На праве хозяйственного ведения шымкентский высший



бет10/39
Дата10.01.2023
өлшемі1,05 Mb.
#60862
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   39
Бір-біріне тәуелді – науқасқа күтім жасағанда және көмек көрсеткен кезде дәрігермен және басқа денсаулық сақтау ұйымының қызметкерлерімен ынтымақтастық жасау. Мысалы, науқасты зертханалық тексеру әдістеріне және құрал-жабдықтар арқылы тексеруге дайындау, ЕДШ инструкторына, физиотерапевтке, диетологқа және т.б. кеңес берген кезде қатысуы.
Науқасқа көмек көрсетудің үш жүйесін ажыратады:
Толық -компенсациялық көмек – науқастардың 3 түрі қажет етеді:
• ешқандай іс-әрекеттерді жасай алмайтын ес-түссіз жағдайдағы науқастар;
• ес-түсі анық науқастар, бірақ ешқандай іс-әрекеттерді жасай алмайды немесе оларға жасауға рұқсат етілмейді;
• өз беттерімен ешқандай шешім қабылдай алмайтын науқастар.
2. Жартылай-компенсациялық көмек – мақсаттарды қозғалыс-қимыл белсенділігінің шектелу деңгейіне байланысты бөлінеді, сондай-ақ берілген іс-әрекеттерді орындауға және меңгеруіне дайын болуына байланысты. 
3. Кеңестік (сүйемелдеушілік) – науқас мейірбикенің көмегімен (амбулаториялық жағдайда қызмет көрсету) өзіне күтім жасай алады және іс-әрекеттерге үйрене алады.


Бесінші кезең – мақсатқа жету кезеңін анықтау және нәтижені бағалау.
Мейірбике науқастың жай-күйіндегі өзерісті көріп, есіне сақтап және бағалай алуға мүмкіндік беретін байқаушылық қасиетін иелену керек.
Мейірбикелік үрдістің бесінші кезеңінің мақсаты – қойылған мақсаттардың жету кезеңін анықтау. Бұл кезеңде мейірбике мақсаттың жетілуін бақылайды; көзделген нәтижемен салыстырады; нәтижелерін негіздейді; күтім жоспары жайлы құжатқа (мейірбикелік ауру тарихы) жазба жасайды.
Мейірбике күн сайын науқастың күтімінің сапасын және тиімділігін тексеріп, баға беріп отырады. Егер алға қойылған мақсатқа қол жеткізіліп, науқастың қажеттіліктері орнықса, мейірбике жоспарға нәтижені, ай-күнді, уақытты және қолтаңбасын қояды. Егер алға қойылған мақсаттар орындалмай, науқас әлі де мейірбикелік күтімге қажеттілігін көрсетсе, мейірбике күтім қажеттілігін және науқастың жағдайын бағалап, іс-шаралардың тиімді болмауының себептерін ажыратып, мейірбикелік кірісу жоспарына өзгеріс орнатып, науқас күтімін түзету керек.
Яғни, мейірбикелік үрдіс – науқастардың өмір сапасын көтеріп, медициналық көмек пен күтімнің ең жоғары сапалы берілуіне негізделген динамикалық үрдіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет