Н. УӘЛИҰлы фразеология және тілдік норма Алматы 1 Н. У



Pdf көрінісі
бет55/66
Дата28.04.2023
өлшемі0,61 Mb.
#87939
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   66
Байланысты:
Н. У ЛИ лы фразеология ж не тілдік норма Алматы 1 Н. У (1)

бөрік туралы. Тексте кездесетін білезік, шолпы, сырға тәрізді зергерлік
бұйымдар жайында да осыны айтуға болады. Тоғжан таққан шолпыны
көз алдымызға елестетіп қана қоймай, сылдырлаған үнін де
естігендей күй кешеміз. Бұл – көркем контексте сөздің образға
көшуінің белгісі. Образдылық сипат тек есім сөздерде ( шам, бөрік,
шолпы) ғана емес, етістіктерде де бар: "Абай... Тоғжан жүзінен көзін
ала алмай телміре қарап қалды" дегендегі телміру етістігі – нақтылы
әрекетті бейнелейтін аса қажетті сөз образ.
Көркем контекстегі сөз бірде бір заттың екінші бір затқа қатысы
арқылы (үйдің ортасында жалған шам, бастағы кәмшат бөрік, білек
толған білезік т.б.) деректі сипатқа ие болып, сөз образға айналса,
бірде көріктеуіш, бейнелеуіш тәсіл (теңеу) арқылы деректеніп, сөз
образға айналады: Жіп-жіңішке қасы да айдай боп қиылып тұр:
қарлығаш қанатының ұшындай үп-үшкір боп самайға қарай тартылған
қас жүрекке шабар жендеттің жебесіндей, сұлу қастары бір түйіле
түсіп, бір жазылып толқып қояды. Елбіреп барып дір еткен қанат
лебіндей.
Жазушы сөз образ арқылы, оның ішінде көріктеуіш құрал
арқылы (теңеу) кейіпкер портретін оқырман сезіміне айқын
ұялатады. Тіпті Тоғжанның аппақ жүзінен оның ішкі сезім толқынын
да айнытпай танып отыратындай күй кешесіз. Самайға қарай
тартылған қас жендеттің жебесіндей дегеннен әсем қыздың қиылған
қасын ғана танып қоймай, мұндай сөз образда әлдеқандай астар бар
екенін де түйсінесіз. Сол "жебеден" Абай жүрегінің
"жараланатындығын" да сезіп отырасыз. Тас шамның ала көлеңкелеу
жарығы да үй ішіндегі сән-салтанат, асқан байлықты танытпаса
керек. Көктем нұрын ала келген Тоғжанға қоңырқай тұрмыс
контрастық сипатта. Көркем контексте бұлайша сөз мазмұнын байыта
қолданып, оқырман қиялына қанат бітіріп отыруы – қаламгер
шеберлігінің бір қыры.
Сонымен, көркем әдебиет стилінің әдеби тілдің өзге
стильдерінен, атап айтқанда, ғылыми стильден өзгешеленетін басты
белгісі көркем тіл кестесінде сөздің деректі сипат алып, сөз образға
айналуы деуге болады. Тілдік амал-тәсілдердің ұғымнан сөз образға
көшуі фонетикалық бірліктен (единица) синтаксистік бірлікке дейінгі
91


тілдің барлық деңгейінде болатын қасиет. Бұл айтылғанға қазақ
тіліндегі көптік жалғауының (-лар, -лер) көркем контексте жұмсалу
ерекшелігі мысал бола алады. Әдетте грамматикалық норма бойынша
көптік жалғауы санамалап, даралап айтуға келмейтін зат, құбылыс
атауларына, абстракті ұғымдағы сөздерге талғаусыз жалғана
бермейтіндігі белгілі. Бірқатар сөздерді уақыттар, қуаныштар,
жылаулар дсп көптік жалғауымен айтқанымыз бен, сөз жатық болып
тұрмайды. Бірақ көптік жалғауындағы бұл ерекшелік көркем тіл
кестесі үшін "қатып қалған" заңдылық емес. Оны М.Әуезовтей сөз
зергерінің тіл жұмсау дағдысынан да байқаймыз. "Әбіш әр өнер, әр
мінездерімен, отырыс-тұрыс, киім қалпымен Абайдың жас достарының
барлығын таң қалдырды (М.Әуезов. "Абай жолы"). Бұл жаңа дәуірдің
өзгерген жаңа тірлігі тудырған жаңаша бір тартыс жолы ғой. Мен әлі
естіп те, оқып та білмеген халдер екен (сонда).
Әдеттегі сөз саптауымызда -лар, -лер қосымшасын тосырқап
тұратын сөздерді (мінез, хал) жазушының көптік жалғауымен
түрлендіре жұмсауы, бір жағынан, көркем тіл стилінің табиғатына
тәуелді ме деп ойлаймыз. Өйткені көптік жалғауы, негізінен,
санамалап айтуға "көзбен көріп, қолмен ұстауға болатын" зат
атаулыны білдіретін сөздерге жалғанады. Міне, осымен байланысты
бұл қосымшада сөзге деректі сипат беретін үстеме қасиет те бар
тәрізді. Дағдыдан тыс орайларда да көптік жалғауының жазушы
қаламына орала беруі осы қосымшаның өзі жалғанатын есім сөзге
деректі сипат үстемелеуіне байланысты болуы ықтимал.
Сондай-ақ объективті процестің уақытқа қатысын айқын
бейнелейтін шақ түрлері көркем әдебиет стилінде мол ұшырайды
(олай болатыны шақтың бұл түрінде деректі сипат бар). Ал шақтың
кейбір түрлерінің көркем контексте жұмсалу мүмкіндігі тым
шектеулі. Өйткені шақтың мұндай түрі белгілі бір іс-әрекеттің
уақытқа қатысын айқын көрсетпейді (мысалы, су 100°- пю қайнайды).
Вербалдық мағынасы жалпылама мәнде болғандықтан, бұл сипаттағы
шақтың ғылыми контексте колдану мүмкіндігі әлдеқайда жоғары.
-Уда (студенттер білім алуда) қосымшаның көркем әдебиет, сөйлеу
стилінде жұмсалу мүмкіндігі тым төмен, өйткені бұл тұлғаның да
білдіретін "шақтық" мағынасы жалпылама, дерексіз сипатта.
Ғылыми стильде тіл амал-тәсілдерінің дерексіз сипатта "ұғым"
түрінде болуы ғылыми стильдің басайырым белгісі болса, сөздің
деректі сипат алып, сөз образға көшуі көркем әдебиет стилінің басты
айырым белгісі. Бұл жағынан бір стиль екінші бір стильге қарама-
қарсы сипатта болады.
Сөздің, басқа да тілдік амал-тәсілдердің деректі сипатқа ие
болуы сөйлеу тіліне де тән қасиет. Бұл жағынан сөйлеу тілі көркем
әдебиет стиліне қарама-қарсы сипатта болмайды. Өйткені сөйлеу тілі
92


контексіне енген тілдік амал-тәсілдер де деректі сипатта жұмсалып
отырады. "Кітабың қызық екен" дегенде сөйлеуші қайдағы бір
абстракті кітап жайында айтып тұрған жоқ. Әңгіме сөйлеуші мен
тындаушы жақтың көз алдындағы кітап па, я болмаса бірінен бір
алып оқыған кітап па, әйтеуір қалай да болмасын, сөз нақтылы кітап
туралы екендігін байқаймыз. Бірақ сөйлеу стилінде (бәлкім, басқа
стильдерде де) сөз дерексіз сипатта мүлде қолданылмайды деуге
болмайды. Сөзді жалпылық мәнде қолдану сөйлеу стилінде де
кездеседі, бірақ сөзді дерексіздендірудің сөйлеу тіліне тән арнаулы
тәсілдері бар. Мысалы, кітап дегенің рухани қазына ғой, үйеңкі дегенің
өсімтал келеді; бала дегенің бақыт емес пе, Терезенің алдына бір қайың
ексем деп едім, Көзіңе түссе бір үйеңкі кесіп ала кел. Бұл жерде бір деген
сөздерді сөйлеу стилінде сөзді дерексіздендіріп, жалпылама ұғымдық
мәнде жұмсалуына әсер етіп тұр.
Публицистикалық стильдің де өзге стильден басты айырым
белгісі болады. Публицистика тілі өрнегіне енген сөз, тілдік амал-
тәсілдер бағалауыштық сипатта болады.
Әдеби тілдің өзге салаларына қарағанда газет-журнал тілінде
жағымды реңдегі сөздер (ұстаз, диқан, еңбеккер, ғарыш, шамшырақ
түлектер еңбек ардагері, азаткер т.б.) сондай-ақ жағымсыз
реңдегі(басқыншылар, итаршы, қанқұмар, қаскөй т.б.) сөздер аса жиі
қолданылалы. Газет тілінің бұлай болуы себебі түсінікті де, өйткені
газет үні ерекше. Ол қоғамдық өмірдегі озық дәстүрлерді, игілікті
істерді жай ғана жазып қоймайды, аскақ үнмен дәріптей отырып
жұртшылық жүрегіне жеткізе айтады. Келеңсіз жайларды жай атап
өтіп қана қоймайды, аяусыз сынап, өлтіре түйрейді. Жұртшылыққа
бұлай әсер ету үшін газет тілі әдеби тілдегі жағымды, жағымсыз
реңдердегі сөздермен фразеологизмдерді молынан пайдалана
отырып, өзі де бейтарап сөзге тыңнан рең дарытады.
Газет тілі үшін бағалауыш сөздер (жағымды, жағымсыз реңдегі
сөздер) ауадай қажет. Сұхбат тәрізді кейбір сөздер қазіргі кездің
өзінде-ақ бейтарап реңнен жағымды реңге көшіп келе жатқандығын
байқау қиын емес. Сұхбаттасу – "әңгімелесу" деген мағынаны
білдіреді. Бірақ сұхбаттасты дегенді жай ғана тілдесу деп ұқпаймыз.
Келелі мәселе көтеріп, терең пікір қозғаған, тартымды да әсерлі
әңгімені сұхбат деп түсінеміз. Қоғам қайраткерлері, еңбек
ардагерлері, өнер майталмандарымен болған әңгімеге қазір
газеттеріміз сұхбат деп айдар тағып жүруі де бұл сөздің жағымды
рең алып келе жатқандығының көрінісі.
93




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет