Н. УӘЛИҰлы фразеология және тілдік норма Алматы 1 Н. У



Pdf көрінісі
бет15/66
Дата28.04.2023
өлшемі0,61 Mb.
#87939
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   66
Байланысты:
Н. У ЛИ лы фразеология ж не тілдік норма Алматы 1 Н. У (1)

Бұрынғы өткен заманда
Болған екен көп ұрыс. 
Көп ұрыстың кезінде
Жәбірейіл жәннеттен
12Оңдасынов Н. Арабша-казақша түсіндірме сөздік. Алматы, 1994, 185-б.
13Кеңесбаев I. Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі, 53-б.
23


Алып келген төрт қылыш.
Төрт қылыштың атын атайын:
Біреуінің аты- Хәмхам
Біреуінің аты-Сәмсам
Біреуінің аты- Зұлқажа
Біреуінің аты-Зұлпықар
Қынабына солардың
Қап та болған бұл ағаш! (Қашаған Қүржіманұлы). 
Байырғы өлең-жырларда кездесетін көмескі сөздердің мағынасын әр
түрлі ескілікті аңыз, әпсаналарда айтылатын деректермен салыстыра
отырып анықтауға болады. Кейбір сөздіктердің көрсетуінше "Зұлпықар-
Мұхаметтің Бадра шайқасында жаудан тартып алған кылышы, ол кейіннен
Әліге мирас болған"
14
Бұл сілтемеге қарағанда қазақ тіліндегі "аса таңдаулы
қылыш" мағынасында айтылатын берікәлі атауы осы дерекпен сабақтас
болуы ықтимал: 
Дүниенің білдім жалғанын, 
Көтердім басқа салғанын. 
Сол болды жалғыз арманым.
Берікәліні шалмадым (Досжан Сексенбайұлы). 
Мұндағы берікәлі сөзінің берік және әлі сөздерінен бірігуінен
жасалғандығын байқауға болады. Сонымен, берікелі - "Әлгіге мирас
болған зұлпықардың" (бұл сөздің дыбыстық өзгеріске ұшыраған-зұлперін)
баламасы. Осындай фольклорлық тәсілдерді I. Жансүгіровтің образды сөз
өрнегінен ұшыратамыз:
Шалғыны шыңғырлатып жанып-жанып,
Жоңқабай жоңышқаға қалды салып
Әлінің кеуір қырған зүлперіндей,
Үйіріп қырып-жойып кетті жарып.
Аспақаны қылыш тіркесі-қылыштың жасалған жеріне байланысты
қойылған атау. 1889 жылы шыққан қазақ мақалдары жинағында "Қатын
алсаң қызылбастан ал, Қылыш алсаң Аспақаннан ал, ат алсаң
Арабстаннан ал" деген мақал бар. Жинақты құрастырушы қызылбасты-
"парсы",Аспақанды- "Дағыстан" деп көрсеткен (144-бет). "Елдің атын ер
шығарады" дегендей ұста, мініскерлерімен даңқы шыққан шаһарларды,
ел-жұртты білдіретін байырғы сөз орамдарының аңғартар сыры аз емес.
Эпостық жырларда садақтың бұқаржа (бұқар жақ//жай) мен саржа
(сар жақ//жай) деп аталатын түрі аса жиі кездеседі. Кезінде Бұқара
қолөнер шеберлерімен даңқы шыққан шаһарлардың бірі болған. Садақтың
бұқаржа 
аталуы осы шаһармен байланысты екендігі күмән
14Арабско-русский словарь. М., 1985, 604-б.
24


тудырмайды.Ал башқұрт садағын қазақтар көбіне саржа деп атағандығын
Л.Будаговтың сөздігінен (427-бет) кездестіреміз.
Байырғы қару-құралдарға (бес қаруға) қатысты кейбір көне атаулар
қазіргі оқырманға мүлде түсініксіз. Мұндай "күңгірт" тұстар тексті
оқырманның жете ұғынуына біршама қиындық келтіреді.
Көлторғай адыра қалғыр, көрген жерім, 
Бұлағай ойран, әлек салған жерім. 
Көк найза, қара санай атылса да,
Қайтармай қайтқаным жоқ аттың терін. 
(Шәңгерей Бөкей-ұлы).
Осындағы санай (қара санай) – садақтың қазақ тіліндегі тағы бір
атауы. Бұлай дейтініміз Л. Будагов тобыл татарларында кездесетін санай
сөзін "садақ" деп көрсеткен (169-бет) Садақтың, саржаның, бұқаржаның,
санайдың жебесіне катысты қозы жауырын көктеме оқ ("Шынтасұлы
Төрехан"), қармаулы қабыл жебе ("Қыз Жібек"), "Қарға жүнді қасалақ оқ
("Козы Көрпеш") "Қарға жүнді қамыс оқ", "Күшіген жүнді қамыс оқ",
"Тазқараның тайлақ жүнімен жүндеген оқ", тәрізді тұрақты сөз тіркестері
ауызша мұралар тілінде өте мол. Осылардың қатарында тоқал оқ тәрізді
атаулар да кездеседі. Тоқал оқ – қорамсақтағы жебені сындыру үшін
қолданылатын оқ. Бұл сөзді "Ер Тарғын" жырының Радлов нұсқасынан
кездестіреміз. Ауыз әдебиеті мұраларының айтар сыры көп. Садақ
жебелерін "қатарлап кетпен қойып сынап көру" дәстүрлі әр түрлі
әпсаналарда, жырларда жиі кездеседі. Мұндай этнографиялық деректердің
кейбір үлгілері мына тәрізді. "Төстік садақ тартып үйренді. Тартқан
садағын тоғыз қабат кетпеннен өткізеді" ("Ер Төстік").
Қатарлап он кетпенді оқ салалық,
Қатарлап он кетпенді алып кепті,
Өңшең батыр сауықшыл бәрі епті.
Біссіміллә деп Ер Қозы тартып еді,
Он кетпеннен қол оғын безеупетті. ("Қозы Көрпеш").
Тап осылайша жебе сынау тәсілі қазақтар арасынан К.Чермак жазып
алған "Қызыл Кеніш" атты аңызда да бар. "Бақташы бала садағына салып
атқан жебесі қатар кетпен шотты тесіп етеді"  
15
.  Жалпы халықтық
тілде мылтықтың түр-түріне байланысты айтылатын әр түрлі көне атаулар
бар. Ондай көне сөздердің аса құнарлы мал тобын байырғы ақын-
жырауларымыздын жыр кестесінен жиі кездестіреміз; 
Он екі кұрсау жезайыр, 
Қара мылтық жұмсағаң. (Ер Шобан). 
15Г.Н.Потаниннің 70 жасқа толу құрметіне арналған жинак СПб., 909, 212-218 б.
25


Жырдағы жезайыр – "ұзындығы бір сажын, түйемен алып жүретін
пушка"
16
. Ал қара мылтық деген тіркес білтелі мылтықтың бір түрі болса
керек. Қырғыз тілінде қара мылтық"пистонсыз атылатын мылтық"
17
.
М.Әуезовтей көркем сөз зергерінің тіл өрнегінен ел ішінде
айтылатын сөз қазынасының не бір сирек үлгілерін ұшыратамыз.
Солардың бірі үрімді мылтық. Жазушы үрімді мылтық сөзін мынадай
контексте қолданады. "Керейден Бегеш деген кісі Абайға елші боп кеп:
Ерге жара түйін деген. Үрімді мылтық өзі атып, өзі түзеледі. Біз Керей,
Найман елміз, қасындамыз. Ағайыныңа не қыл дейсің?" – дейді
(М.Әуезов). Осындағы "үрімді мылтық өзі атып, өзі түзеледі" деген
фразеологизмге ңазар аударсақ, үрімді мылтық - "үрімі, яғни Рум
(Византия) мылтығы дегенді аңғартатын тәрізді.
Әдеби мұралар тілінде кездесетін үш тосарлы қанды ауыз
(І.Жансүгіров), кер мылтық дегендер мылтықтың сирағына (аяғына)
байланысты айтылса, құндағының көлеміне қарай әукелі құндақ ақ перен
(Нұрхан Ахметбекұлы) деп те қолданылған. Ал мылтықтың қысқалауы -
ақшолақ (Н.Ахметбекұлы), ұзындауы - ақ сырық мылтық ("Қыз Жібек"),
шаңғыл (винтовка), самқал  
18
.  Оғы алысқа ұшатындары қозыкөш (Шоқан
Уәлиханов) деп аталған. Алысқа ататын мылтықтың тағы бір атауы -
қорама мылтық
19
.
Желп-желп еткен ала ту
Жиырып алар күн қайда?
Орама мылтық тарс ұрып,
Жауға аттанар күн қайда?
Осындағы орама мылтық жоғарыда аталған қорама мылтықтың
нұсқасы болуы ықтимал. Бес қаруға жататын айбалта, найза, сүңгі,
шоқпардың (келтек, сота) түр-түріне қатысты айтылатын алмас құрыш
айбалта, тарақ балта("Қамбар"), толғамалы ала балта, жалманы қарыс
балта, алты кұлаш ақ найза, қималы найза (Махамбет), Қобылан соққан
ақ найза (Сүгір Мырзалыұлы) тәрізді тұрақты тіркестер мен атаулар эпос,
жырлардың сөз байлығы. Бұлар ақын, жазушыларымыздың сөз
16Будагов Л., 436-б.
17Юдахин К К. Киргизско-русский словарь. М., 1965, 346-б.
18Будагов Л., 661, 692-б.
19Байжанов Т. Қазақ тіліңдегі әскери лексика. Кандидаттык диссертациянын авторефераты. Алматы,
1973,5-б.
26


байлығығының сарқылмас қайнар көзіне айналған. Мысалы, төсжара
қайың шоқпар, сегіз қырлап жонған қайың шоқпар дегендерді
М.Әуезовтің тіл кестесінен кездестіріп отырамыз.
Алты құлаш ақ найзамен қатар айтылатын қарудың бірі - ақ сүңгі:
Алты қырлы ақ сүңгі
Оң колына алғанда
Қындағы алтын айбалта,
Аш беліне шалғанда 
(В.В.Радлов)
Ақ сүңгі – найзадан бөлек, сабына шыжым байлаған, бастан асыра
шыр айналдыра лақтыратын қару. Осы қарудың сипайы Нұрхан
Ахметбекұлының дастандарында тайға таңба басқандай айқын
баяндалады: 
Ағаш сапты ақ сүңгі
Өзек құлаш шыжыммен
Шырлатып жауға лақтырған.
Байырғы ақын, жыраулардың сөз өрнегінде әлі де танылмай жатқан,
ашылмай жатқан құпиялар бар. Доспанбет жырауда:
Сақетер тиді саныма
Сақсырым толды қаныма 
Жара бір қатты, жан тәтті, 
Жара аузына қан қатты, - деген жолдар бар.
Сақетердің қандай қару атауы екені қазіргі оқырманға күңгірт.
Профессор С.Аманжоловтың көрсетуінше сақетер-қылыштың бір түрі 
20
.
Бұл сөзді қырғыз тіліндегі шалк етме "шынжыр, тәрізді ескілікті
қарудың түрі" дегенмен де салыстыруға болатын тәрізді. Ал сақсырдың
қандай мағынадағы сөз екенін ноғай тілінің дерегімен салыстыра отырып
анықтауға болады. Ноғай тілінде сақсыр "қой терісінен (жүнін ішіне
қарата)" жасалған шалбар
21
.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет