Физиологиялық қажеттілігі - демалысы, тағамдық, жыныстық, өз-өзін қорғау.
Сенімділік қажеттілігі - материалды сенімділікке, денсаулыққа, қартаюды қамтама-сыз етуін ыңғайлау.
Әлеуметтік қажеттілігі - қоғамдық қарым - қатынастар.
Өзінің адамгершілігін, өзіне деген құрметті сезіну
Жекелік даму қажеттілігі, өз-өзін өмірде бағыттап, өз ой-пікірі.
Сондықтан мейірбике пациенттің қамтамасыз етілмеген қажеттілігін анықтап отыруы керек және мейірбикелік үрдісті қолданып, көмек көрсетуі тиіс.
Мейірбикелік үрдістің мақсатына жету келесі мәселелерді шешу арқылы жүзеге асады:
- Пациент туралы ақпараттар базасын құру;
- Мейірбикелік күтім көрсетудегі пациенттің қажеттілігін анықтау;
- Мейірбикелік қызмет көрсетудегі маңыздылығын көрсету;
- Күтім жоспарын құру, яғни мейірбикелік күтімді тікелей және жанама көрсетіп отыру;
- Пациентті күту және күтім көрсетудегі мақсатқа жетудегі нәтижесін бағалау.
Мейірбикелік үрдістің негізгі бес кезеңі бар:
І-кезең: мейірбикелік зерттеу;
ІІ-кезең: мейірбикелік диагностика (науқастың мәселелерін табу);
ІІІ-кезең: мақсат қойып, ауруға мейірбикелік қатысуды жоспарлау;
VІ-кезең: ауруға мейірбикелік қатысудың жоспарын жүзеге асыру;
V-кезең: мақсатқа жету кезеңін анықтап, нәтижені бағалау.
Мейірбикелік үрдістің I-ші кезеңі - пациенттің жағдайын бағалау. Ол үшін мейірбике тексеріс әдістерін қолдана отырып керекті ақпараттарды жинайды:
1. Субъективті мәліметтер - оның ішінде физиологиялық, психологиялық, әлеуметтік, сонымен қатар төлқұжаттық мәліметтер, дәрігер диагнозы, қазіргі уақыттағы шағымдары.
2. Объективтік мәліметтер - бойы, дене салмағы, жүзінің өзгерісі, сана-сезімі, жүрісінің өзгерісі, төсектегі жағдайы, тері қабығының жағдайы, дене қызуы, демі, тамыр соғысы, қан қысымы, табиғи қызмет атқаруы, т.б. мәліметтер.
3. Пациенттің психоәлеуметтік жағдайын бағалау: бақылудағы мінез құлқын сипаттау, эмоционалдық өрісінің динамикасы, әлеуметтік - экономикалық мәліметтерді жинау, қауіп-қатер мәнбірлерін, денсаулыққа әсер ететін айналадағы қоршаған ортаның мәліметтерін анықтау.
Науқас жайлы мәлімет толық әрі тура болу керек. Жиналған мәліметтің анализі науқастың қажеттіліктерінің бұзылыстарын және науқастың күтімге қаншалықты зәру екендігін зерттеуге көмектеседі (зәру, жартылай зәру, қоршаған ортасына зәру, медициналық қызметкерлерден зәру).
Мейірбикелік үрдіс тәуелсіз болып келеді және ол дәрігерлік үрдіске ауыстырыла алмайды, өйткені дәрігерлік және мейірбикелік үрдіс әр түрлі мақсатты көздейді.
Достарыңызбен бөлісу: |