фразеологиялық түйдек кейбір
фразеологиялық орамдармен
сыйыстырыла жұмсалып, фразеологиялық бір бүтінге айнала
бастайды. Мысалы:
Ей Қыдырбай, жылаған мен жаны күйген бүгін кеп
тұрған. Біз қу жанды шүберекке түйіп кеп тұрмыз, білдің бе? Сен де
шараңнан аса берме (М.Әуезов."Түнгі сарын").
Жалпытілдік қолданыста бар мұндай сыйыстыру
фразеологизмдердің экспрессиялық ренкін бұрынғыдан да күшейте түседі.
жаны шыққанша
жанын шүберекке түйді
жаны көзіне көрінді
шыбын ------ жанын қоярға жер таппады
қу ----------------------
жаны күйзелді
жаны мұрнының
ұшына тақалды
жан(ы) аман болса
жаны қалмады
Жалпытілдік қолданыста фразеологизмнің контоминацияланған
нұсқасының лексикалық құрамы серіктес сөздермен тіркесу арқылы
да одан әрі жаймалана түсуі ықтимал:
бір қу жанды қоярға жер
таппай жүргенде; бір ғана шыбын жаның аман болса.
Екі бөлек фразеологизмдерді(
қужан - жанды шүберекке түю)
сыйыстыра қолданудың нәтижесінде
пайда болған нұсқа (қу жанды
шүберекке түю) тілдік единица статусына ие болған фразеологизм
вариантына жата ма, әлде сөз қолданыстағы вариацияға жата ма? Бұл
қазақ лексикографиясында әлі толық шешімін таппаған деуге болады.
Осымен байланысты кейбір фразеологиялық единицалардың
шекарасын айқындау кейде қиындай түседі. Мысалы, жоғарыда
көрсетілген фразеологизмдердің "Қазақ
тілінің фразеологиялық
сөздігінде" (1977)
жанын шүберекке түйді деген нұсқалары берілген
де, бұл фразеологизмдердің
қу мен келетін нұсқасы-ау
жанын
шүберекке түйді берілмеген. Бұл
типтес фразеологизмдердің он
томдық "Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде" де берілуі бірізді емес.
Достарыңызбен бөлісу: