Н. УӘЛИҰлы фразеология және тілдік норма Алматы 1 Н. У


Жеті ғалам, жеті дүние, жеті жұрт



Pdf көрінісі
бет7/70
Дата10.02.2023
өлшемі0,6 Mb.
#66801
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   70
Жеті ғалам, жеті дүние, жеті жұрт «Жеті жұрттың тілін біл, жеті
түрлі білім біл» дейді қазақ мақалында. Жеті ғалам (дүние, жұрт) қазіргі
тілімізде «дүние жүзі», «бүкіл әлем» дегенді білдіреді. Мұндағы жетіде
сандық мән жоқ. Байырғы кезде бұл термин халықтың әлем туралы өте
ерте кездегі мифологиялық түсінігін бейнелеген. Бұл түсінік бойынша
жеті саны негізгі жеті бағытты білдірген. Олар – дүниенің төрт бұрышы:
күншығысы, күнбатыс, түстік, терістік; аспан - жоғарғы ғалам, жер -
орта ғалам, жер асты - төменгі ғалам. «Жер бетінде тұратын адамдар
белбеуін беліне ораса, жер астында тұратындар аяғына, ал көктегілер
мойнына орайды екен»
7
дейтін аңыз немесе «Ер Төстік» ертегісінде
7
Валиханов Ч.Ч. Собрание сочинений. Т.І, Алма-Ата, 1961, 180-б.
3
Бессонова С.С. Религиозное представлени скифов. Киев, 1983.
14


Төстіктің жер асты патшалығына сапар шегуі тәрізді ғажайып сюжеттер
халықтың байырғы дәуіріндегі жеті ғалам (жұрт) туралы мифологиялық
танымына байланысты туған деуге болады. Кемпірқосақ жайында ертегі
де осы тәрізді. «Көк жүзінде мыстан кемпір тұрады екен. Жаңбырдан
кейін ол қызыл, жасыл қойларын қосақтап сауады екен» дейді ертегіде
8
.
Жеті ғалам туралы түсінік көптеген халыққа ортақ. Дүние
жаратылысы жөніндегі мифологиялық бұл модель «шаман ағашы» «өмір
ағашы» деп те аталады
3
. Қазақтарда «өмір ағашы» дегенге бәйтерек сөзі
сәйкес келеді. «Бәйтеректе» символикалық мән бар, «Алтын сақа»
ертегісінде жалмауыздан қашқан балаға бәйтерек пана болады. Байырғы
кездегі қазақтың жоқтау, естірту өлеңдерінде асқар тауым құлады,
бәйтерегім сұлады, терек түптен жығылды деген образды тізбектер
жиі кездеседі.
Сондай-ақ қазақ тілінде «өте алыс» мағынасында айтылатын жер
ортасы - көктөбе деген фразеологизм бар. «Енді мені айттырған
күйеуім алмайды, жер ортасы - көктөбеде, ұлытып тастайтын кісің
мен емес. Мені сен аласың деген екен» (М.Әуезов. «Абай жолы»). Ерте
кездегі аңыздарда алып бәйтерек жер ортасы - көктөбеде («Жер
кіндігінде») болады дейді. Түркі тілдерінде көк сөзінің «түбір»,
«тамыр», «түп тегі» деген мағыналары бар. Аңызда Қорқыт ата жер
ортасын іздейді (Ә.Марғұлан).
«Қозы Көрпеш - Баян сұлу» жырынан:
Мекен іздеп, жігіттер, кел кетелі,
Ортасында Көктөбе белгі етелі.
Азаматтар, ерінбей тыңдасаңыз,
Қозы-Көрпеш - Баянды тербетелі.
деген жолдарды оқимыз. Халқымыздың жыр мұраларында жер
ортасы - жекен деп те айтылады.
Жігіттер кісіге сөз кеп етелі,
Жер ортасы - жекенді сөз етелі.
Жақсының аруағы қалмай ма екен,
Қозы Көрпеш - Баянды тербетелі.(«Көрпеш – Баян сұлу»).
Жекен - қамыстың бір түрі Көктөбенің орнына бұл жерде жекеннің
айтылуының өзіндік мәні бар тәрізді. Бұл қазақтың«жандыда балық
8
Куфтин Б.А.. Календарь и первобытная астрономия киргиз-казахского народа// 
Этнографическое обозрение 1916. 3-4,М., 1918.
15


үлкен, жансызда қамыс үлкен» дейтін байырғы кездегі түсінігіне
байланысты айтылса керек.
Сонымен, тілімізде кездесетін жеті ғалам, жер ортасы - көктөбе,
жер ортасы - жекен; бәйтерек (шоқ терек) тәрізділер жай ғана айтыла
салған сөз емес. Мұндай ерекше сөздер, ескі аңыз, әңгіме желістері
дүние жаратылысы туралы халықтың көне замандағы наным, түсінігінен
дерек береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   70




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет