Н. УӘЛИҰлы фразеология және тілдік норма Алматы 1 Н. У



жүктеу 5.01 Kb.

бет2/10
Дата17.01.2017
өлшемі5.01 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

ТҰРАҚТЫ СӨЗ ОРАМДАРЫНЫҢ МӘДЕНИ ҰЛТТЫҚ
МАЗМҰНЬІ
Халық   тілінде   байырғыдан   келе   жаткан   тұрақты   сөз
орамдарының   (мақал,   мәтел,   қанатты   сөздер,   фразеологиялық
тіркестер   т.б.)   сан   алуан   сыры   бар.   Олай   болатыны   халық   өзінің
өткен   дәуірлеріндегі   наным-сенімін,   түйсік-түсінігін,   ой-қиялын,
тыныс-тіршілігін аз сөздің аясына сыйдырып, әрі нәрлі, әрі әрлі етіп
ерекше   өрнектей   білген.   Көнелікті   ең   көп   сақтаған   «жаны   сірі»
сөздердің
 
небір
 
шоғырлары
 
алдымен
 
мақал-мәтел,
фразеологизмдердің   құрамында   шегенделіп   қалған   деуге   болады.
Әрине, сауда күсет болсын!  деген тұрақты тіркестің мағынасы жалпы
алғанда түсінікті, әйтеуір бір тілекпен айтылған сөз екенін аңғаруға
болады.   Бірақ   осындағы  күсет  жеке   алғанда   қандай   мағыналы   сөз
екендігі   мүлде   белгісіз.   Мұндай   шешуі   қиын   "жұмбақтар"   әсіресе,
сан атауларымен келген тұрақты сөз орамдарында өте көп кездеседі.
Бұлай болуы бір жағынан заңды да, өйткені байырғы кездерде халық
әр   алуан   құбылысқа   нәзік   бақылау   жасай   келіп,   олардың   ортақ
қасиеттері,   сипаттарын   санмен   түйіп,   санамалай   айтып   отырған.
Бірақ   уақыт   өте   келе   сол   сандар   көмескі   тарта   бастады.   Мысалы,
жеті амал, бес конақ, үш арсыз, жеті жұт тәрізді тіркестердегі жеті,
бес, үш  сөздері сандық мәннен айрылып, жұмбаққа айналып барады.
Олардың   түп   төркіні   нені   білдіретінін   екінің   бірі   таратып   бере
алмайды.   Сөз   де   сырсандық   тәрізді.   Сәті   түсіп,   кілті   табылғандай
болса, көп нәрсені баян етіп, халықтың өткендегі ой-қиялы, тыныс-
тіршілігі,   дүниетанымы   туралы   сыр   шертіп   тұрады.   Олай   болса,
ендігі сөз жұмбақ жетілер туралы.
Жеті қат көк, тоғыз қат көк  тіркесін қазіргі қолданысымызда
"шырқау биік, шексіз аспан" деп түсінеміз. Бұл жерде  жеті - сандық
мәнінен   айрылған   сөз.  Жеті   қат   көк   –  байырғы   шығыс
астрономдарының   кеңінен   қолданған   термині.   Мұндағы  жеті  саны
"жеті   планетаға"   сәйкес   келеді:  Ай,   Меркурий,   Шолпан,   Күн,   Қызыл
жұлдыз (Марс), Мүштәри (Юпитер), Сатурн.  Осы жеті жарық шығыс
11

астрономиясында  жеті   қат   (қабат)   көк  деп   аталады.   Бұл   -   ІV-V
ғасырдағы Сирия-грек ойшылы Диносийдің космологиялық түсінігіне
байланысты жүйесі. Ортағасырлық дәстүрлі түсінік бойынша әлемнің
кіндігі   –   жер,   одан   кейін  жеті   қат   көк,  ал   бұдан   әргі   тоғызыншы
қабат - ғарыш деп аталса керек.
Дүние   жаратылысы   туралы   бұл   модельді   Жүсіп   Баласағұн,
Әлішер Науаи тәрізді шығыс авторлары өз шығармаларында сөз ету
дәстүрін   берік   ұстанған.   Қазақтың   ескіше   оқыған   ақын-жыраулары
кейде осы дәстүр бойынша өз жырларында жеті қат көк, жеті ғалам,
тоғыз қат көк деген сөз орамын қолданып отырған:
Жеті ғалам астында
Дауысың кетті алысқа
Өзіңнен өрнек жайылды.
Жақынға туған қалысқа (ХVІІІ-ХІХ ғ. қазақ ақындары).
Қазақтың   байырғы   жырларында   кездесетін  ғарыш  сөзі   әуелде
"көктің тоғызыншы қаты" деген мағынаны білдірген:
Патшасысың кұдая,
Он сегіз мың ғаламның
Ғарыш пенен Күрсінің
Лауық пенен Қаламның
Жаратқан алла жар болып,
Бақытын ашқыл баламның ("Қыз Жібек").
Бұл   жырдағы   күрсінің   мағынасы   –   «мінбер»,   «тақ»,
«тоғызыншы   аспан»   ал   лауық   сөзі   «жазу   тақтасы»,   немесе
«тағдырдың жазуы жазылатын тақта» деген діни нанымды аңғартады.
Байырғы   жыр   мұраларда   күрсімен   қосарлана   арсы   сөзі   де
колданылған:
Арсы менен Күрсіні айт,
Лаухы менен Кәлемді айт
Құдіретімен жаратқан
Он сегіз мың ғаламды айт (Бұқар).
Мұндағы арсы «ғарыш» сөзінің дыбыстық варианты. 
Жеті   ғалам,   жеті   дүние,   жеті   жұрт  «Жеті   жұрттың   тілін   біл,
жеті   түрлі   білім   біл»   дейді   қазақ   мақалында.   Жеті   ғалам   (дүние,
жұрт) қазіргі тілімізде "дүние жүзі", "бүкіл әлем" дегенді білдіреді.
Мұндағы   жетіде   сандық   мән   жоқ.   Байырғы   кезде   бұл   термин
халықтың   әлем   туралы   өте   ерте   кездегі   мифологиялық   түсінігін
бейнелеген.   Бұл   түсінік   бойынша   жеті   саны   негізгі   жеті   бағытты
білдірген.   Олар   –   дүниенің   төрт   бұрышы:   күншығысы,   күнбатыс,
түстік, терістік; аспан - жоғарғы ғалам, жер - орта ғалам, жер асты -
төменгі ғалам. «Жер бетінде тұратын адамдар белбеуін беліне ораса,
жер   астында   тұратындар   аяғына,   ал   көктегілер   мойнына   орайды
12

екен»
5
  дейтін   аңыз   немесе   «Ер   Төстік»   ертегісінде   Төстіктің   жер
асты патшалығына сапар шегуі тәрізді ғажайып сюжеттер халықтың
байырғы   дәуіріндегі   жеті   ғалам   (жұрт)   туралы   мифологиялык
танымына   байланысты   туған   деуге   болады.   Кемпірқосақ  жайында
ертегі   де   осы   тәрізді.   «Көк  жүзінде   мыстан   кемпір  тұрады  екен.
Жаңбырдан   кейін   ол   қызыл,  жасыл   қойларын   қосақтап  сауады   екен"
дейді ертегіде
6
.
Жеті   ғалам  туралы   түсінік   көптеген   халыққа   ортақ.   Дүние
жаратылысы жөніндегі мифологиялық бұл модель «шаман ағашы» «өмір
ағашы» деп  те аталады
3
. Қазақтарда «өмір ағашы»дегенге  бәйтерек сөзі
сәйкес   келеді.   «Бәйтеректе»   символикалық  мән   бар,   «Алтын  сақа»
ертегісінде жалмауыздан қашқан балаға бәйтерек пана болады. Байырғы
кездегі   қазақтың   жоқтау,   естірту  өлеңдерінде  асқар   тауым   құлады,
бәйтерегім сұлады, терек түптен жығылды деген образды тізбектер жиі
кездеседі.
Сондай-ақ қазақ тілінде «өте алыс» мағынасында  айтылатын  жер
ортасы   -   көктөбе  деген   фразеологизм   бар.   «Енді  мені   айттырған
күйеуім алмайды, жер ортасы - көктөбеде, ұлытып тастайтын кісің мен
емес. Мені сен аласын деген екен»(М.Әуезов. "Абай жолы"). Ерте кездегі
аңыздарда   алып   бәйтерек   жер  ортасы   -   көктөбеде  ("Жер   кіндігінде")
болады дейді. Түркі  тілдерінде көк  сөзінің «түбір», «тамыр», «түп тегі»
деген  мағыналары   бар.  Аңызда   Қорқыт   ата   жер   ортасын   іздейді
(Ә.Марғұлан).
"Қозы Көрпеш - Баян сұлу" жырынан:
Мекен іздеп, жігіттер, кел кетелі,
Ортасында Көктөбе белгі етелі.
Азаматтар, ерінбей тыңдасаңыз,
Қозы-Көрпеш - Баянды тербетелі.
деген   жолдарды   оқимыз.   Халқымыздың   жыр   мұраларында  жер
ортасы - жекен деп те айтылады.
Жігіттер кісіге сөз кеп етелі,
Жер ортасы - жекенді сөз етелі.
Жақсының аруағы қалмай ма екен,
Қозы Көрпеш - Баянды тербетелі.("Қозы Көрпеш – Баянсұлу").
5
Валиханов Ч.Ч. Собрание сочинений. Т.І, Алма-Ата, 1961, 180-б.
3
Бесеонова С.С. Религиозное представлени скифов. Киев, 1983.
6
Куфтин Б.А.. Календарь и первобытная астрономия киргиз-казахского народа// 
Этнографическое обозрение 1916. 3-4,М., 1918.
13

Жекен - қамыстың бір түрі Көктөбенің орнына бұл жерде жекеннің
айтылуының өзіндік мәні бар тәрізді. Бұл қазақтың«жандыда балық үлкен,
жансызда   қамыс   үлкен»  дейтін   байырғы   кездегі   түсінігіне   байланысты
айтылса керек.
Сонымен, тілімізде кездесетін жеті ғалам, жер ортасы - көктөбе,
жер ортасы - жекен; бәйтерек (шоқ терек)  тәрізділер жай ғана айтыла
салған сөз емес. Мұндай ерекше сөздер, ескі аңыз, әңгіме желістері дүние
жаратылысы туралы халықтың көне замандағы наным, түсінігінен дерек
береді.
Жеті   ғашық.  Халық   аузында,   оның   өлең-жырлары   мен   ертегі
эпостарында   ежелден   айтылып   келе   жатқан  жеті   ғашық  сөзінің   түп-
төркіні   шығыс   елдеріне   аңыз,   дастан   болып   көп   тараған   ғашықтық
хикаяларымен   сабақтас.   Бұл   фразеологизм   қазақ   ақындарының   шығыс
әдебиетімен ежелден келе жатқан үрдісі үзілмеген байланысын аңғартатын
тілдік дерек. Өзге де шығыс шайырлары тәрізді қазақтың ақындары жеті
ғашықтың   бірін   жырға   қосып,   дастан   жазған.   Оларды   тыңдаушылары
жаттап,   кейде   жазып   алып,   елден-елге   таратып   отырған.   Қазақтың
жыршылары мен ақындарының шығармаларында кездесетін жеті ғашыққа
мыналар   жатады:  а)Ләйлі-Мәжнүн,   Жүсіп-Зылиқа,   Фархад-Шырын,
Таһир-Зуһра, Арзу-Қамбар, Уәлик-Ғәрра, Уәки-Күлшаһ, ә)Ләйлі-Мәжнүн,
Жүсіп-Зылиқа,   Фархид-Шырын,   Бәһрам-Күләнда,   Сейпіл-Мәлік-Бәдігүл-
Жамал, Бозжігіт- Ануаз кей нұсқаларда Қарашаш, Зияда-Хорлы («Зияда-
Хорлы, Ғайын»).Қазақ жыршылары кейде Қозы Көрпеш - Баян сұлуды да
жеті ғашықтың бірі деп есептейді:
Ақ сарайда жазған хатты көрді.
Қозыке мен Баянның атын көрді.
Жаратқан жеті ғашықтың бірі екен деп 
Құдайдан тілейік деп кеңес қылды ("Қозы Көрпеш - Баян Сұлу").
Әйгілі шығыстанушы В.В.Радлов жинаған қазақтың ауыз әдебиеті
мұраларында:
Қайтқан бір келген жыл құсы
 Келіннің шайпау тілдісі.
Злиқа, Зәуре екі қыз.
Апаңның салған үлгісі, - деп келетін өлең жолдары ғашық болып, жар
сүю Зылиқа, Зуһра салған жол дегенге меңзейді.  Жеті ғашықтың  халық
ұғымында бірін-бірі қайталамайтындай өзді-өзіне тән сипаты бар. Жүсіп-
Зылиқа ғашықтардың асқан төзімділігін көрсетсе, Қозы мен Баянның бір-
біріне ғашықтығы – балдай татулықтың белгісі. Ал Фархадтың Шырынға
деген   махаббаты   оған   айрықша   күш   бітіріп,   жігер   отын   жағады.   Ол
Керманшах пен Хамаданның арасындағы Бихустун тауын тесіп, Шырынға
баратын жол салады. Ежелгі парсы аңызында "Бихустун тауын қопарған -
ғашықтық,  ал  даңқы  Фархадқа  қалды"  деген  қанатты  сөз  бар.  Тағы  бір
14

аңызда   I   Дарий   патша   жайындағы   Бихустун   жартысындағы   жазу   мен
Фархад.
Аңыз   бойынша   Ләйлі   асқан   сұлу   болмаса   керек.   Бидай   өңді,
арықша   келген   қарапайым   ғана   қыз   екен.   «Ләйліге   Мәжнүннің
көзімен қарау керек» деген қанатты сөз де осы орайда айтылған. Бұл
сөз   қазақтың  «Сұлу   -   сұлу   емес,   сүйген   –   сұлу»  дейтін   мақалымен
мазмұндас.  «Екі жасты косқанның сауабы бар, екі жасты айырғанның
обалы бар» дейді халық мақалы. Халық ұғымында Арзу мен Қамбар -
бір-бірімен қосылмай, арманда өткен ғашықтар.
Айырсаң екі бала арманда өтер
Бұрынғы Арзу менен Қамбарға ұқсап,
дейді "Таһир-Зуһра" дастанында. 
Жеті мүше.
Ажары кіріп желікті
Күннен күнге тыңайып
Жүдеген әйел серікті.
Жеті мүше бәрі де 
Жазылып тәні ерітпі (Құбығұл).
Бұл   тіркестегі   жеті   саны,   әрине,   дерексіз   ұғымда   емес.  Төрт
мүше  (екі   аяқ,   екі   қол),  алпыс екі тамыр  (алпыс   екі   мүшеге   тараған
тамыр)   деп,   ағзаларды   санмен   топтастыра   айту   халық   тіліндегі
дәстүрлі   құбылыс.   Бір   назар   аударатын   нәрсе,  жеті   мүше  атауы
«Құтадғу   білік»   (XII   ғасыр)   тәрізді   түркі   халықтарының   байырғы
әдебиетінде де кездеседі. Бұл – қазақ тіліндегі жеті мүше  атауының
із-соқпағының әріде жатқандығын көрсетеді. Шығыс шайырларының
шығармаларындағы  жеті   мүшені  санамалаудың   мынадай   екі
нұсқасын көрсетіп жүр:
а) бас, екі қол, екі аяқ, кеуде, іш; ә) бас, екі қол, екі аяқ, және
дененің төрт жағы: кеуде жақ, арқа жақ, оң және сол бүйір. Біздіңше,
бұл дұрыс емес. Казақ тіліндегі жеті мүше он екі мүшенің бір нұсқасы.
Ол былайша таратылады: 1. Бас, 2. Омыртқа,3. Жамбас, 4. Жауырын,
5. Тоқпақ жілік, 6. Асық жілік, 7. Қара жілік.
Жеті   жұт.  Бұл   тіркестегі  жеті  де   жұмбақ   санға   айналып   бара
жатқан   сөз.  «Жұт   жеті   ағайынды   содырмен   сегіз,   салақпен   тоғыз,
олақпен он»  деп   мақалдай   отырып,   қария   кісілер   «ағайынды   жетіге»
мыналарлы   жатқызады:   жұт,   қуаншылық,  індет  (көлденең   кесел),
зілзала,   сел,   өрт,   соғыс.   Сөз   себепсіз   айтылмайды.   Халықтың
байырғы   кезде   бұларды   «ағайынды   жеті»деп  атауы   тегін   болмаса
керек. «Елге ел қосылса – құт, селге жел қосылса жұт» дейді мақалда.
Ақ қар, көк мұз  жұтының  аяғы да кауіпті, тасқын болып сел жүреді.
Оны  қайталаманың   ақ   бораны  дейді.  Ақ   қар,   көк   мұздың   жұты   (ақ
жұт )  тәрізді   тігерге   тұяқсақалтай,   тазқара   тәрізді   тазалықшы
(санитар)   құстар   жұтқа   ұшыраған   малдың   өлексесінен   даланы
15

«арылтып»үлгере   алмаса   керек.   Кейбір   жылнамаларда   келтірілген
дерекке қарағанда, біздің жыл санауымызға дейінгі 68-жылы болған
жұтта хундар 60% малынан айрылған. Мұның салдарынан халықтың
тең   жартысы   қырылған   (Знание-Сила",   1978,   М.).   Жұттан   титықтап
шыққан   жұртқа   соғысқұмар   көршілерінің   көз   алдартар   кезі   де   осы
тұс.   Қар   мүлде   аз   түсіп,   қатқақ   болатын  қара   жұттың  аяғы
кұрғақшылыққа   айналып,   өрт   жиі   шығады.   Ы.Алтынсарин   «Жұт
туралы»   жазбасында   қар   түспеген   жұттан   кейін   Торғай   өлкесіндс
куаңшылық болып,өрттің көп шыққанын айтқан
7
.
Жеті   амал.  "Жеті   амал   жаман   өткен   жоқ,   қыс,   сірә,   жайлы
болар"  дейді.   Жеті   амал   атауын   байырғы   кезде,   көбіне   есепшілер
(халық   астрономдары)   қолданған.   Олар   табиғаттың   саналуан
құбылыстарын,   жіті   көзбен   бақылай   отырып,   ауа   райы   туралы   ұзақ
мерзімді болжаулар айта білген. Ы.Алтынсариннің келтірген дерегіне
қарағанда,   есепшілер   жұттың   болатынын   алдын-ала   біліп,   елді
сақтандырған (Ы.Алтынсарын. «Жұт туралы»). Ондай болжалдардың
шаруа адамына тигізер көмегі аз  болмаған. Қыстың қатты не жұмсақ
болатындығын, көктем мен жаздың қалай өтетіндігін, жауын-шашын
мөлшерін шаруа адамы есепшілерден сұрап-біліп отырған. Ерте кезде
есепшілер  жеті   амалға  табиғаттың   мынадай   құбылыстарын
жатқызады:  Күннің   тоқырауы,   қарашаның   қайтуы,   Үркердін   батуы,
мұздың   қатуы,   киіктің   матауы,   айдың   тоғамы,   тоқсанның   кіруі
8
.Бұл
тәрізді  жеті   амалды  білдіретін   тұрақты   тіркестердің   мағыналарын
екінің   бірі   жыға   тани   бермейді   деуге   болады.   Сондықтан   бұлардың
әрқайсысын қысқаша баяндай кету артық емес.
Күннің тоқырауы - күннің қысқаруының аяқталуы (қысқы
тоқырау), күннің ұзаруының аяқталуы (жазғы тоқырау).
Қарашаныңқайтуы  -  қараша  айының  аяқталып,желтоқсанның
кіруі.
Үркерлің   батуы   -Үркердің   түсуі.   Үркер   батқанда   күн   ашық
болса,Үркер  жерге  батты,   жаңбырлы   болса  Үркер суға батты  дейді
9
.
Есепшілердің айтуынша, "Үркер төмен туса, қыс жайлы болады, Үркер
жоғары туса, қыс қатты болады".
Мұздың   қатуы  -   немесе  мұздың   қаймақшуы,   қарашаның   қары
(қараша-кауыстың қары)  деп аталады. Ұлбике қыз бен Күдері қожаның
айтысында:
7Алтынсарин.Ы. Шығармалар. ІІт., 1976, 95-96-бб.
8
9
16

Ақ тайлаққа жүк арттым қатар-қатар,
Шудасы шөгіп жатса, шаңға батар,
Қауыста қарашамен каймақшиды, 
Жеті тоқсан айында дария қатар
деп  жеті амалдың  бірін өлең жолдарына қосады. Мұндағы  жеті
тоқсан (тоқсан қазіргіше бір ай) - жедді (жеді) тоқсан. Бұл сөз дыбыстық
жағынан қайта жаңғыртылып, халықтық этимология бойынша желтоқсан
түрінде айтылып жүр.
Киіктің матауы– киіктің үйірге түсуі немесе теке бұрқылдақ деп те
аталады.
Тоқсанның кіруі  – немесе үш тоқсанның түсуі, басқаша айтқанда
қыстың түсуі.
Айдың тоқамы –Үркер мен Айдың тоғысуы, тұстас келуі. 
Жеті   қазына.  Бұл   –   халықтың   байырғы   кездегі   тұрмыс-салтынан
дерек   беретін   сөз   тіркесі.   Алайда  «ит   -   жеті   қазынаның   бірі»
(І.Кеңесбаев.   Қазақ   тілінің   фразеологиялық   сөздігі.)  тәрізді   жеке  -   дара
айтылған сөз орайында болмаса, мұндағы жеті санына қандай зат, мүлік-
бұйымдардың жататынын тұтастай санамалап айтуды қазіргі сөздіктерден
кездестіре   алмадық.   Дегенмен   ел   ішінде   айтылатын   қария   сөзге   құлақ
салсақ, «жеті қазынаның бірі - төрт түлік, қазан мен қарамылтық» деп
отырады. Бұлардың ішінен төрт түлікті (олардың мифтік иесі - Ойсылқара,
Қамбарата, Зеңгібаба, Шопаната мен Шекшеката) тірі қазына деп ерекше
бөліп айтқан. «Үйдегі бөлек болатын ұлы дүниеден басқа далада жүрген
тірі қазына - аяқты малдың өзінің де қанша бұйырары, қаншасы қолында
қалары белгісіз»(М.Әуезов. "Қилы заман"). Қазан  мен  кара мылтықтың
«қасиетті жетінің» қатарында айтылуы тегін емес. Қазанның кұлағын қағу;
қара қазан, сары бала; қазан төңкертпеу  тәрізді сөз орамдары жайдан-
жай айтылмаған.  Қазақтың  ертегі  жырларында алтын  қазан іздеу салты
бар:
Сөз тыңда, құлақ салып, балам, маған,
Астында дарияның алтын қазам,
Әкелсең сол қазанды ерлік қылып,
Беремін Күнсұлуды қосып саған ("Құламерген").
Академик   Ә.Марғұлан   бұл   сюжетке   ерекше   назар   аударып,   онда
терең мазмұн жатқанын тамаша дәлелдеген: "Құламерген" жырында теңіз
астынан   қазан   іздеу   –   тайпалар   демократиясының   бірлігін   сипаттайды.
Қазан   –   шаңырақ   сияқты,бүтіндіктің   белгісі.   Ол   кұрыса,   ел   де   құриды.
Оның үстіне қазанды қастерлеу ерте кездегі темірге табынудың бір түрі.
Тәуке  ханның   аңызында   жолығатын   «қара   қазан»   «қара   мылтық»  алу   -
жаудан кек кайтару белгісінің ескі түрі. Тәукенің жарғысы бойынша бұрын
жауласқанда «шаңырақ», «қазан» сындырып кек алудың орнына енді оны
17

сындырмай,   жәбір   көрген   жаққа   сол   нәрселердің  өзін  беріп   тыныштық
жасайды».
Қазан мен ошақ - қатар айтылатын егіз, сыңар сөздер.Ошағыңның
оты өшпесін деген сөз орамы - осы күнге дейін жиі айтылатын жылы тілек
сөздің   бірі.   Ертеде   ұзатылған   қыздың   жасауына   қоса  «ошақтың   үш
бұтына»  деп бүркіт, қаршыға, үкі сыйлайтын ғұрып ошақты қадір тұту
салтын аңғартады.
«Жеті қазынаның бірі - ұста дүкені, ал ұстаның желеп-жебеушісі –
Дәуіт»,   –   дейді   қария   кісілер.   Мұндай   түсінік   байырғы   жырларда   да
айтылған:
Жағасы - алтын, жеңі - жез
Бадана көзді ақ сауыт
Беркітін соққан ер Дәуіт ("Қобланды"). 
Ұста дүкеніне кірген кісі келген шаруасын айтпас бұрын:  "Көрігің
желді болсын, көлігің жемді болсын" деп амандасады. Қара мылтық та,
қара  қазан  да,  өзге  де  аса  қажетті  бұйымдар  ұста   дүкенінде  жасалады.
«Балта   басқан   байымас,   бақан   аттаған   жарымас»  тәрізді   мақал-
мәтелдер   ұста   дүкенінде   соғылған   бұйымдарды   халықтың   қадірлеп
ұстағанын көрсетеді. Сондай-ақ қария адамдар диірмен мен сыпыраны да
"қасиетті жетінің" қатарына жатқызып, "диірменнің иесі - Диқан баба",
"диірмен   өзі   тас   болса   да,   жұртқа   жейтін   ас   болады",   "сыпыраны
аттама,   сыпыраны   теріс   бүктеме"  деген   тәрбие   сөз   айтып   отырады.
Диірменді   парафраза   түрінде  тас   шешей  деп   те   атайды.   Ондай   сөз
орамының   кейбірін   көркем   шығармалардың  тіл  кестесінен   де
кездестіреміз:
Тіршілік екен тиірмен,..........
Тас шешей сол болды (І.Жансүгіров).
«Қарап   тұрып   ойға   қалдым.   Атам   неліктен   осы   диірменге   қолы
жеткенше асықты?» «Диірмен - жеті-қазынаның бірі деп отырады үнемі.
Оны киелі деп ұғады» (Ә.Бөриев «Мейір гүлдеген жерде»).
Сонымен қария сөздер жеті қазынаға «иесі бар» төрт түлік, ит, қара
мылтық, қазан, ұста дүкені, диірмен мен сыпыраны жатқызады. «Иесі бар
жетінің» құрамында ит сөзі де тегін айтылмаса керек. Осы орайда «иттің
иесі болса. Бөрінің тәңірісі бар»  деген мақалды да еске алуға болатын
тәрізді. Мұндағы "ие" мифтік мазмұндағы сөз болуы ықтимал.
Жеті қазынаның  ел аузында айтылып жүрген тағы бір нұсқасы
мынадай:  жүйрік ат, каққыш тазы, алғыр қыран, түзу мылтық, қара
кақпан, алмас кездік, қыл тұзақ (немесе жылым, ау).
Ел   ішінен   (аңшылар   тілінде)   қақпанды   тура   атамай,  шалжима
(Маңғыстау өңірінде), қанды ауыз деп, мылтықты тура атамай жетім
шора,   дөңасар  деп   айтатындығын   кездестіруге   болады.   Мұндай
атаулар   байырғы   кезде   «заттың     тура   атын   бүркемелеу»   ырымына
18

байланысты   болуы   ықтимал.   Ертеде   батырларға  мылтығыңның
сыбағасы, қылышыңның сыбағасы, өзіңнің сыбағаң  деп, арнайы сыбаға
беретін салт та болған.
Жоғарыда   жеті   сөзімен   қолданылатын   квантитативті   тұрақты
сөз   тіркестері   әңгіме   болды.   Байырғы   әдеби   мұралар   тілінен   ауыз
әдебиеті   нұсқалары   тілінен   төрт,   бес,   тоғыз,   он   екі   сандарымен
келетін атауларды және олармен байланысты айтылатын тұрақты сөз
орамдарының   алуан   түрін   ұшыратамыз.   Бұл   топтағы   сөздердің
білдіретін   мағынасы,   қамтитын   ұғымы   қазіргі   тіл   қолданысымызда
көмескі   тартып,   «жұмбаққа»   айналып   барады.   Ендігі   әңгіме   сол
сандар жөнінде.
Он екі мүше: «Дүниеде бір ағаш бар түбі жуан, Он екі ұл, алпыс
екі   қыз   бір   күн   туған»,   дейді   халық   жұмбағы.   Мұндағы   «12»   ұл-он
екі   мүше»   «62»   қыз-алпыс   екі   тамыр   (алпыс   екі   мүшеге   тараған
тамыр»), «ағаш»-адам.
Төрт  мүше  (екі   аяқ,   екі   қол,)   жеті   мүше   тәрізді   он   екі   мүше
адамның   дене   бітіміне   байланысты   айтылады.   Әлі   күнге   дейін
қариялар   алыстан   келген   ер-азаматтармен  "Он   екі   мүшең   аман   ба?
Төрт мүшең түгел оралдың ба?"- деп амандасып жатады.
Он екі саны қандай мүшелерді білдіретіндігі қазіргі кезде ұмыт
бола   бастады.   Ал   ел   ішіндегі   қария   кісілердің   он   екі   мүшені
санамалап айтуының бір нұсқасы мына тәрізді:  бас (1), омыртқа (1),
жамбас (2), жауырын (2), тоқпақ жілік (2), асық жілік (2), кәрі жілік (2).
Он екіде бір нұсқасы жоқ; он екіде бір гүлі ашылмаған тәрізді сөз
орамдары   әуелден   он   екі   мүшеге   қатысты   айтылған.   Бастапқыда
бұлар  он   екі   мүшеде   бір   нұсқасы   жоқ;   он   екі   мүшеде   бір   гүлі
ашылмаған   тәрізді   толық   күйде   қолданыла   келіп,   «мүше»   сөзін
түсіріп   айтуға   байланысты   ықшамдалған.   Мысалы,   «сексен   жасқа
толды»   дегенді   «сексенге   толды»   деп   жинақы   түрде   қолданыла
береміз.   Олай   деуімізге   дәлел:   сандық   ұғымды   білдіретін   сөздер
өзімен қатар келетін кейбір есімдердің қызметін өзіне қаратып алуға
бейім   болады.   Қызметсіз   қалған   ондай   сөзтіркестің   құрамынан
шығып   қалуға  икем  тұрады.  Мысалы:  сексен жасқа толды - сексенге
толды; жүз жыл жасады - жүз жасады.
Он екі де  бір нұсқасы жоқ  (түгел емес, дайын емес, ұқсамайды
деген   бейнелі   сөз   орамының   да   кілтін   осылай   ашуға   болады.
Мұндағы он екі де мүше ұғымы, басқашалау айтқанда, «он екі мүшеде
бірде-бірі   келісіп,   сайма-сай   болып   тұрған   жоқ»   деген   тұспалды
аңғартады.  Он екі де бір нұсқасы жоқ  деген тіркес  әуелде тек адамға
қатысты айтылса, қолданыла келе бұл фразаның өрісі кеңейіп, өзге де
зат, кұбылысқа ортақ жұмсала беретіні байқалады.  «Күліп отыр, әзіл
етіп   отыр-ау»   деуге   тіпті   он   екіде   бір   нұсқасы   ұқсамайды.   Жүзіңде
күлкінің нысанасы да жоқ (М.Әуезов. «Үш күн»).
19

Тоғыз   беру  қазақтың   байырғы   тұрмыс-салтына   байланысты
қалыптасқан   сөз   тіркесі.   Әуелде  тоғыз   беру  тіркесі   тоғыз   затқа
қатысты   пайда   болғаны   еш   күмән   туғызбайды.   Әсіресе   бұрынғы
жыр-өлеңдерде,   ертегі,   аңыз-әңгімелерден   тоғыз   беру   салтының   әр
қилы   жағдайларын   кездестіріп   отырамыз.   Тіпті   қазақтың   байырғы
салт-дәстүрінде   тоғыздың   «араласпайтын»   жері   жоқ   тәрізді.   Бірақ
тоғыз берудің өз жолы өз жүйесі бар.
Тоғыз  кадірлі   қонаққа,   сыйлы   кісіге   сый-құрмет   жолымен
беріледі.
Апалар, мұны ешкім көрмес пайда,
Ойланбай іс қылсақ осындайда.
Бір тоғыз сәлемдеме бердіңіз-ақ
Келген адам сый-сияпат жолы қайда? ("Қозы Көрпеш-Баян Сұлу").
Тоғыз жол-жоралғы жөнімен беріледі. Соның бірі мысалы мына
тәрізді:  "Бастығы   Сүйіндік,   Байсалдар   болып:   "Азаға   салғаным",
"қосқаным","аруағына арнағаным" деп шеттерінен қос ат, інген, жамбы,
тай тұяқ, қой тұяқ сияқты бұйымдар атасты. Сөйтіп, кеңес аяғында
підиясының өзі талай тоғыз болып саналады (М.Әуезов).
Сондай-ақ,   үйлену   салтында  тоғыз   беру  жоралғысы   болған.
Алайда   тоғызды   кез   келген   тұста   емес,   күйеу   бұрын   барған   кезде
"құрмаласқан   құда   болдық"   деп  атайды.  Тоғыз   берудің  тағы   бір   жол
қызды   жігіт   құдалық   жолмен   емес,   алып   қашқан   жағдайда     жағы
айып-ажын ретінде үш тоғыздың бірін атайтын болған.
Тоғыз   айып-ажыға   беріледі   (құн   төлеу,   әр   түрлі   айып
төлеу).Тоғыз бас бәйгеге тігіледі (ат жарыс, балуан күрес, сүре айтыс
т. б.).
Тоғыз берудің  байырғы  шарты   бойынша  "тоғыздың"  құрамында
тоғыз түрлі зат болуы қажет. Осымен байланысты "тоғыз" үш топқа
бөлінеді.
Бас   тоғыз.  Түйе   бастаған   тоғыз   түйе,  құлынды  бие,   қос   ат;
жамбы,   жағалы   киім,   тұтас   құндыз,   қылыш   т.  б.  Бас тоғызды  кейде
қасқа тоғыз деп атайды (С.Мұқанов).
Орта тоғыз. Бие бастаған тоғыз мал және әр түрлі бұйымдар.
Аяқ тоғыз.  Бұзаулы сиыр бастаған тоғыз тайынша, қозылы қой
және басқа бұйымдар.
Әр тоғыз өз ішінде екі топқа бөлінеді: Жанды тоғыз немесе тірі
тоғыз  (түйе,   бие,   бұзаулы   сиыр,   қозылы   қой   т.  б.)   "жансыз"   тоғыз
немесе   "өлі"   тоғыз   (жамбы,   кілем,   ішік,   т,   б.)  Тоғыз   берудің  салты
бойынша   "жанды"   тоғыз   төртеу  болса,   "жансызы"   бесеу  болу   шарт.
Тоғыздың   ішінде  бас   жақсы  дегені   болады.  Бас   жақсысына  қарап,
әдетте  түйе   бастаған   тоғыз,   жамбы   бастаған   тоғыз,   бие   бастаған
тоғыз деп отырады, яғни қандай тоғыз аталғанын әрі арай сұрамай-ақ
бас жақсыға  қарап ажыратады. Тоғыздың толымды түрін  беру, әрине,
20

бай  мен бағыланның  ісі. Тіпті  олар  дүбірлі  той өткізіп,  бас  бәйгеге
тігілер  тоғыздың бас жақсысына  жасау жиһазымен киіз үй жасайтын
болған. Киіз үйдің бұл түрі өлі отау деп аталады.
Тігіпті бас бәйгеге елу бие,
Өлі отау, бір бас тоғыз, тоғыз түйе,
Жабулы қара нарға қалы кілем,
Аты озған болды бір зор олжаға ие (Нұрқан Ахметбекұлы).
Л.Будагов сөздігінде тоғыздың құрамына бір немесе екі "жетім",
"жесір"   (бұл   сөз   бұрын   "құл",   "күң"   дегенді   білдірген)   атайтынын
айта келіп, кедейлердің беретін тоғызы әлдеқайда жұпыны екендігін
көрсетеді
10
.
Сондай-ақ,   тоғыздың   құрамына   енетін   "жанды"   мен   "жансыз"
үйлесімді болу жағы да ескеріледі. Мысалы, бұзаулы сиыр бастаған
жанды   тоғызға   жансыздан  қалы   кілем  немесе  алмас   қылыш  атау
үйлесімсіз.   Қара   нарға   жансыздан  калы   кілем,   құлынды   биеге
жансыздан  тұтас құндыз жарасады  дейді.  Ауыз   әдебиетіннен   өзіміз
көп естіп жүрген қалы кілем, қара нар фразеологизмді осындай салтқа
байланысты айтылса керек.
Үйлену тойы, шілдекүзет, т. б. той-томалақтарда ауылдың алты
ауызы   айтылып,   меймандар   өз   кезегінде   қонақ   кәдесін   жасайды.
Осындайда   ойын-сауықтың   ажары-қайым   айтысқа   да   кезек   келеді.
Жеңгесі   қайын   сіңлісін,   апасы   сіңлісін   ілестіріп,   не   дос   құрбы-
қыздар   жұптасып   алып   қонақ   әріптестерімен   айтысады.   Жеңілген
жақ "тоғыз тартуым" деп торғын орамалдың шетіне күміс жүзік (не
күміс   теңге)   түйіп   жеңгендерге   сый-құрмет   көрсетеді.   Бұл   тарту-
тоғыздың  нақ   өзі   болмаса   да,   кәдесі.  "Орамал   тонға   жарамайды,
жолға жарайды" деген сөз орамы осындай орайда қалыптасса керек.

1   2   3   4   5   6   7   8   9   10


©emirsaba.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал