Н. УӘЛИҰлы фразеология және тілдік норма Алматы 1 Н. У



Pdf көрінісі
бет10/70
Дата10.02.2023
өлшемі0,6 Mb.
#66801
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   70
Жеті амал. «Жеті амал жаман өткен жоқ, қыс, сірә, жайлы
болар» дейді. Жеті амал атауын байырғы кезде, көбіне есепшілер (халық
астрономдары) қолданған. Олар табиғаттың сан алуан құбылыстарын
жіті көзбен бақылай отырып, ауа райы туралы ұзақ мерзімді болжаулар
айта білген. Ы.Алтынсариннің келтірген дерегіне қарағанда, есепшілер
жұттың болатынын алдын-ала біліп, елді сақтандырған (Ы.Алтынсарын.
«Жұт туралы»). Ондай болжамдардың шаруа адамына тигізер көмегі аз
болмаған. Қыстың қатты не жұмсақ болатындығын, көктем мен жаздың
қалай өтетіндігін, жауын-шашын мөлшерін шаруа адамы есепшілерден
сұрап-біліп отырған. Ерте кезде есепшілер жеті амалға табиғаттың
мынадай құбылыстарын жатқызады: Күннің тоқырауы, қарашаның
9
Алтынсарин.Ы. Шығармалар. ІІт., 1976, 95-96-бб.
18


қайтуы, Үркердін батуы, мұздың қатуы, киіктің матауы, айдың
тоғамы, тоқсанның кіруі
10
. Бұл тәрізді жеті амалды білдіретін тұрақты
тіркестердің мағыналарын екінің бірі жыға тани бермейді деуге болады.
Сондықтан бұлардың әрқайсысын қысқаша баяндай кету артық емес.
Күннің тоқырауы - күннің қысқаруының аяқталуы (қысқы
тоқырау), күннің ұзаруының аяқталуы (жазғы тоқырау).
Қарашаның қайтуы - қараша айының аяқталып,желтоқсанның
кіруі.
Үркердің батуы - Үркердің түсуі. Үркер батқанда күн ашық
болса,Үркер жерге батты, жаңбырлы болса Үркер суға батты дейді
11
.
Есепшілердің айтуынша, «Үркер төмен туса, қыс жайлы болады, Үркер
жоғары туса, қыс қатты болады».
Мұздың қатуы немесе мұздың қаймақшуы, қарашаның қары
(қараша-қауыстың қары) деп аталады. Ұлбике қыз бен Күдері қожаның
айтысында:
Ақ тайлаққа жүк арттым қатар-қатар,
Шудасы шөгіп жатса, шаңға батар,
Қауыста қарашамен каймақшиды, 
Жеті тоқсан айында дария қатар, – деп жеті амалдың бірін өлең
жолдарына қосады. Мұндағы жеті тоқсан (тоқсан қазіргіше бір ай) -
жедді (жеді) тоқсан. Бұл сөз дыбыстық жағынан қайта жаңғыртылып,
халықтық этимология бойынша желтоқсан түрінде айтылып жүр.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   70




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет