На праве хозяйственного ведения шымкентский высший


Үшінші кезең – мейірбикелік кірісулерді жоспарлау және мақсаттарын анықтау



бет9/39
Дата10.01.2023
өлшемі1,05 Mb.
#60862
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   39
Байланысты:
ҚРДСЖММ.1,6ж дайын

Үшінші кезең – мейірбикелік кірісулерді жоспарлау және мақсаттарын анықтау.
Мақсаттар белгілі, нақты және қол жетерлік болуы керек. Науқас әр мақсатты талқылауға қатысып, өз ойын жеткізуі керек.
Үшінші кезеңнің мақсаттары:
• науқастың қажеттіліктеріне байланысты басым нысананы таңдау керек;
• таңдаған мақсаттарға жету үшін арнайы стратегия құру керек;
• мақсаттарға жету мерзімін белгілеу керек.
Мерзіміне байланысты мақсаттардың 2 түрін ажыратады:
1. Қысқа мерзімді (бір аптадан азырақ)
2. Ұзақ мерзімді (апталар,айлар, кейбір жағдайларда ауруханадан шыққаннан кейін де).
Жоспарлау – мақсаттарды қалыптастыру және бұл мақсаттарға жету үшін мейірбикелік кірісулер процессі. Науқастың бұзылған қажеттіліктерін қайта қалпына келтіру үшін мейірбикенің атқаратын жұмысын науқас мәселелерінің басымдылығы бойынша тіркеп, жоспарлау.
Жоспарлау өзіне жатқызады:

  • Мейірбикелік кірісулердің пейілін және көлемін анықтау

  • Науқас және науқастың туысқандарымен бірге науқастың күтім жоспарын талқылау

  • Кірісулердің ұзақтығын анықтау.

Төртінші кезең – мейірбикелік кірісулердің жоспарын жүзеге асыру
Мейірбикелік үрдістің ең маңызды кезеңдерінің бірі– жоспарлардың жүзеге асырылуы. Науқастың күтімінің жоспары– науқас күтімінің жоспарын жүзеге асыру үшін мейірбикенің іс-әрекеттерінің барлығы жазылған.
Мейірбикелік үрдістің төртінші кезеңінің мақсаты: науқасты күту мақсатында жасалған барлық қажетті күтім шараларын жүзеге асыру үшін барлық мүмкіндікті жасау.
Мейірбикелік кірісулердің келесі үш түрін ажыратады:
1. Тәуелді – мейірбикенің іс-әрекеттері 
2. Тәуелсіз
3. Бір-біріне тәуелді
Тәуелді– дәрігердің белгілеуімен және бақылауымен жасалатын мейірбикенің іс-әрекеттері. Мысалы, инфузиялық терапияны жүргізу, антибиотиктерді енгізу, байламдарды ауыстыру және т.б.
Тәуелсіз – мейірбикенің өз ықыласымен біліктілігіне байланысты, дәрігер жақтан талап етілмеген іс-әрекеттері. Мысалы, аурудың емге реакциясын бақылау, дәрігерге дейінгі көмек көрсету, науқастың жеке гигиенасына қарасты шараларды жүргізу, аурухана ішілік жұқпаларды алдын-алу мақсатымен жасалатын шараларды, науқасқа және оның жанұясына кеңестер беру, науқастың демалуын ұйымдастыру (жағдай жасау).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет