фразеологиялық тіркесті
қызыл майдан деп өзгертеді:
Қызыл майдан бұл
ауылдың үстіне енді ғана жақындап келе жатқан кез (Ғ.Мүсірепов.
"Ананың арашасы"). Фразеологиялық тіркестің сыңарын бұлайша өзгертіп
алуы оқырманға әлдеқандай сұсты бір оқиғаның хабаршысындай көрінеді.
Жалпытілдік қолданыста
таңдай қақты, бас шайқады, аузын ашты
деген синонимдес фразеологиялық шоғырлардың мағыналары бір-біріне
өте жақын, "бір нәрсеге таңданды, қайран қалды" деген мағынаны
білдіреді. Жазушы кей контексте фразеологизмдердің сининимдес
түрлерін тіпті бір сөйлемнің шенінде топтап, жарыстыра жұмсайды.
Бұлардың көбін Әзімқан төре жүз-жүзге бөліп, талай-талай руларын
атап берді. Сопы тыңдауыны тобықтың бай-билері енді мүлде тайдай
қағып, бас шайқасып, ауыз ашып қалған. Олардың көбінің атын тағы да
Ораубай түйе сөйледі (М.Әуезов."Абай жолы"). Сырт қарағанда, үш
бірдей мәндес фразеологизмді бір сөйлемнің шенінде қатарластыра
жұмсау көпсөзділік тәрізді көрінуі мүмкін. Шындығында, үңіле қараған
оқырманға олай емес, синонимдес фразеологизмдерді жарыстыра
жұмсауда өзгеше мән жатқаны байкалады: "Таң қалды, қайран болды"
деген мағына олардың бәріне ортақ болғанмен, фразеологизмнің ішкі
формасына тән іс-әрекет, қимыл әр басқа тындаушылардың біреулері
басын шайқаса, екінші біреуі аузын ашып, енді бірі таңдайын қаққан іс
әрекетін оқырман көз алдына жеке-жеке елестеткендей болады.
Синонимдес фразеологизмдерді жазушының жарыстыра қолдануының
міне, осындай өзіндік көркем шешімі бар.
Мұхтар Әуезов шығармаларында тұрақты сөз тіркестерінің сан-
алуан түрлері бар дедік. Әсіресе сөз орамдары нұсқаларының молдығы,
алуан түрлі синонимдік қатарының көптігі бірден назар аударады. Әрине,
тұрақты орамдардың нұсқалары әлі түбегейлі зерттеле қойған жоқ.
Сондықтан да зерттеушілердің бұл мәселеде пікір арнасы әр түрлі.
Дегенмен бір алуан нұсқалардың тіл жұмсау дағдысында стильдік,
семантикалық реңк алып, синонимдес қолданыстың қорабасын молайтып
отырары сөзсіз. Сондықтан тұрақты тіркестің әр түрлі нұсқаларын
молынан қолданудың жақсақтығы жоқ. Бір айта кететін нәрсе, тұрақты
орамдардың нұсқалық сыңарлары жеке тұрғанда да өзара синонимдес бір
қатар түзсе, енді бір алуаны мағына жағынан мүлде алшақ сөздерге
жатады. Жазушы шығармасында мұндай сөз нұсқаларының түр-түрі аса
мол кездеседі. Мысалы,
мұртын сыпдырған жоқ деген фразеологизмнің
Достарыңызбен бөлісу: