Н. УӘЛИҰлы фразеология және тілдік норма Алматы 1 Н. У



Pdf көрінісі
бет3/70
Дата10.02.2023
өлшемі0,6 Mb.
#66801
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   70
кежегесі кейін тартты; көсегесі көгерген; апы кіріп, күпі шықты;
алтынмен аптап, күміспен күптеп т.б. Фразеологизмдер өздерінің
мағына тұтастығы жағынан жеке сөздердің төлеуі (эквиваленті) бола
аларлықтай дәрежеде. Мұндай типтегі фразеологизмдердің ішкі
формасы (фоны, мотивациясы) тасаланған, яғни қазіргі тұрғыдан
алғанда тіркестің «неге бұлай айтылатындығы» сөйлеушіге белгісіз.
Фразеологизмдердің ішкі формасының тасалануы көп жағдайда олардың
7


лексикалық құрамында архаизмдерге айналған сөздердің
(морфемалардың) жүруіне де байланысты. Құрамында бірде-бір архаизм
кездеспейтін, бірақ фоны тасаланған фразеологизмдер де көп ұшырайды.
Мысалы, балапан басына, тұрымтай тұсына; он екі мүше, он екіде бір
гүлі ашылмаған; қара қылды қақ жарған, төрт көзі түгел т.б. Бұл
типтес фразеологизмдердің құрамында бірде-бір көне элемент
кездеспегенімен, уәждемесі (мотивациясы) қазіргі тіл тұтынушыға
мүлде белгісіз. Ішкі формасы тасаланған, мағына тұтастығы жағынан
жеке сөздердің төлеуі бола алатын фразеологизмдердің семантикалық
типі фразеологиялық түйдек деп аталады.
Фразеологизмдердің қазіргі қазақ тілінде аса мол кездесетін әрі жиі
қолданылатын ерекше өнімді типі бар. Бұл топтағы фразеологизмдердің
ішкі формасы (фоны, мотиві) анық, басқаша айтқанда «неге бұлай
айтылатындығы» айқын болып тұрады. Фразеологизмдердің бұл типі
көбіне метафора, теңеу т.б. фигуралар негізінде жасалады: санын соқты
«өкінді», қол ұшын берді «көмектесті» көзді ашып-жұмғанша «жылдам,
тез»,
соқырға таяқ ұстатқандай 
«анық».
Бұл тәрізді
фразеологизмдердің ішкі формасы айқын. Шындық өмірдегі іс-әрекеттің
қайталамасы тәрізді. Сондай-ақ бұл топқа жататын бірсыпыра
фразеологизмнің ішкі формасының ақиқат өмірде аналогиясы (фоны)
болмауы ықтимал. Мысалы, қой аузынан шөп алмас «жуас», қырық
қазанның құлағын тістеген «қыдырымпаз», жұмыртқадан жүн
қырыққан «сараң» тәрізді фразеологизмдердің ақиқат өмірде аналогиясы
жоқ (қойдың аузындағы шөпті ешкім барып жұлып алмайды, қазанның
құлағын ешкім тістемейді, жұмыртқада жүн болмайды т.б.). Бірақ бұл
фразеологизмдер метафора арқылы жасалған. Ішкі формасы сақталған,
метафораға құрылған, мағына тұтастығы жағынан жеке сөздердің
эквиваленті бола алатындай тұрақты сөз тіркестерінің семантикалық
типі фразеологиялық шоғыр деп аталады.
Кейбір фразеологизмдердің құрамындағы сыңарлардың бірі
тіркестегі сөзге телімелі болса, енді бірі өзге сөздермен еркін
байланысқа түсе береді. Мысалы: асқар тау, шалқар көл, сүмбіл шаш,
сәске түс, ит көйлек, бесін ауа, ақ таңдақ, ала көлеңке, ала құйын,
күдері жал, күдері бел, көктеп тігу, тірнектеп жинау, күрмеп байлау,
үш салар текемет, бір қайнатым шай, қозы көш жер, бие сауым
уақыт, тас қараңғы, жеті түн т.б. Мұндай фразеологизмдердің
8


идиомалану дәрежесі жарым-жартылай ғана деуге болады. Өйткені бұл
топтағы тіркестің тиянақ болатын сыңарлары (тау, бел, көл, шаш т.б.)
өзге сөздермен еркін байланысқа түсе береді. Мысалы: қыпша бел -
жіңішіке бел, нәзік бел; асқар тау - биік тау, үлкен тау т.б. Тұрақты
тіркес сыңарларының өзара байланысы тең дәрежеде емес, сыңаржақ
сипатта болады, өйткені қыпша, асқар, үш салар деген сыңарлар тек бел,
тау, текемет тәрізді тірек сөздермен, үйреншікті сөздермен тұрақты
байланысқа түседі. Тұрақты тіркестің жарым-жартылай идиомаланған
түрін немесе мағына тұтастығы жағынан жеке сөздерге эквивалент бола
алмайтын типі фразеологиялық тіркестер
3
 деп аталады.
Тұрақты сөз тіркестерінің фразеологиялық түйдек, фразеологиялық
шоғыр, фразеологиялық тіркес деп аталатын семантикалық түрлерінен
басқа фразеологиялық тізбек
4
деп аталатын ерекше типі бар.
Фразеологиялық тізбектердің де семантикалық құрылымы мен
лексикалық құрамы әрі тұрақты, әрі тиянақты (дайын) болып келеді. Бұл
жағынан фразеологиялық тізбектің өзге семантикалық типтерден –
3
Сырт қарағанда, ақ жаулық («әйел» деген мағынада) фразеологиялық тіркеске өте ұқсас.
Бірақ бұл тәрізді тіркестер фразеологиялық шоғырға жатады. Өйткені, біріншіден, «ак» және
«жаулық» сыңары өзге сөздермен еркін байланысқа түсе береді (ақ орамал, ақ көйлек, қызыл
жаулық, жаулық орамал т.б.), екіншіден, екі сыңары семантикалық бір тұтас мағынаны
білдіреді, басқаша айтқанда, жеке сөздің (әйел) эквиваленті болып жұмсалады, үшіншіден,
тіркестің тірек сыңары болмайды. Фразеологиялық тіркестің өзгелерден тағы бір ерекшелігі
- олардың синонимдерінде тірек сыңар үнемі қайталанып отырады: қыпша бел - жіңішке


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   70




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет