Н. Ю. Зуева (жауапты хатшы), О. Б. Алтынбекова, Г. Б. Мәдиева



Pdf көрінісі
бет40/41
Дата21.01.2017
өлшемі2,86 Mb.
#2361
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   41

Ключевые  слова:  роман-трилогия,  художественный  мир,  характер,  образ,  жанр,  авторская  позиция, 
судьба человека
  
__________________________________
 
 
 
Қазіргі заман қазақ әдебиетінің кесек туын-
дыларының авторы, көрнекті қаламгер Әбдіжәміл 
Нұрпейісовтің «Қан мен тер» трилогиясы туралы 
айту оңай емес. 
Жазушының адам тағдырын алапат төңкеріс, 
сұрапыл оқиғалармен астастырған осы бір үздік 
шығармасы туралы кезінде Одақ көлемінде де, 
қазақ әдебиеттану ғылымы мен әдеби сынында 
да талай көркемдік-теориялық тұжырымдар жа-
салды. 1974 жылы  КСРО  Мемлекеттік  сыйлы-
ғын алған «Қан мен тердің» көркемдік көкжиегі 
кең. 
«Ымырт», «Сергелдең», «Күйреу»  атты  үш 
кітаптан тұратын шығарма қазақ дейтін халық-
тың тарихи бір дәуірдегі өмір кезеңін қамтиды. 
Жазушы  жекелеген  адам  тағдырлары  ар-
қылы тұтас бір халықтың тарихи тағдырын су-
реттеді.  Берекесі  кеткен  ел  тұрмысының  тұтас 
суреті  қамтылған  трилогияда  қиюы  қашқан 
тірліктен  жоғын  іздеп,  жоғалтқанын  табам  деп 
тас басып, теңіз кешіп жүрген тағдырлар бар.  
«Қан  мен  тер»  қалай  бара  жатыр»  деген 
мақаласында Зейнолла Серікқалиев 1965 жылы 
роман жанрының биік көркемдік талаптары мен 
болашақ  тағдыры  тұрғысынан  ой  толғап  оты-
рып  былай  дейді: «XVIII ғасырдың  аяғы, XIX 
ғасырдың  бірінші  жартысы  Англия  мен  Фран-
цияда  мәдениет  тарихына  роман  дәуірі  боп 
енді.  Көкірегінде  қызуы  бар  жүректің  күллі 
ықылас-ыждаһаты талант ұлылығына табынды. 
XIX  ғасырдың  екінші  жартысы  орыс  романы-
мен  дүниені  дүр  сілкінтті.  Мұның  бір  ғана 
сыры  болды.  Роман  адам  туралы  жыр  шертті, 
жай жыр емес, кейіпкер құдіреті көрінген ерлік, 
өрлік жыры, кең тынысты жыр: Адам тағдыры, 
заман  шындығы,  дәуірлік  ғаламат  құбылыс-
тар!.. 
...Тамыр  тебер  тереңі  сонау  фольклордан – 
ауыз  әдебиетінен  басталатын, «Қалың  мал», 
«Қамар  сұлу»  тәріздес  жеке  үлгілері  болғаны-
мен, шын мәніндегі қазақ романы соңғы жарты 
ғасырға  жуық  уақыт  ішінде  жаңа  заман  шапа-
ғатындай  көкжиектен  жамырай  көтерілді  де, 
әлемдік  әдебиеттің  қасиетті  қырқасында  құт- 
 
береке  қоныс  тепті: «Абай  жолы», «Тар  жол, 
тайғақ  кешу», «Азамат  Азаматыч», «Ботагөз»,  
«Оянған  өлке», «Ақ  Жайық», «Көп  жыл  өткен 
соң», «Дауылдан  кейін», «Қан  мен  тер», «Қа-
һарлы  күндер», «Толқында  туғандар», «Асау 
арна», «Теміртау», «Қайран  шешем», «Бола-
шаққа жол», «Ақын арманы», т.б.» [1, 46]
 
Зейнолла  Серікқалиев  қазақ  әдебиетінде 
белгілі бір кезеңде өріс алған роман жанрының 
дамуында  «Қан  мен  тердің  де»  елеулі  орны 
барын  романдағы  уақыт  шындығы,  адам  тағ-
дырлары  аясында  көркемдік  шеберлік  алым- 
дарын  атап  отырып  аша  түседі.  Жазушының 
характер  жасау,  баяндау,  суреттеу  тәсілдерін-
дегі  жетістік,  кемшілікті  шендестіре  ой  қоры-
туында  автор  қаламгер  Әбдіжәміл  Нұрпейісов-
тің  қиын  жанрдағы  суреткерлі  қарымын  көр-
сетумен  бірге,  қазақ  романистикасының  да 
беталыс-бағдарын,  көркемдік  табысын  айқын-
дайды. 
Әбдіжәміл  Нұрпейісовтің  «Қан  мен  тер» 
романындағы орталық тұлға – Еламан. Еламан-
ның  өмір  соқпақтары,  өміртанымдағы  өсу 
жолын көркемдік шешімде көрсетуі – қаламгер 
Нұрпейісовтің  характер  сомдау,  характер  ашу-
дағы елеулі табысы. 
Характер  эволюциясын  жазушы  шынайы 
өмірлік негізде ашқан. Еламанның өсуі – іштей 
түлеу. Дүниені ой көзімен шолып, айнала қызу 
өмірдің  ащы-тұщысына  көне  жүріп  жетілу 
Еламанға тән.  
Шығарма басталғанда қазандық балық үшін 
ызғарлы  күнде  мұз  үстіне  шығып  жүрген  ба-
лықшылардың  ішінен  Еламанды  кездестіреміз. 
Екіқабат  әйеліне  жас  сорпа  ішкізгеніне  көңілі 
тоқ  балықшы жігіттің  әзірге мұңы  мен  қамы – 
сол  Ақбала  жайы.  Ә  дегеннен  оқушыға  ұнай 
бастауы  да  Еламанның  осы  Ақбалаға  деген 
аяулы  сезімінде  жатады.  Жазушы  баяндау  ара-
сында  сыздықтатып  кейіпкердің  өмірдерегінен 
де құлаққағыс еткен. 
«Еламан күні бойы мұз үстінде жалғыз болды. 
Басқа  балықшыларды  байқаған  да,  көрген  де 
жоқ.  Төбесінде  көк  аспан,  табаны  астында  көк 
Қ. Мәдібай, Ш. Шортанбаев 

255 
 
Вестник КазНУ. Серия филологическая. №1-2(141-142). 2013 
 
 
теңіз.  Жабырқау  ойды  жанына  серік  қып  күн-
дегі  әдетінше  күйбептеп  ау  қарап  жүр.  Теңіз 
үстінде  ғана  емес,  өмірде  де  жалғыз  екенін 
ойлады.  Бір  кіндіктен  жалғыз.  Әке-шешесінен 
ерте  айырылды.  Әкесімен  бірге  туған  Есбол 
деген ағасы бар, бірақ бұл арадан бір күншілік 
жерде  тұратын  баласыз,  жалғыз  жетім  шалдан 
қайыр жоқ. Ендігі жанашырдан жалғыз немере 
інісі  Рай...  бірақ  оның  жас  екенін  ойлады,  өзі 
сияқты о пақыр да әке-шешесінен жастай жетім 
қалды.  Қарт  әжесі  екеуі  өз  алдына  қос  болып 
түтін түтетіп отыр» [2, 8]. 
Еламанның көркем тұлғасы, оның қазақ әде-
биетіндегі  мәні  жайлы  белгілі  әдебиет  сын-
шысы Шериаздан Елеукенов былай дейді: 
«Соңғы  жылдардың  жемістері,  әсіресе 
Ә.Нұрпейісовтің  шоқтығы  биік  көрінетін  «Қан 
мен  тер»  социалистік  реализмнің  шындық  дү-
ниені  көркем  танудағы  шексіз  мүмкіншілік-
терін тағы да растап берді. Ә.Нұрпейісов халық 
өкілдерінің  санасына  революция  шындығының 
сіңу  тарихын  суреттейтін  көркем  бейнелеу 
құралдарын  тапты,  адам  жанының  драмасын 
беру  арқылы  революциялық  төңкеріс  кезінде 
халық  санасының  өсу,  өзгеру  процесін,  жаңа 
өмірдің  толғақтарын  айнытпай  көрсететін 
реалистік қуатты картинкалар жасады.  
Еламанның  тар  жол,  тайғақ  кешулері  Горь-
кийдің  «Ана»  романындағы  Пелагея  Нилова-
ның миы қатқан мылқау қалыптан келе жатқан 
жаңа  өмір  тегеурінінің  әсерімен  әлеуметтік 
белсенді  күшке,  саналы  революционерге  ай-
налған  жолының  қиындығынан  бірде-бір  кем 
емес» [3, 38].  
Әбдіжәміл  Нұрпейісовтің  «Қан  мен  терді» 
жазу машығы туралы әдеби сында елеулі пікір-
лер айтылып жатты. Ә.Нұрпейісовтің жазудағы 
мақсаты туралы өз айтқандарының мәні бөлек. 
Ол  өзінің  оқиға  қуу  емес,  ата-бабаның  мінез-
болмысы  мен  тағдырын  көркемдік  шешімге 
тартуды  көздейтінін  атады.  Сырт  оқиға,  сырт 
әрекет  жазушы  кейіпкерінің  мінез-кескінін, 
ішкі әлемін көтеріп көрсетуге қызмет етеді.  
Қатпар-қатпар  тіршілік  белестерінен  өткен 
Еламанды қазақ әдебиетіндегі кесек тұлға қата-
рына  қосуда  қаламгер  Әбдіжәміл  Нұрпейісов, 
ең әуелі, кейіпкердің жай күйін көп күйттейді. 
«Қан мен тер» трилогиясының авторы әлеу-
меттік  өмірдің  дауылды,  бұрқасынды  шытыр-
манына  байланысты  қараңғы,  жасып  сынған 
адамның  жан  құбылысын  қадағалауды  мақсат 
еткен.  Бұл  романның  ағымына  белгілі  мөл-
шерде  баяу  сарын,  кейде  қысталаңдық  мінез 
енгізеді. Ол жағдай патриархалдық, феодалдық 
және  отаршылдық  қанау  талай  ғасыр  бойы 
уақытты,  дәуірді,  қоғам  дамуын  мешеулетіп, 
тежеп  келген  Қазақстанның  сол  жылдардың 
шындығына әбден сәйкес келеді» [3, 280]. 
Осында  Ш.Елеукенов  жазушы  Ә.  Нұрпейі-
совтің  жазу  сырына  мейлінше  объективті  әрі 
таза  көркемдік  санадағы  ой-пікір  айтады.  Ха-
рактер  дамыту  мәселесіне  байланысты  сыншы 
З.Серікқалиев  «Қан  мен  тердің»  екінші  кітабы 
«Сергелдеңдегі»  Еламан  образына  қатысты 
кезінде  кесек  пікір  білдіре  отырып,  Еламанда 
әрекет  деген  аз  деген  өзіндік  ойын  айтқан  бо-
латын. 
Ш.  Елеукенов  бұл  мәселеге  шығарма  тұтас 
жазылып  болғанда  кең  толғап  тоқталады. 
Осында  Әбдіжәміл  Нұрпейісовтің  кейіпкер 
сомдау  сыры  мейлінше  шынайы  жинақталып 
көрсетіледі. 
«...Алайда  үшінші  кітап  «Күйреу»  ағысы  не 
дегенмен,  далада  көтерілген  революция  дауы-
лының  тегеуріні  мен  шапшаң  ырқына  «бағын-
ғанын» байқайсыз. Кейіпкерлер құлшына түсіп, 
оқиғалар  шиыршық  ата  бастайды.  Солай  бола 
тұрса  да  автор  баяғы  тандап  алған  ауанынан 
танбайды,  кейіпкерлер  анализі  аяғына  дейін 
дұрыс сақталады. Әрине, мұндай анализ белгілі 
бір  «кеңістік»  тілейді  де,  шығарманың  оқиға-
лық жағын тұтыңқырап қалып отыратын жәйті 
бар. Оның үстіне Ә.Нұрпейісов өткен дәуірдегі 
ата-бабаның  характерін  жасауды  мақсат  етіп 
отырғанын ұмытпасақ керек. 
... Характерді бірден әсірелеп жіберу жағына 
келгенде Ә.Нұрпейісов барынша сақ» [3, 281]. 
Еламанды  өмір  алай  да,  былай  да  қақты. 
Роман  басталғандағы  жарына  жанын  беруге 
даяр жаны таза бейтаныс Еламан трилогия аяқ-
талғанда  жазушы  іштен  алып  отырып  ашқан 
кесек тұлғаға айналады.  
Әбдіжәміл  Нұрпейісов  «Қан  мен  терде»  та-
рихи  роман  жанрын  өрістетудің  үстіне  қазақ 
романшылдығындағы  психологиялық  роман 
жанрының  туып,  дамуына  елеулі  ықпал  жа-
сады.  Психологизм,  кейіпкердің  жан  әлеміне 
психологиялық  барлау – жазушы  Әбдіжәміл 
Нұрпейісов шығармаларының көркемдік діңгегі.  
«Қан  мен  терде»  жазушы  адамның  нақты 
жағдайдағы  көңіл-күй  иірімдерін  түрлі  ракурс-
та – бірде  жегідей  жеген  ой  құшағында,  енді 
бірде сан-саққа тартқан көңіл екпінінде ашады. 
Сыртқы факторлардың ықпалын жазушы кейіп-
кердің жүрегінен өткізіп барып қана ашады. 
Адам  баласы  өмірдің  өтпелі  өткелдерін  ке-
шіп  жүріп  не  мүжіліп,  таусылады,  не  қатайып, 
қанаттанады.  Адасып,  айналып  келіп  өзін-өзі 
ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. № 1-2(141-142). 2013
 
«Қан мен тер» – адам тағдыры, көркемдік жаңа өріс 

256 
 
 
 
ISSN 1563-0223                        Bulletin KazNU. Filology series. №1-2(141-142). 2013
 
табады. Ә.Нұрпейісов осы бір өмір заңдылығын 
форма қуып, идея қуып аттап өтуге қаламгерлік 
жаратылыспен  қарсы  екендігін  «Қан  мен  тер-
де» қай кейіпкерінің тағдырына аралассын мей-
лі,  қанық  көркемдік  бояумен  ашады,  мойын-
датады. 
«Қан  мен  тер»  кейіпкерлері  заманалық  ала-
сапырандар  кезеңінде  ғұмыр  кешті.  Мұндағы 
Еламан  да,  Сүйеу  қарт  та,  Мөңке  шал  да,  Қа-
ракемпір отбасы да, Тәңірберген де, Ақбала да, 
Судыр  Ахмет  те  өз  дәуірінің  ақиқатымен  ғұ-
мыр  сүрген  мейлінше  толымды  көркем  бейне-
лер.  
«Қан  мен  тер»  жазушыны  осы  адамдардың 
тағдыры  толғандырады.  Қайғы  мен  қуаныш 
алмасқан опасыз тірліктің күншуақ сәттерін де, 
қапас  қара  түнегін  де  жазушы  кейіпкер  жан 
дүниесінен іздейді. 
Жазушы  Ә.Нұрпейісовтің  жазудағы  шебер-
лік  алымдары  жайлы  кезінде  кесек  ойлар  айт-
қан  сыншы  Ш.Елеукеновтің  елеусіз  бір  кейіп-
кер  Судыр  Ахметтің  көркем  бейне  мәніндегі 
көтерілген  биігі  туралы  мына  бір  ойлары – 
Ә.Нұрпейісовтің  жазу  шеберлігі,  қаламгерлік 
дара табысы туралы шынайы талғамның сөзі: 
«Судыр Ахметтің де сырын оның өз жүрегі-
не  айтқызатын  психологиялық  моментті  жазу-
шы  «тап  басады».  Ол  Судыр  Ахметті  Мөң-
кенің еңбекке баулымақшы болып балық аулау-
ға  үйретуге  әрекеттенген  кезі  еді.  Бірақ  қисық 
біткен ағашты әбден қураған кезде түзетіп көр. 
Судыр Ахмет тәрбиеге көнуден кеткелі қашан. 
Ойбайын  салады.  Әлде  біреу  өзін  аспаққа  ас-
қалы  жатқандай  құлындағы  даусы  құраққа 
шабады. Мөңкенің өзіне дүрсе қоя береді.  
«–  Балықта  басың  қалсын,  басың  қалғыр! 
Неменеңе айналдыра бересің мені, қыр соңым-
нан  қалмай?  Ойбай-ау,  аудағы  балық  түгіл, – 
Судыр Ахмет жер тепкілеп отыра кетті, – ойбай 
ғана  құдай-ау,  мына  қара  жердің  бетінен  несі-
бемді таппай жүрген сорлы емеспін бе мен... 
Судыр  Ахмет  ойбай  салып,  отыра  кетіп, 
маңдайын  ұрғылай  бастайды.  Мөңкенің  көзі 
атыздай  боп  кетіп,  не  істерін  білмей,  аңырап 
қалады. 
Судыр  Ахмет  тақырыбы  өстіп  жеріне  жет-
кендей  болады.  Роман  көтерген  көп  мәселені 
шешуге  көмектеседі.  Соған  қарамастан,  автор 
характер  иін  қандыра  түседі.  Судыр  Ахмет  ел 
аман, жұрт тынышта із-түз жоқ, ғайып боп кетеді.  
Дүниеге  тууын  жұрт  секілді  туса  да,  кетуі 
жұртқа ұқсамайды. Өмірге бос келіп, бос кетті.  
...  Психологиялық  талдауды  дәйектілікпен 
жеріне  жеткізу  арқылы  әумесер  қылықтары 
анекдот сияқты мырс-мырс еткізіп қана қоятын 
жеңіл-желпі кейіпкер аяқ астынан толыққанды, 
әлеуметтік  фигураға  айналады.  Сонда  Судыр 
Ахметтің  бейнесі  бұрын-соңды  әдебиетте  кез-
деспеген  тип  есебінде  де  адамның  азып-тозуы 
қайдан, неден басталатынын көрсететін жан иесі 
есебінде де қайда шырқап кетті?!» [3, 288 ].  
Ш.Елеукенов Ә.Нұрпейісов қазақ прозасына 
қандай  ерекшелігімен  келді  дегенді  қадау-қа-
дау айтады.  
Қазақ  көркем  прозасында  елеулі  құбылыс 
болған «Қан мен тердің» көркемдік құндылығы 
жайлы  әдебиеттанушы-ғалым,  сыншылар  аз 
пікір  айтқан  жоқ.  Алайда  кейіпкердің  жан  құ-
былысын,  күрделі  характерді  дәуір  аясында 
ашуда,  характер  тарихын  жасауда  жазушы 
сүйенген  көркемдік  тәсілдер  әлде  де  тың  бар-
лауды күтеді. 
Қазақ  сөз  өнерінің  ғасырлар  бойы  түзілген 
үздік  үлгілерімен  маңыздана  түсетін  бай  та-
рихы  ХХ  ғасырда  жаңа  туындылармен  мо-
лықты.  
Жазба проза бағытындағы жанрлық, көркем-
дік  тәжірибелер,  ізденіс-ізгі    мұраттар  туралы 
бүгіннің талабымен ой қозғағанда ауызға алды-
мен ілінетін жоталы туындының  бірі, сөз жоқ, 
Әбдіжәміл  Нұрпейісовтің  «Қан  мен  тер»  три-
логиясы. 
Өткен  ғасырдың 60-жылдарында  жазылған 
«Қан  мен  тер»  қазақ  оқушысын  елең  еткізген. 
Сонау  бір  жылдарда  өзіміз  әрі  тосырқай,  әрі 
таңырқап,  ынтыға  табысқан    Ақбала,  Еламан, 
Сүйеу  қарт,  Мөңке,  Ақкемпір,  Қаракемпірлер, 
Қарақатын, Судыр Ахметтер, Қален, Кенжекей-
лер  арада  жылдар  өтіп  жатқанымен,  бізден  бір 
сәт те ажыраған емес.  
«Қан  мен  тер»  халықтық  шығарма  болып 
қалды. 
Қазақ  әдебиетінің  ХХ  ғасырдағы  қияға  бет-
теп, қиыр шолған қилы  ізденістерінің  куәсінің 
бірі де осы – «Қан мен тер».  
«Қан мен тер» қазақ әдебиетіне қанша жер-
ден  төңкеріс  тақырыбын    бүркенгенімен  әсіре 
саясиланбаған,  алабөтен  рухпен  желігіп,  елік-
пеген  адамшылық  қалпымен,  кісілік  ғұрпымен 
өмір  сүріп  жүрген  кәдімгі  қарапайым  пенде-
лерді  «қаптатып»  алып  келді.  Кіршіксіз,  мүл-
тіксіз ісі жоқтың қасы. Бірақ «Қан мен тердегі-
лердің» ішінде қымбатымыз да, қимасымыз да, 
іздегеніміз де толып  жүр еді. 
Кезінде  «Қан  мен  терге»  қатысты  әдеби 
сында әр алуан пікірлер  айтылды. 
Әбдіжәміл  Нұрпейісовтің адамды, оның сы-
наптай  сырғып  ағып  өтіп    бара  жатқан  аз-кем 
Қ. Мәдібай, Ш. Шортанбаев 

257 
 
Вестник КазНУ. Серия филологическая. №1-2(141-142). 2013 
 
 
қызық  дәуренін  көркем  бейнелеудің  әлемдік 
озық  үрдістеріне  қол  салған  жаңашылдығы 
туралы шындап ойлана бастадық. 
Қай  заманда  да,  қандай  тарихи  әлеуметтік 
жағдай  қолтығында  да  жеке  адам  қырып-
жойып,  дүниені  түгендеп,  түзетіп  тастамасын 
енді-енді  мойындап келеміз. 
Бальзак  ХІХ  ғасырдағы  француз  қоғамы, 
қоғам аясындағы адам тағдырлары туралы том-
том шығарма жазды. Өмірдің адам еркінен тыс 
суық  бауыр  қатты  шындығын  суреттеді.  Ет 
жақын    жандардың    жатсыну,  адамдар    орта-
сындағы    өгейлік    сынды    аяусыз  ақиқаттарды  
алдыға  жайып  тастады. 
Бальзактың қоғам өмірін типтік құбылыстар 
ауқымында  көрсетуде  егжей-тегжейлі  тәптіш-
теуге  бармай-ақ,  емеурінмен  көп  дүниенің 
арқауын  тарқатып  тастап  кетіп  отыратын  жазу 
мәнері  әлемдік  тәжірибеде  із-түзсіз  кеткен 
жоқ...  
Әбдіжәміл  Нұрпейісов  «Қан  мен  терді»  жа-
зуда  дүние  әдебиетінің  бай  дәстүрін,  жаңа  ба-
ғыттарын  ұдайы  ескеріп  отырған,  төлтума  си-
патты  халықтың,  ұлттық  шығарма  туғызу  биік 
мұра абыройы оңайшылықпен келмеген. 
Осы, «Қан  мен  тер»  атты  трилогия  туралы 
сөз  қозғау  ХХ  ғасырдағы  қазақ  әдебиетінің 
сүйекті  туындыларының  қай-қайсысы  туралы 
айтудың  қиын  да  күрделі  міндетімен  астасып 
жатыр. 
Мұндайда  көркем  шығарма  тудырудың  атам-
заманнан  бергі  ереже-мұраты,  тіршілік  дария-
сының асау толқындарына жармасқан адам тағ-
дырлары  туралы көркемдік ақиқат бас көтереді. 
«Ымырт», «Сергелдең», «Күйреу»  атты  үш 
кітаптан  тұратын  «Қан  мен  тер»  романында 
ұлы даланың  бір аумағында, теңіз қолтығында 
ХХ  ғасыр    басындағы  белгілі  бір  кезеңде  өмір 
сүріп өткен ел тарихы баяндалады. 
«Қан  мен  тердің»  халықтың  шығармаға  ай-
налуының себебі көп. 
Романда орталық тұлға, кесек кейіпкер әлде-
нешеу. Автор белгілі бір дәуірдегі ел тарихын, 
адам  тағдырын,  жалпының  ішіндегі  жалқының 
өмір шырғалаңын ұдайы қатарластыра, қосқап-
тал  ағыстармен,  үзік-үзік,  қадау-қадау  айқын 
сәттермен астарлап алып отырады. 
Шығарма  оқушыны  жұмбағына  ынтықты-
рып, Қарақатынның  сыпсыңдаған өсек сөзімен  
басталған. 
Бірте-бірте  Ақбаланың  жайына  да  қаныға-
мыз.  Ақбала  бейнесі  беймәлім  іштарту  сезімін 
туғызып,  көптің  жүрегін  қозғады. «Опасызды-
ғына»  қарамастан  Ақбаланы  автор  «ағартып», 
Ақбала деп аялайды. Оқушы да Ақбалаға  ұғы-
ныстықпен қарады. Жек көре алған жоқ. Жерге 
қаратып  кеткен  Еламанның  өзі  оған  теңгерер 
түк  таппай,  жұмбақ  бақытпен  ғұмыр  кешті. 
Ақбаланың «сиқыры» неде сонда? Адам баласы 
әруақытта да еркінен тыс дүлей сезімге, махаб-
батқа біртүрлі құрметпен қараумен келеді емес 
пе?  Ақбаланы  Аннаға  (Каренина),  Аксиньяға, 
т.б.  толып    жатқан  сүйгені  үшін  дәнеңеден  ір-
кілмей опат болатын әйелдерге теңейді. Дұрыс 
та болар. Не дегенде де Әбдіжәміл Нұрпейісов-
тің  Ақбаласы  қазақы  ғұрыптың  шындығынан 
шыққан ұлттық бейне болғандығымен де халық 
жүрегіне ұялады.  
Судыр  Ахмет – қазақ  әдебиетінің  ғана  та-
бысы  емес,  қала  берді  әлемдік  деңгейдегі  ол-
жалы бейне.  
Бір  көрмеге  күлкі  болып  жүрген,  жадағай, 
берекесіз  біреу.  Бірақ  бұл – мейлінше  күрделі 
бейне. Оның  тайқығыш, құбылма, опасыз аяр-
лығы,  суық  немкеттілік,  масылдық  пиғыл,  аң-
қаусыған  көлгірлігі,  байбаламшыл  көз  алдау-
шылығы,  т.б.  толып  жатқан  кесел  құлықтары 
тұтаса  келе  осалдық  кесапаты  дейтін  сұмдық 
болып шыққан. Судыр Ахмет – адамның қоры. 
Автор  Судыр  Ахметті  жағдай  аясында,  өмір 
ортасынан  ойып  алып,  әр  қырынан  ашып,  әш-
керелейді. 
Әбдіжәміл  Нұрпейісов – кейіпкерді  алдын-
ала  дайындап  пісіріп,  жетілдіруден  гөрі  өмір-
дің  өзіндегідей тосын, қапелім сәттерде ашуды 
көздеп отыратын қаламгер.  
Сүйеу қартты да, Қаракемпірді де, Айғанша, 
Кенжекейлерді  де,  тіпті  «ішіміз  жылуға»  тиіс 
емес  Тәңірбергенді  де  өмір  ағысының  әр  иірі-
мінде  қолайын  тауып  көрсетіп  кетіп  отыру  ар-
қылы тұтас тұлға түзіліміне тартады. 
Сонау  бір  жылдарда «Қан мен  тер»  арқылы 
кешеуілдеп дамыған қазақ жазба көркем проза-
сының алысқа бет түзеген баянды бағыты жаңа 
бір сыр,  сымбаттармен тұғырлана түсті. 
Жазушының  сурет сыйғызып  отырып төгіп-
төгіп өтетін баяндау  тәсілдері, ара-тұра ұлттық 
бітімнің бүтін тұтастығын айшықтап, аша түсе-
тін,  жылы  мейірім  шарпыған  жеңіл  мысқыл-
дау; өмірдің өзінен шыққан дара-дара, соқталы 
кейіпкерлердің аузымен айтылатын, айтушысы-
на ғана сай  тура тоқтам, табылған сөздер... 
Жазушы  оқиға  қуып  дүниені  түгендемейді. 
Оқиға  қажет  кезінде,  дер  шағында  оқушының 
алдынан «өзі шығады». 
«Қан мен тер» өміршеңдігі қаламгердің қол-
дан  мән  жасауға  ыңғай  бермей,  қай  ғасырда, 
қандай тарихи жағдайлар ауқымында ғұмыр ке-
ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. № 1-2(141-142). 2013
 
«Қан мен тер» – адам тағдыры, көркемдік жаңа өріс 

258 
 
 
 
ISSN 1563-0223                        Bulletin KazNU. Filology series. №1-2(141-142). 2013
 
шіп  жатқандығына  қарамастан-ақ  атам  за- 
маннан  адам  баласы  маңдайын  соғып,  кеуде- 
сін  төсеп  сүріп  өтетін  қысқа  ғұмырдың  қызуы  
 
мен  ызғары  туралы  жүрек  иланған  баянды 
әңгіме  айтқан  шеберлік  сырларында  жатса 
керек. 
 
Әдебиеттер 
 
1  Серікқалиев З. Ақ жол. – Алматы, 1990. – 164 б. 
2  Нұрпейісов Ә. Қан мен тер. – Алматы: Жазушы, 1977. – 824 б. 
3  Елеукенов Ш. Замандас парасаты. Әдеби сын. – Алматы, 1977. – 300 б.  
 
References  
 
4  Serikkaliev Z. Ak zhol. – Almaty, 1990. – 164 b. 
5  Nurpeisov A. Kan men ter. – Almaty: Zhazushi, 1977. – 824 b. 
6  Eleukenov Sh. Zamandas parasaty. Adeby syn. – Almaty, 1977. – 300 b. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Қ. Мәдібай, Ш. Шортанбаев 

Вестник КазНУ. Серия филологическая. №1-2(141-142). 2013 
 
 
МАЗМҰНЫ 
СОДЕРЖАНИЕ 
 
 
 
 
 
ТІЛ БІЛІМІ 
ЯЗЫКОЗНАНИЕ 
 
Абдрахманова Ж. Баспасөз бетіндегі мақал-мәтелдердің қайта жаңғыруы .......................................................... 3 
Дәрменқұлова Р.Н. Қазақ тіліндегі  сұраулы сөйлемдердің жұмсалуына қатысты норма ................................... 7 
Доскеева Б.Ж. Рaй категориясының мағыналық, тұлғалық сипаты ....................................................................... 12 
Есімова Ж.Д. Қазаға қатысты қолданылатын сөздердегі діни лексика ................................................................. 16 
Зуева Н.Ю. К вопросу об авторской индивидуальности в научной речи .............................................................. 20 
Нагиева А.Т. Концепт «небо» в русской лингвокультуре ....................................................................................... 24 
Смирнова Л.А. Специфика противительных отношений в сложном предложении с союзом and ...................... 29 
Сыдыков А.Н. Демононимы кыргызского языка ..................................................................................................... 35 
Керимли Ягуб Социальные диалекты как социальная разновидность языка ........................................................ 39 
Салжанова Л., Оңталапқызы Г. Әзіл-сықақ парадигматикасы ............................................................................. 44 
Дәулетбекова Ж.С. «Абай жолы» роман-эпопеясындағы жалқы  есімдердің табиғаты,  
лингвомәдени айырмашылықтары............................................................................................................................ 49 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет