, жаңа 
қызметтерді ұсынуға ұмтылуда. 
Осыған орай банктер де жаңа қызметтерді ендіруге және бұрынғы 
қызметтерді жетілдіруге үлкен назарын аударып отыр. Халыққа қызмет 
кӛрсетіп жүрген банктер ролін жандандырудың мәні мынада: шығынды азайта 
отырып, барынша жоғары нәтижеге қол жеткізуге, банктік қызмет кӛрсетуінде 
клиенттер қажеттіліктерін толықтай қанағаттандыруға, жеке тұлғаларға банктік 
қызмет кӛрсету сапасын жақсартуға, банктік қызметтер спектрін кеңейтуге 
және олардың ӛзіндік құнын тӛмендетуге жағдай жасау. 
Елімізде жүргізілген экономикалық реформа банк ісінің дамуында жаңа 
кезеңге алып келді. Нарыққа ӛту жағдайында банктердің және басқа несиелік 
институттардың даму перспективасы, оның іс-жүзінде іске асуы жайлы 
сұрақтар ерекше ӛзекті мәселеге айналып отыр. 
Халықаралық 
банк 
терминологиясынан 
ӛзгешелігі, 
отандық 
экономикалық әдебиеттерде екі ұғым - банк балансының ӛтімділігі мен 
соңғының тӛлемқабілеттілігі жиі түрде араласып кетеді. Егер алғашқыны үлкен 
дәрежедегі банктің ӛз ісі деп санайтын болсақ, онда банк белгіленген қалыптар 



деңгейінде ӛзінің ӛтімділігін ұстап тұру тәсілдерін ӛзі таңдайды, ал екіншісі, 
негізінен, Ұлттық банкі атынан мемлекет орындайтың қызметке жатады

Коммерциялық банктердің ӛтімділігін басқару теориясы және тәжірибесіне 
қатысты мәселелер осы күнге дейін отандық және шетелдік ғалымдардың 
еңбектерінде басты орын алуда, атап айтсақ, Ғ.С.Сейтқасымов, С.Б, Мақыш, А. 
Смит, Дж. М. Кейнс, Э. Рид, Р. Коттер, Е.Ф. Жуков, О. А. Фурнье, С. Липп, Дж. 
Мак Колл., А. Куракие., Р. Сомерс, Д, Лаккетт, Н. Р. Тагирбеков және ӛзгелер. 
Банк қызметін пруденциалдық реттеу банктерді реттеуші мен қадағалау 
органдарымен банктердің пруденциалдық нормативтерді, олардың талаптарын 
сақтап, орындауды тексеріп, жүзеге асырылады, ал пруденциалдық 
нормативтерді Банк қызметін қадағалау бойынша Базель комитеті анықтап, әр 
ел ӛзінің ұлттық экономикасына сәйкес оны келтіреді. Комитет құрылуы мен 
эволюциясы халықаралық банктік қадағалаудың пайда болуы мен дамуы 
жаһандану процессі ретінде әлемдегі банктік қызметін қадағалаудың маңызды 
ережелерін сәйкес келуінде кӛрінеді және болашақта барлық қаржылық 
нарықты қадағалаудың ережелерін де ӛзіне қосады деп айтуға болады. Ал 
пруденциалдық нормативтер ӛзінің тұрақтылығын қамтамасыз ету және 
клиенттерінің мүдделерін сақтауды кепіл беру үшін коммерциялық банктер 
хабардар алатын елдің орталық банкімен белгіленген кӛрсеткіштер болып 
табылады. 
Болашақ білікті экономикалық бағыттағы мамандар әзірлеудегі мақсаты қазіргі 
коммерциялық банктердің ӛтімділігін басқарудың негізгі кӛрсеткіштерін
анықтай отырып, оның тиімділігін қамтамасыз етудегі тәжірибелік 
ұсыныстарын және банк қызметін пруденциалдық реттеу шегінде 
пруденциалдық нормативтердің банк қызметіне және банк жүйесі үшін 
қаншалықты деңгейде маңызды рӛл алатынын зерттеу.
Аталған мақсатты орындау барысында келесідей міндеттер атқарылады:
Екінші деңгейлі банктердің ӛтімділігінің теориялық және әдістемелік 
негіздерін қарастыру; 
-
Банк ӛтімділігін талдау әдістемесін айқындау; 
-
екінші деңгейлі банктердің ӛтімділігін басқару тетігін талдау және 
оның тиімділігін айқындау; 
-
Базель келісімдері шегінде банк тұрақтылығын зерттеу; 
-
Базель III жаңа стандарттарын енгізудің әсерін зерттеу; 
-
Базель III Қазақстанда енгізудің болашағын зерттеу; 
-
ҚР коммерциялық банктердің ӛтімділігін жоғарлатуда нақты жолдарын 
қарастыру. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет