References
1 Gosudarstvennaya programma razvitiya obrazovaniya Respubliki Kazahstan na 2011 – 2020 gody. Ukaz № 1118 Prezidenta
Respubliki Kazahstan ot 07.12.2010 goda // http://www.kgu.kz/doc/strateg_doc/5_GPRO_RK.pdf
2 Uchebnaya programma dlya eksperimental'nogo 11-go klassa po perehodu na 12-letnee obrazovanie obscheobrazovatel'noy
shkoly s russkim yazykom obucheniya / Sost. K.N. Bulatbaeva, M.T. Shakenova, M.A. Izmaylova, N.V. Pisarenko. – Astana: NAO
im. I. Altynsarina, 2013.
3 Altynbekova O.B., Zueva N.Yu. Russkiy yazyk. Uchebnik dlya obschestvenno-gumanitarnogo napravleniya po perehodu na
12-letnee obrazovanie obscheobrazovatel'noy shkoly s russkim yazykom obucheniya. – Almaty: Mektep, 2013.
4 Altynbekova O.B., Zueva N.Yu. Russkiy yazyk. Uchebnik dlya estestvenno-matematicheskogo napravleniya po perehodu na
12-letnee obrazovanie obscheobrazovatel'noy shkoly s russkim yazykom obucheniya. – Almaty: Mektep, 2013.
Переход на 12-летнюю модель образования в Казахстане: создание учебников русского языка
14
ISSN 1563-0223 Bulletin KazNU. Filology series. № 4
(144). 2013
ӘОЖ 811.512.122 36
Л.С. Дүйсембекова
ф.ғ.д. «Өрлеу» БА ҰО АО филиалы «АОБПКБАИ» деңгейлі бағдарламалар
орталығының жетекшісі, Қазақстан, Алматы қ.
е-mail: lyazzat_d69 @ mаil.ru
Аспектуалдылықтың түркі тілдерінде зерттелуі
Мақала аспектуалдылық категориясы зерттелуінің алғышарттарын анықтауға арналған. Аспектуалдылық
– семантикалық қызметтерінің негізінде біріккен қимылдың уақытқа қатысты өту сипатын білдіретін
(морфологиялық, сөзжасамдық, синтаксистік, лексикалық, лексика-грамматикалық, т.б.) тілдік құралдардың
жиынтығынан тұратын функционалды-семантикалық категория. Жалпы тіл білімінде аспектология жеке сала
ретінде қалыптасқанымен, түркітануда оның функционалды-семантикалық категория ретінде танылуына
қатысты шешілмеген бірқатар мәселелер болды. Оның негізгісі – бүгінгі күнге дейін аспектуалды мағына
беретін тілдік бірліктердің жете зерттелмеуі, аспектуалдылықтың функционалды-семантикалық категория
ретіндегі компоненттері мен құрылымының, аспектологиялық деривация жолдары мен оны білдіретін тілдік
құралдардың толық анықталмауы. Бұл айтылғандардың ең басты себебі орыс тіліндегі етістіктің вид
морфологиялық категориясының түркі тілдерінде баламасы бар ма, әлде жоқ па деген даулы мәселеге
қатысты болды. Ғалымдар арасында үлкен дау тудырған осы «кішкентай» мәселе ұзақ жылдар бойы
аспектологияның түркі тілдерінде жеке сала ретінде қалыптасуына кері әсер етті.
Түйін сөздер: аспектуалдылық, аспектология, сипат, өту, амал, етістік, көрініс.
Л.С. Дуйсембекова
Проблема исследования аспектуальности в тюркских языках
Статья посвящена определению предпосылок изучения категории аспектуальности. Аспектуальность –
это функционально-семантическая категория, включающая в себе взаимодействующие языковые средства
(морфологические, синтаксические, словообразовательные, лексико-грамматические, ленксические и др.),
объединенные общностью семантических функций, принадлежащих к области аспектуальных отношений,
содержание которых заключается в передаче характере протекания и распределения действия во времени. В
тюркологической литературе высказываются самые разные точки зрения относительно аспектуальности.
Рассмотрение данной категории вызывает определенные трудности, которые обусловлены сложностью
функционально-семантического поля аспектуальности тюркского глагола, а также разными подходами
тюркологов к интерпретации данной категории. Развитие тюркологии последних лет отмечено углубленным
интересом к функционально-семантическим исследованиям. В этой области сделано немало. Однако функ-
ционально-семантическая характеристика категории аспектуальности еще не получила должного освещения.
Ключевые слова: аспектуальность, аспектология, характер, протекания, действие, глагол, вид.
L.S. Duisembekova
Aspectuality research problem in turk languages
This article devoted to determining the preconditions study category of aspectuality. Aspectuality is the
functional-semantic category, includes interacting language funds (morphological, syntactic, lexical and grammatical,
and other), united by common of semantic functions, belonging to the aspectual relations, and their content is to
transfer the character of the flow and distribution the actions in time. In turk literature expressed the most different
views about aspectuality. To consider this category causes difficulties, which is due to the complexity of functional-
semantic area of turk verb aspectuality, and also turkologists different approaches to interpretation this category.
Development of turkology in recent years noted the profound interest to the functional-semantic researches, which is
a lot. However, functional-semantic characterization of aspectualty category has not received proper lighting yet.
Key words: aspectualty, character, action, verb, type.
___________________________________
Тілдің негізгі қызметі ретінде әдетте оның
номинативтік, коммуникативтік және когни-
тивтік қызметтері аталады. Сөйлеу үрдісінде
айтушы да, тыңдаушы да ақпаратты өзінің
эмоциялық күйіне қарай қабылдайды, өзінше
пайымдайды. Сөйлеу үрдісіне өзек болып тұр-
ған ақпаратты жеткізу үшін сөйлеуші лекси-
калық, сөзжасамдық, морфологиялық, синтак-
систік, мәнмәтіндік, мәтіндік, интонациялық,
экспрессивтік, эмоционалдық т.б. да тілдік құ-
Л.С. Дүйсембекова
15
Вестник КазНУ. Серия филологическая. № 4(144). 2013
ралдарды қолданады. Тілдің жүйелік прин-
ципіне сәйкес бұл вербалды құралдар ішкі
деңгейлерге бөлінеді. Мұндай жағдайда мағы-
налық талдау белгілі бір грамматикалық бір-
ліктердің, категориялардың аясында жүргізі-
леді. Функционалды грамматика теориясының
негізін салушылардың пікірінше «тілдік құбы-
лыстарға функционалды-семантикалық тұрғы-
да қарау түрлі құрылымдық құралдар арқылы
білдірілген ұқсас мағыналарға кешенді түрде
қарау болып табылады. Функционалды-семан-
тикалық талдауға жеке тіл деңгейлері тұрғы-
сындағы сипаттау шеңберінен шыға қарастыр-
ғанда ғана қол жеткізуге болады» [1, 3]. Сон-
дықтан қазіргі тіл біліміндегі басым бағыттар-
дың бірі түрлі деңгейдегі тілдік құбылыстарды
олардың атқаратын қызметінің ұқсастығы, ор-
тақтығы негізінде кешенді қарастыру болып
табылады.
Жүйелік-құрылымдық және функционалдық
аспект бірлігі принципіне негізделген грамма-
тика функционалды грамматика деп аталады.
Функционалды грамматика ойды жеткізуші
грамматикалық бірліктер қызметінің заңды-
лықтарын тілдік жүйенің түрлі деңгейдегі эле-
менттерімен өзара арақатынаста зерттейді.
Функционалды грамматика тілдік құралдар-
дың қызметін формадан мағынаға қарай ғана
емес, мағынадан формаға қарай да үндестіре
зерттейді. Бұл бағыттағы зерттеулерде басым-
дық формаға емес, мағынаға беріледі, зерттеу
нәтижесінде нақты бір мағынаны беретін тіл-
дік құралдардың жиынтығы анықталады. Функ-
ционалды грамматиканың негізгі зерттеу пәні
функционалдық негізі бар тілдік бірліктер –
семантикалық категория.
Семантикалық категорияның бірі – аспек-
туалдылық. Аспектуалдылық термині қазақ
тіліне аударғанда сыртқы көрініс, түр, сипат
мағынасын беретін aspektus (латын) сөзінен
қалыптасқан. Аспектуалдылық – қимылдың
уақытқа қатысты өту сипатын білдіретін мор-
фологиялық, сөзжасамдық, синтаксистік, лек-
сикалық, лексика-грамматикалық т.б. тілдік
құралдар жиынтығы. Аспектуалдылық функ-
ционалды-семантикалық категория ретінде
зерттеле келе ХХ ғасырдың ортасынан бастап
аспектология деп аталатын тіл білімінің жеке
бір саласы ретінде қалыптаса бастады.
Жалпы тіл білімінде аспектология жеке
сала ретінде қалыптасқанымен түркітануда
оның функционалды-семантикалық категория
ретінде танылуына қатысты шешілмеген бір-
қатар мәселелер болды. Оның негізгісі – бү-
гінгі күнге дейін аспектуалды мағына беретін
тілдік бірліктердің жете зерттелмеуі, аспек-
туалдылықтың фуңкционалды-семантикалық
категория ретіндегі компоненттері мен құры-
лымының, аспектологиялық деривация жол-
дары мен оны білдіретін тілдік құралдардың
толық анықталмауы. Бұл айтылғандардың ең
басты себебі орыс тіліндегі етістіктің вид мор-
фологиялық категориясының түркі тілдерінде
баламасы бар ма әлде жоқ па деген даулы
мәселеге қатысты болды. Ғалымдар арасында
үлкен дау тудырған осы «кішкентай» мәселе
ұзақ жылдар бойы аспектологияның түркі тіл-
дерінде жеке сала ретінде қалыптасуына кері
әсер етті.
Түркітанушылардың бір тобы (Н.И. Ашмарин,
Р.С. Газизов, Ф.А. Ганиев, М.З. Закиев,
Н.Ф. Катанов, С.К. Кеңесбаев, В.М. Насилов,
Р.З. Мурясов, Д.М. Насилов, Н.О. Оралбаева,
Б.А. Серебренников, А.Н. Тихонов, В.Н. Хан-
гильдин, А.М. Щербак т.б.) славян тілдеріне
тән етістіктің вид категориясы түркі тілдеріне
тән емес десе, енді бір тобы (З.И. Алиева,
А. Архангельский, Н.З. Бакеева, В.А. Богоро-
дицкий, А.К. Боровков, Н.Э. Гаджиахметов,
М.Х. Курбангалиев, Г.Ш. Шарипова, М.К. Ұйық-
баев, Ы.Е. Маманов т.б.) етістіктің вид катего-
риясы түркі тілдерінде бар, бірақ етістік фор-
маларының өзіне тән ерекшеліктері кездеседі
деген пікірде болды. 1956 жылдың 24-27 қыр-
күйегі арасында Алматыда арнайы өткізілген
түркітанушылардың үйлестірілген мәжілісінде
осы мәселе кеңінен талқыланды. Мәжілісте
бұл мәселеге қатысты түркітанушылар пікірі
екіге жарылды. Екі түрлі көзқарас одан кейін
де өзгерген жоқ.
Мұндай көзқарастың туындауына сол ке-
зеңде (кеңестік кезеңде) орыс тіл білімінің
түркітанушылар үшін эталон тіл ретінде қыз-
мет еткені үлкен ықпал етті. ХХ ғасырдың
жиырмасыншы жылдары зерттелуі енді қолға
алына бастаған кеңестік кеңістіктегі түркі тіл-
дерімен салыстырғанда орыс тілінің зерттелу
тарихы тереңдеу болғанының да өзіндік рөл
ойнағаны сөзсіз. Сол кездегі түркі грамматика-
сын зерттеуші лингвист ғалымдар көп мәсе-
лені орыс тілінің заңдылықтарын негізге ала
отырып қарастырғандықтан кей жағдайда ана
тілінің (туыс емес тілдің) ерекшеліктері назар-
дан тыс қалған болуы да мүмкін.
Процесті аспектуалды интерпретация аясын-
да қарастыра отырып Ю.С. Малов әр тілдің
өзіндік айырмашылықтарын көрсетудің ма-
ңыздылығын айта келе: «не судить один язык
Аспектуалдылықтың түркі тілдерінде зерттелуі
ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. № 4
(144). 2013
16
ISSN 1563-0223 Bulletin KazNU. Filology series. № 4
(144). 2013
по законам другого, не рассматривать отно-
шения и категории одного языка (например
русского) в качестве «нормы», а в другом
языке видеть «отклонение от нормы», «не-
ческость нормы» и т.д. нужно всегда иметь
ввиду многообразие возможных аспектуаль-
ных «оценок» и возможность их разной ком-
бинации друг с другом в составе многознач-
ных, полифункциональных граммем» – деп
жазады [2, 347].
Түркі тілдеріндегі аспектуалды мағыналы
етістік формалары мен аналитикалық құры-
лымдар А. Казембек, И. Гиганов, Г. Алпаров,
М. Иванов, К. Насыри еңбектерінде вид кате-
гориясына қатыссыз қарастырылған. Башқұрт
тілінің алғашқы грамматикасының авторлары,
бірқатар лингвист ғалымдар да (А. Мансұров,
Г. Киекбаев) аспектуалды мағыналы етістік
формаларын вид категориясына қатыссыз
қарастырады. Н.К. Дмитриев, А.И. Харисов,
Р.Н. Төреғүлова, К.З. Ахмеров т.б. башқұрт-
танушы ғалымдар амалдың өту сипатын білді-
ретін аналитикалық және морфологиялық құ-
ралдардың бірқатарын вид категориясына жат-
қызады, бірақ олардың өзіндік ерекшеліктерін
де атап өтеді. Ал Б.Н. Головин, Р.З. Мурясов,
К.З. Закирьянов өз еңбектерінде башқұрт тілі-
не етістіктің вид категориясының тән емес деген
пікірді ұстанады.
Қазір жоғары оқу орындарына арнап жа-
зылған оқулықтар мен оқу құралдарында баш-
құрт тіліндегі вид категориясы көрсетіліп жүр.
Бірақ олардың мағынасы славян тілдеріндегі
аталған категорияға қатысты қалыптасқан тү-
сініктен өзгеше. Бүгінгі таңдағы ғылыми зерт-
теулер нәтижесі тұрғысынан алғанда бірқатар
теориялық түсініктер қазіргі аспектология
ұғымы аясында қайта қарастыруды қажет
етеді. Р.А. Абуталипова өз зерттеуінде: «Мыс
исходим из того, что в башкирском языке, как
и в других тюркских языках, грамматическая
категория глагольного вида отсутствует. Сле-
довательно, при описании функционально-се-
мантической категории аспектуальности бу-
дем ориентироваться на другие вербальные
средства репрезентации аспектуальных значе-
ний – синтаксические, лексичсекие, морфоло-
гические, контекстные, интонационные и ком-
бинированные, которые относятся к разным
ярусам языковой иерархии» – деп жазады [3,
10].
Амал-әрекеттің өту сипаты мен жаса-
луындағы түрлі ерекшеліктер түркі тілдерін
зерттеушілер назарына ертеден-ақ іліккен.
П.М. Мелиорнаский, В.В. Катаринский, М. Те-
рентьев т.б. ғалымдардың XIX ғасырда жарық
көрген қазақ тіліне қатысты жазылған еңбек-
терінде қимылдың жасалуындағы ерекшелік-
тер көмекші етістіктердің қызметі тұрғысынан
сөз болады. Қазақ тіліндегі көмекші етістік-
тердің қызметі мен мағынасына қатысты тіл
білімінде әр түрлі көзқарастар мен пікірлер
болды. Ол көзқарастардың, талас туғызып
келген мәселенің бірқатары көрініс (орыс ті-
ліндегі вид категориясы) категориясымен бай-
ланысты болды. Славян тілдеріне тән көрініс
категориясы қазақ тілінде бар ма жоқ па деген
мәселе көп уақыт шешімін таппай даулы мәсе-
леге айналды. Н.К. Дмитриев, Н. Баскаков,
Л.И. Харитонов, А.И. Харисов өз еңбектерінде
түркі тілдерінде көрініс категориясы бар
екендігін дәлелдеді. И. Ұйықбаев қазақ тілінің
материалдары бойынша көрініс категориясына
қатысты кандидаттық диссертация қорғады.
Етістікті зерттеуші Ы. Маманов, Х. Махмудов,
Н. Сауранбаев сынды ғалымдар да қазақ
тілінде көрініс категориясы бар деген пікір-
де болды. Бұл көзқарастың қалыптасуына:
1) Н.К. Дмитриев, Н.А. Баскаков сияқты бе-
делді түркітанушы ғалымдардың тұжырым-
дары; 2) сол кездегі қазақ тіл біліміне қатысты
зерттеу жұмыстарына тигізген орыс тіл білі-
мінің ықпалы; 3) етістіктің терең зерттелмеуі
сияқты факторлар әсер еткен деп есептейміз.
Профессор Қ. Жұбановтың 1936 жылы жа-
рық көрген «Заметки о вспомогательных и
сложных глаголах» атты мақаласында түркі
тілдерінде, оның ішінде қазақ тілінде қимыл-
дың жасалуының өте дәл суреттелетіндігі, ол
орыс тілінің вид категориясына ұқсағанымен
онымен бірдей емес екендігі жайында айты-
лады. Қ. Жұбановтың өз пікірін келтірейік:
«Являясь по строю типичным агглютинатив-
ным, с довольно значительным сохранением
следов синкретизма, казахский язык пережи-
вает ту стадию морфологической зрелости, ко-
торая делает категорию его глаголов запутан-
ной не менее, чем в грузинском языке. Сколь-
ко одних времен в казахском! Сколько в осо-
бенности тех уточнений хода и условия дей-
ствия, которые напоминают виды славянских
языков, но не тождественны с ними! Часто
бывает трудно установить, имеем ли дело с
наращениями одного глагола или же с целым
сочетанием слов синтаксического порядка. В
последнем случае нелегко узнать, где кон-
чается один слог и начинается другой. Значи-
тельная часть основных глаголов употреб-
Л.С. Дүйсембекова
17
Вестник КазНУ. Серия филологическая. № 4(144). 2013
ляется и в качестве вспомогательных, поэтому
порой трудно различить, употреблен ли тот
или иной глагол во вспомогательном значении
или основном » [4, 457 ]. Қазақ тілінде «вид
категориясының» грамматикалық категория
ретінде қалыптасуы мүмкін емес екендігі ту-
ралы Қ. Жұбановтың аталған мақаласы жа-
рияланғаннан кейін де бұл мәселеге нүкте
қойылмады. 1956 жылы осы мәселеге байла-
нысты арнайы өткізілген ғылыми-теориялық
кеңесте негізгі баяндама жасаған Б.А. Сере-
бренников түркі тілдерінде көріністің грамма-
тикалық категория ретінде танылуы мүмкін
емес екендігі жайлы ғылыми пікірін негіздеді.
1954 жылы жарық көрген академиялық
грамматикада амалдың өту сипатына қатысты
мәлімет берілмейді. 1967 жылы жарық көрген
академиялық грамматикада амалдың өту си-
патын көрсететін грамматикалық формалар
етістіктің сөз тудырушы формалары мен сипат
категориясының құрамында қарастырылады.
А. Ысқақов қимылдың, іс-әрекеттің, амалдың
жасалуының түрлілігін көрсететін -қыла,-кіле,
-мала, -меле сияқты қосымшалар мен -п отыр,
-п тұр, -п жатыр, -п жүр сияқты аналитика-
лық формаларды жеке бөліп алып амалдың өту
сипаты категориясы деп атайды [5, 133]. Қи-
мылдың өту сипаты категориясының ғылыми-
теориялық негізін жасауға өзіндік үлес қосқан
Н. Оралбаева қимылдың өту сипатын ішкі
мағыналық ерекшеліктеріне қарай екіге бө-
леді: 1. Қимылдың тәсілі; 2. Қимылдың даму
сатысы [6, 253]. Зерттеушінің 1971 жылы
қорғалған докторлық диисертациясында түркі
тілдерінде, оның ішінде қазақ тіліндегі қимыл-
дың өту сипаты категориясы ғылыми тұрғыда
дәлелденіп, оның ішкі құрамы қимыл тәсілі
мен қимылдың даму сатысынан тұратындығы
айтылады. Қазақ тіліндегі қимылдың өту сипа-
тының жекелеген мәселелері бірнеше ғылыми-
зерттеу жұмысының нысаны болды. Бұл ретте
С.М. Маралбаеваның «Семантика процессности
действия и способы выражения ее в казахском
языке» (Алма-Ата, 1991), А.Т. Шарапиденова-
ның «Начинательность в системе категории
аспектуальности казахского и русского языков»
(Алматы, 1994), Қ. Мұхамадидың «Қазіргі қа-
зақ тіліндегі қимылдың тездік тәсілінің мағы-
налық құрамы мен берілу жолдары» (Алматы,
1997), Қ. Бибековтың «Қазіргі қазақ тіліндегі
қимылдың аяқталу кезеңі және оның берілу
жолдары» (Алматы, 2000) тақырыбындағы кан-
дидаттық диссертацияларын атауға болады.
Қазақ және орыс тілдерін салыстырмалы-типо-
логиялық тұрғыда зерттеген З.К. Ахметжанова
«Функционально-семантическое поле русского
и казахского языков» (Алма-Ата, 1989) атты
монографиясында қимылдың өту спаты кате-
гориясын да арнайы қарастырады. 2002 жылы
жарық көрген академиялық грамматикада амал-
дың өту сипаты етістіктің дербес категориясы
ретінде көрсетіледі. Тіл біліміндегі қимылдың,
амал-әрекеттің жасалу фазалары мен жасалу
тәсілдеріне байланысты айтылған ой-пікірлер
мен түрлі көзқарастарға, жазылған зерттеу жұ-
мыстарына жасалған шолу бұл тілдік құбы-
лыстың табиғитының өте күрделі екендігін
көрсетті.
Кез келген амал-әрекет сияқты эмоциялық
процестер де ешқашан біркелкі орындалмайды.
Эмоциялық процестердің шапшаң я баяу, шұ-
ғыл не созылыңқы, тыңғылықты не босаң,
біркелкі не үздік-создық т.б. түрлері кездеседі.
Осы мағыналық реңктердің барлығы амалдың
өту сипаты семантикасының аясына енеді.
Эмоциялық процестің түрліше жасалуы тілде
түрлі тәсілдер арқылы білдіріледі. Олар етіс-
тіктің грамматикалық формалары арқылы жү-
зеге асырылады. Етістік грамматикалық фор-
маларсыз, түрлі амал-тәсілдерсіз эмоциялық
процестің өтуінің түрлі сипатын көрсете ала-
майды. Төмендегі сөйлемдерге назар аударайық.
Жүрегі сыздап қоя берді (М. Мағауин).
– Бос сөз сөйлемеңдер! – Ерекең жастар
жағына зекіп қалды (Т. Әбдіков).
Бір күні әжесі күрсініп жылай берген соң,
Қартқожа шыдай алмай, ойлап жүргенін
айтты (Ж. Аймауытов).
Осы мысалдарда берілген етістіктерде көрі-
ніс беріп тұрған эмоциялардың өту сипаты бір-
біріне ұқсамайды. Әрқайсысы әр түрлі жасал-
ған. Мәселен, жүрегі сыздап қоя берді деген-
де эмоциялық процестің енді басталғандығы
білдірілген, ал зекіп қалды дегенде аяқ асты-
нан жасалған амал-әрекет білдірілген, жылай
берген соң дегенде эмоциялық процестің жиі
қайталанғандығы білдірілген. Қимылдың жаса-
луындағы осындай алуан түрлі ерекшеліктерді
дәлме-дәл көрсететін қазақ тілінің граммати-
калық құрылысындағы арнайы категория қи-
мылдың өту сипаты категориясы деп аталады.
Н. Оралбаева. «Қимылдың өту сипаты ка-
тегориясы – көп мағыналы категория. Өйткені
қимылдың жасалу тәсілі әр түрлі, қимылдың
жасалу тәсілі осы категорияның мазмұны бол-
ғандықтан, категория – көп мағыналы. Бір қи-
мылдың жасалуына бірнеше тәсіл қатыса бе-
реді. Себебі қимыл атаулы тез аяқтала бер-
Аспектуалдылықтың түркі тілдерінде зерттелуі
ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. № 4
(144). 2013
18
ISSN 1563-0223 Bulletin KazNU. Filology series. № 4
(144). 2013
мейді, сондықтан қимыл аяқталғанша бірнеше
тәсілден өтуі мүмкін. Осымен байланысты
етістіктің құрамында қимылдың өту сипаты
категориясының бірнеше көрсеткіштері қолда-
ныла береді» деп жазады [6, 257]. Қимылдың
өту сипаты категориясының көрсеткіштерін
екі топқа топтауға болады:
1) қосымшалар яғни грамматикалық жұр-
нақтар;
2) аналитикалық форманттар.
Қазіргі қазақ тілінде амалдың өту сипатын
білдіретін қосымшалар мен аналитикалық фор-
манттар етістіктің құрамында арнайы жіктеліп
беріледі. Бірақ амалдың өту сипатына қатысты
даулы пікірлер әлі де айтылады. Амалдың өту
сипаты мен оған байланысып жатқан бірнеше
категорияның арасын нақтылап ашып көрсете-
тін ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілуі тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |