қатысты сөздермен тіркесуге бейім
тұлға ХV-ХVІІ ғасырларда
әлдеқайда еркін тіркестерде келеді».
69
.
Тіл қызмет ете отырып өзгереді. Көне элемент жаңамен
жарыса жұмсала келіп, бірте-бірте қолданыс майданынан ығыса
бастайды. Тілдік жүйенің көнерген элементін жаңғыртып отыру
құбылысынан тіпті лексикалық құрамы «тас кесекке»
айналған
фразеологизмдердің өздері де қалыс тұрмай жаңғырып отыратынын
байқаймыз. Қазіргі тілдік қолданысымызда
құста сүт жоқ, жылқыда
өт жоқ, таста тамыр жоқ деп айтылатын фразеологиялық тізбектің
көнерек нұсқасы –
қуда сүт жоқ, жылқыда өт жоқ, таста тамыр
жоқ
70
. Қу сөзі ертеректе «құс» деген тектік ұғымда қолданылған,
қазіргі кезде мағынасы тарыла келіп, түр атауына көшкен.
Түлкі
күлігін тазы сүймес деген фразеологиялық тізбектің түлкі жүйрігін
тазы сүймес түріне көшуі тілдік жүйенің, фразеологизм нормасына
заңды «қысым» жасауына байланысты.
Сондай-ақ көздің
жауын алады деген фразеологиялық
түйдектің құрамындары
жау
Достарыңызбен бөлісу: