Н. УӘЛИҰлы фразеология және тілдік норма Алматы 1 Н. У



Pdf көрінісі
бет54/66
Дата28.04.2023
өлшемі0,61 Mb.
#87939
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   66
Байланысты:
Н. У ЛИ лы фразеология ж не тілдік норма Алматы 1 Н. У (1)

гөрі ұзақ деу көркем тіл кестесі үшін әлдеқайда жарасымды
(В.В.Виноградов). Себебі ұзақ,қарға, сұлы дегендерді "көруге" болады
да, аң, құс, өсімдік дегендерді "көруге" болмайды. Ал суреткер
қаламы осындай "көруге" болмайтынның көркем бейнесін жасап
оқырман сезіміне ұялата біледі.
Тыныштық деген – жан ізгі,
Сағынып келген жардайын.
Оянып кетер тәрізді,
89


Сипасаң Солды маңдайын (М.Мақатаев). Ақынды қайталап
айтсақ, тыныштық – ізгі жан, сағынып келген жар. Тіпті ол аялай
сипаған алақанның өзінен оянып кетердей тым сезімтал, сергек. Өлең
жолдарын оқи отырып осындай сәулелі сезімге бөленесің. Сірә,
тыныштықтың мұндай нәзік, мұндай нақты бейнесін жасау биік
талант деңгейінде кездесетін сәтті суреттер болуы керек.
Жоғарыда айтылған мысалдардағы теңеу, метафораларға қарап,
суреткер айтып отырған жайды оқырман тек бейнелеуіш, көріктеуіш
тәсілдер арқылы ғана көз алдына елестетеді немесе түйсіне алады
деуге болмайды. Күнделікті қарым-қатынас қызметін өтеп жүрген
қатардағы жай сөздердің өзі де көркем тіл кестесіне енгенде образға
айналады. Образға айналу үшін олардың метафора, троп болуы шарт
емес. Тіпті көркем тіл кестесіне енген жай ғана сөздер арқылы да
затты, іс-әрекетті, сапаны шындық өмірдегідей түйсініп, "көзбен
көріп, құлақпен естігендей" күй кешеміз. Контекстегі сөз арқылы сол
"заттың", "іс-әрекеттің", "сапаның" санамызда нақтылы сәулесі пайда
болады. Сондықтан көркем тіл кестесіне енген шам, білезік, сырға,
бөрік тәрізді ешбір сиқыры жоқ сөздер сөз образға (словообраз)
айналады. Екінің бірі айтатын "қатардағы" сөздердің өнер
материалына, басқаша айтқанда сөз образға қалай айналатынын
байқау үшін мынадай текстке назар аударып көрейік.
Үлкен үйдің ортасында ала көлеңкелеу жанған тас шам бар.
Сүйндік бәйбішесімен және екі баласы –Әділбек, Асылбекпен –бәрі де
қонақтармен бірге болды. Бұл үйге әсіресе, өзгеше көктем нұрын енгізген
бір жан бар. Ол Сүйіндіктің қызы– Тоғжан. Абай келгеннен бері Тоғжан
үлкен ағасы Асылбектің отауынан осы үйге бірнеше рет келіп кетті.
Сылдырлаған шолпысы, әлдеқандай былдырлаған тілменен Тоғжанның
келері мен кетерін паш етеді. Құлақтағы әшекей сырғасы, бастағы
кәмшат бөркі, білек толған неше білезіктері – баршасы да бұл өңірден
Абайдың көрмеген бір сәні сияқты. Толықша келген, аппақ жүзді, қырлы
мұрын, қаракөз қыздың жіп-жіңішке қасы да айдай боп қиылып тұр.
Қарлығаш қанатының ұшындай үп-үшкір боп, самайға қарай тартылған
қас, жүрекке шабар жендеттің жебесіндей.
Тоғжан үйдегі сөзге құлақ салып, не күліп, не қымсынса, сұлу
қастары бір түйісе түсін, бір жазылып толқып қояды. Елбіреп барып дір
еткен қанат лебіндей. Самғап ұшар жанның жеңіл әсем қанатындай.
Биікке, алысқа мегзейді (...). Абай көнке шейінТоғжан жүзінен көзін ала
алмай, телміре қарап қалды (М.Әуезов. "Абай жолы").
Егер тілдегі мағынасына қарай анықтама берсек, шам сөзі
"жарық беретін құрылғы" дегенді білдіреді. Шам сөзі контекстен тыс
абстракті сипатта. Басқаша айтканда, әнгіменің қандай шам туралы
екендігі, май шам ба, жаяу шам ба, білтелі шам ба, ондық түрлері көп.
90


Ал жоғарыда мысалға алынып отырған мәтіндегі шам қандайда
болмасын "жарық беретін құрылғы" деген абстракті ұғымда емес, сол
ұғымға енетін заттың нақтылы бір түрі туралы екендігін байқаймыз.
Мысалы, ол – тас шам, ол – ала көлеңкелеу жанған тас шам, ол –үйдің
ортасында ала көлеңкелеу жанған тас шам.
Сондай-ақ бөрік сөзі "елтірі, аң терісінен істелген құлақсыз бас
киім" деген мағынаны білдірсе, контекстегі бөрік сөзі әйтеуір бөрік
атаулы жайында емес, кәмшат бөрік, ондада Тоғжан киген кәмшат


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет