6
1
Екінші деңгейлі банктердің ӛтімділігінің теориялық және
әдістемелік негізі
1.1
Коммерциялық банк ӛтімділігінің түсінігі мен мәні
Ӛтімділік дәрежесін қамтамасыз ету банк басқарудың ең маңызды
міндеттерінің бірі болып табылады. Егер банк керек жағдайда тиімді бағамен
тартылған қаражаттарға қол жеткізе алса, онда банк ӛтімді болып саналады.
Бұл банктің қажетті ӛтімді қаражаттар сомасына иеленетінін немесе ссудалық
нарықта займдар арқылы оларды тез алатынын немесе ӛзінің активтерінің бір
бӛлігін сата алатынын кӛрсетеді.
Қажетті ӛтімділік деңгейін ұстау нарықтық банктік қаржылық күшін
қабылдайтынына байланысты.
Егер оның жағдайы нашар болса, әдетте бұл несиелермен байланысты
шығындар нәтижесінде пайда болады, онда тӛтенше ӛтімділікке қажеттілік
туады.
Салымшылар ӛздерінің салымдарын алады және депозиттердің мерзімі
аяқталған соң оларды қайта жаңғыртпайды.
Депозиттерді ашық түрде сақтандыруының бар болуы депозиттердің
жоғалту тәуекелділігін белгілі бір дәрежеге дейін тӛмендейді.
Алайда тәжірибе кӛрсеткендей сақтандырылған қаражаттар банктерден
жиі алынып тасталады.
Банктердің қаралған ӛтімдік кӛрсеткіштері талаптарының сақталуы ҚР
Ұлттық банкінің, сол сияқты коммерциялык банктердің ӛздері қабылдайтын
әртүрлі әдістері мен тәсілдері арқылы қамтамасыз етіледі.
«Ӛтімділік», «Тӛлемқабілеттілік» экономикалық терминдері қазіргі
экономикалық әдебиеттерінде оларды бір – біріне ұқсастырып, қолданыста бір
– біріне ауыстырады.
Шынында да бұл түсініктер бір – біріне ұқсас, бірақ олардың арасында
айтарлықтай айырмашылық бар.
Егер біріншісі кӛп жағдайда белгіленген деңгейде немесе жалпы
қабылданған нормаларда ӛзінің ӛтімділігін ұстау әдістері мен нысандарын ӛзі
таңдайтын банктің ішкі қызметі болып табылса, екіншісі, әдетте мемлекеттің
қызметтеріне жатқызылады
[1 ].
«Ӛтімділік» термині (латын тілінен «liquidus» - сұйық, ағымды)
материалдық құндылықтармен басқа да активтердің ақша қаражаттарына
ӛткізудің, сатудың, айналудың жеңілдігі деген мағынаны білдіреді.
Коммерциялық банк үшін ӛтімділік банктің пассив бойынша ӛз міндеттерін
ақшалай нысанда орындауды қамтамасыз етудің қабілеттілігі ретінде шығады.
Жалпы банктің ӛтімділігі банктің пассив бойынша міндеттерін ӛтімді
активтермен жабуды кӛздейді, яғни банктің ӛтімді активтерді сатудың, Ұлттық
банкте немесе банкаралық нарықта қол жетімді баға бойынша ақша
қаражаттарды алудың немесе бағалы қағаздар эмиссиясын жүзеге асыру
қабілеттілігі, соның есебінде пайда болған міндеттемелерді жабу.
7
«Тӛлемқабілеттілік» терминінің мағынасы кеңірек, ол активтердің тез
ӛткізетіндерге айналу мүмкіндігін ғана кіргізбейді, ол жеке және заңды
тұлғаның уақытында және толық түрде ӛзінің тӛлем міндеттемелерін
орындаудың қабілеттілігін кіргізеді. Бұдан ӛтімділік тӛлемқабілеттіліктің
міндетті және қажетті шарты ретінде шығады, оның орындалуын бақылауға тек
субъектілердің ӛздері ғана емес, сонымен қатар белгіленген бақылау мен
қадағалаудың сыртқы органы алады.
Осылай ӛтімділік банктің ӛзінің міндеттемелер бойынша керек мерзімде
толық сомада жауап беру қабілеттілігі ретінде түсіндіріледі [2].
А.Фурунье банк жүйесінің ӛтімділігі бір жағынан ақша нарығы мен
орталық банкке қатысты банктің берешек деңгейін кӛрсетеді, екінші жағынан
орталық банктегі қайта есептеу бойынша несиелік мекемелердің мүмкіндігі [3].
Мұндай жағдайдың мәні әлуетті ӛтімділікті анықтаған жағынан ғана
болады, онда банктің ӛзінің міндеттемелер бойынша тӛлемдерді қамтамасыз
ету мүмкіндігі болатын еді.
Американдық экономистер С.Липпмен және Дж.Мак Колл активтердің
ақшаға айналу үшін қажетті оптималды күтілетін уақыт деп түсіндіреді [4].
Оксфорд университетінің профессоры Куракие ӛтімділікке келесідей
мағына береді: ӛтімділік бұл банктің орталық банктегі ақша қаражаттарымен
(банкноттармен және орталық банктің шотындағы несиелік қалдықтармен)
және қаражаттарды ұлғайтуға қолданатын қысқа мерзімді активтермен иелену
[5].
Лондондық университетінің профессоры Р.Сомерс ӛтімділік – бұл
банктердің дивидентке айырбастаудағы қолма – қол ақшаға деген сұранысын
қанағаттандыру қабілеттілігі деп есептейді [6], ал американ экономисі Д.Лаккет
пайымдауы бойынша бұл банктің салымшылардың тапсырыстары бойынша
олардың қаражаттарын қайтару қабілеті [7].
Біздің кӛзқарасымыз бойынша, аталған категорияның мәнің толығырақ
келесі анықтама ашады: ӛтімділік бұл – банктің ӛзінің ағымдағы
міндеттемелерін қанағаттандыру қабілеттілігі, активтердің құнын жоғалтпай,
оларды тӛлем қаражаттарына айналдыру және (немесе) қажет болған жағдайда
қол жетімді баға бойынша ақша нарығында аталған қаражаттарды
алу.
Банктің ӛтімділігі оның жұмысқа қабілеттілігі мен тұрақтылығының кепілі,
себебі жеткілікті ӛтімділік деңгейі бар болатын банк минималды
жоғалтулармен келесі қызметтерді атқара алады:
1. Клиенттердің тапсырысы бойынша тӛлемдерді жүзеге асыру
(есепайырысулар үшін резервке қалдырылған кореспонденттік, ағымдағы, есеп
айырысулық шоттарындағы қаражаттар бойынша міндеттемелер);
2. Ӛтеу мерзімі келген және мерзімнен бұрын қаражаттарды кредиторларға
қайтару (депозиттегі қаражаттар);
3. Ӛзіне қабылдаған міндеттемелер шегіндегі қаражаттарға деген
клиенттердің сұраныстарын қанағаттандыруға, мысалы отырған кредиттік
келісім – шарт, кредиттік желі, овердрафт және контокоренттік несиелендіру
бойынша;
8
4. Банкпен шығарылатын бағалы қағаздарды ӛтеу;
5. Болашақта болатын міндеттемелер үшін ӛтімділік банктің активті және
пассивті операциялардың тәуекелділігімен және банк портфелінің (ссудалық,
бағалы
қағаздар,
инвестициялық)
теңгерімдігімен,
операциялардың
табыстылығымен қаржылық жағдайының тұрақтылығының қажетті шарты [8].
Қазіргі экономикалық әдебиеттерде банктік ӛтімділігінің сипаттамасын екі
жақтан қарастыруға болады. Ӛтімділікті қор немесе ағым ретінде қарастыруға
болады.
Қор банктің ӛтімділігін белгілі - бір мерзімге сипаттайды, оның ағымдағы
міндеттемелерге жауап беру қабілеті, әсіресе талап ету шоттары бойынша.
Ағым ретінде ӛтімділік белгілі бір мерзімге немесе болашаққа анықталады.
Осында қор кішірейтілген тәсіл ретінде қарастырылады.
«Ағым» ӛтімділігін қарастырған кезде ӛтімділігі тӛмен активтердің
ӛтімділігіне айналуды қамтамасыз ету мүмкіндігіне кӛп кӛңіл аударылады,
сонымен қатар займдарды алуын санағанда, қосымша қаражаттардың ағылуын
қарастырады.
Осылай «ағым» - ӛтімділігін бағалау ғана емес, сонымен қатар «болжау» -
ӛтімділігін бағалау үлкен мәнге ие болады.
Осыған орай жүйеде коммерциялық банктің жиынтық ӛтімділігін бағалау
үшін ӛтімділік белгілі бір мерзімге, ағымдағы ӛтімділікті («ағым») және
болашақтағы ӛтімділікті («болжау») қарастыру қажет .
Жоғарыда келтірілген ӛтімділіктің үш анықтамасын салыстырғанда
мынадай қорытындыға келуге болады: ӛтімділікті ұстау және басқару үшін ең
тиімді болып ағым – ӛтімділігін анықтау табылады, себебі бұл тәсіл банктің
қабілеттілігін бағалауға, ӛзінің жағдайын нақты анықтауға, уақытында
ӛтімділік деңгейіне қатысты жағдайдың нашарлауын болдырмауға, сонымен
қатар белгілі бір мерзімде ӛтімділіктің тиімсіз деңгейін ауыстыруына мүмкіндік
береді [9 ].
Баланс
ӛтімділігі
және
банктің
ӛтімділігі деген
ұғымдардың
айырмашылығы бар. Баланс ӛтімділігі – сомалар мен мерзімдері бойынша
активтер мен пассивтерді топтастыру, несиеге пайда болатын сұранысты
қамтамасыз ету, клиенттер (бар болған және әлуетті) жағынан банктің ақшаға
деген сұраныс қанағаттандыру мен болжау мақсатымен банктің активтері мен
пассивтерін басқару.
Банктің ӛтімділігі – бұл баланс ӛтімділігі ұғымына қарағанда тереңірек
ұғым, алайда оған қатысы бойынша екінші мағынада.
Егер банктің балансы ӛтімді болса, онда оның банктің ӛтімділігі туралы
сӛз қозғауға болады. Сондықтан банкке ең алдымен ӛзінің балансының
ӛтімділігін ұстау қажет. Ӛтімді баланс ӛзінің пассивін ұлғайту арқылы
қаражаттарды сырттан тарту арқылы жедел түрде оларды алу мүмкіндігін
болжайды. Бұл орталық банктердің кредиттері бола алады, қысқа мерзімді де,
(қайта қаржыландыру тәртібіне сай), басқа банктердің несиелері, клиенттердің
тартылған қаражаттары (мысалы, депозиттік сертификаттардың шығарылуы)
және т.б. кӛздер.
9
Аталған кӛздерді банк тез қолдану үшін оның тұрақты, сенімді, несиелік
ұйымның беделі болуы
қажет[10].
Банк ӛтімділікті қамтамасыз етудің екі кӛздеріне ие: сыртқы және ішкі.
Ішкі ӛтімділікті тұрақты нарыққа ие және ақшаны орналастырудың сенімді
объектісі болып табылатын тез ӛткізімді активтердің жиынтығын қамтамасыз
етеді (мысалы, ақша нарығында тез ӛткізілетін активтердің мемлекеттік қысқа
мерзімді міндеттемелер).
Сыртқы ӛтімділікке банктің ӛтімді қаражаттарының қорын ұлғайтатын
міндеттемелерді нарықта банкпен сатып алу жолымен жеткізіледі. Алғашқыда
банктер негізінде тез ӛткізілетін активтердің қорын құрды.
Қазіргі таңда олар активтерді ғана емес, пассивтерді басқару есебінен
ӛтімділіктің жалпы балансын қамтамасыз етуге талпынады
.
Жеке банктердің ӛтімділігі мен жиынтық банктердің ӛтімділігі болып
бӛлінеді, ол қаржылық капиталдың қажеттіліктеріне сәйкес банктік жүйе
арқылы ӛтетін есептік – тӛлемдік айналымды ұйымдастыру нысанын білдіреді,
қысқаша айтқанда – банктік жүйеде жинақталған есепайырысулық және
есепайырысулық қаражаттардың сомалары.
Ӛтімділік банктерге келесілер үшін қажет:
банктер кез – келген уақытта клиенттердің ӛз қаражаттарын алатынына
сенім беру; ссудалар бойынша қарыздарды ӛтеу бойынша дебиторлардың
талаптарын қанағаттандыру үшін ақша қаражаттарының қол жетімді екендігіне
сендіру;
келеңсіз жағдайлар туған кезде акционерлерді активтерін мәжбүрлі
сатудан қорғау.
Банкирлердің кӛбісі қоғамның сенімділігі – банктің ең қымбат активі,
себебі солардың есебінен қарызды шоғырландыру кезінде шығындарды
минимумға жеткізеді және ең тиімді қарызгерге қол жеткізеді деп санайды.
Осылайша, тұрақты жақсы табыс – банктің ӛмірге қабілеттілігінің кепілі.
Шынында да, сенімді табыстар – машинаға май сияқты – банктің қызмет етуіне
мүмкіндік береді.
Банк жүйесіне қоғам сенімінің негізгі бір талабы салымшылар кез келген
уақытта ӛзінің салған қаражаттарын алатынын, бұл банкке ақшаны салғанда
ешқандай тәуекелділікке бел бумайтынына сенімді болуы тиіс болып табылады.
Осылайша салымшылар да, қадағалау органдары да, банктермен және
клиенттермен басқаратындар да банк капиталының ӛтімділігіне қызықтырылуы
тиіс.
Ӛтімділікті үйлесімді деңгейде ұстаудағы банктің саясаты біздің
ойымызша келесі негізгі жағдайларды ескеруі қажет:
- ӛтімділік банктің табыстылығына теріс әсерін тигізеді (яғни банк артық
ӛтімділікке ие болса);
- ӛтімділікті келесі жағдайларда жоспарлау керек, яғни банкте
теңгерілмеген ӛтімділік пен мәселесі болмаса;
- ӛтімділікті керек деңгейде ұстаудағы банктің саясаты – бұл белгісіздікпен
және қауіп – қатермен күресі стратегиясы.
10
Ӛтімділікті үйлесімді деңгейде ұстаудағы банктің стратегиясы банк
активтерін басқарудың және талдау мен бақылауды болжайды.
Активтер бойынша стратегиясы уақытында қайтарылатын қысқа мерзімді
ссудалар, тез ӛткізілетін нарықтық қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді бағалы
қағаздар, ссудалар мерзімдерін азайтуын кӛздейді.
Пассивтер бойынша стратегия – депозиттік сертификаттарды, банктік
портфеліндегі депозиттердің орташа сақтау мерзімі, акциялар эмиссиясы
(қарапайым және атаулы) субординирленген облигациялар, жоғары рейтингті
алу және сақтау.
Банк ӛтімділігін жоспарлау келесіні кӛздейді:
- ӛтімділіктің үйлесімді кӛлемін жоспарлау (банктен қаражаттарды алып
тастау бойынша әлеуетті талаптар сомасынан шыққанда);
- ӛтімді активтерді ұстауға қажетті инструменттердің ӛтеу мерзімі мен
нысандарын жоспарлау (қаражаттарды талап ету мерзімдеріне сәйкес).
Банктің ӛтімді қаражаттарына қажеттілігін бағалау оның ӛтімді
активтердің сомасы болжанатын және болжанбайтын талаптарынан жоғары
болуы тиіс.
Шетел банктерінде осындай мақсатпен нарық коньюктурасынан шыға
отырып ӛтімділік бойынша 3 жоспарды құрайды:
- нарықтағы болжанатын күтілім бойынша банктің ӛтімділігінің жоспары,
нарықтық кӛрсеткіштердің ӛсімі;
- экономикалық белсенділіктің құлдырауы, тоқырауы кезінде ӛтімділік
жоспары;
- болжанатын дағдарыс кезінде ӛтімділік жоспары.
Банктің ӛтімділігі келесіні қамтамасыз етеді:
- несиеге деген сұранысты қанағаттандыру және депозиттерді алу;
- банк сенімділігі және ӛтімділік тәуекелін минимализациялауы;
- активтерді тиімсіз сатуды болдырмау
[11].
Нарықтық экономика жағдайында Қазақстанда банк ӛтімділігінің тӛмен
деңгейімен байланысты мәселелер ерекше ӛзекті болып табылады, аталған
мәселені тиімді шешу халық шаруашылығына оң әсерін тигізетін еді.
Тӛмен ӛтімділік банк жүйесінің ішкі тұрақсыздығының кӛзі болып
табылады, банктің қаржылық операциялардың кеңейту мүмкіндігін шектеп
және сыртқы теріс әсерлерге банктік жүйені тұрақсыз істейді. Басқару
тәжірибесінде банктер әрқашан пайдалылық – ӛтімділік диллемасымен
ұшырасады. Сондықтан теория мен практикада банк ӛтімділігі ол әкелетін
пайдамен байланысты қарастырылады.
Қорытындылай келе, коммерциялық банктер несиедегі делдалдық,
тӛлемдегі делалдық сияқты қызмет атқаратынын, сондай- ақ инвестициялық
ресурстарды ең аз тиімді нарық сегментінен, ең жоғары нарық сегментіне қайта
бӛлуді жүзеге асыратынын есепке ала отырып, банк жүйесінің тұрақсыздық
жағдайы немесе осы сферада дағдарыстық құбылыс туындаса, ол еліміздің
барлық экономикалық жағдайына әсерін тигізетінін аңғарамыз.
11
Сондықтан, коммерциялық банктің ӛтімділігін қажетті деңгейінде қолдау
дағдарыстан еліміздің экономикасын шығарудың ең бір маңызды жолы болып
табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |