Н. В. Ниретина қаныш сәтпаев – атақты ғалым, мемлекет және қОҒам қайраткері, Өз елінің патриоты


Қ.И. Сәтпаев, барлық ой титандары сияқты, өзінің уақытын барлық жағынан орап алды



бет4/8
Дата30.04.2023
өлшемі120,76 Kb.
#88584
1   2   3   4   5   6   7   8
Қ.И. Сәтпаев, барлық ой титандары сияқты, өзінің уақытын барлық жағынан орап алды. Мысалға, 1948 жылдың өзінде Қаныш Имантайұлы: «Алматының сейсмикалық аймақта орналасуы, қаланы кеңейту аумағының жеткіліксіздігі, табиғаттың өзгергіштігі оны болашақта Қазақстан сияқты үлкен елдің астанасы ретінде жарамсыз етеді. Біздің республикамызда астана болуға лайықты екі қала бар, - Қарағанды және Ақмола. Алайда олардың ішінде біріншісі көмірдің қалың қабатында тұр, оның үстіне оның суы аз. Ал екіншісінде су да, жер де жеткілікті, ол бүкіл Қазақстанның географиялық центрінде орналасқан»... Оның осы ғылыми негізді болжамы орындалды. Сұлу Астана бүгінгі күні бір кездегі Қ. Сәтпаев сияқты Қазақстанның символы, бренді болып табылады.
Қаныш Имантайұлы Сәтпаев 1964 ж. 31 қаңтарда дүниеден өтті. Ол Мәскеуде, Кунцево Кремль ауруханасында қайтыс болады. Жерлеу күні Алматыда 3 ақпанда өтті. Мыңдаған адам қыстың сол бір аязды күні Абай атындағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театрының ғимаратына, онымен қоштасуға және соңғы сапарға шығарып салуға келді. Табытын қолмен көтеріп зиратқа дейін алып келді.
«Осы тамаша адамның, ғылым мен ақыл-ой шырағының, көптеген адамдардың досы және жолдасы болған тұлға өмірден ерте кетті, - деп жазады Ә.Х. Марғұлан сол күндер туралы. – Ол өз халқының мақтанышы еді, халқының өркендеуі жолында өмір сүріп, еңбек етті. Халқына қызмет етуді ол өз өмірінің жоғары идеалы деп санады»...
Халық Қаныш Имантайұлын қатты жақсы көрді. Ол туралы аңыздар айтылды, оның есімін ақындар жырлады. Қазақтан ғана емес бауырлас елдер де біздің қайғымызға ортақтасты. Сол азалы күндері Алматыға Кеңестер Одағының түпкір-түкпірінен жеделхаттар келіп жатты. Мәскеу мен Ленинград, Киев пен Баку, Ереван мен Тбилиси, Ташкент пен Таллин, Рига мен Вильнюс, Свердловск, Фрунзе, Новосибирск, Владивосток, Жезқазған, Қаражал, Рудный – мезгілсіз қайтыс болған Қанышқа қайғырып, аза тұтты. Оған белгілі ғалымдар да, колхозшылар да, шопандар да, жұмысшылар мен инженерлер де қайғырды.
«Сәтпаевты бүкіл Қазақстан жақсы көретін, - деп жазады ҚазКСР ҒА академигі Қ.Д. Жұмалиев. – Оның ойлы, ақылды жүзінен мейірім шапағаты төгіліп тұратын. Көздері керемет – мейірімді, ақылды, көңілді, сәл ойнақылық байқалатын. Кең маңдайының үстінен – сәл-пәл қырау шалған қара бұйра шаштары. Ол әдемі ғана емес – сондай-ақ тартымды болатын. Сөйлескен кезде салмақты, бір қалыпты мінезі, мейірімділігі, жұмсақтығы мен қарапайымдылығы онымен қарым-қатынасты қуанышты және жағымды ететін. Оның жымиғаны қандай жылы, нұрлы еді...».
Қаныш Имантайұлы қайтыс болған соң 10 күн өткенде ҚазКСР ҒА Президиумы ОК және Республика Үкіметі оны мәңгі есте сақтау жөнінде, сонымен қатар ескерткішін Ғылым Академиясына қарама-қарсы орнату, толық метражды фильм шығаруды және т.б. туралы ұсыныс жасады. ОК пен Министрлер Кеңесінің оны мәңгі есте қалдыру туралы Қаулысы бойынша Қ. И Сәтпаевтың есімі Жезқазған кен-металлургиялық комбинатына, ҚазКСР ҒА Геологиялық ғылымдар институтына, Алматы көшелерінің біріне берілді, академия ішіне мүсінін орнатуға және еңбектерін шығаруға рұқсат етілді.
1965 ж. «Академик Қ.И. Сәтпаев. Көрнекті Кеңес ғалымының естелігіне арналған жинақ» атты кітабы шығарылды. Әсірелемей-ақ аталған естеліктер жинағы Қаныш Имантайұлына арналған үздік ескерткіштердің бірі деуге болады. Сол кездері КСРО ҒА авторлардың- министрлер мен академиктердің, Қ. И. Сәтпаевтың әріптестерінің, достарының, шәкірттерінің естеліктері әлі жаңа болатын. Олармен бірге тағы да осы тамаша адамның бейнесі өмір сүрді. Кітап беттерінен Қаныш Сәтпаевтың – өз уақытының нағыз батыры – біртума, мемлекеттік түрде кең ойлайтын, елінің, халқының проблемаларын, өмір алға жылжытқан мәселелерді шешу жолдарын өткір сезінетін ұлы тұлғасы бүкіл болмысымен жоғары көтеріледі.
Осы естелік кітапты басып шығару Қаныш Имантайұлы туралы дайындық бойынша ондаған авторлардың одан әрі еңбегіне, кітаптарға, мақалаларға, очерктерге бастама берді, олардың көпшілігі әлі күнгі дейін жарияланбаған. Ол ҚазКСР ҒА президенті постындағы мұрагерінің – Ш.Ш. Чокиннің, Президиум мүшелерінің, редакция алқасының жауапты хатшысы А.А. Абдулиннің қамқорлығы арқасында, ең бастысы Қаныш Имантайұлының адал серігі – Таисия Алексеевна Сәтпаеваның қарқынды еңбегінің арқасында пайда болды. Қаныш Имантайұлымен тығыз араласатын елдің, Қазақстанның жетекші ғалымдарымен, Мәскеу, Томск, Орта Азия республикаларының министрліктері мен ведомостволарының жетекшілерімен хат жазысу, сөйлесу, өңдеу, басу – осының бәрі алып еңбек. 30 автор – мойындалған ғалымдар, мемлекет қайраткерлері өздерінің мәңгілік алғыс сөздерін қалдырды, өзінің лайықты әріптесіне әділ баға берді.
«Қаныш Имантайұлының денсаулығы батырлардікіндей болды, - деп еске алады ММУ профессоры В.С. Коптев-Дворников. – Ауру меңдеген кезде ол онымен табанды түрде күресті. Өзінің соңғы сәттеріне дейін өзінің міндеттерін атқаруда оның науқастығына күмән келтіруге болатындай төзімділік пен тәртіптілігін көрсетті... Қаныш Имантайұлы үшін жалпы өзін толғандырғанның, қызықтырғанның, өзі күрескеннің бәріне жасампаз көзқарас тән болды. Ол көбінесе: «шындық әрқашан салтанат құрады» дейтін, бірақ ешқашан оның келуін енжарлықпен күткен емес, барлық жағдайда оның жеңісіне жауынгерлерше қол жеткізетін. Қаныш Имантайұлы өмір бойы кең даланы жақсы көретін.... Көп жылдар бойы ҚазКСР ҒА президенті бола жүріп, геологиялық партияларды аралайтын, шахталарға түсетін, бұрғылау мұнараларына баратын, геологтармен және жұмысшылармен әңгімелесетін... Өзінің күш-жігерімен, қайтпас қайсарлығымен және жылы күлкісімен әрқашан өмірдің және оған деген махабаттың бейнесіне айналды. Қаныш Имантайұлы өзін білгендер үшін осы бейнесінде есте қалды».
«Сәтпаев талантының көп қырлылығы таң қалдырады: әдебиет пен өнер проблемалары, философия және экономика, геология, астрофизика, археология, ботаника мәселелері – бұл тек осыған арнаған жан дүниесінің бір бөлігі ғана», - деп еске алады академик А.Л. Яншин.
«Қ.И. Сәтпаев алдыңғы қатарлы, прогрессивті ғалым, ой-өрісі кең үлкен ойшыл ғана емес, сондай-ақ ірі мемлекеттік және қоғам қайраткері болды, - деп жазды КСРО Геология министрі П.Я Андропов. – Маған онымен еліміздің материалдық-шикізат базасын құру мәселелері бойынша ұзақ та, қызықты әңгіме жүргізуге тура келді, бұл оның жылдам индустрияландыруына ықпал етер еді. Ережеге сай, осындай әңгімелесуден кейін сәйкес практикалық қадамдар да қолданылды».
«Қаныш Имантайұлының керемет қарапайымдылығы мен адам сүйгіштігін бәрі біледі, - де жазады Сәтпаевтың жақын достарының бірі Ільяс Омарұлы Омаров. – Сәтпаевтың адамдарға құрметпен қарауы онымен қарым-қатынаста жас айырмашылығы, қоғамдық орны тұтастай білінбей кетеді. Қаныш Имантайұлымен әңгімелескен адам өзі де байқасмастан, қандай да бір сиқырлы түрде, бірақ біртіндеп емес, бірден онымен – ұлы ғалыммен, ұлы тұлғамен тең болып шығады. Көптеген адамдардай, Қаныш Сәтпаевта да өмірінің қиын-қыстау жылдарында қиыншылықтар болды. Онда да өзекті өртер күндері, қаралы сағаттары болды, бірақ Сәтпаевтың абыржыған, ызалы, рухы басыңқы кездері есімде жоқ. Кез келген жағдайлар кезінде ол өзімен өзі – Қаныш Имантайұлы – өзінің алып тұлғасына туған тауларының шыңын, даласының кеңдігі мен байтақтығын, халқының даналығын органикалық түрде тұтастыра білген адам болып қалды.... Қаныш Имантайұлы туралы естелікті аяқтай келе, мен Стефан Цвейганы, оның «Адам баласының жұлдызды сағаты» атты кітабын еске аламын. Ол тарихтың жеке қиын-қыстау сәттері туралы, оның кейінгі барысына солай немесе басқаша әсер еткен адамдар мен оқиғалар туралы жазды. Цвейгадан дәйексөз ала отырып, мен: «Қаныш Имантайұлы Сәтпаев ұлттың, қоғамның, дәуірдің жұлдызды тұлғасы болды» дегім келеді. Қаныш Имантайұлы оны жақсы білетін адамдардың есінде осылай сақталып қалды.
Үш мәрте Социалисттік Еңбек Ері Е.П. Славский: «Сіздер, қазақстандықтар, Қаныш Сәтпаев тұлғасында қандай данышпанға ие болғандарыңызды әлі күнге дейін түсінген жоқсыздар, оның ұлы еңбектері Қазақстанда ғана емес, кеңестік ауқымда толық түрде әлі де бағаланған жоқ. Біздің ғасырымызда бұның болуы екіталай. Алайда Сәтпаевтың даңқты кезеңі сөзсіз басталады. Ол жер қойнауларының құпияларын бәрінен артық түсінетін және кен орындарын қайдан табуды алдын ала білетін. Оның болжамдары әрқашан дәл және дұрыс болды. Біз, өндірушілер, оның болжамдарына сендік және бірде-бір рет алданған жоқпыз. Біздің заманымыздың көрнекті ғалымы еңбек сіңірген наградаларының бірде-бірін алмастан өмірден өтті. Оның үстіне ең жоғары награда – бұл халықтың сүйіспеншілігі мен мойындауы, ал бұны Құдірет Қ. И. Сәтпаевқа бұйыртқан. Оның есімі мен қызметі мәңгілік».
Осы ойды КСРО Геология министрі П.Я. Антропов жалғайды: «Қ.И. Сәтпаев өмірінің соңғы күндері Мәскеу түбіндегі ауруханаға оған баруыма және біздің заманымыздың осы бір тамаша, әрі көрнекті геологының көз алдымда сөніп бара жатқанын бірнеше рет көруіме тура келді. Қайтыс боларынан бір күн бұрын оған министр Е.П. Славскиймен бірге бардым, ол да оның үлкен досы болатын. Ол әлсіз болғанмен, шабытты, терең және идеялы түрде, Отанының нағыз патриоты және үлкен ғалым ретінде өз елінің жер қойнаулары туралы, Маңғышылық түбегіндегі бай мұнай кен орындары және Қазақстанның басқа байлықтары туралы әңгіме қозғады. Ал келесі күні ол мәңгілікке көз жұмды».
Алайда адам қайтыс болғаннан кейін де оның биографиясы жалғасы береді... Республикалық биліктің жоғары эшолонында әлдкімге Сәтпаев бейнесі, оған деген бүкіл халықтың сүйіспеншілігі ұнамайды екен. Жоспарлы үнсіздік, Сәтпаев туралы естеліктің ұмытылу жылдары басталды (Халық арасында «Өлі арыстаннан тірі тышқан артық» деген мақал тегін емес қой). Осы жағымсыз сценарий авторларының ойластыруы бойынша Сәтпаев бейнесі халықтың есінен біртіндеп шығарылуы, бәрін жұтып жоқ қылатын Уақытпен жоғалуы тиіс болды. Осы ниеттерін орындау үшін сценарий орындаушылары Медеу Сәрсекеевтің 1975 ж. Алматыда «Жазушы» баспасынан қазақ тілінде шығуы тиіс «Сәтпаев» кітабының басылымға дайын жинағын жою сияқты заңсыз әрекеттерден де жиіркенбеді. Кітап авторы М. Сәрсекеев сол уақытта керемет табандылық және алғыр конспиративті қабілетін байқатты, ол Қ.И. Сәтпаевтың мәскеулік ықпалды достарының арқасында 1980 ж. Мәскеуде, «Молодая гвардия» баспасының ТАӨ сериясында аталған кітапты орыс тілінде шығарды.
А.И. Брагиннің республиканы орағытып, Мәскеуде «Политиздат» баспасының «Кеңестік отан батырлары» сериясында «жасырын» жарияланған «Умом и молотком» атты шағын кітапшасы ұқсас түрде жарық көрді. Республикалық радиомұрағаттан Қазақстандық радиода әр түрлі жылдары жасалған Қаныш Имантайұлы Сәтпаевтың көптеген сөйлеген сөздері құпия түрде жоғалды. 1967 ж. Қазақфильм М. Қаратаев пен А. Брагиннің сценарийі бойынша түсірген «Академик Қ.И. Сәтпаев» документті фильмі республиканың экрандарына шыққан жоқ.
Осы және осыған ұқсас әрекеттер, өкінішке орай, көбінесе өз мақсатына жетті. 1989 ж. Қаныш Имантайұлының 90 жылдығы қарсаңында ол қайтыс болғаннан кейін 25 жыл өткен соң Алматы көшелерінде барлық жерде жүретін журналисттер жастар өкілдеріне «Сәтпаев деген кім?» деген сұрақ қойды, олардың көпшілігі ештеме жауап бере алмады.
Қаныш Сәтпаевтың мәңгілік биографиясының осы кезеңі туралы Н.Ә. Назарбаев 1989 ж. 28 сәуірде Алматы қ. Республика Сарайында Қ.И. Сәтпаевтың 90 жылдығына арналған қауымдастықтың салтанатты жиналысында былай деді: «Көптеген талантты, біртуар жандар сияқты Сәтпаевқа тіршілігінде оңай болған жоқ және оған ғалымның эрудициясынан, батылдығынан басқа өзіне азамат ерлігін көмекке шақырауға тура келді. Тіпті ол бізден Мәңгілік сапарға аттанған кездің өзінде қазақстандық ғылымның сәптаевтық кезеңін үнсіздік аймағына айналдырудың аңғырт әрекеттері жасалды».
Әділдік үшін, жамандық ойлаушылардың Қаныш Имантайұлының есімін естен шығару әрекеттеріне қарамастан қазақстандықтар ол туралы игілікті естелік сақтады және өздері шамасы келгенше оның есімін мәңгілікке қалдырды: республика қалалары мен ауылдарында Сәтпаев атындағы көшелер мен мектептер пайда болды, Баянауыл мен Қарсақпайда шағын мұражайлар құрылды; көптеген кітаптың авторлары Қ.И. Сәтпаевқа арнап өз еңбектерін жариялады; бақтарда Сәтпаев гладиолустары (1968 ж.) мен «академик Сәтпаев естелігіне» сиреньдері гүлдеді (1972 ж.); 1979 ж. Қырым обсерваториясының астрономы Н.С. Черных 2402 номерімен тіркеліп қайта ашылған кіші ғаламшарға есімін берді.
Бақытқа орай, Қаныш Имантайұлы көз тірісінде сенген шындық: «Шындық әрқашан салтанат құрады» - әділ болып шықты. 1987 ж., республика басшысы ауысқаннан кейін Министрлер Кеңесінің Төрағасы Н.Ә. Назарбаев қол қойған Қазақстан Үкіметінің академик Қаныш Сәтпаевтың 90 жылдық мерейтойын тойлау туралы Қаулысы қабылданды. Қаулыда Алматыда Қ.И. Сәтпаевтың мемориалды мұражайын құру, қала алаңдарының бірінде ескерткіш орнату, Сәтпаев туралы кітаптар шығару қарастырылды. Сәтпаев туралы естелік Қазақстанға қайта оралды, оның есімі республика тарихында лайықты орын алды.
10 жыл өткен соң, 1999 ж. сәуірде Қазақстан Үлкен мерейтойды – Қаныш Имантайұлы Сәтпаевтың 100 жылдығын атап өтті. Өз батырының есімін Қазақстан ғана мадақтаған жоқ. Бүкілодақтық ЮНЕСКО ұйымы – адамзат мәдениетін күзететін басты штаб Сәтпаевтың 100 жылдығын 1999 ж. осы ұйым эгидасымен мерекеленіп өткен мерейтой күндерінің санына енгізді. Академик Қ.И. Сәтпаевтың мерейтойын мерекелеуге Парижда ЮНЕСКО штаб-пәтерінде, Мәскеуде РҒА Жер туралы ғылымдар бөлімшесінде, Душанбеде, Бішкекте, Ташкентте, Томск технологиялық университетінде, Жезқазғанда, Қарағандыда, Павлодарда, Талдықорғанда, Текеліде және Қазақстанның көптеген қалалары мен ауылдарында арнайы іс-шаралар арналды.
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Алматыда 1999 ж. 12 сәуірде жеке өзі Сәтпаевқа ескерткіш ашты және Республика Сарайында салтанатты мерейтой жиналысында сөз сөйледі, оған Қазақстанның және ТМД елдерінің көптеген қалаларынан делегециялар қатысты. «Қазақмыс» корпорациясының басшылығы Жезқазғанның металлургтер алаңында Қ.И. Сәтпаевқа ескерткіш қоюды жүзеге асырды. Бүкіл республика мерейтойды салтантты түрде атап өтті. В.И. Ленин атындағы бұрынғы техникалық университеттің профессорлық-оқытушылар құрамының өтініші бойынша Қазақ ұлттық техникалық университетіне және Ертіс-Қарағанды арнасына Сәтпаевтың есімі берілді. Жаратылыстану ғылымдары саласында үздік еңбектері үшін Сәтпаев атындағы жыл сайынғы Мемлекеттік сыйақылар тағайындалды. Қ.И. Сәтпаев еңбектері, бояулы альбомдар, естелік кітаптар жарияланды.
Мерейтой тойлауға қазақстандықтардың жас буыны белсенді ат салысты. Жастардың көпшілігі «Сәтпаев – біздің замандасымыз» атты республикалық конкурсқа тамаша шығармаларын жіберді, олардың арасында үздіктері «Қ.И. Сәтпаев және жастар» жинағында жарияланды.
Мектеп оқушыларының төменде келтірілген арнаулары «Сәтпаев қалдырған іздің ғасырлар ағынымен ағып кетпейтіні» туралы айтады. Жас ұрпақ өздерінде идел барын көрсетті және олар Отанға, өз халқына қызмет етуде кімнен үлгі алатынын біледі.


Канышу Сатпаеву – великому ученому

Глыба – Человек по имени Каныш!


Имя в памяти народа проступает.
Пусть коснется ветер всех казахских крыш –
Помнят люди все фамилию Сатпаев.

Как геолог недра Родины открыл,


Как ученый людям дверь раскрыл в науки.
Без таких, как он, народ, как и без крыл
Птица, каждый день испытывает муки.

Жизнь свою Каныш народу посвятил,


Людям медь открыв Большого Джезказгана,
И стоит Каныш в ряду людей-светил –
Имя в памяти народа не увянет...


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет