24
2 Банк қызметін реттеудегі Базель комитетінің принциптері және
банктерді қадағалаудың халықаралық стандарттары
2.1Халықаралық Базель комитетінің құрылуы және оның негізгі
мақсаттары мен міндеттері
Банк қызметін қадағалау бойынша Базель комитеті БҚҚБК(орысша
БКНБД) банк қызметін реттейтін және қадағалау тәжірибе бойынша Комитет
ретінде
«ондық»
елдердің
орталық
банктерінің
басқарушыларымен
халықаралық валюталық нарықта және банк қызметі нарығындағы қиын
жағдайлардан
кейін
(«Херштадт»банкінің
банкроттығынан
кейін)
1974ж.соңында құрылды. Комитеттің алғашқы отырысы 1975
жылдың ақпан
айында болды. Сол уақыттан бастап бұл отырыстар бір жылда үш-тӛрт рет
әрдайым ӛткізіліп тұрады. Қазіргі уақытта БҚҚБК-штаб-пәтері Швейцарияның
Базель қаласында халықаралық есептер Банкінің ғимаратында орналасқан
барлық елдермен жұмыс істеуге бағытталған, халықаралық орган.
Бастапқы кезде Комитеттің құрамына мына елдер кірді: Бельгия, Канада,
Франция, Германия, Италия, Япoния, Гoлландия, Швеция, Англия, АҚШ.
Комитетте әр елдің ӛкілі ретінде оның Орталық
банкі сонымен қатар ресми
түрде пруденциалдық қадағалауға, елдегі жұмыс істейтін банктік
институттардың қызметіне (егер бұл қадағалауға Орталық банк жауап бермесе)
жауап беретін орган жұмыс істейді. Еуропалық Одақта ӛзінің жеке ӛкілі жоқ.
Нақты сұрақтармен, мысалы, Базель II
енгізу бойынша дайындықпен
айналысатын кӛптеген арнайы топшалар бар. Комитеттің жұмысын жетілдіру
мақсатында арнайы комиссиялар құрылған [17].
Банк секторын экономикалық реттеудің негізгі міндеті-бүкіл қаржылық
жүйенің тұрақтылығын әрдайым жетілдіру. Эмиссиялық және (немесе) орталық
банктердің қатысуы қаржылық жүйенің жұмыс істеуіне бірлесе жауап берумен
түсіндіріледі. Кейбір мүше-елдерде эмиссиялық банк бір уақытта қадағалаудың
негізгі органы болып табылады. Топ-10 құрамына кірмейтін елдер реттеуші
органдар жағынан уәкілетті жақ ретінде ӛкіл етеді. Комитет «ондыққа»
кірмейтін елдермен ынтамақтаса жұмыс істеу арқылы
барлық елдердегі және
комитеттің мүше елдерінде пруденциалды қадағалау мен пруденциалды банктік
қадағалауды нығайту мүмкіндіктерін зерттейді [18].
Құрылу кезінен бастап халықаралық серіктестіктің формалды емес
форумы ретінде Комитет мынадай мақсат қойды-комитетте кӛрсетілген
мемлекеттердің банктік қадағалау органдары арасында ақпарат алмасу арқылы
және ұсыныстар жасау арқылы банктік қадағалау бойынша бірыңғай
тәсілдемелерді қалыптастыру .
Комитетті құруға түрткі болған себеп-халықаралық деңгейде банктік
қадағалаудағы маңызды келіспеушіліктерді жою.
Комитеттің міндеттері:
-банктік реттеу саласында біртұтасстандарттарды енгізу.
Бұл мақсатпен
мүше-елдердің реттеу органдары үшін Комитет нұсқаулар мен ұсыныстар
25
жасайды. Бірақ бұл ұсыныстарды орындау міндетті емес. Ал кӛптеген жағдайда
мүше-елдердің ұлттық заңнамаларында кӛрсетілгендей, оларды орындау қажет.
Комитет барлық әлемнің банктері мен реттеу органдарымен ынтымақтаса,
нұсқаулар мен ұсыныстар жасайды, сондықтан олар Комитеттің мүше-
елдерінде ғана емес барлық әлемде қолданылады. Мәселен, «Базель II»
ұсыныстарын енгізу бойынша жұмыстар 100-ден аса елде жүргізіліп отыр.
Еуропа одағында Комитеттің ұсыныстары одақтың мүше-елдерінің ӛзара
ынтымақтасуы үшін қолданылады [19].
-ешқандай банкте басқа банктермен салыстырғанда тең реттеуге қатысты
артықшылығы болмауы керек;
-ұлттық деңгейдегі банктік
реттеу объективті болуы керек;
-Комитеттің мүше-елдерінде ғана емес оның сыртында да банк қызметін
тиімді қадағалау мен реттеу [19].
Комитет принциптері:
-банктер капиталының стандарттарының сәйкес болуын анықтау;
-капиталдың дұрыс әдістемелігін жетілдіру;
-аудиторлардың халықаралық федерациясы мен Халыққаралық сауда
палатасымен бірлесе жұмыс істеу арқылы банк тексеруін және бухгалтерлік
есептің жетілдірілуі.
Банк қызметін тиімді бағалаудың принциптері қысқаша кесте 1-де
кӛрсетілген [20,21].
Кесте 1 - Банк қызметін тиімді бағалаудың принциптері
№
Принцип
1
Бaнк қызметіне қaдaғaлaу жүргізетін әр оргaнның тиянaқтaлғaн мaқсaттaрдың болуын қaжет етеді.
2
Қaдaғaлaу оргaндaры бaрлық бaнктердің кaпитaл жеткіліктігі тaлaптaрынa сәйкес келуі қaжет.
................
24
Қaдaғaлaудың негізгі элементтерінің бірі іске қaтысы елдің қaдaғaлaу оргaндaрымен бaйлaныс орнaту
тaбылaды
25
Қaдaғaлaу оргaндaры ұлттық бaнктерге белгіленген стaндaрттaрғa сaй келуін тaлaп ету керек
Банк қызметін қадағалау бойынша Комитет оның мүше-елдерінде ғана
емес оның сыртында да банк қызметін тиімді
қадағалау мен реттеудің
принциптерінің негізін қалаушысы болып, әлемдік банк қоғамдастықта
маңызды рӛл атқарады.
Достарыңызбен бөлісу: