түрлендіруде, айшықты етуде автор сөзінде де, тілдік стильдік сипаттама
беру мақсатында кейіпкердің сөзінде де өзінің "табиғи" мағына, реңкі
бойынша жұмсала береді. Мұндай колданыста фразеологизмдер өзіне тән
стильдік-экспрессиялық қасиетімен сөзді түрлендіріп, айшықты етіп
тұрады.
Қазақ тілінде
сай-сүйегі сырқырады деген фразеологиялық түйдек
бар. Ол "тұла
бойы ауырды, тұла бойы тітіреді, жүйені босады" деген
мағынаны білдіреді.
Көз салсаң әннің көркіне,
Әп Жамалдың еркінде.
Сай-сүйегің сырқырар,
Шырқаса Жамал желпіне
(Қ.Айнабеков).
Осы фразеологизмді көркем проза тексінен де кездестіреміз.
"Зеңбірек пен танк гүрілінен тас үңгірдің сай-сүйегі сырқырағандай,
сенің денеңде де болмашы діріл сезіледі (Ғ.Мүсірепов. "Қазақ солдаты").
Бұл екі контекстегі фразеологизмнің лексика-семантикалық кұрылым-
құрамы жағынан бір-бірінен еш айырмасы жоқ деуге болады. Бірақ
екеуінің әсері екі басқа екендігі қалайда сезіліп тұрады.
Бірінші
контекстегі фразеологизм адамға қатысты айтылып, дағдылы қолданыста
жұмсалып тұр. Ал екінші контексте тосын халге түсіп, дағдылы
қолданыстан ауытқыған: жанды затқа тән іс-әрекеті жансыз нәрсеге теліп
айту айрықша әсер тудырып тұр.
"Үңгірдің сай сүйегі сырқыраған" деп,
жансызды жандыға айналдыру, жанды нәрсенің бойында болатын
психологиялық күйді жансызға телу тәсілі
оқырманның нақты сезімдік
қабылдауын күшейте түседі. Осыған ұқсас тағы бір мысал:
Жанат қанша
елемейін десе де, уылжыған ұятқа қол сұлуын қоймайды жұрт
(Ғ.Мұстафин. "Миллионер"). Қол сұқты тұрақты тіркес әдеттегі
қолданыста "біреудің затын, дүниесін суық жолмен иемденді" деген
мағынаны білдіреді. Бұл – фразеологизмдердің
дағдылы қолданыста
жұмсалуы. Жазушы тұрақты сөз тіркестерін көркем тіл кестесінде ұзына
бойы дағдыдағыдай жұмсай бермей, одан әдейі ауытқып отырады да,
фразеологизмнің экспрессиялық-стилистикалык әсерін күшейте түседі.
Уылжыған ұятыққа қол сұқты деп,
жазушы дерексіз ұғымды ("ұят")
көзбен көріп, қолмен ұстағандай нақты затқа айналдырады.
Фразеологизмдер жеке сөздер (лексикалық единица) тәрізді
сөйлемдегі белгілі бір сөздермен мағыналық үйлесім қуалай отырып
тіркеседі. Мысалы
қол сөзі тематикалық аясы бір сөздермен ғана тіркеседі:
қол созды, қолына алды, ұзын қол, қолмен ұстады т.б. Ал
"терең қол",
Достарыңызбен бөлісу: