На праве хозяйственного ведения шымкентский высший



бет8/39
Дата10.01.2023
өлшемі1,05 Mb.
#60862
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   39
Байланысты:
ҚРДСЖММ.1,6ж дайын

Дәрігердің мақсаты – дұрыс диагноз қою және дұрыс емдеу жасау.
Мейірбикенің мақсаты –науқасқа ең қолайлы шарт қойып, оның емделуін жеңілдету. Сондықтан да мейірбике үшін аурудың себептері (инфекция, аллергия және т.б.) емес, аурудың сырттай көрінісі мен ағзаның қызметтерінің бұзылуы (ентігу, жөтел, ісіктер және т.б.)
Екінші кезең – мейірбикелік диагностика (науқастардың мәселелерін анықтау)
Диагностиканы жүргізу үшін «денсаулық» және «ауру» түсініктерінің мағынасын анық білу керек. БДҰ сарапшыларының белгілеуі бойынша «денсаулық» – бұл тек аурудың болмауы мен мүгедектіксіздік қана емес, ол ағзаның физикалық, психикалық және әлеуметтік сақтандығы. Ауру (morbus) – бұл ағзаның сыртқы ортаның факторларының ықпалына, арнайы инфекциялық агенттерге жауап қайтару реакциясы, туа біткен бұзылыс немесе осы факторлардың қиылысуы. Әр ағза ерекше және әр қайсысы ауруға әр түрлі жауап қайтарады, сондықтан бір аурудың клиникалық белгілері әр науқаста әрқалай болуы мүмкін. Яғни, аурудың клиникалық белгілеріне байланысты қарастырылады:

  1. Ағзаның/тіндердің зақымдануы ағзаның ауруға жауап қайтарып, әрекеттесуі.

  2. Диагностикалық процесс симптомдарды және синдромдарды анықтаудан басталады.

Симптомдар – бұл аурудың белгілі бір белгілері (гр. symptoma – белгі, ұқсастық). Мысалы, жөтел, ентігу, ауру, лейкоцитоз, гематурия, миокардтың гипертрофиясы.
Синдром – (гр. syndromos – «қосарлана жүгіру») жетілу механизіміне байланысты өзара шарттасқан симптомдардың жиынтығы.
Диагноз (гр. diagnosis – «айырып тану») – аурудың болмысы мен науқастың жай-күйі туралы дәрігердің қысқаша тұжырымы. Дәрігерлік диагноздың негізгі құрылымында жазылады: негізгі ауру, негізгі аурудың асқынуы және негізгі ауруға қосарланған ауру.
Мейірбикелік диагнозда ауру қарастырылмайды (бұл дәрігердің мақсаты) мейірбикелік диагнозда науқастың өз ауруына реакциясы қарастырылады, сондықтан диагнозды құру кезеңінде науқастың өмірінің барлық сфералары ескеріледі.
1.Физиологиялық
2.Психологиялық
3.Жандүниелік
4. Әлеуметтік диагноздарға бөлінеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет