Н. Ю. Зуева (жауапты хатшы), О. Б. Алтынбекова, Г. Б. Мәдиева



Pdf көрінісі
бет18/34
Дата03.03.2017
өлшемі4,6 Mb.
#7346
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   34

Түйін сөздер: көркемдік тәсіл, диалог, С. Мұратбеков, кейіпкер, жазушылық шеберлік. 
 
Sh. A. Valihanov 
Hero's speech 
 
An analysis to the works of the famous writer, the laureate of the State awards Sayin Muratbekov is given in the 
article. The author finds the differences of language of the heroes of the writer’s works. The speech of heroes of a 
fiction differs by peculiarities of word skills, by using art facilities, by beauty, by conditions of using and 
uniqueness.The language of the heroes in the kind of dialogue helps to the development of the plot, to show the 
character of the heroes; explains the idea and the position of the author. Given exactly and successfully examples 
testify the importance of the writer’s works.  
The image of the hero is created with the help of a monologue or dialogue if to speak about verbal structure of 
work, by means of specific expressions. 
Main features of a monologue and dialogue: impossibility of returning to the monologue which can't be 
understood instantly, perception by listeners of the stated monologue, lack of communication between told and heard, 
free form of expression of  heroe′s thoughts, the dialogue- transmission media of relationship of several characters, 
communication between the stated one hero and perception the second. 
In the conclusion it is possible to note that specifics of an image of fiction that is created by means of the art word 
therefore in a work of art dialogue widely used and changed. 
Key words:аrt facilities,dialogue, S. Muratbekov, hero, skill of the writer. 
 
Ш.A. Валиханов 
Речь героя 
 
В  статье  дается  анализ  произведений  известного  писателя,  лауреата  государственной  премии  Саина 
Муратбекова. 
Автор  раскрывает  разнообразие  языка  героев  произведений  писателя.  Речь  героев  художественного 
произведения  отличается  особенностью  искусства  слова,  использованием  художественных  средств, 
красочностью,  условиями  использования  и  уникальностью.  Язык  героев  произведений  в  виде  диалога 
помагает  развитию  сюжета,  раскрытию  характера  героев,  поясняют  идею,  позицию  автора.  Обо  всем  этом 
свидетельствуют точно и удачно приведенные примеры. 
ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. № 4
 (144). 2013 
Кейіпкер сөзі 

102 
 
 
 
ISSN 1563-0223                        Bulletin KazNU. Filology series. № 4 (144). 2013
Образ  героя  создается  с  помощью  монолога  или  диалога,  если  говорить  о  словесной  структуре  произ-
ведения, с помощью специфических выражений. 
Главные  особенности  монолога  и  диалога:  невозможность  возвращения  к  монологу,  который  не  может 
быть понят мгновенно, восприятие слушателями высказанного монолога, отсутствие связи между сказанным 
и  услышанном,  свободная  форма  выражения  мыслей  героя,  диалог  –  средство  передачи  взаимоотношений 
нескольких персонажей, связь между высказанным одним героем и восприятием вторым. 
В  заключении  можно  отметить,  что  специфика  образа  художественной  литературы  в  том,  что  он 
создается средствами художественного слова, поэтому в художественном произведении широко применяется 
и видоизменяется диалог. 
Ключевые слова: художественное средство, диалог, С. Муратбеков, герой, мастерство писателя. 
________________________________ 
 
Құрылымдық жағынан төл сөз, ортақ төл сөз 
боп  келетін  кейіпкер  сөзі  шығармада  монолог 
немесе  диалог  түрінде  көрініс  табады.  Шығар-
маның  құрылымы,  автордың  мақсаты  және 
жазушының стиліне байланысты кейіпкер сөзі-
нің  қызметі  мен  қолданылуы  әр  түрлі  болып 
келеді.  
Монолог  пен  диалогтың  басты  айырмашы-
лығы  мынада:  монолог – біреудің  дереу  жауап 
қайтаруын  талап  етпейтін,  тыңдаушының  ай-
тылған сөзді қалай қабылдағанына, қандай әсер 
алғанына  байланысты  емес,  кейіпкер  сөзінің 
тәуелсіз түрі; диалог – екі немесе бірнеше адам-
ның  өзара  қарым-қатынас  құралы,  бірінің  айт-
қаны  екіншісінің  сөзіне  байланысты  болатын 
кейіпкер сөзінің бір түрі. 
«Әдебиеттану  терминдерінің  сөздігінде» 
оған  төмендегідей  анықтама  берілген: «Диалог 
-  әдеби  шығармада  екі  кейіпкердің  немесе  бір-
неше  адамның  сөйлесуі,  оларды  сөйлету  тә-
сілі... Диалог кейіпкерді жай бірінен кейін бірін 
сөйлете  беру  емес,  ол  сөйлесетін  адамдардың 
қарым-қатынасының  қалай  шиеленісіп,  қалай 
өзгеріп,  өрістеп  отыратынына  сәйкес  беріледі. 
Және  бір  кейіпкердің  айтқан  сөзі  екінші 
кейіпкердің айтатын сөзіне түрткі болып, келесі 
сөйлеуші  жауап  қайыра  сөйлейді.  Әрбір  мағы-
насы  жағынан  тиянақты  диалог  кейіпкердің 
мінез-құлқын тағы бір қырынан ашып көрсетіп, 
олардың  қарым-қатынасының  бұрынғы  қалпы-
нан өзгеріп, жаңа бір сатыға көтерілгенін таны-
тады» [1
,79
]. 
Сайын Мұратбековтың «Күзгі бұралаң жол» 
әңгімесінде  диірменші  Гришканың  білегіндегі 
инемен  піспектеп  салған  суретке  қызыққан 
Қанатай атты бозбала да білегіне жазу жаздыр-
мақ болады. 
«Гришка  сиялы  қарындашын  сулап  ап, 
жазуға ыңғайлана берді де: 
- Ей, әкең ұрсып жүрмей ме? - деп сұрады. 
- Менің әкем жоқ. 
- Ә,  онда  дұрыс.  Қәне,  батырым,  сенің  төзі-
міңді байқап көрейін бір. 
Гришка қап тігетін жуан инесін Қанатайдың 
білегіне  піспектей  отырып,  туған  жылын  жаза 
бастады.  Қанатай  тістенген  күйі  теріс  қарап 
отыр. Жанына батса да сыр берер емес. Қабағы 
кіржиіп,  көзі  жасаурай  түседі  де  маған  қарап 
сыр  бергісі  келмей  жымия  күледі.  Анда-санда 
Гришка да: 
-  Жылаған  жоқсың  ба  -ей! - деп  қояды. 
Қанатай  жауап  орнына  қарқылдап  күледі.  Әл-
ден ауқытта Гришка 
- Әкең аты кім?- деді. 
- Жансұлтан. 
-  Дұрыс. «Ж»  әрпін,  онан  соң  нүкте  қойып, 
«Қ» әрпін жазам. Бола ма? Бітті. Келістік онда. 
Гришка  инесін  тағы  да  піспектей  бастады. 
Тістенген  Қанатай  бір  ауыр  күрсініп,  көзін 
жұмды.  Бірақ,  қыңқ  етіп  үн  шығарған  жоқ. 
Сөзге  алдандырмақ  болды  ма,  әлде  шынымен-
ақ білгісі келді ме, енді Гришка: 
- Әкең қайда?- деп сұрады Қанатайдан. 
- Соғыста өлген. 
-  Мәссаған,-  деді  аң-таң  боп  дағдарып  қал-
ған Гришка.- Әй, ол қайдағы соғыста өліп жүр? 
-  Отан  соғысында, – деді  Қанатай  іркіл-
местен. 
- Тоқта, тоқта. Сен қай жылы тудым дедің? 
 - Қырық жетінші. 
-  Ал,  енді  не  оттап  отырсың,  онда  Отан  со-
ғысы қай жылдарда болды? 
-  Отан  соғысында, – деді  Қанатай  міз  бақ-
пай». 
Бұл  үзіндідегі  диалогтар  жоғарыдағы  анық-
тамада  айтылғандай,  бір  жағынан,  кейіпкер 
мінезін  ашуға  қызмет  етіп  тұр.  Өзі  әкем  деп 
танитын  Жансұлтан  бұл  дүниеге  келерден  көп 
бұрын  соғыста  қаза  тапқандықтан  өзіне  әке 
бола  алмайтынын  Қанатай  түсінеді.  Бірақ,  өзі-
нің  некесіз  туғанын,  анасының  марқұм  жары-
ның  аруағына  адал  бола  алмағанын  мойында-
ғысы  келмейді.  Сөйтіп,  тумай  жатып  тағды-
рынан  таяқ  жеген  жасөспірім  намысқа  тыры-
сып,  анасының  күнәсін  жасырмақ  болады, 
Жансұлтан  сенің  әкең  емес  деген  адаммен  
 
Ш.А. Валиханов 

103 
 
Вестник КазНУ. Серия филологическая. №4(144). 2013 
 
 
жағаласа  кетуден  де  тайынбайтын  түрі  бар. 
Екінші  жағынан,  бұл  диалогтар  шығарма  ком-
позициясына  қызмет  етіп,  сюжеттік  байланыс 
элементі міндетін атқарып тұр. 
Жалпы,  кейіпкер  сөзінің  шығармада  компо-
зициялық  қызмет  атқаруы - әлем  әдебиетінде 
ежелден қолданып келе жатқан тәсіл. Арабтың 
әлемге  әйгілі  «Мың  бір  түн»  хикаясы,  Бок-
каччоның «Декамероны» бастан-аяқ диалог пен 
монологқа құрылған шығармалар. Жапон жазу-
шысы  Акутагава  Рюноскэнің  «Қалың  жыныс 
ішінде»  әңгімесі  бір  оқиға  туралы  айтылған 
бірнеше адамның монологынан тұрады. Ал, Эр-
нест  Хэмингуэйдің  «Қош  бол,  қару!»  романы 
мен басқа да бір қатар шығармаларында диалог 
арқылы  күрделі  композициялық  құрылымдар 
түзіледі.  Сондай-ақ,  А.  Чехов  пен  Бейімбет 
Майлиннің  әңгімелерінде  де  диалогқа  сюжет 
элементі міндетінің жүктелуі кездеседі. 
Біздің  мысалымызда  да  әңгіменің  сюжеті, 
негізінен, диалог арқылы өрбиді. 
-  Аз  жүрдік  пе,  көп  жүрдік  пе,  білмеймін. 
Арбалар  тоқтады.  Бибі  өзіміздің  арбаға  кеп 
отырды. 
-  Ойбұй,  балалар  ұйықтап  қапты  ғой, - 
деді.  Ақсақ  аяғы  сықыр-сықыр  етіп  Шынтемір 
де келді. Бірақ арбаға отырған жоқ. 
-  Ал, сөйтіп не істеймін мен? – деді жалы-
нышты үнмен. 
-  Не істейсің, – деді Бибі күле сөйлеп, – құ-
дай  қосқан  Бәтимаң  бар  ғой.  Тізеңді  соған 
уқалатып қойып, тыныш жат енді. 
-  Құдай қосқан дейсің, ә. Бір кезде тастай-
мын  дегенімде  сен  емес  пе  едің,  балаларың 
өскенше  шыда  деген.  Содан  бері  шыдап  келем 
ғой.  Балалар  тегіс  өсіп,  бет-беттерімен  үй  боп 
кетті.  Енді  со  Бәтиманың  маған  тағар  кінәсі 
жоқ тіпті. 
Бибі ойлы үн қатты. 
-  Ол  кезде  мен  сенің  алты  бірдей  шиеттей 
балаларыңды аядым. Көз жасынан қорықтым ... 
Ал,  қазір  болса .. Ибай-ау,  енді  қартайғаны-
мызда  Қозы  мен  Баянға  ұқсағанымыз  ел-жұрт-
тан ұят боп жүрмей ме, - деді. 
Шынтемір тосылып қалды. 
-  Менің  басымды  әуреге  салған  өзің  емес 
пе  едің, - деді  сәлден  кейін  кінә  артқандай. – 
Әйтпесе, сені үш ұйықтасам ойыма алдым ба. 
Бибі күлді. 
-  Жесірлік не істетпейді, - деді ақырын ғана. 
Шығарма  сюжетінің  дамуы  осы  үзіндідегі 
диалог  арқылы  көрініс  тапқан.  Оқырман  Бибі 
мен  Шынтемірдің  арасындағы  қарым-қаты-
настың  мән-жайына  қанығып,  мәселенің  неде 
жатқанын  ұғады.  Енді  сюжеттің  шарықтау 
шегіне тоқталамыз. 
-  Ал, тағы да жолыққанша, – деп Бибі дел-
бені қақты. 
Арба  шиқылдап  жүріп  кетті.  Ұзап  барып 
артына бұрылды да аттың басын тартты. 
-  Әй,  Шынтемір! – деді  жаймен  дауыстап. 
Енді  бірде  шиқ-шиқ  етіп  жанымызға  Шынте-
мірдің арбасы кеп тоқтады. 
-  Мына күшігіңді бір иіскеп қалсаңшы. 
Тағы да ағаш аяғы сықыр-сықыр етіп, Шын-
темір арбамызға тақап келді. 
-  Өзі жатбауыр ма, қалай, – деп қойды. 
-  Қанатай, әй, Қанатай! – деп Бибі баласын 
оята бастады. – Кәне, алтыным, басыңды көтер-
ші, мына ағаңмен ... Қа-а-нат! 
-  Ойбай-ай, – деп Қанатай баж ете қалды. 
-  Не  боп  қалды,  алтыным?  Қолың  ұйып 
қап па? 
-  Жоқ, ауырады. 
-  Неге? 
-  Жазу жаздырғам. 
-  Жазуы несі? 
Қанатай ұйқысын ашып, жеңін түрді. 
-  Алтыным-ау, мынау не, кім істеді? – деп 
Бибі қорқып кетті. – Қап, бекер істеген екенсің, 
балам. Қап... 
Біраз үнсіздіктен кейін Бибі қатқыл үнмен: 
– Ұлым, есің кіріп қалды... Сенің әкең Жан-
сұлтан емес, мына Шынтемір, – деді. 
Қанатай  да  теріс  қараған  күйде  қатқыл  үн-
мен: 
-  Менің әкем соғыста өлген, – деді. 
Шығарма  сюжеті  шарықтау  шегіне  жетіп, 
оқырман көңіл-күйінің де ең бір ширыға түскен 
жері – осы  сәт.  Бибі  алғаш  рет  ұлына  шын-
дықтың бетін ашып, оның шын әкесі кім екенін 
айтады,  екеуі  танысып,  бірін-бірі  құрметтеп 
өтсе екен дейді. Ал, өмір туралы түсінігі аз, неке-
сіз  дүниеге  келгенін  мойындауға  арланатын 
Қанатай  болса, осындай  өте  бір  жауапты  сәтте 
өзінің намысқойлығына басып, бірбеткейлікпен 
шоршып  шыға  келеді.  Өз  ұлының  мұны  әкем 
деп танығысы келмегені күйзелткен Шынтемір 
болса, амалсыз кері бұрылып, кете барады. 
Сюжет  шешімі  де  кейіпкер  сөзі  арқылы 
берілген. 
«Ұлының  қиястығына  шытынып  қалған 
Бибі,  ал,  жолың  болсын  дегендей  Шынтемірге 
ым  қақты.  Ол  қинала  басып  барып,  арбасына 
отырды. 
-  Ал, Бибі, көріскенше ... 
-  Жолың болсын, Шынеке, - деді Бибі жұм-
сақ үнмен. 
ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. № 4
 (144). 2013 
Кейіпкер сөзі 

104 
 
 
 
ISSN 1563-0223                        Bulletin KazNU. Filology series. № 4 (144). 2013
Екі  арба  екі  жаққа  айырылып  жүріп  кетті. 
Шынтемірдің  арбасы  дөң  асып  кеткенше  Бибі 
артына екі-үш бұрылып қарады. Жүзі мұңайып, 
көңілсіз қалды. Қанатай безерген күйі булығып 
отырды  да  қойды.  Дәл  ауылға  кіре  берісте, 
қаптың үстіне бетін басып сұлық құлады да: 
-  Менің  әкем  соғыста  өлген,  апа-а...-  деп 
өкіріп жылап жіберді». 
Сюжет  шешімі  осылай  түйінделеді.  Мейлі, 
керек болса, Шынтемір он жерден мұның әкесі 
болсын, Қанатай оны бәрібір мойындамақ емес. 
Өмірден  тек  тазалық  пен  әділдік  күткен  балаң 
жігіт тағдырдың қысастығын, шындықтың кей-
де  қолайсыздау  болатынын  мойындамай,  одан 
гөрі  таза  да  романтикалық  өтірікті  таңдайды. 
Оның бұл қалауын жоққа шығара да алмайсың 
-  арманшыл  аппақ  көңілді  өмірдің  лас  шын-
дығымен былғағың келмейді.  
Автор да кейіпкерінің сезіміне қиянат жаса-
майын  дегендей,  Қанатайдың  сөзіне  ешқандай 
түсіндірме бермейді, оқырманның өзі қорытын-
ды  жасасын  деп,  кімнің  дұрыс,  кімнің  бұрыс 
екені  туралы  өз  позициясын  білдіретін  ым-
ишара  да  келтірмейді.  Жалпы,  Сайын  Мұрат-
беков  кейіпкерлерінің  сөзі  өмірдегі  ауызекі 
тілге  мейлінше  жақын  болып  келеді.  Әрине, 
көркем  диалог  пен  ауызекі  әңгімелесу  тілі  то-
лық сай келуі мүмкін де емес. Бұл орайда орыс 
ғалымы  Р.  Будагов  көркем  диалогтың  ауызекі 
тілден  төрт  түрлі  айырмашылығы  бар  екенін 
көрсетеді: 
«1)  көркем  диалог  белгілі  бір  дәрежеде 
созылыңқы  боп  келеді,  өмірдегі  диалог  үшін 
бұл міндет емес; 
2)  автор  көркем  диалогты  алдын-ала  ойлас-
тырып  алады,  табиғи  диалогта  сөйлеуші  оны 
ойластырып жатпайды; 
3)  көркем  диалог  оқиғаны  дамытып, оның 
алға жылжуынақызмет етеді, оның барлық эле-
менттері өзара тығыз байланысты, бұл да өмір-
дегі диалог үшін міндетті емес; 
4)  көркем текстегі диалог уақыттың, ырғақ 
пен  қарқынның  ережелеріне  бағынады,  бұлар-
сыз көркем текст болмайды» [2
, 212
]. 
Кейіпкер сөзінін тағы бір ерекшелігі туралы 
Л.  Тимофеев  былай  дейді: «Кейіпкердің  өз 
мінезінің  ерекшеліктеріне  жауап  беретін,  оның 
мәдени  өресін,  мамандығын,  психологиялық 
қырларын, жан-дүниесінің жағдайын білдіретін 
өзіне  ғана  ол  тірі  адам  тәрізді  әсер  етпек» [3

186
]. 
 Бұдан  келіп  шығар  қорытынды  автор  сөзі 
мен  кейіпкер  сөзі  бір-біріне  ұқсас  болмауға 
тиіс, ал, кейіпкердің бәрі бірдей сөйлеп, кімнің 
кімге  сұрақ  қойғанын  немесе  кім  кімге  жауап 
қайтарғанын  айыра  алмай  жатсақ  бұл  қалам-
гердің кемшілігі болмақ. 
«Жабайы алма» повесін алайық. Сайын Мұ-
ратбековтың  осы  ең  бір  көлемді  шығармасын-
дағы  кейіпкерлер  саны  да  көп,  бірақ,  олардың 
әрқайсысы  өз  мінездерімен,  соған  сәйкес  сөй-
леу мәнерімен дараланып тұрады. 
«- Апатай-ай, апатай... Басқа не айтсаңыз да 
істейін,  бірақ,  мұныңызды  істей  алмаймын, 
апатай... Обал ғой, апатай...- деп жылайды. 
-  Мен  саған  көм  деймін  жаман  қар!  Сүтті 
ішкізген, нанды жегізген сенсің, енді көм, кәне! 
Мынау  тілімді  ала  ма-ей,  жоқ  па?! - деп,  көк 
шыбықпен қызды тартып-тартып қалды. 
- Көмбеймін, апатай! Көмбеймін! Өлтірсеңіз 
де көмбеймін!» 
Бұл  кейін  жынданып  кететін  Бүбітай  мен 
оның  қолындағы  жетім  қыз  Тоштанның  орта-
сындағы диалог. 
«-  Осы  жұрт  сұқтанбаса  жүре  алмайды-ау, 
деймін,  түге.  Қызымды  ауыртасыңдар,  тіфей 
деңдер, - дейді. Онан соң үйге кіріп, қазандық-
тың  күйесін  саусағына  жағып  қайта  шығады, - 
Әй, Нәзира, бері келші. 
-  Немене, әже? 
-  Бері кел! 
Аңқалақтап жүгіріп келген Нәзира әпкем: 
-
 Иә,  не  айтасыз? - дейді  әжемнің  неге  ша-
қырғанын біле тұра. 
- Еңкейші бері, құлағыңа бірдеңе айтайын. 
Нәзира  әпкем  еңкейген  кезде  әжем  сауса-
ғындағы  күйені  оның  бір  жақ  шекесіне  болар-
болмас жағып қояды. 
-  Болды, бара ғой. 
-  Тұу,  әже-ай,  осыған  бола  жұмысымнан 
бөліп, маған ешкімнің көзі де, тілі де тимейді. 
-  Тәйт, әрі! Күпір сөйлеме!». 
Бойжетіп  қалған  немересін  сұқтанған  сұ-
ғанақ көздерден сақтамақ боп қорғаштаған әже 
мен  халықтың  ырымына  ескіліктің  қалдығы 
деп  қарайтын  жас  қыздың  арасындағы  диалог 
еріксіз езу тартқызады. 
«-  Көкшешек  аңдығаныңды  қашан  қоясың 
осы?! Желкеңді қияйын ба? 
-  Қиып көр, - дедім мен. 
-  Қиямын, - деп  кеп  ол  желкемнен  ұстай 
алды. 
-  Қолы  мұндай  қатты,  қарулы  болар  ма, 
мытып  жіберді.  Мен  еркінсіп,  айбат  білдіріп 
бұлқынып көріп едім, босатар емес. Онан сайын 
сығымдай түседі. 
-  Қоясың ба, аңдығаныңды? 
-  Қоймаймын. 
Ш.А. Валиханов 

105 
 
Вестник КазНУ. Серия филологическая. №4(144). 2013 
 
 
- Мә, ендеше, қоймасаң мә ... 
Желкемнен  сығымдап  қысқан  күйінде  май 
құйрығымнан бір-екі рет тартып-тартып жібер-
ді.  Ұрғаны  қаудырлаған  тар  шалбардан  онша 
өте қойған жоқ, бірақ, желкемнен қысқаны жа-
ныма бата бастады. 
- Әже-е! Апа-а! - деп бақырып жібердім. 
Нәзира әпкем жібере салды. 
-Қоймасаң, көрдің ғой, алатын сыбағаң осы! 
- Мен қазір әжеме, апама айтам. 
- Айтып көр! 
- Айтам, - деп мен есікке беттедім. 
- Қанат, тоқта! Жә, тиіспеймін. Әншейін әзіл-
де-генім ғой, шынымен кек тұтып қалдың ба? 
- Бәрібір айтам. Тоқтармен әнеу күнгі бұлақ 
басында тұрғаныңды да, жаңағы оның сені сүй-
мек болғанын да ... бәрін айтам қазір. 
Есікке қарай шегіншектеп, аттай түскем. 
-Қанат,  айналайын,  не  істе  десең  де  істейін, 
құлың  болайын, - деді  жаны  шыға  жаздаған 
Нәзира әпкем жалынып. - Рас, сен не істе десең 
де істейін». 
Бұл бойжеткен қызбен оның кішкентай інісі 
екеуінің  арасындағы  диалог.  Әр  кейіпкердің  өз 
мінез-құлқы, психологиясы олардың сөзінен-ақ 
білініп  тұрады.  Бұл  туралы  орыс  ғалымы  
И.  Гальперин  былай  деген  болатын: «Диалог-
тың мағынасы - кейіпкерлердің портретін жасау: 
олардың сөйлеу ерекшелігі өздерінің жан сырын, 
адамгершілік,  моральдық,  өміртанымдық  қыр-
ларын аша түседі» [4
, 72
]. 
Колхоз бригадирі Байдалы шал мен оны сөй-
леткенді  қызық  көретін  балалардың  тәжікеле-
суіне назар салалық. 
« - Мұрындарын  сүрте  алмай  жүрген  осы-
ларды  қойшы.  Баяғыда  бұлардың  жасында  өзі-
міз отау тігіп, үй болып едік. Ал, бұ түгелер ер-
теңнен  кара  кешке  салпақтап  киім  тоздырып, 
ойнағаннан басқаны білмейді. 
- Ата, сіз неше жасыңызда үйлендіңіз? - деп 
сұраймыз. 
- Мен бе? - ол аузындағы насыбайын тастап, 
түкіріп  қойып,  неше  жаста  үйленгенін  іштей 
есептеп,  сәл  ойланып  қалады. - Маған  әкем 
алты  жасымда  қыз  айттырыпты.  Содан  он 
толып, он бірге шығарымда ұрын барып, келер 
күзінде үйлендім ғой. 
- Осы кемпіріңізге ме? 
- Жоға,  тәйірі.  Бұл  кемпіріме  кейін,  бертін-
де, совет заманында теңдік  алған кезде үйлен-
дім. 
- Ал,  әлгі,  айттырып  алған  әйеліңіз  қайда 
сонда? - деп біздер де қоймаймыз. 
-  Бәтшағарлардың  тақымдауын  сонша, - 
деп  Байдалы  шал  шегір  көздері  жасаурай  кү-
лімсіреп, бәрімізді сықпырта бір боқтап алады. 
-  Қара  бұларды,  қатын  десе  тақылықтай 
қалғандарын, оқуға осындай боп тақылдасашы, 
боқмұрын  немелер...  Кәне,  аулақ  жүріңдер, 
жылқыны үркітерсіңдер!». 
Өзі  қатарлы  ақсақалдар  мұның  қырсызды-
ғынан  жеріп,  қатарға  қоса  бермейтін,  сондық-
тан  амалсыз  баламен  бала  болып  жүретін, 
осындай  пәтуасыз  шалдар  қай  ауылда  да  бар 
болар. Әсіресе, ауыл  тентегі Әжібек оны мазақ 
етуге  құмар-ақ.  Байдалының  атын  мініп  алған 
Әжібек  «Қыз-Жібек»  дастанындағы  Бекежан-
ның сөзін Байдалыға арнап әжуалайды. 
«-  Әй,  Әжібек, - деді  осы  кезде  көшенің 
сонау  басындағы  үйінің  алдында  тұрған  Бай-
далы  шал  бүкіл  ауылды  басына  көтере  айқай-
лап. 
-  Ә,  әкеңнің  аузын,  басыңды...  шақша  бас! 
Әй,  мен  саған  шаппай  барып,  суғар  дедім  ғой! 
...Желкең үзілгір, қинама атты!... 
Әжібек  болса  бет-аузын  қисаңдатып,  оны 
мазақтап қойды: 
-  Кинәмә  әтті, - деді  тілін  шайнай  мәң-
кілдеп.-  Ой,  кәкпәс.  Өлтіріп  кеттім  бе  десем, 
тірі тұр ғой әлі. 
Сөйткен  Байдалы  шал  кейіннен  колхоз 
бастығы  Нұғыман  төсек  тартып  жатып  қалған-
нан  соң  өзінен  басқа  атқа  мінген  еркек  кіндік 
болмағандықтан  бастық  боп  сайланады  да 
алақандай  колхоздағы  шал-кемпір  мен  бала-
шағаның  басына  әңгір  таяқ  ойнатады.  Оның 
шын бет-бейнесі мына диалогтардан-ақ көрініп 
тұрғандай. 
«-  Әй,  Бектілеу,  мына  қағаздарды  менің 
алдыма кім қойғанын білесің бе? 
Бектілеу  әлгіндегідей  арыз  бен  акті  қағаз-
дарын қолына алып көрді де: 
- Жә,  бұл  қағаздарды  кім  қойғанын  білмей-
мін,  менің  қойып  кеткенім  мәлімет  қағаздар, - 
деп  барып,  Байдалы  шалдың  алдында  жатқан 
қағаздардың  ішінен  өзі  қойғандарын  тауып 
берді. - Міне, мына қағаздар, ал мыналарыңыз-
ды білмеймін. 
- Әй, сонда осы сендер не білесіңдер-ей, а?! 
Жалғыз  бастықтарыңның  алдына  кім  арыз 
қойып  кеткенін  бімейсіңдер.  Мына  қамшымен 
шеттеріңнен  пәре-пәрелеріңді  шығарсам,  обал 
жоқ  иттерсіңдер  ғой.  Тфу,  енді  қайтейін-ай! - 
деп  ыза  боп  бір  түкірді  де  қайтадан  атқарушы 
шалға бұрылды. - Әй, әлгі Бектай қайда жүр? 
- Ертеңгісі мал жаққа кеткен. 
ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. № 4
 (144). 2013 
Кейіпкер сөзі 

106 
 
 
 
ISSN 1563-0223                        Bulletin KazNU. Filology series. № 4 (144). 2013
- Әй, мына жақта дүние қирап жатқанда, ол 
малды  жау  шабады  дей  ме-ей,  а?!  Бар,  шақы-
рып  кел,  тез!  Осыдан  бірдеңе  көрем  демесе, 
жетсін тез!» 
«Ұры итке сұқ ит үйір» дегендей, оны саға-
лап Тұржан деген есірік жамағайыны келеді де 
атқарушы  боп  орналасып,  онсыз  да  титығына 
жетіп әрең жүрген колхозшылардың сорын сор-
падай  қайнатады.  Енді  екеуінің  диалогтарын 
келтірейін. 
« - Пай,  пай,  баяғының  болысы  да  бүйтіп 
отырған  жоқ  шығар!  Пай,  пай,  отырысыңнан 
айналайын, Байағам! - деді ернін сыпылдатып. 
- Аруақ!...  Аруақ!...  Жарықтық,  Шорағұл 
бабамыздың  аруағы  қолдаған  екен  де!...-  Енді 
сәл  болса  жылап  жіберердей  күйде  тұр. - 
Құлдық  еттім!...  Құлдық  еттім! - деп  басын 
еңкейтіп табалдырыққа тигізді. Тек сонан кейін 
ғана: 
- Кіруге рұқсат па, Байаға? - деген. 
- Кір, - деді Байдалы шал». 
Бұл  Байдалы  шал  бастық  болғанын  естіп 
Тұржанның  кеңсеге  келген  беттегі  әңгімесі. 
Енді екеуінің іштегі әңгімесін тыңдап көрелік. 
« - Байаға, сіздің бастық болғаныңызды есті-
генде,  төбем  көкке  жеткендей  қуандым, - деді 
Тұржан.-  Құдай,  аруақ  бар  екен  ғой,  біздің  де 
көз  жасымызды  көреді  екен  ғой  деп  жылап 
жібердім. Аруағыңнан айналайын, Шорағұл ба-
бам өзі қолдап жүр ғой сізді. 
- Жалғыз  мені  ғана  емес,  бүкіл  ұрпақтарын 
қолдап  жүр  ғой, жарықтық. Мына сені де  қол-
дайды. 
- Байаға, бөліп-жаратын несі бар, мына сізді 
қолдағаны - бізді қолдағаны ғой. 
- Оның рас. 
- Әне,  дәл  таптым  ба?!  А-а-а-а...-  деп  Тұр-
жан тағы да мәз болды». 
Топас  бастық  пен  жағымпаз  жылпостың 
әңгімесі осылай жараса кетеді. Ендігі диалогтан 
Тұржанның  үкіметті  де  алдап  жүргені  мәлім 
болады. 
«-  Әй,  осы  сені  әскерге  неге  алмады? - деп 
сұрады. 
- Ойбай-ау,  Байаға-ау,  менің  жасым  асып 
кеткен ғой. 
- Қалайша?  Қырыққа  енді  ғана  келдің  емес 
пе? 
- Анау жылы пашпыртымды жоғалттым деп 
қайта  пашпырт  алғанда  бір  мүшел  жасты 
қостырып  жазғызғам,  сонымен  әскерден  қала 
бердім.  Менің  тісіме  кім  қарап  жатыр,  тіпті 
қараса да тісім жоқ, а-а-а». 
Сөйтіп,  Байдалыны  құттықтай  кіріп,  көмек-
шісі  болып  шыққан  Тұржан  ер-азаматы  май-
данда  жүрген  қатын-қалаш,  кемпір-шал,  бала-
шағаны  бір  шыбықпен  айдап,  жатқызып-өргі-
зетін  болады.  Байдалы  бастық  екеуі  қорғансыз 
халыққа  әбден  тізесін  батырып,  қит  етсе,  қам-
шы  үйіріп,  қорқау  қасқырдай  қанқұмар  боп 
алады.  Үлкен  демей,  кіші  демей,  аузын  ашса, 
боқтап- балағаттап ала жөнеледі. 
Орыс ғалымы В. Одинцовтың мына бір пікі-
рін келтірелік: «Диалог - дербес, өз алдына аяқ-
талған  құрылым.  Бірақ,  диалог  дербес  те  емес, 
өйткені, ол шығарманың құрамына кіреді, сон-
дықтан,  оған  байланысты  әрі  тәуелді  болады. 
Диалогтың  негізгі  құрылымдық  өзегін  анықта-
ған  маңызды,  бірақ,  оның  жалпы  композиция-
лық-стильдік  принципке  тәуелді  екенін  ұғыну 
одан  да  маңыздырақ.  Диалогтың  құрылымы 
көп  жағынан  авторлық  баяндаудың  құрылымы 
арқылы анықталады», - дейді ол [5
,61
]. 
Демек,  көркем  диалог  дегеніміз  шығарма 
кейіпкерінің  әйтеуір  бір  өзара  айтқан  әңгімесі 
емес,  шығарманың  мазмұнын  ашуға,  автордың 
айтпақ  идеясына  қызмет  ететін  көркемдік  құ-
рал. Ал, орыс ғалымы В. Лагутин диалогты екі 
тұрғыдан: кең және тар мағынада қарастырады 
да, «...диалог - кең мағынада алғанда адам өмі-
рінің  жалпы  адамзат  қоғамының  өмір  сүруінің 
алғы шарты» деген тұжырым жасайды [6
, 7
]. 
Бұл  орайда  М.  Бахтин  екеуінің  пікірі  ұшта-
сып  жатқандай: «Табиғаты  жағынан  алғанда 
өмірдің  өзі  диалогқа  толы»  дей  келіп,  Бахтин 
бұл  ойын  тарата  түседі: «Өмір  сүру - диалогқа 
қатысу: сұрақ қою, зейін қойып тыңдау, жауап 
беру, келісу т.б. деген сөз» - дейді ол [7
, 318
]. 
Ал, көркем әдебиет өмірдің қыр-сырын көр-
кем  сөз  арқылы  бейнелейтін  өнердің  бір  түрі 
болғандықтан,  көркем  шығармада  диалогтың 
кеңінен  қолданылуы  да  табиғи  құбылыс  деп 
тұжырымдауға болады.  
Сонымен,  С.  Мұратбеков  шығармаларын-
дағы  диалог  түрінде  қолданылатын  кейіпкер 
сөзі  бірде  шығарма  оқиғасын  өрбітуге  қызмет 
етіп,  сюжеттік-композициялық  тұрғыдан,  енді 
бірде  кейіпкер  характерін  ашу,  образ  сомдау, 
кейіпкердің  көңіл-күйін  білдіру,  автордың  идея-
сын, позициясын анықтау т.б. тәрізді авторлық 
мақсатты  жүзеге  асыру  тұрғысынан  көркемдік 
тәсіл  ретінде  шеберлікпен  пайдаланғандығына 
көз  жеткіздік.  Біздің  бұл  пікірімізге  Сайын 
Мұратбековтың шығармаларындағы өзіндік өр-
некпен  қолданылған  кейіпкер  сөзінің  мысал-
дары дәлел бола алса керек. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   34




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет