Н. УӘЛИҰлы фразеология және тілдік норма Алматы 1 Н. У


Жеті мүше. Ажары кіріп желікті Күннен күнге тыңайып Жүдеген әйел серікті. Жеті мүше



Pdf көрінісі
бет9/70
Дата10.02.2023
өлшемі0,6 Mb.
#66801
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   70
Жеті мүше.
Ажары кіріп желікті
Күннен күнге тыңайып
Жүдеген әйел серікті.
Жеті мүше бәрі де 
Жазылып тәні ерітпі (Құбығұл).
Бұл тіркестегі жеті саны, әрине, дерексіз ұғымда емес. Төрт мүше
(екі аяқ, екі қол), алпыс екі тамыр (алпыс екі мүшеге тараған тамыр)
деп, ағзаларды санмен топтастыра айту халық тіліндегі дәстүрлі
құбылыс. Бір назар аударатын нәрсе, жеті мүше атауы «Құтадғу білік»
(XII ғасыр) тәрізді түркі халықтарының байырғы әдебиетінде де
кездеседі. Бұл – қазақ тіліндегі жеті мүше атауының із-соқпағының
әріде жатқандығын көрсетеді. Шығыс шайырларының
шығармаларындағы жеті мүшені санамалаудың мынадай екі нұсқасы
көрсетіліп жүр:
а) бас, екі қол, екі аяқ, кеуде, іш; ә) бас, екі қол, екі аяқ және дененің
төрт жағы: кеуде жақ, арқа жақ, оң және сол бүйір. Біздіңше, бұл дұрыс
емес. Қазақ тіліндегі жеті мүше он екі мүшенің бір нұсқасы. Ол
былайша таратылады: 1. Бас, 2. Омыртқа, 3. Жамбас, 4. Жауырын, 5.
Тоқпақ (тоқпан) жілік, 6. Асық (асықты) жілік, 7. Қара жілік.
17


Жеті жұт. Бұл тіркестегі жеті де жұмбақ санға айналып бара
жатқан сөз. «Жұт жеті ағайынды содырмен сегіз, салақпен тоғыз,
олақпен он» деп мақалдай отырып, қария кісілер «ағайынды жетіге»
мыналарлы жатқызады: жұт, қуаңшылық, індет (көлденең кесел),
зілзала, сел, өрт, соғыс. Сөз себепсіз айтылмайды. Халықтың байырғы
кезде бұларды «ағайынды жеті» деп атауы тегін болмаса керек. «Елге ел
қосылса – құт, селге жел қосылса жұт» дейді мақалда. Ақ қар, көк
мұз жұтының аяғы да қауіпті, тасқын болып сел жүреді. Оны
қайталаманың ақ бораны дейді. Ақ қар, көк мұздың жұты (ақ жұт )
тәрізді тігерге тұяқ қалдырмай, ел ішін күйзелтіп, шығындатып кететін
табиғи апаттың арты індетке де айналуы ықтимал. Кезқұйрық, құзғын,
сақалтай, тазқара тәрізді тазалықшы (санитар) құстар жұтқа ұшыраған
малдың өлексесінен даланы «арылтып» үлгере алмаса керек. Кейбір
жылнамаларда келтірілген дерекке қарағанда, біздін жыл санауымызға
дейінгі 68-жылы болған жұтта хундар 60% малынан айрылған. Мұның
салдарынан халықтың тең жартысы қырылған (Знание-Сила, 1978, М.).
Жұттан титықтап шыққан жұртқа соғысқұмар көршілерінін көз алдартар
кезі де осы тұс. Қар мүлде аз түсіп, қатқақ болатын қара жұттың аяғы
құрғақшылыққа айналып, өрт жиі шығады. Ы.Алтынсарин «Жұт
туралы» жазбасында қар түспеген жұттан кейін Торғай өлкесіндс
куаңшылық болып,өрттің көп шыққанын айтқан
9
.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   70




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет