1.2 Банк ӛтімділігін талдау әдістемесі
Ӛтімділікті талдау банк балансының ӛтімділігінің тӛмендеуін растайтын
нақты және әлеуетті беталысын анықтауға, теріс беталысының дамуына
себепші болған факторлар талдауын жүргізуге, жағдайды түзету бойынша
сәйкесінше шараларды қабылдауға мүмкіндік береді.
Банктік ӛтімділікті талдаудың келесідей негізгі мақсаттарды қарастыруға
болады:
1.
банк ӛтімділігіндегі теріс беталысына себепші болатын анықтайтын
факторлар, және олардың әсер етуін минимумға апару;
2.
есептелетін баға коэффициентер жүйесін нақтылау, есептеу кезінде
мүмкін болатын жетіспеушіліктерді анықтау және бұл мәселелерді алып тастау;
3.
банк балансының нашарлаудың әлуетті теріс және нақты беалысын
анықтау және оларды ӛзгертуге бағытталатын шараларды қолдану;
4.
банк ӛтімділігі туралы аналитикалық материалдарды құрастыру;
5.
банк басқаруына қатысты ұсыныстарды әзірлеу және талдаудың
есептері негізінде даму стратегиясын анықтау[ 12 ].
Банк қызметін талдау үшін ақпараттың негізгі кӛзі, оған кешенді түрде
сипаттама беретін банктің балансы болып табылады.
Баланстық мәліметтерді талдау арқылы қаржылық талдамашы негізгі
мақсаттық орнатуларды ӛткізу, оның операциялардың табыстылық және
тәуекелділік кӛрсеткіштер, активті және пассивті оперциялардың теңгерімділігі,
банк қызметіне заңнамамен бекітілген нормативтердің орындалуы туралы
қорытындыларды шығаруға мүмкіндік береді.
Ӛтімділік кӛрсеткіштерін талдау банк балансын талдау кезінде алынатын
ақпаратқа негізделеді [ 13 ].
Қазіргі таңда Қазақстанда, ӛкінішке орай банк ӛтімділігн талдаудың
бірден-бір бағыты әзірленбеген.
Алайда орын талдаудың әдістемелерін жаңартуы мен жетілдіруі жүзеге
асырылуда.
Белгілі-бір әдістемелердегі түрлілігіне қарамастан, ӛтімділікті талдаудың
кезеңдері мен негізгі бағыттары бірдей және 1 сурет негізінде құрастырылуы
мүмкін.
Банктегі ӛтімділікті талдаудың негізгі кезеңдерін қарастырайық.
1 кезең. Ӛтімділік жағынан банктің қаржылық жағдайын бағалау.
Бұл кезең алдын ала даярлық кезеңі болып табылады.
Бұл кезеңде талдаудың басына банктің ӛтімділігін анықтау жүзеге
асырылады, осында қаржылық талдамашы алдында болашақ талдауды жүзеге
асыру үшін базаны анықтау міндеті тұр.
12
Егер бұл кезең ӛтімділік және тӛлемқабілеттілік саласында ешқандай
күрделі мәселелерді анықтамаса, жағдайдың дамуының болашағы мен
тенденцияларын анықтау мақсатымен ары қарай талдауды жалғастырудың мәні
болады.
Алайда белгілі-бір мәселелер пайда болатын болса, онда болашақ талдау
қалыптасқан жағдайдың себептерін анықтауға және одан шығудың жолдарын
белгілеуге мүмкіндік береді.
2 кезең. Ӛтімділікке әсер ететін факторларды талдау
Банктің ӛтімділігі мен тӛлемқабілеттігіне, оның қызметіне сияқты әртүрлі
бағытталған факторлмардың үлкен саны әсерін тигізеді.
Сондықтан банктің қаржылық талдамашымен ӛтімділік саласында пайда
болған теріс беталысын анықтаған кезде бұл беталысты тудырған негізгі
факторларды анықтауы қажет, олардың әсер етуін талдап, талдаудың екінші
кезеңінің мақсатымен, яғни банк саясатына, оның ӛтімділігіне әсер ететін ішкі
және сыртқы факторларды есепке алу болып табылады, банк саясатын
ӛзгеруіне нұсқауларды әзірлеуі тиіс.
Банк ӛтімділігін талдаудың негізгі кезеңдері келесі суретте келтірілген
(1сурет)
Ескерту: 14, 216б
.
Сурет 1- Банк ӛтімділігін талдаудың негізгі кезеңдері
Ӛтімділікке әсер ететін негізгі факторларды қарастырып, және олардың
банк қызметіне әсер ететінін бақылайық.
Әсер ету механизмі бойынша бұл факторларды екі топқа бӛлуге болады:
Ӛтімділік жағынан банктің қаржылық жағдайын бағалау
Ӛтімділікке әсер ететін факторларды талдау
Активтер мен пассивтерді басқару стратегиясының тиімділігін
бағалау
Активтердің құрылымдық талдауы
Пассивтердің құрылымдық талдауы
Ӛтімділік коэффициенттерін талдау және есептеу
Ӛтімділікті болашақта басқару үшін ұсыныстарды әзірлеу
13
1.
Макроэкономикалық факторлар (экзогенді) – 2 суретке сәйкес
солар арқылы сыртқы ортадан коммерциялық банктің қызметіне, нәтижесінде
оның ӛтімділігіне әсер етеді;
2.
Микроэкономикалық факторлар (эндогенді) – 3 суретке сәйекес
банктің ӛзінің деңгейінде әсер етеді және оның саясатымен байланысты
болады.
Макроэкономикалық факторлардың әсер етуіне қарағанда, оның әсерін
банк ӛзі шектей алмайды, микроэкономикалық факторлар тікелей оның
қызметімен байланысты, сондықтан оның саясатын ӛзгерткенде, ӛтімділікте
жағымсыз ӛзгертулерді шектейтін факторлардың әсер етуін шектеуге болады
[14, 216,217б. ] .
Ӛтімділікке әсер ететін макроэкономикалық факторларды қарастырайық.
1.
Елдегі экономикалық және саяси жағдай.
Елдегі жалпы экономикалық және саяси жағдайының тұрақтылығы тікелей
жалпы банк жүйесінің тұрақтылығына және оның бір бӛлігі ретіндегі
коммерциялық банк тұрақтылығына әсерін тигізеді.
Кӛбісінде ол тұрғындар жағынан банкке деген сенім деңгейін, сонымен
қатар банк жүйесінің «саясаттандыру» деңгейін анықтайды (2сурет).
Ескерту: 14,217б.
Сурет 2- Банк ӛтімділігіне әсер ететін макроэкономикалық факторлар
2. Мемлекеттік реттеу мен бақылаудың тиімділігі. Коммерциялық банктер
ақша-несие реттеудің мемлекеттік шаралардың әсер ету спектрлерін ӛз басынан
кешіруде.
Ол негізінен банк қызметін реттейтін құқықтық нормаларды бекітуде,
сонымен қатар міндетті нормативтерді орындау және оларды бұзу үшін
айыппұлдарды бекітуде кӛрінеді.
Коммерциялық
банктің тиімділігі
Елдегі
экономикалық
және саяси
жағдай
Мемлекет
тарапынан
қолдауды тарту
мүмкіндігі
Мемлекеттік
реттеу мен
бақылаудың
тиімділігі
Қаржылық нарық
сегменттерінің
тиімділігі және
дамуы
14
Нарықтық экономикасымен елдердегі орталық банктер коммерциялық
банктердің қызметтерін шектеуді бекіту арқылы олардың тӛлемқабілеттілігін
реттейді. Келесілер ӛтімділік пен тӛлемқабілеттілікке тікелей әсерін тигізеді:
- ОБ рестрикциялық саясаты (Орталық банкпен қайта қаржыландыру
мӛлшерлемесін жоғарлату, міндетті резерв нормаларын, меншікті капиталдың
минималды кӛлемін ӛзгерту, міндетті экономикалық нормативтерін бекіту
банктің активті және пассивті операциялардың тиімділігі мен құрылымына
тікелей әсерін тигізеді);
- Мемлекеттің фискалды саясаты (жанама және тікелей тӛлеуші банк болып
табылатын салықтарды бекіту оның тӛлемқабілеттілік пен ӛтімділігіне тікелей
әсерін тигізеді);
- Ашық нарықта бағалы қағаздар мен шетел валюталармен орталық банктің
операциялары пайыздық мӛлшерлемеге, валюта бағамдарына және т.б. әсер
етеді.
Одан басқа ӛткізілетін экономикалық саясаттың әзірлену және жұмыс істеу
деңгейі, бектілген нормативтердің мақсатқа сайлығы және банк-бұзушыларға
әсер ететін шаралардың тиімділігінің маңызы ӛте зор.
Мемлекеттік бақылау мен реттеу банктерді банк жүйесі мен жалпы
экономиканың тұрақтылығын ұстаудың ең басты факторы ретінде жеткілікті
ӛтімділік деңгейін ұстауға ынталандыруы тиіс.
3. Қаржылық нарық сегменттерінің тиімділігі және дамуы.
Бұл фактор қаржылық нарық қатысушылар арасында және банк арасында
уақытша бос ақша қаражаттарын қайта бӛлу сипатын мақсатқа сай екендігін
кӛрсетеді. Осындай нарық дамуының жоғары деңгейі банктерге ӛтімділікті
қолдау мақсатында қаражаттарды тез тарту мүмкіндігін береді, ал бағалы қағаз
нарығының тұрақтылығы керек жағдайда бағалы қағаздарды тез ӛткізу
мүмкіндігін қамтамасыз етеді.
Аталған фактор активтердің ӛтімділік дәрежесіне айтарлықтай әсерін
тигізелі, себебі активтердің ӛтімділігіне қажетті жағдай болып оларды ӛткізу
үшін нарықтың құрылуы табылады.
4. Мемлекет тарапынан қолдауды тарту мүмкіндігі. Үкіметтің және ОБ
ӛткізілетін ақша-несие саясатынан кӛрінеді, мысалы ОБ ресурстарынан
мемлекеттік несиелерді алу мүмкіндігі.
Қазіргі кезең дамуындағы макроэкономикалық факторлар Қазақстан банк
жүйесінің жалпы тұрақсыздығын анықтайды, коммерциялық банктердің
қаржылық тұрақтылығына, атап айтқанда ӛтімділігіне теріс әсерін тигізеді.
Микродеңгейде, яғни банктің ӛзінің деңгейіндегі әсер ететін факторларды
қарастырып кетейік (3сурет).
1. Банк қызметін басқарудың сапасы. Басқарушылар мен қызметкерлердің
біліктілік деңгейі мен кәсіпкерлігі коммерциялық банктің ӛтімділігіне белгілі-
бір әсерін тигізеді.
Банктің басқарушылары ӛтімділіктің қажетті деңгейін негіздейді,
ӛтімділікті басқаруға байланысты шешімдерді қабылдайды. Банктің қызмет
етудің сапасына банк персоналының біліктілігі айтарлықтай әсерін тигізеді.
15
Бұл фактор банк ӛтімділігін қамтамасыз етуде маңызды болып табылады .
2. Банк капиталының жеткіліктілігі. Банк капиталының елеулі мӛлшері
банктің ӛтімділік деңгейіне оң әсерін тигізеді, себебі меншікті капитал
қаражаттарды алып тастау сияқты келеңсіз жағдайларда амортизатор рӛлін
атқарады, нәтижесінде ӛтімділік пен тӛлемқабілеттілік дағдарысына ұшырау
мүмкін.
Ескерту: 14,219б.
Сурет 3- Банк ӛтімділігіне әсер ететін микроэономикалық факторлар
Аталған кӛрсеткіш банктің қалыпты жұмыс істеу үшін үлкен мәні бар,
сондықтан оның минималды кӛлемі заңнамамен реттеледі[14, 216,219б.].
3. Банктің ресурстық базасының тұрақтылығы мен сапасы.
Банктің ресурстық базасы банктің активті операциялардың дамуының
дәрежесі мен кӛлемі үшін анықтаушы фактор болып табылатыны белгілі, яғни
оның тұрақтылығы банк ӛтімділілігі мен қаржылық тұрақтылығына әсерін
тигізеді.
Банк персоналына аталған кӛрсеткіштеріне әрдайым бақылауды жүзеге
асыру керек, жедел түрде тартылған қаражаттар үшін үйлесімді мәнді ұстау
мақсатында, себебі бұл қаражаттар банкке сома мен мерзім бойынша активтер
мен пассивтер арасындағы теңгерімді ұстауға кӛмектеседі, яғни банктің
ӛтімділігін ұстауға кӛмектеседі, пассивтердің құрылымдық талдауын жүргізуі
тиіс.
Коммерциялық
банктің
ӛтімділігі
Банкті
басқарудың
сапасы
Банктің
меншікті
капиталының
жеткіліктілігі
Ресурстық
базаның сапасы
мен
тұрақтылығы
Банк
активтерінің
табыстылығы
Банк
активтерінің
тәуекелділігі
Активтердің
әртараптандыры
луы мен
құрылымы
Қарыз алудың
сыртқы
кӛздерінен
тәуекелділік
дәрежесі
Мерзімі мен
сомалары
бойынша
активтер мен
пассивтердің
теңгерімділігі
16
4. Сыртқы қарыз кӛздерінен тәуелділік дәрежесі. Банктен мұндай
тәуелділікі неғұрлым жоғары болса, соғұрлым уақытша тӛлемқабілетсіздігінде
қиындық тудыратын мәселелер туу мүмкін.
Осылай 1995 жылы банкаралық нарықта дамыған дағдарыс жағдайы
туындаған кезде банк құрылымдардың тұрақсыздық дәрежесін кӛрсетті, кӛлемі
бойынша қайтарылмаған қаражаттар кейбір банктерді тоқырауға ұшыратты.
Аталған фактордың күші банктің қаржылық беріктігінің қорына, сонымен
банктің ӛткізетін саясатына байланысты.
5. Сомалар мен мерзімдер бойынша пассивтер мен активтердің теңгерімі.
Аталған фактор банк ӛтімділігін қолдауда, жалпы оның қаржылық
тұрақтылығын ұстау үдерісінде негізгі мәнге ие болады.
Осындай теңгерімділік банкте ӛтімділік пен тӛлемқабілеттілікте
дағдарыстың пайда болуына мүмкіндікті бермейді, себебі міндеттемелер бар
банктегі болған ресурстармен қамтамасыз етілген, мерзімдер бойынша активтер
мен пассивтердің бір-біріне сай болуы активтерді шығынсыз ӛткізу арқылы
міндеттемелерді уақытында ӛтеуді қамтамасыз етеді.
Активтер мен пассивтер арасындағы теңгерім неғұрлым жоғары болған
сайын, соғұрлым банктің жүргізетін саясатын да теңгерімді болады, яғни оның
ӛтімділігі жоғары болады және қаржылық жағдайы тұрақтырақ болады.
6. Банк активтерінің тәуекелділігі активтерді ӛткізген кезде әлуетті
жоғалтулардың ықтималдығын білдіреді немесе банкпен салынатын
қаражаттардың қайтару тәуекелділігін білдіреді.
Активтердің тәуекелділігі ішкі және сыртқы тәртіп факторларына тәуелді,
мысалы: қаражаттарды орналастыру кезіндегі банк стратегиясы, оның
кредиттік портфелінің құрылымы мен сапасы, бағалы қағаздарға инвестициялау
белсенділігі, жүргізілетін қаржылық талдаудың сапасы, нақты экономикалық
сектордың жағдайы, мемлекеттік қаржылар және т.б.
Активті операциялардың тәуекеліне жататын несиелік тәуекел тӛлей
алмаушылық жағдайында және жалпы экономикалық дағдарыс жағдайында
қазақстандық банктер үшін күрделі мәселелерді туғызады, осыған байланысты
қарыз алушының қаржылық жағдайына және несиеқабілеттілігін бағалауына
кӛп кӛңіл аударылуы тиіс.
Жалпы айтқанда, активті операциялардың тәуекелі неғұрлым жоғары
болса,
соғұрлым
активтерді
ақша
қаражаттарына
айналдырғанда
жоғалтулардың пайда болу ықтималдығы жоғары болады, ал бұл ӛз кезегінде
оның ӛтімділігіне теріс әсерін тигізеді.
7. Банк активтерінің табыстылығы. Бұл фактор ӛтімділікке әртүрлі
бағытталған әсерін тигізеді.
Бір жағынан банк балансындағы активтердің айналымда неғұрлым кӛп
болса, соғұрлым оның тиімділігі, табыстылығы жоғары, соғұрлым банктің
қаржылық жағдайы тұрақты болады. Басқа жағынан табыстылықтың ӛсімі
тәуекелділіктің ӛсуіне алып келеді, себебі ӛтімділікке талап ӛседі.
8. Активтердің құрылымы және әртараптандырылуы. Ӛтімділікті басқару
үдерісінде активтер құрылымына кӛп назар аудару керек.
17
Мысалы клиенттерге есеп айырысулық-кассалық қызмет кӛрсетуді жүзеге
асыру үшін, банкке талап етілгенге дейінгі шоттардан қаражаттарды қайтару
үшін жоғарыӛтімді активтердің қоры болуы керек.
Олардың жоғары және нольдік табыстылығын есепке алғанда, банк бұл
активтердің үлесін минималды деңгейде ұстауы тиіс, алайды ол ӛтімділік пен
тӛлемқабілеттілігін жоғалтпау үшін жеткілікті деңгейде де ұстауы тиіс.
Активтердің әртараптандыруы, яғни оның әртүрлі бағытта орналасуы
ӛтімділік деңгейіне оң әсерін тигізеді, себебі бұл жағдайда активтердің
жиынтық тәуекелділігі тӛмендейді.
Алайда артық әртараптандыруға қол жеткізуге болмайды – бұл активтер
портфелінің басқара алмауына әкелуі мүмкін, оларды басқарумен байланысты
ұйымдастыру шығындардың ӛсіміне, яғни шығынға батуға әкелуі мүмкін.
Активтерді
диверсификациялау
кезінде
банк
клиенттерінің,
банк
серіктестерінің қаржылық тұрақтылығын есепке алу қажет, себебі ол банк
жағдайының тұрақтылығына, оның даму болашағына, сонымен бірге сенімділік
пен ӛтімділігіне елеулі әсерін тигізеді.
Кредитті қайтармауымен немесе тӛлемқабілетсіз клиенттер үшін
кепілгерлік міндеттемелер бойынша жауапты болу қажеттілігінен туындайтын
жоғалтуларды болдырмау үшін клиенттердің қаржылық жағдайындағы
ӛзгерістерді бақылау керек, әлуетті клиенттердің қаржылық жағдайы мен
қажеттіліктерін зерттеу керек, сонымен бірге ӛзінің серіктестері туралы сенімді
және әржақты ақпаратқа ие болу керек.
Сонымен бірге банк ӛтімділігіне басқа факторлар әсер ететіндігін белгілеу
қажет, мысалы баланстан тыс операциялардың орындалу мерзімдерін,
құрылымын, кӛлемін есепке алу қажет.
Баланстық мәліметтер негізіндегі ӛтімділікті бағалау кезінде баланстан тыс
операциялардың әсерін есепке алуға және осылайша банктің нақты жағдайын
анықтауға мүмкіндік береді.
Алайда бұл талдаудың мәні ӛте зор, сәйкесінше міндеттемелерді
бағаламаған жағдайда ӛтімділіктің тӛмендеуіне немесе банктің ӛтімсізділігіне
әкелуі мүмкін. Мұндай жағдай кепілдемелерді берудегі банктің белсенділік
танытуы кезінде пайда болуы мүмкін.
Сонымен біз банк ӛтімділігіне әсер ететін факторларды қарастырдық.
Алайда тек олар ғана банктің ӛтімділігін анықтамайды.
Коммерциялық банктің ӛтімділігі үш негізгі құраушылар арасында
объективті қажетті теңгерімді оперативті басқару арқылы тұрақты ұстауында
жүзеге асырылады: бір жағынан банктің меншікті және тартылған
капиталымен, екінші жағынан бұл қаражатттарды орналастыруымен.
Бұл мақсатты жүзеге асыру банк активтері мен пассивтерін басқаруды
кӛздейді. Енді ӛтімділікті талдаудың келесі кезеңін қарастырайық.
3 кезең. Банк активтері мен пассивтерін талдау.
Анықтамаға сәйкес, коммерциялық банктің ӛтімділігі – пассив бойынша
ӛзінің міндеттемелерін ақша қаражатында уақытында орындалуды қамтамасыз
ету қабілеттілігі, сонымен бірге баланс пассивтері мен активтерінің теңгерімін
18
анықтайды, яғни банкпен тартылған пассивтер мен активтердің орналастыру
мерзімі мен сомалардың сәйкестік дәрежесі болып табылады.
Ӛтімділікті қамтамасыз ету үшін банкке пассивтердің талап етуі бойынша
ӛзінің құнын жоғалтпай активтердің уақытында ақша қаражаттарына айнала
алатын баланс құрылымын құру қажет.
Осылайша, банк активтері мен пассивтерінің құрылымдық талдауы оның
тӛлемқабілеттілігінің ажырамас бӛлігі болып табылады.
Баланстық мәліметтерді талдаудың екі түрі ажыратылады: кӛлбеу және
тікелей.
Кӛлбеу талдау белгілі бір активтер мен пассив топтарының үлес
салмағының динамикасын анықтауға негізделеді.
Бұл кӛрсеткіштер банк операцияның кӛлемінің динамикасын есепке
алғанда талданады, осылайша банк қызметіндегі активтер мен пассивтер
топтары мен операциялардың мәліметтерінің кӛлемін ӛзгерісін кӛрсетеді.
Тікелей талдау активті және пассивті операциялардың бӛлек түрлері мен
топтарының үлес алмағын анықтауда құрылады [15].
Басқа сӛздермен айтқанда ол пассив бойынша қаражаттар кӛздерінің
негізгі топтары туралы ақпарат береді және актив бойынша қаражатттардың
орналастырудың негізгі бағыттары туралы ақпарат береді.
Алайда мұндай талдауды жүргізер алдында қайталама шотынан балансты
тазарту жұмысын жасау керек, яғни номиналды түрде банк активтері (А) мен
пассивтерін (П) ұлғайтатын баптарын есептен шығару жолымен баланс-неттоға
кӛшу.
Осылай келесі баптарды есептен шығару керек: тозу (П), шығындар (А),
пайданы қолдану(А), филиаларалық есепайырысулар (А және П).
Пассивтердің құрылымдық талдауы. Банктің пассивті операциялары
активтерге қатынасы бойынша анықтаушы болып табылады.
Олардың сипаттамасы мен сапасынан активті операциялардың жүргізу
мүмкіндігі, олардың масштабы, яғни банктің табыстылығы, ӛтімділігі,
тұрақтылығы байланысты.
Пассивтердің топтастырудың әртүрлі әдістері бар.
Құрылымдық талдау барлық топтарға жүргізіледі және баланс-неттодағы
әрбір топтардың үлестерін анықтауда негізделеді, яғни банк операциялардың
кӛлемінде.
Пассивтердің құрылымдық талдауы банктің ӛзінің міндеттері бойынша
қандай мерзімде және кӛлемде жауап беруі тиіс екендігі белгілінеді.
Ол үшін талдауды 4 -суретте кӛрсетілгендей, пассивтердің келесідей
топтары бойынша жүргізу керек .
Әрбір топтың негізгі сипаттамаларын қарастырайық.
Талап етілгенге дейінгі міндеттер банкпен тартылатын ресурстардың
арасынан арзанырақ болып табылады, алайда олардың пассивтегі үлестерін
анықтаған кезде банк үшін олардың теріс жағын есепке алу қажет-тұрақсыздық,
яғни клиенттің талап етуі бойынша кез-келген уақытта алуы мүмкін.
19
Талап етілгенге дейінгі міндеттемелерге келесілер жатқызылады: талап
етілгенге дейінгі депозиттер, клиенттердің ағымдағы және есепайырысулық
шотындағы қалдықтар, пластикалық карточкалар мен чектар арқылы
есепайырысу үшін банкпен депонирленген қаражаттар.
Жедел міндеттемелерге оның атына байланысты, белгілі бір мерзімге
тартылған қаражаттар жатқызылады. Ең алдымен бұл заңды және жеке
тұлғаның жедел депозиттері мен қаражаттар, белгілі бір мерзімге тартылған,
банкаралық
заемдар,
сонымен
бірге
жинақтық
және
депозиттік
сертификаттарды шығарудан түсетін қаражатттар.
Ескерту: 14,221б.
Сурет 4- Құрылымдық талдауда анықталатын пассивтердің топтары
Осылайша бұл топқа банкке ең қымбатты ресурстарды тартылатын шоттар
кіреді, алайда пассивтердің басқа топтарына қарағанда олар тұрақтырақ
болады.
Бұдан, аталған топтардың үлкен үлес салмағы кезінде бір жағынан банктің
ресурстық базасы қымбаттайды, ал басқа жағынан – жаңа міндеттердің тууына
болжам жоғарылайды, ал бұл ӛтімділікті қолдау міндетін жеңілдетеді.
Банктің меншікті қаражаттары (капитал)-жарғылық капитал, резервтік қор,
арнайы мақсаттағы қорлар, жинақтық қорлар, қосылған пайда, сонымен бірге
банктің пайдасы.
Меншікті капитал клиенттер алдында банктің ӛз міндеттерін атқарудың
кепілі, сонымен қатар ол операциялар бойынша шығындар пайда болған
жағдайда да банкке ӛзінің ӛтімділігі мен тӛлемқабілеттілігін қолдауға
мүмкіндік беретін қаражаттар резерві болып табылады.
Осылайша меншікті капиталдың кӛлемі тек қана банктің жалпы сенімділігі
мен тұрақтылығын анықтамай, оның ӛтімділігін де анықтайды.
Пассив
топтары
Меншікті
міндеттемелер
Басқа да
пассивтер
Талап етілгенге
дейінгі
міндеттемелер
Жедел
міндеттемелер
20
Сондықтан меншікті капиталдың минималы кӛлемі мемлекет жағынан
реттеу объектісі болып табылады.
Банк пассивінің құрылымдық талдауы ресурстық база туралы жалпы
кӛріністі береді, сапалық және санды сипаттамаларын кӛрсетеді.
Алайда банктің қаржылық жағдайы мен ӛтімділігін талдау үшін
пассивтерді талдауынан басқа, ресурстарды орналастырудың негізгі
бағыттарын болуы, яғни активтердің құрылымдық талдауы керек.
Активтер
мен
пассивтердің
құрылымдық
талдауында
алынған
мәліметтерді сәйкестендіру ресурстардың негізгі кӛздері мен оларды
орналастыру бағыттары арасындағы ӛзара байланысты анықтауға мүмкіндік
береді,
сонымен
бірге
банктің
активті-пассивті
операциясындағы
теңеспеушілікті анықтауға және банктің ӛтімділігі мен тӛлемқабілеттілігі, яғни
оның тұрақтылығы үшін зардаптарды болдырмау шараларын белгілеуге
мүмкіндік береді [ 16 ].
Банк активтерінің құрылымдық талдауына кӛшейік:
Банк активтерінің құрылымдық талдауы. Банк ӛзінің міндеттері үшін
күнсайын жауап беру үшін оның активтерінің құрылымы ӛтімділіктің сапалы
талаптарына сай болуы тиіс. Осы мақсатпен банк активтері ӛтімділік дәрежесі
бойынша топтарға бӛлінеді, содан соң әрбір топтың үлес салмағы анықталады,
ал бұл активтердің ӛтімділік дәрежесін бағауды береді.
Банктің активтері ӛтімділік деңгейі бойынша келесі топтарға бӛлінеді:
1.
Жоғары ӛтімді активтер – оларды талап еткен кезде дайын болып
тұратын қаражаттар, атап айтқанда:
- Ақшалай және оларға теңістірілген қаражаттар, сонымен бірге қолма-қол
валютасы және тӛлем құжаттары, сонымен бірге бағалы металлдар.
- ОБ ашылған және «даму топтарына» резидент емес елдердің банктерінде
ашылған корреспонденттік шоттардағы қаражаттар;
- Міндеттемелермен жүктелмеген мемлекеттік бағалы қағаздарға салымдар;
- ОБ орналастырылатын депозиттер;
- Талап еткенге дейін қарызгерлерге ұсынылатын қаражаттар.
Егер ақша қаражаттар мен коршоттағы қаражаттар міндеттемелерді ӛтеу
және тӛлемдерді ӛткізу үшін қолданылса, онда бағалы қағаздарға салымдар
және
орналастырылған
ссудалар
алдын
ала
ақша
қаражаттарына
шоғырландырылуы тиіс, біріншіден ол шығындарға алып келуі мүмкін.
2.
Ӛтімді қаражаттар – банктің иелігіндегі қаражаттар және олар ақша
қаражаттарына тез айналуы мүмкін:
- Банк корреспонденттеріндегі, «дамыған топтарға» жатпайтын резидент
емес елдердің-банктеріндегі шектелген конвертациясымен шетел валютадағы
коршоттағы қаражаттар;
- Несиелер мен орындау мерзімі 30 күн болатын банк пайдасына тиетін
тӛлемдер (мысалы факторингтік операциялар бойынша);
- Екіншілік бағалы қағаздар нарығында айналатын мемлекеттік емес
эмитенттердің бағалы қағаздардағы салымдары.
3. Ұзақмерзімді ӛтімділіктің активтері мысалы:
21
- Банкпен берілетін ұзақмерзімді активтер;
- Банктің лизингтік операциялары;
- Басқа кәсіпорындар мен банктердің қызметіндегі үлестік қатысу;
- Инвестициялық мақсатта алынған бағалы қағаздар;
- Материалды емес активтер.
4. Банктің ӛтімділігі тӛмен және ӛтімсіз активтер:
- Мерзімі ӛткен және күмәнсіз (қиындық туғызатын) қарыздар;
- Капитал салымдары;
- Негізгі қорға тиесілі және банкке жататын жабдықтар, құрылғылар,
ғимараттар.
Активтердің құрылымы пассив құрылымының ӛзгертуіне тәуелді, яғни
олар қамтамасыз етуі тиісті міндеттемелер. Осылай активтердің ұтымды
құрылымын белгілегенде ӛтімділікке қойылатын талаптарды банк орындауы
тиіс, яғни олардың типтерін, сомаларын, мерзімдерін есепке алғанда
міндеттемелер қатынасы бойынша жоғары ӛтімді, ӛтімді, тӛмен ӛтімді
қаражаттардың үйлесімді кӛлемі болу керек.
Шетел тәжірибесінде банк ӛтімділігінің орта резерві біріншілік және
екіншілік резервтерге бӛлінеді. Ӛтімділіктің біріншілік резерві банк
ӛтімділігінің негізгі кӛзі болып табылады және «басқа банктердің қарыздары
мен қолма-қол ақшалары» баптарына жататын активтерді анықтайды: ақша
қаражаттары, чектар, инкассациялау үдерісіндегі басқа да тӛлем құжаттары,
міндетті резервтер шотындағы және басқа банктердің корреспонденттік
шотындағы қаражаттар. Ӛтімділікті талдаудың мақсаттары үшін активтердің
топтастырылуы 5 -суретте келтірілген.
Ескерту: 14,224 б.
Сурет 5- Құрылымдық талдауда анықталатын активтер топтары
Активтер
тобы
Басқа да активтер
Ұзақмерзімді
салымдар
Ӛтімділік активтер
Берілген қаражаттар
Бағалы қағаздарға
салымдар
22
Ӛтімділіктің екінші резерві біріншіні толықтыру үшін қажет, оларға
ӛтімділігі тӛменірек – бірінші топппен салыстырғанда – активтер, оларды
минималды тәуелділікпен және минималды мерзімдеріндегі қолма – қол
ақшаларға айналдыруға болады.
4 кезең. Ӛтімділік коэффициенттерін талдау мен есептеу
Талдаудың бұл кезеңінде алынған мәліметтер ӛтімділікті қолдауға қатысты
қысқамерзімді ұсыныстарды құрастырған кезде де, банк қызметінің жаһандану
стратегиясын әзірлегенде есепке алуы тиіс.
Коэффициенттік талдау банк қызметінің сандық талдауының бір түрі,
оның ӛтімділікті талдауда қолдану үлкен мәнге ие болады. Коэффициенттерді
есептеу әдісі баланс баптарының топтары мен бӛлімдері, түрлі баптар
арасындағы сандық ӛзара байланысты анықтауға мүмкіндік береді; сәйкесінше
бұл талдаумен бірге топтастыру мен салыстырудың әдістері қолдануы тиіс.
Талдау кезінде пайда мен шығындардың, табыстардың түрлерін, активті-
пассивті операциялардың мерзімдерін, ұзақмерзімді және қысқамерзімді
несиелік салымдарды, банктің тартылған және меншікті ресурстарын бӛлу
арқылы баланс шоттарынын топтастырылуы қолданылады. Баптар ӛтімділік
дәрежесіне, банктік операциялардың экономикалық мәніне, табыстылық
деңгейіне (актив бойынша) және шығындарға (пассив бойынша) және т.б.
байланысты топтастырылуы мүмкін. Салыстыру әдісін қолдану бап бойынша
динамикалық ӛзгерістер мен ауытқулардың себептерін анықтауға және банк
ӛтімділігіне әсер ету деңгейін және оның операциялардың тиімділігін,
соңғылардың резервтерін жоғарлатуда анықтауға мүмкіндік береді.
Коэффициенттерді есептеу әдісі арқылы активтердің (пассивтердің) жалпы
кӛлеміндегі немесе сәйкес бӛлімдегі нақты баптың (немесе бап топтары) нақты
үлес салмағы анықталады. Активті (пассивті) баланстық шоттар сәйкесінше
операциялар түрлері немесе бір мерзім, немесе ортақ экономикалық
контрагенттері бойынша топтастырылған пассив (актив) бойынша баптарымен
салыстырылады.
Ӛтімділікті талдауға қатысты коэффициенттерді есептеу әдісі осылайша
алынатын есепайырысулық мәндер және олардың бекітілген мәндерге сәйкес
болуын бақылау негізінде қаржылық талдамашы банктегі ӛтімділік деңгейін
бағалауға және ӛтімділік қаражаттарға банктің қажеттіліктерінің ӛзгерісін
анықтаудан, яғни қазіргі кездегі және болашақта болжанатын және
болжанбайтын талаптар сомасынан жоғары болуы тиіс активтердің нақты
кӛлемін анықтаудан тұрады.
Банктегі қаржылық талдау үдерісінде есептелетін коэффициенттер екі
негізгі топтарға бӛлінеді: 1) ОБ бекітілетін, барлық банктермен орындалуы тиіс
міндетті нормативтер және 2) коммерциялық банк қызметінің қаржылық талдау
мәселелерімен айналысатын мамандандырылған компаниялар мен банктің
аналитикалық қызметімен әзірленген бағалы коэффициенттер. Бағалы
коэффициенттердің мәнін сақтау міндетті болып табылмайды, оларды есептеу
ӛтімділікке қатысты сапалы толығырақ ақпаратты алуды қамтамасыз етеді.
5 кезең. Ӛтімділікті болашақта басқару үшін үшін ұсыныстарды әзірлеу.
23
Банктің ӛтімділігін талдауының қорытынды және маңызды кезеңі
жоғарыда келтірілген талдау кезеңдерін қорытындылау, банк қызметінің оң
және теріс жақтары, оның активтер мен пассивтерінің құрылысы мен
жиынтығы, ӛтімділіктің санды және сапалы кӛрсеткіштері туралы
аналитикалық материалдарды дайындау, ӛтімділікті болашақта басқару үшін
үшін ұсыныстарды әзірлеу банк дамуының болжамын құрау.
Қорытындылайтын
болсақ,
қазіргі
таңда
тӛлем
дағдарысында,
құнсыздануда, ӛндіріс дағдарысында пайда болатын макроэкономикалық
деңгейдегі күрделі мәселелерге байланысты коммерциялық банктің ӛтімділігін
қолдау күрделенуде. Әрдайым ӛзгерісте болатын жағдаймен байланысты
коммерциялық банктер тиімді және сенімді қалыптасуы үшін банк
операциялары мен банк қызметінің кӛрсеткіштерін талдауда басты назар
аударған жӛн.
Банкте талдау ӛткізу үлкен мәнге ие, себебі талдаудың нәтижесінде банктің
келешектегі саясаты айқындалады. Сондықтан, талдау негізінде банктің
болашақтағы жағдайын нығайтуда шаралар ӛңделеді.
Достарыңызбен бөлісу: |