Н. Ю. Зуева (жауапты хатшы), О. Б. Алтынбекова, Г. Б. Мәдиева


ізденістер мен жаңа мүмкіндіктер, проблемалар



Pdf көрінісі
бет12/46
Дата15.03.2017
өлшемі3,99 Mb.
#9386
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   46

ізденістер мен жаңа мүмкіндіктер, проблемалар 
 
Мақалада тіл біліміндегі іргелі бағыттардың бірі әлеуметтік лингвистиканың зерттеу нысаны, оның қол 
жеткен  табыстары  мен  нәтижелері  сөз  болады.  Автор  Қазақстандағы  әлеуметтік  лингвистиканың  бұрынғы 
КСРО-дағы әлеуметтік лингвистикалық  бағыттың негізінде қалыптасқанын, еліміздің тәуелсіздік алғанынан 
бергі  жылдарда  республикадағы  тілдік  жағдаят,  тіл  саясаты,  оның  өзіндік  бағыттары  арнайы  зерттелгенін, 
республиканың  өзіндік  тілдік  құрылысы  және  онымен  байланысты  мәселелер  ғылыми  шешімін  таба 
бастағанын  қарастырады.  Бұл  бағытта  аға  буын  ғалымдардың,  сондай-ақ  кейінгі  жас  ғалымдардың  да 
еңбектеріне  шолулар  жасайды.  Қазақстандағы  тілдік  құрылыс  пен  тілдік  ахуалды  зерттеуші  ғалымдардың 
еңбектеріндегі  әлеуметтік  лингвистиканың  ең  өзекті  деген  проблемалары  талданады.  Солардың  ішінде 
әсіресе  мемлекеттік  тілдің  қолданылуы,  қоғамдық  мәні  мен  қызметі,  орыс  тілінің  және  өзге  тілдердің 
әлеуметтік  коммуникативтік  жүйедегі  орны,  қостілділік,  көптілділік,  тіл  дамытуды  саналы  басқару  мен 
реттеу, тіл саясаты, т.б. проблемалар жан-жақты қаралып, ғылыми айналымға түскенін көрсетеді.  
Автор мақаласында  әлеуметтік  лингвистиканың нысанасы - қолданыстағы тіл, ал тіл қоғамда белгілі бір 
әлеуметтік құрылымдарға ие бола отырып, қаншалықты қызмет етсе, тілді әлеуметтік контексте зерттейтін 
әлеуметтік лингвистика ғылымы туралы да соншалықты айтуға болады деген тұжырым жасайды.   
Түйін  сөздер:  әлеуметтік  лингвистика,  тілдік  жағдаят,  тіл  саясаты,  әлеуметтік  коммуникативтік  жүйе, 
Қазақстандағы тілдік ахуал, мемлекетік тіл. 
 
А. Абасилов 
Исследования по социальной лингвистике в Казахстане: 
поиски и перспективы, новые проблемы 
 
В  статье  рассматриваются  объект,  достижения  и  результаты  одного  из  основного  направления  лин-
гвистики – социальной  лингвистики.  Автор  отмечает,  что  социальная  лингвистика  в  Казахстане  сформиро-
валась  на  основе  социальной  лингвистики  бывшего  СССР,  а  языковая  ситуация,  языковая  политика  и  ее 
аспекты  стали специально  изучаться  в  период  независимости  страны,  и  особая  языковая структура  респуб-
лики  и  связанные  с  ней  проблемы  стали  находить  свое  решение.  В  статье  делается  обзор  трудов  ученых 
старшего  поколения,  а  также  молодых  исследователей.  Автор  анализирует  наиболее  важные  и  актуальные 
проблемы  социальной  лингвистики,  затронутые  в  работах  ученых,  исследовавших  строение  и  состояние 
языка в Казахстане. Всесторонне изучены и вошли в научный оборот проблемы применения, общественной 
роли  и  функции  государственного  языка,  определения  места  русского  и  других  языков  в  социальной  ком-
муникативной  системе,  вопросы  двуязычия,  полиязычия,  сознательного  управления  и  упорядочения  про-
цесса развития языка, языковой политики и др. 
Автор данной статьи приходит к выводу о том, что объект социальной лингвистики – фукционирующий 
язык, а язык в обществе  приобретает определенные  социальные структуры и выполняет важные функции, 
следовательно, социальная лингвистика как наука занимается исследованием языка в социальном контексте.   
Ключевые слова: социальная лингвистика, языковая ситуация, языковая политика, социальная комму-
никативная система, состояние языка в Казахстане, государственный язык. 
 
A. Abasilov 
Research on social linguistics in Kazakhstan: searches, 
prospects and new problems 
 
In this article the author considers the object, the goals and the results of one of the basic branches of linguistics 
– social linguistics. The author marked that social linguistics in Kazakhstan was formed on the basis of the former 
USSR social linguistics. And the language situation, the politics and its aspects had been started to be 
speciallystudied in the period the country got its sovereignty, so the state specific language structure and the problems 
related were started to be solved. A review of the older generation scientists works and that of young researches is 
given in the article. The author analyzes the most essential and actual problems of the state language application, its 
social role and functions, the definition of the place of Russian and other languages in a social communication 
Қазақстандағы  әлеуметтік лингвстикалық  зерттеулер: ізденістер мен жаңа мүмкіндіктер...  

66 
 
Вестник КазНУ. Серия филологическая. № 3(149). 2014
 
system, bilingualism and polylingualism issues,  and the problems of conscience governing and regulating the process 
of language evolution, language politics and etc. 
The author comes to a conclusion that the object of social linguistics is a functioning language, and in a society 
language acquires specific social structures and performs extremely important functions, hence social linguistics as a 
science deals with the language investigations in a social context. 
Key words: social linguistics, language situation, language politics, social communication system, language 
status in Kazakhstan, state language. 
___________________________________ 
 
Тіл  маманын  даярлауда,  олардың  лингвис-
тикалық  дүниетанымын  кеңейту  мен  тереңде-
туде «Тіл біліміне кіріспе», «Жалпы тіл білімі» 
атты  жалпылингвистикалық  пәндерге  үлкен 
мән  беріледі.  Бұлар  тіл,  оның  табиғаты,  тарихы 
мен даму заңдылықтары, лингвистикалық тал-
дау,  зерттеу  әдіс-тәсілдері,  тіл  білімінің  сала-
лары,  олардың  өзіндік  бағыттары  бойынша 
барынша  толық  теориялық  мәліметтер  береді. 
Тіл  біліміндегі  осындай  іргелі  бағыттардың  бірі 
қазіргі тіл ғылымында өзіндік зерттеу нысаны 
мен  әдіс-тәсілдері  қалыптасқан  саласы  әлеу-
меттік лингвистика болып табылады. Оның бү-
гінгі таңдағы қол жеткен табыстары мен нәти-
желері де ұлан-ғайыр. Алайда еліміздегі жоға-
ры  оқу  орындарында  жоғарыда  аталған  жал-
пылингвистикалық пәндер оқулықтарында әлеу-
меттік  лингвистика  қазіргі  тіл  білімінің  бір 
бағыты  ретінде  жалпылама  ғана  қарастырады. 
Оның өзіндік зерттеу проблемалары ұғымдық-
терминалогиялық  аппараты  ашылып  көрсетіл-
мейді.  Ал  кейбір  негізгі  мамандық  топтама-
сындағы оқулықтарда тілдік материалды әлеу-
меттік лингвистикалық тұрғыдан қарау, талдау 
жағы  мүлдем  жоқ.  Бұларда  тілді  оқыту  мен 
меңгертудің  дәстүрлі  әдістері  сөздіктер  мен 
грамматикаға  негізделіп,  ол  тілдің  ішкі  жүйе-
сіне,  сөзді  дұрыс  пайдалану  мен  синтаксистік 
құрылысқа  ғана  байланысытырылады.  Шын-
дығында  тілді  пайдалану  мен  қолдану  сөй-
леушілердің  әлеуметтік  сипаттамасына  және 
сөйлеу жағдаятына байланысты болатыны бел-
гілі. Демек, тілді оқытудың барынша тиімділігі 
сол – оны оқыту әдістемелерінде, оқу құралда-
рында тек  дәстүрлі  лингвистикалық  ережежер 
мен  ұсыныстар  ғана  қамтылмай,  әртүрлі  мән-
дегі  «сыртқы»  факторлар  да  ескерілуі  керек. 
Ал  мұндай  сыртқы  факторлармен,  яғни  тілдің 
қоғамдық мәні, дамуы мен қызмет етуі, қоғам-
ның  тілге,  тілдің  қоғамға  әсер  ету  мәселеле-
рімен айналысатын бірден-бір пән - әлеуметтік 
лингвистика. 
Қандай бір ғылымның объективті шындық-
ты  сипаттайтын  өзіндік  ұғымдар  жиынтығы 
болады,  бұл  оның  пәні  деп  аталады.  Мысалы, 
тіл  білімі  тілдің  дыбыстық  жүйесін,  сөздік 
қоры мен грамматикалық құрылысын қарасты- 
 
рады.  Тілдің  осы  жүйелерін  фонетика,  лекси-
кология  және  грамматика  салаларында  қарас-
тырылып,  өз  ішінде  алуан  түрлі  ұғым-түсінік-
термен,  оларға  қатысты  терминдермен  түсін-
дірілетіні  мектеп  қабырғасынан  белгілі.  Ал 
әлеуметтік  лингвистиканың  пәні  не,  ол  тілді 
қалай зерттейді? 
Қарапайым тілмен айтқанда, адамның тілі-
не,  оның  күнделікті  сөйлеу  дағдысына  әлеу-
меттік  ортаның  көптеген  әсерлері  болады. 
Міне, осыны әлеуметтік лингвистика қарасты-
рады.  Егер  мұны  бізге  жете  таныс  «дәстүрлі» 
лингвистикамен салыстыратын  болсақ,  ол  тіл-
дік таңбаны (дыбыс, сөз, морфема, аффикс, сөз 
тіркесі, сөйлем) айтылым, жазылым түрлеріне, 
мағынасына, бір-бірімен қатынасына, олардың 
уақыт бойында өзгеруіне талдау жасаса, әлеу-
меттік лингвистика сол тілдік таңбаларды адам-
дар  жасына,  жынысына,  әлеуметтік  жағдайы-
на,  ортасына,  білім  деңгейіне,  мәдени  ұста-
нымсына  т.с.с.  байланысты  қалай  пайдала-
нады: бәрі бірдей ме, әлде әр түрлі қолдана ма 
дегенге баса назар аударады. 
Адамның  сөйлеу  ерекшелігі  көбінесе  қа-
рым-қатынас  жағдаятына  тәуелді  болады.  Әр-
бір  жағдаятта  адам  әр  түрлі  сөйлейді:  әңгіме-
лесушімен  тең  жағдайда  немесе  одан  өзін  жо-
ғары, басым ұстауы (кейде оған тәуелді болуы) 
мүмкін.  Жалпы  адамдар  қоғамда  бір-бірімен 
қарым-қатынас  жасағанда  әр  алуан  рөлдерді: 
әке-бала, күйеу-әйел, бастық-бағынышты-қыз-
меткер, жұмысшы, сатушы-сатып алушы, дәрі-
гер-емделуші,  мұғалім-оқытушы,  оқытушы-
студент  т.б.  орындайды.  Осындай  рөл  түрлері 
сөйлеу  мен  сөз  саптау  дағдысының  ерекшелі-
гін  танытады.  Айталық,  бала  әкесімен  құрда-
сындай  сөйлеспейді.  Сондай-ақ  студент  пен 
оқытушының,  дәрігер  мен  емделушінің,  бас-
тық  пен  бағыныштының сөз  саптаулары қала-
лық көліктегі таныс не таныс емес адамдардың 
сөйлесулеріндегідей болмайды. Осы айтылған-
дардан көріп отырғанымыздай әлеуметтік лин-
гвистика өз назарын тілге, тілдің ішкі құрылы-
сына  емес,  оның  қоғамда  қалай  қолданыла-
тынына  аударады.  Осыған  байланысты  оған 
әсер ететін факторлар, сөйлеушілердің әр алуан 
сипттамаларынан  бастап  (жасы,  жынысы,  бі- 
 
А. Абасилов 

67 
 
 
 
 
ISSN 1563-0223                        Bulletin KazNU. Filology series. № 3(149). 2014
лім, кәсібі т.б.),  нақтылы сөйлеу ерекшелігіне 
дейін есепке алынады. 
Әлеуметтік лингвистика тілді дұрыстап сөй-
леп, дұрыс қолданушылармен емес, өз сөйлеу-
лерінде  қоғамда,  тілдік  ортада  қалыптасқан 
тілдік  норманы  бұзатын,  қателесетін,  бірнеше 
тілдік  стильдерді  немесе  бірнеше  тілдің  эле-
менттерін  араластыратын  нақтылы  адамдарды 
нысана етеді. Тілді қолданудағы осындай бар-
лық ерекшеліктерді білу, оларды талдап түсін-
діру,  болу  себептерін  анықтау  тілді  дамыту 
жұмыстары үшін маңызды мәселе болып табы-
лады.  Зерттеу  нысаны  тілдің  қоғамдағы  қыз-
мет  етуі  болып  табылатынын  әлеуметтік  лин-
гвистика  тілдің  ішкі  құрылымын  жалпы  мәлі-
мет  ретінде  қабылдағанымен  оны  арнайы  қа-
растырмайды.  
Дүниеде бір тіл емес, екі тіл немесе одан да 
көп тілдер қолданылатын қоғамдар (мемлекет, 
ел, аймақ т.б.) бар. Міне, осындай екі, үш одан 
да көп тіл қызмет ететін қоғамдағы әлеуметтік 
лингвистиканың нысанасы қандай? Мұндай жағ-
дайда  әлеуметтік лингвистика бірнеше тілдер-
дің  өзара  қарым-қатынаста  қызмет  ету  тетігін 
зерттейді. Олар әлеуметтік өмірдің қандай сала-
ларында қолданылады? Қандай тіл «басымды-
лық»  танытады,  яғни  қай  тіл  негізгі  қатынас-
тағы  мемлекеттік  немесе  ресми  тіл  болып  та-
былады? Оның мәнісі неде? Отбасылық не тұр-
мыстық  тілдерге  «қанағаттанушылық»  қажет-
тігі  қандай?  Адамдар  бір  тілден  екінші  тілге 
неге  көшеді,  ана  тілін  ауыстыру  себебі  неде? 
Қандай жағдайда және қандай формада қостіл-
ділік,  көптілділік  түрлері  дамыған?  Міне,  қа-
рап  отырсақ,  осындай  мәселелермен  дәстүрлі 
лингвистика да, әлеуметтану да емес, тек әлеу-
меттік лингвистика айналысады. 
Әлеуметтік лингвистика деген атынан көрі-
ніп  тұрғандай  бұл  ғылыми  пән  бірнеше  ғы-
лымдардың  (тіл  білімі,  әлеуметтану,  психоло-
гия,  тарих,  этнография,  демография,  эконо-
мика, саясаттану т.б.) тоғысқан жерінен пайда 
болған.  Әлеуметтік  лингвистиканың  осындай 
пәнаралық  сипатын  көптеген  ғалымдар  мойын-
дайды,  бірақ  бұл  мойындаушылық  оның  қай 
ғылымға көбірек жақын екендігіне жауап бола 
алмайды.  Осыдан  бұл  ғылымды  зерттеумен 
кім  айналысады  деген  сұрақ  туады.  Мұндай 
сұраққа  қазіргі  әлеуметтік  лингвиститка - бұл 
тіл  білімінің  бір  саласы  деп  нақты  жауап  бе-
реді,  Өйткені,  оның  қай  ғылымға  жататын-
дығы,  өзіндік  мәртебесі  туралы  даудың  күні 
өтті.  Ол - әлеуметтік  лингвистиканың  пайда 
болу, қалыптасу кезеңіндегі мәселе. Бүгін, XXI  
ғасыр  басында  әлеуметтік  лингвистика  өзінің 
нысанасын, мақсаты мен міндеттерін ғана анық-
тап  қойған  жоқ,  сонымен  қатар  тіл  білімі  ғы-
лымына тән нақтылы нәтижелерін де беріп үл-
гірді. 
Әлеуметтік лингвистиканың ғылым ретінде 
негізін  Праиж  стуктизімі  және  Женева  мекте-
бінің өкілдері (А. Сеше, Ш. Балли, А. Мартине, 
С.Д. Кацевский, Р.Р. Едаль т.б.), кеңестік диа-
лектографистері  (Г.  Розенкронц,  Т.  Фрингс,  
Р.  Горссе  т.б.),  кеңестік  әлеуметтік  бағытты 
ұстанушылар  (Е.Д.  Поливанов,  Р.Д.  Шор,  
В.М. Жирмунский т.б.) қалады.  
Қазақстандағы әлеуметтік лингвистика бұ-
рынғы КСРО-дағы әлеуметтік лингвистикалық  
бағыттың негізінде қалыптасты. Еліміздің тәу-
елсіздік  алғанынан  бергі  жылдарда  республи-
кадағы тілдік жағдаят, тіл саясаты, оның өзін-
дік бағыттары арнайы зерттелді. Еліміздің өзін-
дік  тілдік  құрылысы  және  онымен  байланыс-
ты  мәселелер  ғылыми  шешімін  таба  бастады. 
Бұл  бағытта  Б.  Хасанұлы,  М.М.  Копыленко, 
А.Е.  Карлинский,  М.К.  Исаев,  Э.Д.  Сүлейме-
нова, З.К. Ахметжанова, С.Т. Саина, Н.Ж. Шай-
мерденова  т.б.  аға  буын  ғалымдармен  қатар, 
К.М  Байбосынова,  А.М.  Құмарова,  А.  Абаси-
лов,  Г.С.  Суюнова,  С.А.  Асанбаева,  Д.Ж.  Қа-
сымова,  Г.Д.  Алдабергенова,  Г.М.  Әлімжа-
нова,  т.б.  жас  ғалымдардың  еңбектерін  атауға 
болады. 
Қазақстандағы  тілдік  құрылыс  пен  тілдік 
ахуалды  зерттеуші  ғалымдардың  еңбектерінде 
әлеуметтік  лингвистиканың  жоғарыда  аталған 
ең өзекті деген проблемалары жан-жақты тал-
данады.  Қолда  бар  материалдарды  сараптай 
отырып,  солардың  бірқатарына  қысқаша  шолу-
лар жасап өтейік. 
Б.Хасанұлы 1976 жылы  жарық  көрген 
«Языки  народов  Казахстана  и  их  взаимодей-
ствие»  атты  еңбегінде  Қазақстандағы  тілдік 
жағдаятқа  кең  түрде  мінездеме  береді.  Қазақ-
стан  халықтары  тілдерінің  өзара  қарым-қаты-
насын,  олардың  тұтынушыларын,  тіл  меңгеру 
деңгейлерін,  өмір  салаларында  қолданылуын, 
қоғамдық  қызметтерін  нақтылы  статистика-
лық  мәліметтермен  талдап  көрсетеді.  Негіз- 
гі  проблемаларына  ғылыми  сипаттамалар  бе-
реді [1]. 
1982 жылы М.М. Копыленко мен С.Т. Саи-
наның  «Функционирование  русского  языка  в 
различных слоях казахского языка», 1984 жылы 
М.М.  Копыленко  мен  З.К.  Ахметжанованың 
«Фонетическая интерференция в русской речи 
казахов», 1987 жылы  осы  еңбектің  екінші  бө-
лімі  «Лексическая  и  морфологическая  интер-
ференция в русской речи казахов» деген атпен 
Қазақстандағы  әлеуметтік лингвстикалық  зерттеулер: ізденістер мен жаңа мүмкіндіктер...  

68 
 
Вестник КазНУ. Серия филологическая. № 3(149). 2014
 
басылып  шықты.  Бұл  еңбектерде  қазақтардың 
орыс  тілін  қолданудағы  фонетикалық,  лекси-
калық  және  морфологиялық  қателіктері  зерт-
телді.  Интерференциялық  құбылыстарды    әлеу-
меттік лингвистикалық тұрғыдан зерттеу әдіс-
тері мынадай бағытта қарастырылды: 
1) қазақ және орыс тілдерін зерттеу кезеңін-
дегі  интерференциялық  құбылыстардың  қыс-
қаша салыстырмалы талдау; 
2)  потенциалды  интерференцияның  аума-
ғын айқындау; 
3)  информанттарды  экспедициялық  бақы-
лау; 
4)  нақты  интерференцияны  лингвистика-
лық тұрғыдан сипаттау, талдау; 
5)  тест  және  сауалнама  сұрақтары  арқылы 
интерференциялық  құбылыстарды  зерттеу,  тал-
даулар жүргізу; 
6)  интерференциялық  құбылысқа  әлеумет-
тік лингвистикалық талдаулар жасау [2]. 
Б.  Хасанұлының 1987 жылы  «Казахско-
русское двуязычие (социолингвистический ас-
пект)», 1989 жылы  «Нациолнальные  языки: 
пойски  и  перспективы»  атты  еңбектері  жарық 
көрді. Осы еңбектерде қазақ-орыс қостілтілді-
гінің  пайда  болу  жолдары,  қазақтардың  екі 
тілді  меңгеру  ерекшелігі  нақты  сөз  болады. 
Сондай-ақ  Қазақстандағы  этностардың  тіл  мең-
геру  деңгейлері  мен  тәжірибелері  нақты  ста-
тистикалық  зерттеулерге  сүйене  отырып  тал-
данды. Мұнда біртілділік, қостілділік, үштілді-
лік,  төрттілділік  ұғымдарына  анықтамалар  бе-
ріліп, олардың әлеуметтік лингвистикалық си-
паттамалары көрсетілді. Қазақстандық тәжіри-
беде  қостілді,  үштілді  және  төрттілді  этнос 
өкілдерін нақты мысалдармен дәлелдеп берді.  
1990 жылдары қазақстандық әлеуметтік лин-
гвистиканың  біршама  кең  түрде  қарастырған 
проблемасы – қостілділік,  көптілділік  және 
диглоссия  мәселелерін  жан-жақты  талдаған 
тағы да басқа зертеу еңбектері жарық көре бас-
тады. Олардың қатарына төмендегі еңбектерді 
жатқызуға болады. 
1990 жылы жарық  көрген А.Е. Карлинский-
дің  «Основы  теории  взаимодействие  языков» 
деген  еңбегінде  тілдердің  бір-біріне  әсер  ету 
мәселесі,  қостілділік,  оның  пайда  болуы  және 
қоғамдағы орны, табиғи және жасанды билин-
гвизм, тілдік ұжым, интерференция, оның тип-
тері, интеркаляция типологиясы т.б. мәселелер 
қамтылған. 
Қазақстандағы  тіл  саясаты  мәселесіне  қа-
тысты 1990 жылы  «Языковая  политика  в  Ка-
захстане
 
и  пути  ее  реализации»  атты  жинақ 
жарық көрсе, 1991 жылы қостілділік мәселесін 
талдаған  М.М.  Копыленко  мен  З.К.  Ахметжа-
нованың  «Психолингвистический  аспект  дву-
язычия.  Проблемы  национально-русского  дву-
язычие»  деген  зерттеуларі  қостілділік  тео-
риясына қосылған қомақты еңбек болды. 
1992  жылы  Б.  Хасанұлы  «Ана  тілі – ата 
мұра»  атты  еңбегінде  алғаш  рет  ана  тілі  кате-
гориясын  әлеуметтік  лингвистикалық  тұрғы-
дан  жан-жақты  талдап  көрсетті.  Мұнда  автор 
ана  тілінің  лингвистикалық,  әлеуметтік  лин-
гвистикалық  психологиялық,  педагогикалық, 
тарихи-этникалық  смпаттамаларын,  сондай-ақ 
ана тілі және заң, ана тілі және экономика, ана 
тілін  білу  мен  меңгерудің  айырым  белгілері, 
қостілділіктің  әлеуметтік  лингвистикалық  мәні,  
еліміздің  әлеуметтік-коммуникативтік  жүйесі, 
оны құрайтын тілдер, олардың қызметтік жүк-
темелері,  типологиясы,  мемлекеттік  тіл  мәсе-
лелері,  қазақ  тілін  білудің  қажеттілік  талап-
тары  дүниежүзілік  тіл  дамыту  тәжірибесі  тұр-
ғысынан  зерттелу  қажеттігі,  мемлекеттік  тілді 
дамыту тетіктері т.б. көптеген әлеуметтік лин-
гвистикалық  проблемалар  арнайы  зерттелді.  
Б. Хасанұлы осы еңбегінде ана тіліне  мынадай 
анықтама береді: «Ана тілі дегеніміз күллі тіл 
атаулыдан  ішкі  құрылыс  ерекшелігімен  дара-
ланатын, белгілі бір халықпен нақты кеңістікте 
тарихи  бірге  жасап,  оның  төл  мәдениетін  ұр-
пақтан-ұрпаққа  үздіксіз  ұластырушы,  сол  ха-
лық  адамдарына  (жас,  жыныс,  сенім,  кәсіп, 
әлеуметтік  жағдай  айырмасына  қарамай)  тү-
гелдей  және жан-жақты қызмет ететін ұлтіші-
лік  қатынас  құралы [3, 25]. Автор  сондай-ақ 
қостілділіктің  табиғатына  талдау  жасай  келіп: 
«Қостілділік – белгілі бір территория көлемін-
дегі  ұлтаралық  (этносаралық)  қарым-қатынас-
қа түсетін белгілі бір этникалық қауымдастық 
өкілдеріне, бүкіл қоғамның (социумның) әр түр-
лі жағдайда екі тілді (әдетте, ана тілі мен екінші 
бір тілді) алма кезек немесе қатар қолдануы», -  
деген анықтама береді [3, 132]. Соның негізін-
де  елімізде  кеңінен  тарап  отырған  қазақ-орыс 
қостілділігін  былайша  сипаттайды: «Қазақ-
орыс қостілділігі дегеніміз – қазақтардың көп-
ұлтты қоғамда ана тілімен қабат орыс тілін ұлт-
ішілік  және  ұлтаралық  қатынаста  қатар  не 
алма кезек қолдануы, екі тілдің әрқайсысын әр 
түрлі жағдайда керегінше пайдалану»  [3, 133]. 
Б.  Хасанұлы  осы  еңбегінде  бүгінгі  таңда 
күн  тәртібінде  тұрған  өзекті  мәселе – қазақ 
тілінің  мемлекеттік  мәртебесіне  сай  қызмет 
етуі  мен  дамуын,  қоғамдық  өмір  салаларында 
қолданылу  жағдайларын  сөз  ете  келе,  мемле-
кеттік тілді дамытудың мынадай принциптерін 
атап көрсетеді: 
А. Абасилов 

69 
 
 
 
 
ISSN 1563-0223                        Bulletin KazNU. Filology series. № 3(149). 2014
Бірінші  принцип  –мемлекеттік  тілді  жос-
парлы  түрде,  барлық  жағдайды  туғыза  оты-
рып,  кезең-кезеңімен  барлық  мекеме,  ұйым, 
кәсіпорындардың  қызмет  бабындағы  қарым-
қатынас құралына айналдыру. 
Екінші  принцип – мемлекеттік  тілді  жос-
парлы  түрде,  барлық  жағдайды  туғыза  оты-
рып,  кезеңімен  барлық  мекемелерде,  ұйымдар 
мен  кәсіпорындарда  іс  қағаздарын  жүргізуге 
пайдалану. 
Үшінші  принцип – мемлекеттік  тілді  қар-
жыландыру  мәселесін түбегейлі шешу. 
Төртінші принцип – мемлекеттік тілді оқыту 
ісін  кадрмен,  оқу  құралдарымен  толық  қамта-
масыз ету. 
Бесінші  принцип – мемлекеттік  тілді  бір 
ғана  қазақ  тілінде  емес,  орыс  және  басқа  тіл-
дерде  де  насихаттаудың  іс-шаралар  жүйесін 
қалыптастыру. 
Алтыншы  принцип – Тіл  заңының  іске 
асуы  мен  мемлекеттік  тілді  өмірге  енгізу  жө-
нінде  жоғары  орындар  мен  көпшілік  қауым 
алдында  жыл  сайын  есеп  беріп  отыруды  дағ-
дыға айналдыру [ 3, 219-220].  
1996  жылы  Э.Д.  Сүлейменованың  «Казах-
ский  и  русский  языки:  основы  контрастив- 
ной  лингвистики»  атты  еңбегі, 1999 жылы  
А.Е. Карлинскийдің «Международные отноше-
ния:  теория – практика – поиск»  деген  зерт-
теуі, 2001 жылы «Двуязычие и межэтническая 
коммуникация.  Актуальные  проблемы  меж-
культурной  коммуникации  и  перевода»  атты 
еңбектері жарық көрді. 
Э.Д.  Сүлейменова  мен  Н.Ж.  Шаймердено-
ваның 2002 жылы  шыққан  «Словарь  социо-
лингвистических  терминов»  атты  сөздігінде 
әлеуметтік лингвистиканың теориялық мәселе-
леріне,  зерттеу  бағыттарына,  әдіс-тәсілдеріне 
т.б. қатысты 400-дей терминге түсінік берілген 
[4 ]. Бұл    біздіңше,  қазақстандық  әлеуметтік 
лингвистика  тарихындағы  соны  және  құнды 
еңбек болып табылады. 
Б. Хасанұлының 2006 жылы жарық көрген 
«Тілдік  қатынас  негіздері»  еңбегі  Қазақстан-
дағы  қазақ,  орыс  және  ағылшын  тілдері  се-
ріктестігінен  тұратын  үштілділік  мәселесін, 
халықаралық  қатынастар  тілінің  пайда  болу 
себептерін,  тілдік  қатынастың  теориялық  мә-
селелерін,  адам  қарым-қатынасында  тілдің  қол-
данылуын,  тілдің  әлеуметтік  мәнін,  сарала-
нуын,  атқаратын  қызметін  т.б.  кең  көлемдегі 
мәселелерді  қамтыған  оқу  құралы  ретінде  та-
нылды.  
Қазақстандық  әлеуметтік  лингвистиканың 
қарастырған  мәселелеріне  қатысты  жоғарыда 
аталған  және  аталмаған  іргелі  зерттеулермен 
қатар  көптеген  ғылыми  мақалалар  да  жария-
ланды.  Солардың  бірі  М.  Аренов  пен  С.  Кал-
мыковтың  «Современная  языковая  ситуация  в 
Республике Казахстан»  атты мақаласында Қа-
зақстан  Республикасындағы  тілдік  жағдаятты 
әлеуметтік  лингвистиканың  әдіс-тәсілдерімен 
ғылыми тұрғыдан  біршама  толықтай  сипаттап 
береді.  Сол  авторлардың  «Ана  тілін  қашанғы 
өгейсіте  береміз»  деген  мақаласында  қазақ 
тілінің ана тілі ретіндегі мәртебесі, қоғамдағы 
орны, қолданылу аясы нақтылы статистикалық 
мәліметтермен көрсетіледі.   
Б.  Хасанұлы  «Әлеуметтік  қажеттілік  бол-
май ...» деген  мақаласында  қазақ  тілін  жан-
жақты дамыту мәселелеріне тоқталады. Автор 
мемлекеттік  тілді  дамыту  жолында  тіл  саяса-
тының  менеджмент  қағидаттарын  пайдалану-
ды  ұсынады.  Қазақ  тілінің  мемлекеттік  мәр-
тебесінің іске аспауының басты себебі ретінде 
тіл дамуын біліксіз басқаруды айтады. 
А.  Абасилов  «Қазақ  тілінің  мемлекеттік 
мәртебесінде дамыту – Қазақстан Республика-
сындағы  Тіл  туралы  заңның  негізгі  қағидасы» 
деген  мақаласында  тіл  туралы  заңның  жүзеге 
асу тетіктеріне тоқталса, «Солтүстік аймақтың 
әлеуметтік  лингвистикалық  ақуалы»  атты  ма-
қаласында  Қазақстанның  солтүстік  аймағын-
дағы  облыстардағы  тілдік  жағдаятты,  ондағы 
қостілділік,  көптілділік мәселелерін, аймақта-
ғы  мемлекеттік  тілдің  және  өзге  этнос  тілде-
рінің қоғамдық қызметтеріне талдау жасайды. 
Ал  «Мемлекеттік  тілді  аймақтық  тұрғыдан 
дамыту – Қазақстан  үшін  тиімді  жол»  деген 
мақаласында  тіл  дамытудың  аймақтық  қағи-
даттарын ұсынады.   
А.С.   Асанбаева «Қазақша жарнаманың тілі, 
стилі,  қазіргі  жағдайы», «Қазақ  тіліндегі  жар-
наманы  жақсарту  мәселелері»  атты  мақалала-
рында  жарнама  мәтініндегі  тілдік  ерекшелік-
тер,  мемлекеттік  тілдің  жарнама  саласындағы 
қоғамдық  қызметіне,  оны  жақсартудың  алғы 
шарттарына  талдау  жасайды,  қоғамдық  өмір 
салаларының  ішінде  жарнаманың  тіл  дамыту-
дағы орнына арнайы тоқталады.  
Қазақстандағы  қазақ,  орыс  және  өзге  тіл-
дердің қоғамдық қызметі мен оларды дамыту-
дың  әр  алуан  қыр-сырларына  арналған  бұлар-
дан  да  басқа  көптеген  жарық  көрген  ғылыми 
мақалалар  түрлі  қоғамдық  пікірлер  туғызып, 
тіл  дамыту  ісін  саналы  түрде  басқарудың  қа-
зақстандық үлгілерін танытты. Солардың қата-
рына  М.М.  Копыленконың  «Государственный 
язык  и  официальный  язык  (опыт  разраниче-
ния  понятий)», «Общее  языкознание,  социо-
Қазақстандағы  әлеуметтік лингвстикалық  зерттеулер: ізденістер мен жаңа мүмкіндіктер...  

70 
 
Вестник КазНУ. Серия филологическая. № 3(149). 2014
 
лингвистика,  психолингвистика  в  Республике 
Казахстан: тенденции и перспективы развития 
специальности»;  Э.Д.  Сүлейменованың  «Язы-
ковая ситуация в Казахстане: к оценке, эффек-
тивности  языкового  планирование»;  Ө.  Жол-
дасбеков  пен  Н.  Қалидың  «Тіл  заңы – түсінік 
тірегі»;  Б.  Хасанұлының  «Тіл  саясатының  та-
рихы  тереңде»,  Лингвистическое  формули-
ровки  проекта  новой  Конституции:  Противо-
речие  и  пути  преоделения»;  Е.  Шаймерде-
новтің  «Мемлекеттік  тілдің  қолданылу  аясын 
кеңейтудің  өзекті  мәселелері»;  Б.  Әбдіғалиев-
тің  «Этнолингвстицеская  ситуация  в  Казах-
стане»;  А.  Абасиловтың  «Мемлекеттік  тіл – 
көптілділік  жағдайында  әлеуметтік  қажетті-
лік»;  Г.А.  Досмұхамбетованың  «Роль  языка 
обучения  в  развитии  двуязычия», «Определе-
ние  доминирующего  языка  в  студенческой 
среде» т.б. атауға болады. 
ХХ  ғасырдың 90-жылдарынан  бастап  қа-
зақстандық  социолингвист-ғалымдар  әлеумет-
тік  лингвистиканың  өзекті  мәселелеріне  қа-
тысты  докторлық,  кандидаттық  диссертация 
жұмыстарын жазып, қорғай бастады. 
Б.  Хасанұлының  «Социально-лингвисти-
ческие  проблемы  функционирование  казах-
ского  языка  в  Республике  Казахстан» (1992) 
тақырыбындағы  докторлық  диссертациясында 
қазақ  тілінің  Қазақстандағы  қызметінің  әлеу-
меттік лингвистикалық мәселелері, тілдік жағ-
даят,  тіл  мен  қоғамның  байланысы,  көпұлтты 
мемлекеттердегі  тілдердің  қарым-қатынасы  мен 
дамуының  жалпы  теориясы,  Қазақстандағы 
қостілділік,  көптілділік  мәселелері  қаралды. 
Сол  сияқты
 
Д.Ж.  Қасымова  «Функциониро-
вание  уйгурского  языка  и  формы  его  сущест-
вования  (социолингвистическое исследование 
районов  компактного  прожижания  уйгуров  в 
Казахстане)» (1995), Г.С.  Суюнова  «Речевое 
поведение казахов-блингвов» (1995), А.М. Құ-
марова  «Социально-лингвистические  проблемы 
формирования  казахской  языковой  среды  в 
Республике  Казахстан» (1996), А.  Абасилов 
«Мемлекеттік тілдің Қазақстан Республикасы-
ның  солтүстік  аймағындағы  қызметі:  социо-
лингвистикалық  проблемалары,  оларды  шешу 
жолдары» (1998), Г.Д.  Алдабергенова  «Иссле-
дование  влияния  билингвизма  на  развитие 
детей» (1999), С.А. Асанбаева «Жарнама сала-
сында  мемлекеттік  тілді  қолданудың  социо-
лингвистикалық  өзекті  мәселелері», (1999), 
Г.М.  Алимжанова  «Структура  речевого  эти-
кета  казахского  и  русского  языков» (1999), 
С.Ю. Сон «Социолингвистический анализ функ-
ционирования  коре  мар  и  русского  языка  в 
корейской  диаспоре  Казахстана» (1999), 
 
Б.Ж. 
Құрманова 
«Социоально-лингвисти-
ческие  проблемы  функционирования  государ-
ственного  языка  а  западном  регионе  Респуб-
лики Казахстан», Г.А. Досмұхамбетова «Функ-
ционирования  казахского  и  русского  языков  в 
микросоциальной  общности»  т.б.  ғылыми-
зерттеу жұмыстары жазылып, қорғалды. 
Жұмыстардың  барлығында  да  қазақстан-
дық  әлеуметтік  лингвистиканың  ең  өзекті 
деген  мәселелері  сөз  болады.  Әсіресе,  мемле-
кеттік  тілдің  қолданылуы,  қоғамдық  мәні  мен 
қызметі, орыс тілінің және өзге тілдердің әлеу-
меттік  коммуникативтік  жүйедегі  орны,  қос-
тілділік, көптілділік, тіл дамытуды саналы бас-
қару  мен  реттеу,  тіл  саясаты  т.б.  проблемалар 
жан-жақты қаралып, ғылыми айналымға түсті. 
Қазақстан  ғылымында  осы  басталған  жұ-
мыстар  одан  әрі  жалғаса  түсуде.  Олардың 
өміршеңдігі  күнделікті  тілдік  жағдаятты  тұ-
рақтандыру, реттеу мен жоспарлауда, тілдерді 
дамытудың әлеуметтік лингвистикалық тетігін 
айқындауда көрініп,  қоғам сұранысына ие бо-
луда

Осы  бағытта  Қазақстан  Республикасы-
ның  Мәдениет  және  ақпарат  минстрлігі  Тіл 
комитетінің  тапсырысы  бойынша  жыл  сайын 
«Қазақстан  Республикасындағы  тіл  саясаты 
(әлеуметтік  зерттеу нәтижелері)», «Қазақстан-
мен  шекаралас  орналасқан  өңірлердегі  және 
репатрианттар  (оралмандар)  ортасындағы  тіл-
дік ахуал (ілеуметтік зерттеу нәтижелері), «Қа-
зақстанмен  шекаралас  және  шағын  этникалық 
топтар  орналасқан  өңірлердегі  тілдік  ахуал 
(әлеуметтік  зерттеу  нәтижелері)  атты  арнайы 
зерттеулар  жасалып,  талданып  отырады.  Бұл 
зерттеулерде  Қазақстан  Республикасындағы 
тілдік  жағдаят  халыққа  сауалнама  жүргізу  ар-
қылы  талданады. Онда: республика  халқының 
мемлекеттік тілді, орыс және ана тілдерін мең-
геруі; қазақстандық қоғамның әлеуметтік-ком-
муникативтік  жүйесінде  мемлекеттік  тілдің, 
орыс  және  басқа  тілдердің  рөлі;  мемлекеттік 
тіл  мәртебесін  жүзеге  асыру  бойынша  ісша-
раларға  қазақстандық  қоғамның  баға  беруі; 
әртүрлі  салаларда  тілді  пайдаланудың  әлеу-
меттік  басымдылыққа  қатысты  деңгейі  мен 
сипаттамасы;  ересек  тұрғындар  арасындағы 
әлеуметтік-тілдік  қажеттілік  сипаттамасы;  ана 
тілін  қолдану,  қарым-қатынас  тілі  ретінде  ер-
кін  таңдау  жасау,  білім  алу  және  шығарма-
шылықпен  айналысу  мақсатында  Қазақстан 
азаматтарының  конституциялық  құқығын  жү-
зеге  асыруы;  Қазақстан  тұрғындары  көші-қон 
негізінде  тіл  мәселесінің  алатын  орны  т.б. 
мәселелер қаралып, мониторинг жасалады.  
А. Абасилов 

71 
 
 
 
 
ISSN 1563-0223                        Bulletin KazNU. Filology series. № 3(149). 2014
Сонымен  әлеуметтік    лингвистиканың  ны-
санасы - қолданыстағы тіл. Тіл қоғамда белгілі 
бір әлеуметтік құрылымдарға ие бола отырып, 
қаншалықты  қызмет  етсе,  тілді  әлеуметтік  кон-
тексте  зерттейтін  әлеуметтік  лингвистика  ғы-
лымы  туралы  да  соншалықты  айтуға  болады. 
Демек,  студент-филологтың  (әсіресе,  қазақ 
тілді аудиторияда) әлеуметтік лингвистикалық 
танымы  мен  дайындығын  арттырудың  бірден-
бір жолы оларға осы жас ғылым саласы бойын-
ша,  оның  өзіндік  проблемалары  мен  зерттеу 
әдіс-тәсілдері  жайында  арнайы    пән  ретінде 
енгізу.  Мұндай  арнайы  пәнді  оқыту  студент-
тердің  әлемдік  тіл  білімінің  қазіргі  өзекті  де 
перспективалық бағыттарының бірі – әлеумет-
тік  лингвистика  бойынша  білімдерін  өз  ана 
тілінде  алуына  мүмкіндік  береді.  Мұнда  олар 
жас  мемлекетіміздің  одан  әрі  нығаюы  мен 
тілдік  құрылысының  қалыпты  қызмет  етуіне, 
этносаралық, тіларалық қатынастардың тең әрі 
тұрақты дамуына ықпал ететін демократиялық 
бағыттағы  тіл  саясатымен,  этнолингвистика-
лық,  тілдік  жағдаятымен  танысады.  Әлеумет-
тік  лингвистиканың  пәндік  және  теориялық 
ұғымдарынан,  қазіргі  проблемаларынан,  сон-
дай-ақ  оның  өзіндік  зерттеу  әдістері  мен  тә-
сілдерінен хабардар болады. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет