Н. УӘЛИҰлы фразеология және тілдік норма Алматы 1 Н. У



Pdf көрінісі
бет36/66
Дата28.04.2023
өлшемі0,61 Mb.
#87939
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   66
Байланысты:
Н. У ЛИ лы фразеология ж не тілдік норма Алматы 1 Н. У (1)

тым тұнық еді деген қайталаудан оқырман "мөп-мөлдір" деген мағынаға
қоса "ойлы", "акылды" деген де мән жатқанын сенеді. Өйткені сөздің
семантикалық структурасында жаңа сема ("ойлы") пайда болады. Сөйтіп,
сөздің жеті қат тереңінде жатқан мүмкіндігін ашуы жазушы қаламының
құдіреті болып табылады.
Тілімізге ажар беріп, сөзімізге жан бітіретін мақал-мәтелдер,
шешендік сөз орамдары, айшықты сөз тіркестерінің суреткер
шығармасында алатын орны ерекше. Жазушы каламы із-өкшесі халық
тілінде жатқан сөз орамдарының көркем үлгілерін, сирек түрлерін, ұмыт
қалғандарын қолданыс үйіріне қосып, сөздік қордың қорабасын молайтып
отырды. Заманымыздың заңғар суреткері Мұхтар Әуезовтің әйгілі "Абай
жолы", "Қорғансыздың күні", "Қараш-қараш оқиғасы", "Еңлік-Кебек"
тәрізді классикалық туындылары – жазушының тіл шеберлігін ғана емес,
ана тіліміздің асқан байлығын да икем-оралымдығын да көрсете алатын
және тіл қазынасын тыңнан игерудің өнегелі үлгісін де жете танытатын
шығармалар. Бұл туындылардан көптігіне дептігі сай, алуан түрлі тұрақты
сөз орамдарын кездестіреміз. Мәселен, фразеологизм табиғатында
болатын ықшамдық, сөз сыналау, сөз кіріктіру тәрізді құбылыстардың бір
ғана "Абай жолы" эпопеясынан алуан түрін ұшыратуға болады. Ал мұндай
құбылыстардың, арнайы назар аударып, ден қоя білсек, тіл көркемдігіне
қосар өзіндік өрнегі де ерекше.
Әр уақытта тіл ұшына оралып тұратын тұрақты сөз орамы
білгенінше, қажетінше қолдануға болатын пішімі дайын үлгілер сияқты
көрінеді. Құбылтып, қаймағын бұзып қолдануға да ырық бермейтін
жерлері бар. Табиғаты күрделі осындай тұрақты сөз орамдарына дағдыдан
тыс мақына үстемелеп өң беру, жаңа мазмұн, өзгеше реңк дарыту
М.Әуезов сынды хас шебердің, шынайы сөз зергерінің қалам желісіне тән
ерекшелік. Олай дейтініміз, бір алуан тұрақты сөз тізбегін жазушы сол
даяр тілдік материал күйінде ала салмай, өзіндік өрнек қосады. Кез-келген
жазушының ит тұмсығы батпайтын ну орман, қалың тоғай тәрізді даяр
оралымды білетініне, де, қолданатынына да шүбәміз жоқ. Ал М.Әуезов
дағдылы, даяр әуеннен орнымен ауытқып, сөз сыңарларының кейбірін
"уақытша" қалдыра тұрып, оның орнына екінші бір фразеологизмді
үйлестіре қолданатын орайлары бар. "Қилы заман" шығармасынан мына
бір мысалды оқып көрелік: "Ит тұмсығы батпайтын самсаған сары қол,
түйілген жалпақ қара бұлттай болып, кең даланы қаптай басып,
жәрмеңкеге карай бет қойды". Жайшылықтағы сөз қолданыста ит
тұмсығы батпайтын деген сөз орамы негізінен ну қамыс, қалың орман
тәрізді сөздермен анықтауыштық қатынаста жұмсалып, сындық сапаны
57


күшейтеді. Ал жазушы қаламы бұл орамды дағдыдан тыс сөзбен,
самсаған сары қол дегенмен, тіркестіріп, гипербола жасау арқылы бүкіл
сөйлем тұрқын эксперссивтендіре түседі.
Тұрақты тіркестердің "үйреншікті" ортасы, дағдылы орны болады.
Олар мағыналық, стильдік ренктеріне сай контекст іздейді. Мысалы,
қанды басың бер; тарт тәрізді сөз орамының аңшылыққа, саятшылыққа
байланысты контексте қолданылуы – оның дағдылы орны. Мұхтар
Әуезовтың тіл кестесінде бір алуан сөз орамдары дағдыдан тыс контексте
қолданылады. Мысалы: Таң ертеңнен бері әрбір арбаның түбінде ажал
оғы аңдып, сығалап, "Қанды басың бері тарт" деп отыр. Мұндағы қанды
басың бері тарт деген сөз орамы көтерілісшілер мен патша әскерінің
арасындағы қақтығысқа орай қолданылған. Жазушы көп орайда жаңа
контекст табу аркылы тұрақты сөз орамының өрісін кеңейте, осылайша
еркін қолданады. Мұндай қолданыстың тіл көркемдігіне тигізер әсері де
ерекше.
Жекелеген сөздер тәрізді тұрақты орамдардың да қат-қабат лексика -
семантикалық, дыбыстық нұсқалары бар. Кейбір тұрақты сөз
орамдарының сыңарлары дыбыстық өзгеріске түсіп, мағына жаңғыртуы -
тілде бола беретін заңды құбылыс. Қайсы бір каламгерлеріміздің сөз
жұмсау дағдысында олардың көмескі ізі қайта жаңғырып жатады.
Мысалы, иттің ұлы итақай тіркесін Сәбит Мұқанов иттің кұлы итақай
деп қолданған. Сондай-ақ ай дер ажа, қой дер қожа жоқ деген орам
Сәкен Сейфуллин шығармаларында әй дер әже, қой дер қожа жоқ түрінде
кездеседі.
Бұл орам Мұхтар Әуезовтің "Еңлік-Кебек" драмасында ай дер ажа,


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет