Таң. Қазіргі тіл қолданысымызда таң атқанда, таң құлан
иектегенде, таң бозарып атқанда деген тіркестер бар. Ал халық тілінен
таң мезгілін білдіретін сөздердің бұдан басқа да небір түрін кездестіреміз.
"Таң сімірі жауғанда"("Төрехан батыр"). Ереуіл таң."Шолпан жұлдыз
батқанда, пәленің алды қайтқанда, Ереуіл таңдар атқанда, қызара келіп
күн шықты"("Ер Қосай").Коғалаң таң." Желпіндіріп ту байлап Ерлерім
тұрды ат сайлап, көгалаң таң болғанда"(Қашаған Күржіманұлы), Рауан
таң. "Рауан таң біліне, жемісті сайдың бойына бастап келді ол
енді"("Құбығұл"). Ерен-параңда "ерте, таң ерте
34
.
Сахар.Таң мезгіліне байланысты қолданылатын сөздің бірі - сахар
(арабша "таң шапағы", "жарық түскенге дейінгі шақ"). Сахар сөзі халық
тілінде тек діни салтқа байланысты ғана емес, "таң ерте" деген мағынада
31Будагов Л . , I . 172-б.
32Ысқақов М. Халық календары. 221, 244-б.
33Шүкіров С. Балама - сөз байлығы; // Қазақ әдебиеті, 1978, 24 ақпан.
34Аманжолов С. Қазақ тілі диалектологиясы мен тарихының мәселелері. Алматы, 1959, 74-б.
30
да жұмсалған:" Сары атанға сахарда жүк арттырдың"("Алпамыс").Таң
сөзімен тіркесе айтылатын сәрі (таң сәрі") - осы сахар сөзінің дыбыстық
өзгеріске ұшырамаған түрі (сахар - сәр//сәрі) екені зерттеушілеріне мәлім.
Діни салтқа байланысты сахар, сәре сөзі "таң ертеңгі тамақ" дегенді
білдіреді. Кейбір қария адамдар ораза ұстамаған жай күндері де сәре сөзін
"таң ертеңгі тамақ" мағынасында қолданады. Ораза тұтқан діндар адамдар
сәресін(сахарын)- құлқын сәріден ішеді. Қ ұлқын – арабша халкум,
ортағасырлық әдебиетте хулкум, "кеңірдек" деген мағынаны білдіреді. Бұл
сөздің тіліміздегі ауыспалы мағынасы – "тамақ". Осы сөз кұлқыны құрыды
деген бейнелі сөз тіркесінде де кездеседі. Осындай салыстыруға қарағанда
құлқын сәрі: "тамақ сахары(сәрі)", "Таң мезгіліндегі тамақ" дегенді
аңғартады. Құлқын сәріде тіркес қазіргі тілінде "таң ерте" мағынасында
қолданылатындығы белгілі :"Құлқын сәріден қыстауға барып, қыстыгүні
несін жейді" (М.Әуезов. "Абай жолы").
Бастапқыда діни салтқа байланысты қолданыла келіп, мазмұны мен
мағына өрісін кеңейткен сөздер мен тұрақты тіркестер халық тілінде аз
кездеспейді. Шаруа адамы байырғы кезде" Таң намазы шағында, (памдат)
уақытында деп сөзді шаруашылық ыңғайына бейімдеп айта берген.
Памдат (пандат) сөзін халықтың көне жырларынан да кездестіреміз.
Ерте тұрып пандатын үйінде оқып, Сарыбай да сахардан аңға келді.
Қалың тауды қақ жарып келе жатса, Ат қаңтарған бір жанды көзі көрді
("Қозы Көрпеш-Баян сұлу").
Сәске. Мәл. Күн ұясынан көтеріліп, қыза бастаған шақтан сәске
басталады. Сәске мезгілді байырғы жылдарда сәске маһал деп
атайтындығын ұшыратамиз: " Саске маһал болғанда, қыз іздеген Төлеген
көшкен бір елге жолықты"("Қыз Жібек"). Мұндағы маһалдың мағынасы
-"кез, шақ", қырғыз тілінде маал,"время, момент"
35
. Маһал сөзі дыбыстық
өзгеріске ұшырап, кейбір тұрақты сөз тіркестернің құрамында мәл түрінде
айтылады. Мысалы, Жасы мәлден өтті.
Жасында анық сұңқар болғаныңыз, Дариядай жігіт күнде
толғаныңыз. Сыпырып жас кезінде ілсен-дағы, Тұғырға мәлден өтіп
конағыңыз. (Мұсабек Байзақұлы. Манат қыздың хаты). "Келіппін сексен
үшке мәлден өтіп. Берсе көзі алланың көрмей жүр ме?("Қозы Көрпеш-
Баян сұлу").Мәлден өтті, жасы мәлден өтті деген сөз орамы "белгілі бір
кезден, шақтан өтті"дегенді білдіреді. Мұндағы кез, шақ байырғы
әдебиетте "алпыс үш жас"дегенді аңғартса керек. Ертеректегі қазақ
салтына мүшел жасты да (13, 25, 37,49,61 т.б.) "қасиетті" деп есептеген.
Сондықтан мүшел жастың біріне толған аламды "тым алыс сапарға
шыкпайды", "көзсіз тәуекелге бармайды","қауіп-қатерден сақтанып
жүреді" деп отырады. Немесе мүшел жасты тура атамай орағыта айтқан.
35Юдахин К. Киргизско-русский словарь, 507-б.
31
Бұлбұл үнді Біржан салдың ақын Сарамен айтысында "Адымым күні Сүгін
қалыбында, Екі жыл отыз беске келгеніме" деуінде, бәлкім осындай
сырдың болуы да ықтимал. Әрине, санды тура атамаудың бұдан басқа да
өзге орайлары бар. Мысалы, ақ берен ақын Есет Қараұлының (1779-1860):
Назданып аяқ көсілген,
Сылдырап белін шешінген.
Алма мойын арудың,
Ажары кетер бетінен.
Екі он бестен жасы өтсе, – деуі айрықша экспрессия жасаудың
тәсілі.
Сәске мезгілінің өзін халық бірнеше шаққа бөледі. Күн ұясынан
құрық бойы көшірілген шақ-сәске немесе ерте сәске.
Бұдан кейінгі мезгіл– Ұлы сәске – қан сәске
36
деп те, жалған
түс
37
деп те аталады. Еліміздің батыс аймағында тәуліктің осы мезгілін
білдіретін сиыр түсі деген атау да қолданылған:
Жайылған атын алдырып, Үстіне тұрман ер салып, Сиыр түсі
болғанда, Сағыздан өтіп заң салды (Ығылман Шөреков).
Сөз тегін айтылмайды. Сәскенің бұл мезгілі неге төрт түліктің бір
түлігімен аталған? "Ұлықбектің келтірген мағлұматына қарағанда, кейбір
түркі халықтары, мәселен ұйғырлар, тәулікті он екіге бөліп, әр үлесін чағ
деп атаған.Чағтың ұзақтығы екі сағат болды. Ұйғырлар кешкі чағ, ут
(сиыр) чағ, барыс чағ, т.с. с. деген. Моңғолдар да тәулікті он екіге бөліп,
бөліктерді цағ деп атаған.Оларда хулугун цағ (тышқан шақ),хукар цағ
(сиыр шақ), барыс цағ т.с.с. болған"деген кызықты дерек келтіре
отырып, М.Ысқақов: "Бірақ бұл цағтарды абыздар ғана білген. Байырғы
қазақ календарында тышқан шағы, сиыр шағы, барыс шағы т.с.с.
болғандығы немесе болмағандығы жөнінде әлі нақтылы мағлұматтар жоқ.
Оларды жұлдызшылар мен есепшілер ғана біліп, ұмыт болуы мүмкін"
38
-
дейді. Бұл жерде зерттеушінің түркі-монғолдарда қолданылған он екі шақ
туралы қызықты дерегі қазақ тіліндегі айыр түсі деген атауды ут (сиыр)
шағымен байланысты қарауға түрткі болатын тәрізді.
Халық тіліндегі бұл атаулардың бәрі түске дейінгі мезгілге катысты.
Халық ақындарының жыр кестесінде кездесетін түсі мәлі сөзі "түскі шақ,
түс кезі" дегенді білдіреді.
36Кеңесбасв І. Қазақ тілінін фразеологиялык сөздігі.
37Куфтин Б.Г. Календарь и первобытная астрономия киргиз-казахского обозрение, 1916. 3- 4.М., 1918.
38Ысқақов М., 220-б.
32
Түс әлеті. Жоғарыда айтылғандай, мұндағы мәлі (түсімәлі) сөзі
маһалдың дыбыстық жақтан ықшамдалған түрі. Түсі мәлімен мағыналас
тұрақты тіркестің бірі – түс әлеті. Тіркес кұрамындағы әлет сөзі
дыбыстық өзгеріске түсіп, "танымастай" болған. Бұл сөздің бастапқыда
айтылуы – хал (араб сөзі). Хал сөзі орта ғасырлық әдебиетте "хал-жағдай,
көніл-күй" әрі "заман", "уақыт", "шақ, кез" деген мағынада жұмсалған
39
.
Мағлұм-мағлұмат, жамиғ-жамиғат тәрізді хал сөзі де халет түрінде
айтылған:
Торғайды бұл жеңешең ұстап алған,
Сөзімде өтірік қалет жоқты жалған.
Өзіңе тірі болса, берер едім,
Торғайың әлдеқашан өліп қалған ("Қозы Көрпеш – Баянсұлу").
Жырдың басылымындағы түсініктемеде қалет (халет) "жаңсақ",
"жаңылыс" делініп түсіндірілген. Шындығында, өтірік халет "өтірік
жайт" дегенді білдірсе керек.
"Хал-жағдай", "жай", әрі "уақыт", "шақ" мағынасын білдіретін халет
сөзі қазіргі тіл қолданысымызда [х]-ның көмескіленуі барысында әлет,
түс әлеті болып калыптасты. Халет сөзін көркем сөз зергерлері байырғы
өмір суреттерін беруде қолданып отырған: "Жүрек қобалжып, бас
айналады. Құлақта ың-шың шықылдаған толассыз бір шуыл бар. Осы
күйінде, барлық нен жоқтың арасындай бір халетте азғантай уақыт
жатты да Абай ойы өшіп, сеніп жоққа батты"(М.Әуезов."Абай жолы").
Күндіз баласын түске дейін, түстен кейін деп болу көптеген
халықта кездеседі деуге болады. Ал осы екі шақтың дәл ортасы,
"көлеңкенің бауырға кірген", "күннің тас төбеге келген" сәті (әсіресе жаз
мезгілінде) – тал түс. Халық тілінен тал түске байланысты айтылатын
түрліше сөз орамдарын кездестіреміз: шаңқай түс, анық түс. "Бір күн, бір
түн өтеді, сәске мезгіл болғанша, анық түске толғанда" (Қашаған). Таңдай
тал түс, "Арқалық, жау дүрбіттің қорлығы өтті, Жылқыны таңдай тал
түс дүрілдетті ("Арқалық").
Талма түс. "Арада неше қоныпты, талма түстің шағында, мұндай
жапан далада ("Дотан батыр") Талмау түс
40
. Тапия тал түс (С.Шүкіров).
Шалқар түс. "Келіп ек шалқар түсте үлкен суға, Жұбай айтты:
"жатпайық, тағы өтелік" ("Арқалық"). Талықсыған тал түс. Талықсыған
тал түсте өзім қашып барайын" ("Қыз Жібек").
39
Шамсиев П., Ибрагимов С. Новаий асарлари луғати. Тошкент, 1972, 777-б.
40Қазақ тілі тарихы мен диалектологиясының мәселелері. Алматы, 1960, 66-б. (Ш.Ш.Сарыбаевтың
материалы).
33
Түс қыңды. Күннің түстен ауған, қайтқан сәтін түс қынды,
41
түс
қиды дейді, "Ойлағандай, түс қия берген кезде көрші ауылдан қайтқан
қауыммен тағы бір хабар әкелді (М.Әуезов. "Абай жолы").
Әдетте, ертеде, шаруа адамына түске дейінгі шақ, сірә, тым ұзақ
болып көрінсе керек. "Күн түске дейін көк өгізге мінеді, түстен кейін
қара жорғаға мінеді. (Куфтин Б.А. Календарь...) дейді халық. Бұл – түстен
кейінгі уақыт тез өтеді дегені. "Күйеу келсе қыз тұрмас, бесін келсе күн
тұрмас" деген мақалдың да мазмұны осыны аңғартады.
Бесін. Түстен кейінгі күн қақ маңдайға келген шақ – бесін. Әрине,
бесін атауын сыртқы ұқсастығына қарап бес сөзіне қатысты деуге
болмайды. Бесінді "мешін", (маймыл) атауымен байланысты дейтін де
пікір бар. Бірақ бұл сөз түркі тілдеріне парсылардан ауысқан деуге болады.
Парсы тілінде пишин "түс мезгілі", намаз пишин "бесін намаз"
42
дегенді
білдіреді. Парсыша пеш "маңдай" деген сөз. Пешенесіне жазылған
дегендегі пешене - "маңдай". Бесін мезгіл - күн маңдайға келген шақ.
Халық тілінде бесін мезгілін екі шаққа бөліп атайтындығын
байқаймыз. Бірінші -ұлы бесін.
Жырларда кездесетін айнабесін осы "ұлы бесінмен"мағыналас деуге
болады. "Әлде өтірік, әлдерас, мен жоқ едім касында, Айна бесін болғанда,
батырың елге құлады ("Ер Қосай"), Екінші - кішібесін. Бесінге қатысты
тағы бір атау - қожа бесін. "Қожа бесін болғанда, Қобыландыдай батырым
бір төбеге барады" ("Қобыланды").
Екінді. "Екіндіде елге сүйкімді қонақ келеді"дейді қазақ мақалында.
Бесін ауып,күн батуға таянған шақ - екінді.
Солмай ма көктемдегі әдемі гүл,
Онбай ма бетке біткен әдемі тұр?
Еңкейіп екіндіге күн кұласа,
Көріксіз көрінбей ме дүние бір (Жамбыл).
Халық тілінде екінді мен жарыса қолданылатын сөздін бірі –
намаздыгер. Діни салт бойынша оқытылатын үшінші намаздың аты
есебінде колданылған бұл сөз де ертеректе мезгіл, шақты білдіретін атауға
айналған. Намаздыгер мезгілін Шу бойында дігер намаз шағында деп те
айтатындығын кездестіреміз.
Күн байығаннан (батқаннан) кейінгі мезгіл - іңір, ымырт; ақшам,
намазшам. "Іңірде жатқан ырыссыз калар" дейді халық мақалы. Іңір
мезгілінін өзі қызыл іңір (коңыр іңір) және іңір қараңғысы деп екі шакқа
бөлінетіндігі белгілі.
41Омарбеков С. Қазақтын ауызекі тіліндегі жергілікті ерекшеліктер. Алматы, 1965, 144-б.
42Миллер Б.В. Псрсидско-русский словарь. М., 1953, 102-б.
34
Намазшам. Намазшам діни салтта "төртінші намаздың" аты, Парсы
тілімде шам "кеш" деген мағынаны білдіреді. Бұл сөзді де шаруа адамы
байырғы кезде мезгілді білдіру мақсатымда қолданған. Намазшам
мезгілінде бие ағытып, екі айғыр желі басында жатып қалды" ("Қозы
Көрпеш-Баян сұлу"). Кеш мезгіліне қатысты, оның шақтарын нақтылай
түсетім ымырт жабылды; шам жамырады, сам батты, ақсам батты т.б.
тұрақты тіркестер бар.
"Ақ сам батпай түн шықпас, ажал жетпей жан шықпас" (Бұқар).
Түн баласы , күндіз баласы тәрізді бірнеше шаққа бөлінеді. Оларға
тоқталмас бұрын, алдымен түн сөзін монғол тілі дерегімен салыстыра
қарауға болады. Көне монғол тілінде сөни "түн", сөнебе "сөнді" деген
мағынаны білдіреді
43
. Қазіргі монғол тілінде шөне - "түн"
44
. Бұған
қарағанда, сөн, түн сөздерінің негізі бір тәрізді. Ал сөз басындағы [с,ш,т,]
сәйкестігі дыбыстардың кездейсоқ алмасуы емес. Түркі тілдерінде [с,ш,ч]
дыбыстарының [т]-ға алмасуының мынадай мысалы бар; ұйғырша,
татарша сычкан, "мышь", түрік, азербайжан, түрікменше сычан, қырғызша
чычқан, қазақша тышқан
45
.
Қас қарайып, көз байланған шақ; екі кештің арасында; ел орында
отырған мезет деген тіркестер де түннің басталар мезгіліне байланысты
айтылады. Мұндағы қас "жан", "маңай" дегенді білдіреді.
Құтпан мезгіл. Ел ұйқыға жатар шақ – кұптан мезгіл. Құттан
парсыша: 1) ұйықтау, жату, 2) бес уақыт намаздың ең соңғысы
46
. Құптан
намаз еліміздің Атырау аймағында жасиық намаз деп те айтылады.
Шақтың діни салттағы "бес парызға" байланысты атаулары байырғы
жырларда, эпостарда жиі қолданылған, "Намазшамнан өткенде, құптан
мезгіл жеткенде. Құлағына батырдың бір дауыс келіп шулайды"
("Қобыланды батыр").
Марқа туған. Тілімізде түн сипатына қарай айтылатын айдың
жарығында, айдың қараңғысында тәрізді атаулармен бірге бұрынырақта
андың көрінуіне байлйнысты
марқа туған
47
деген тіркестің
43Замахшари. Мукаддимад ал-адаб (Сөздіктегі монғол тілінің материалы 1492 жылға қатысты).
44Монгольско-русский словарь, М., 658-б.
45 Рясянен М. Материалы по исторнческой фонетике тюркских языков. М., 1955, 151-б.
46Оңдасынов Н. Парсыша-казакша түсіндірмс сөздік. Алматы, 1974, 118-б.
47Будагов Л., II, 196-б
35
қолданылғанын кездестіреміз. Айсыз қараңғы түнді тастай маң қараңғы
деп те атаған:
Ел ұйқыға жатқаннан кейін, шамамен екі сағат өткен кез түннің бір
ұйқысында делінсе, бұдан кейінгі екі сағат түннің екі ұйқысында
48
деп
айтылады. Түн жарымда, түн ортасы ауған кез, жеті түнде тәрізді
қолданыстар түннің осы айтылған мезгіліне қатысты деуге болады. Ал
таңға бір ұйқы қалғанда деген тіркес түннің ең соңғы бөлігін білдіреді.
Бұл шақтар әдетте Жетіқарақшы жұлдызының қозғалысына қарап
ажыратылады. Түн ұйқысын төрт бөлді деген фразеологизм түннің
осындай төрт бөлігіне орайлас айтылған деуге болады. Ал түннің таңға
ұласар шағы таң қараңғысы деп аталады.
Сонымен, біз тәулік ішіндегі шактардың (мезгілдердің) халық
тіліндегі атауларына негізінен, темпоралдық фразеологизмдерге, қысқаша
тоқталдық. Бұл, әрине, шақ атаулары жіпке тізгендей түгелденіп,
барлығының мағынасы мен мазмұны түгел сараланды деген сөз емес. Ел
іші қымбат қазына, өлі де болса іздестірер інжу сөздер көп. Оларды хатқа
түсіріп, әр түрлі деректермен салыстыра отырып, шақ атауларының,
темпоралдық лексика-фразеологияның шығу төркінін, мағыналық
қырларын, мәдениұлттық мазмұнын аша түсудің мәні айрықша.
* * *
Ғасырдан ғасырға ұласып, ұрпақтан ұрпаққа мирас болып, көне
заманнан келе жатса да байырғы бедерін жоғалтпай, сонылығын сақтаған
алуан айшықты, терең мазмұнды тұрақты сөз тіркестері ана тіліміздің
асыл қазынасы іспетті. Бейнелі сөз орамдары доп тигізіп айтар дәлдігімен,
ерекше көркемдігімен кімді де болса әрдайым баурап алады. Сөз
шеберлерінің тіл кестесінен бейнелі сөз тізбектерінің алуан үлгілерін
кездестіреміз де, "әрі қысқа, әрі нұсқа" ондай өрнектерді ара-тұра өздеріміз
де қолданып отырмыз. Бейнелі сөз орамдарының түп-төркініне үңіліп, неге
бұлай айтылатынына зер салу кұр ғана кызықтау емес. Мұндай ізденіс
тіркес мазмұнын терең түсініп, оларды орынды, дәл, дұрыс қолдануға
септігін тигізе түседі.
Айталық, тіліміздегі салы суға кетті қызғыштай қорыды,тайға
таңба басқандай, шашбауын көтерді, ерғашты болды т.б. тұрақты
тізбектер ұқсатып айтудан пайда болған, әр түрлі құбылыстардың бейнелі
тілдік таңбасы екені белгілі. Мұндай сөз орамдарының неге бұлай
айтылатыны алақандағыдай айқын, өзінен- өзі түсінікті де. Кей-кейде
48Будагов Л. 1, 446-б.
36
тұрақты сөз тізбектерінің мағынасын жыға танып, әсерін айрықша сезе
білгенімізбен, олардың түпкі төркіні көбімізге жұмбақ.
Әдетте әділ, турашыл адам жөнінде ерекше әсермен айтқымыз келсе,
қара қылды қақ жарған тәрізді бейнелі сөз тізбегінің бірін қолданамыз.
Сырт қарағанда тіркес құрамында түсініксіз сөз жоқ. Ал "неге бұлай
айтылған?" деген сұрақтың жауабын әркім әрқилы ұғындыруы мүмкін.
Бәлкім, кейбіріміз: "қылдың өзі көзге ілінер-ілінбес нәзік нәрсе, оны таспа
тілгендей егіп, қақ жарудың қиындығы ақ-қараны ажыратумен бірдей емес
пе?" – дей отырып, тіркестің түп-төркінін бейнелеп айтудан, немесе
ұқсатудан іздейді.
Бірақ, бұл тіркестің шығу төркінінде образды фон жатқан жоқ.
Фразеологизмнің бұлай айтылуына ерте кездегі ескі салт (этнографизм)
негіз болған. Баяғыда шешімі қиын даумен би алдына жүгініске барған
кісілер қылдан ескен жіп ала баратын. Егер дауласқан екі жақ та би
шешіміне тоқтаса, жіпті қақ ортасынан қидырады. Бұл – билік айтқан
адамның қара қылды, қақ жарған әділдігіне риза болғандықтарының
белгісі. Қазақ жерін көп аралап, халқымыздың бұрынғы өмірі жайлы
көптеген маңызды дерек қалдырған поляк революционері
А.Янушкевич(1803-1857) осындай уақиғаның куәсі болғандығын былай
деп баяндайды: Екі қазақ бірденеге таласып, әділ төрелігін естуге биге
келіп жүгінеді. Ол билік айтқан кезде дауласқандар жіптің екі басын ұстап
биге береді. Даудың шешілгендігінің белгісі ретінде ол жіпті екіге бөледі.
Бұл жолы Тынысбай "даудың қара қылын қақ жарғысы" келмеді. Ол кінәлі
адамның тағдырын "россиялық" жолмен шешуді өтінді".
49
Тіл – өміршындығы. Сол шындықты уақыт қалдырған қатарлардан
аршып ала білсек, шежіредегі сыр шертіп тұрады. Өмірде болған нәрсе
тілде де із тастамай кетпейді. Сондай іздің сорабын асыл мұраларымыздың
тілінен де кездестіреміз. Өлең сөздің байырғы шеберлерінің бірі Ығылман
Шөрековтің "Исатай-Махамбет" дастандағы:
Оларға келсе жүгініп, Залымға қаһар тігіліп. Көп ұзамай кесілген
Қара даудың шылбыры, – деген жолдар да"қара кылды қақ жару"
этнографизмін еске түсіреді. Билікке байланысты айтылатын би сөздерінің
бірі – айттым - бітті, кестім - үзілді. Осындағы "кестім-үзілді" деу де
әуелде дауласушы екі жақтың арасындағы жіпке (кылға ) орай айтылған.
Қазіргі кездегі мүлдем ұмытылған ескі наным-сенімге байланысты
пайда болған тұрақты сөз тіркестерінің де саны едәуір. Солардың бірі
-соқыр түйе.
Ертеректе Жетісу жерінде Ақжал деген бір атакты сәйгүлік болса
керек. "Ақжалды маған бер, мен оның орнына түйеден бір соқыр
49Яниикевич А. Күнделіктер мен хаттар. Алматы. 1979. 152-б.
37
айдатамын," – деген екен. Оның мәнін аңғармаған ат иесі "Қырық түйеге
бермеген Ақжалымды соқыр түйеге теңгермекпін бе?" деп кейіпті.
Осындай ел аузындағы салттық сөзі ұлы жазушы М.Әуезов
кейіпкердің тіл ерекшелігін аңғарту мақсатымен былай деп қолданады:
"...Кітаптың жолына саусағын қадап тұрып сипай қамшылағандай
ғып, ақырын көлгір ғана жүзбен кемпірге қарап: - Сіздің түйеңіздің саны
неше соқыр болған ет осы, бәйбіше?"-деп қойғанда, Несібелдінің өзі де
жарылып күліп жіберді("Білекке-білек"). Соқыр түйенің ертегі кейіпкері
ретінде де кездесетіні белгілі. Ал осы соқыр түйеде не сыр бар? Түйе –
төрт түліктің төресі" дейді халық. Түйесі жүзге жеткен мал иесі ырым етіп,
жүзінші түйенің бір көзін ағызып отырған.Түйең нешеу" деп сұраған
адамға тура санын айтпай "бір соқыр" немесе "екі соқыр" дейтін болған
50
.
Онысы – жүз, немесе екі жүз дегені.
Ертегіні еске түсірсек, өзге түлік баласынан "соқыр"
кездеспейді."Соқырдың" тек "түйеде" болуы әлгідей ескі наным-сенімге
байланысты сияқты.
Елу жылда - ел жаңа, жүз жылда- қазан. Сөз мерекесінде отырған
кәрі кұлақ қария осы сөз орамының астарлы "түйінін" былай ден таратқан
еді: "Елу жыл өткен соң туған еліңе барсаң, өзгерген өмірді байқар едің.
Қатар-құрбың сирексіп, балаң, тіпті, балаңның баласымен жасты жаңа
ұрпақты көрер едің. "Елу жылда ел жаңа" деген осы емес пе? Ал "жүз
жылда - қазан" дейтіні - ескі көзден кім қалды? Ескі орнын тауып, жаңа
ұрпақ салтанат кұрады".
Келелі ой, кең мазмұнды сөз орамдарының астарында халықтың
өмірден түйген терең мағыналы пайымдауы жатады. Кейде осындай
мазмұнды сөз орамдарының тым арзан қолданып жүрген жоқпыз ба деп,
көнілге күдік ұялайды. Әсіресе, газет-журнал, радио, телевизия хабарлары
тіліне назар аударсақ, көшеге асфальт төселсе де, шеберхана, салынса да,
елу жылда - ел жаңа...деп қолдана беретінін байқаймыз. Шаңырақ
көтерді де осы тәрізді. Кордақылау комплексі шаңырақ көтерді, жаңа
цех шаңырақ көтерді, деп талғаусыз жұмсағандықтан, бір кездегі нәрлі,
әсерлі сөз орамы "атқа жеңіл құдашаға" айналып барады. Дарқан,
майталмандармен келетін тұрақты тіркестер ше? Бұл – сөздің
құнсыздыққа ұшырауы. Ондай сөз терең мазмұндылығынан, нәрлілігінен,
сонылығынан, айрылып, қасаңдану тәрізді жағымсыз кұбылысқа айналды.
Тілдегі көне элементтер, есте жоқ ескі сөздердің, тұрақты сөз
орамдары мен қос сөз құрамында жиі ұшырайды. Сондықтан бұларды
салыстыра қарастырудың мәні ерекше.
Ана тіліміздің өздік құрамынан қос сөздердің айрықша орын
алатындығы белгілі. Күнделікті тіл қолданысымызда қос сөздерге назар
аударсақ, олардың мағынасы, аңғартар ұғымы кімге де болса белгілі.
50
Арғымбаев X.Қазактың мал шаруашылығы жайындағы этнографиялык очерк. Алматы, 1969, 77-б.
38
Мысалы,"тоқты-торым, ем-дом, телегей-теңіз, ығай-сығай (ығай мен
сығай), сәлем-сауқат, т.б. Мұндай қос сөздердің тоқты, ем, теңіз, сәлем,
тәрізді сыңарлары өзінен-өзі түсінікті; ал торым, дом, телегей, сауқат
тәрізділер көбіне сол "түсінікті" сыңардың жетегінде айтылады. Дербестігі
жоқ, жетекте жүретін ондай сыңарларды әр түрлі деректермен
сатыстырудың мәні айрықша. Өйткені, бір тілде көмескі тартып, ұмыт
бола бастаған қолданыс ертедегі тіл ескерткіштерінде, туыстас, көршілес
тілдердің бірінде көне күйін, байырғы қалпын сақтап калу ықтимал.
Мысалы, токты-торым дегендегі торым көне түркі ішінде -
"бота"
51
дегенді білдірсе, "ем-дом"сөзіндегі "дом"- ның мағынасы - моңғол
тілінде "арбаушылық", "сиқыршылық", "тәуіпшілік"
52
.
Телегей-теңіз дегендегі телегей көне моңғол тілінде-делекей - "әлем"
жер жүзі" деген мағынаны білдіреді. Қазіргі тіл қолданысымызда теңіз
сөзімен қосарлана айтылатын бұл сөз бір кезде дербес мағынада
жұмсалған. Әйгілі Сегізсері Баһрамұлы (1818-1894) айтты деген мынадай
өлең жолдары бар:
Сөйлесең сөз шығады лебізіңнен,
Телегей тең болмайды теңізбенен.
Қыста Арқа, жазда Сырдың бойын жайлап,
Өтіпті әсем жігіт Сегіз деген.
53
Мұндай қолданысқа қарағанда телегей сөзі байырғы кезде халық
тілінде "мұхит" деген ұғымды да білдіргендігін байқауға болады. Туыстас
түркі тілдерінің кейбірінде телегей "теңіз", "мұхит" мағынасында
жұмсалынады.
"Кілең мықты" деген мағынаны білдіретін ығай-сығай қос сөзінің
негізгі сыңары – сығай, ал ығай – оның дыбыстық өзгеріске
ұшырағандағысы. Жеке алғанда сығай сөзінің нендей мағынаны
білдіретіндігін бірден байқай қою қиын. Енді осы сөзді өзге бір сыбайлас
сөзбен салыстырсақ, сөзге сөз сәулесін түсіріп, көмескілік сейілткендей
болады. Сондай сөздердің бірін ұлы қаламгер М.Әуезовтің "Қараш-
қарашынан" кездестіреміз: "Соңғы кездегі қуғын әлденеше жақты болуға
айналды. Бір жағынан, оншақты кейінгі қолдарына мылтық, қару-
жарақшы сығайлап беріп, күндіз-түні тау-тастың барлығын кезгізуден
басқа, тау ішінде отырған елді де мұның соңына салмақшы болды.
Мұндағы сығайлап сөзі - қазіргі "сайла"-ның байырғы нұсқасы. Сығай
51Қазақ тілінің қысқаша этимологиялық сөздігі. Алматы, 1966, 187-б.
52Монгольско-руский словарь. М., 1957, 151-б
53Керейлер керуені. Өлгий, 1978, 74-б.
39
сөзінін ықшамдалған түрі – сай. Бұл сөздің қазіргі тіл қолданысымызда
"лайықты", "мықты", "келісті" деген мағынада жұмсалатындығын мынадай
тұрақты тізбектерден байқаймыз: төрт кұбыласы сай, сай күлік (сайгүлік),
бір түлікке бай болғанша, төрт түлікке сай бол, т.б.). Тілімізде түп
төркіні өзара салыстыру арқылы ашылатын бұдан басқа да бірталай қос
сөз сыңарлары бар.
Достарыңызбен бөлісу: |