Үшінші кезең – мейірбикелік кірісулерді жоспарлау және мақсаттарын анықтау. Мақсаттар белгілі, нақты және қол жетерлік болуы керек. Науқас әр мақсатты талқылауға қатысып, өз ойын жеткізуі керек.
Үшінші кезеңнің мақсаттары: • науқастың қажеттіліктеріне байланысты басым нысананы таңдау керек;
• таңдаған мақсаттарға жету үшін арнайы стратегия құру керек;
• мақсаттарға жету мерзімін белгілеу керек.
Мерзіміне байланысты мақсаттардың 2 түрін ажыратады: 1. Қысқа мерзімді (бір аптадан азырақ)
2. Ұзақ мерзімді (апталар,айлар, кейбір жағдайларда ауруханадан шыққаннан кейін де). Жоспарлау – мақсаттарды қалыптастыру және бұл мақсаттарға жету үшін мейірбикелік кірісулер процессі. Науқастың бұзылған қажеттіліктерін қайта қалпына келтіру үшін мейірбикенің атқаратын жұмысын науқас мәселелерінің басымдылығы бойынша тіркеп, жоспарлау.
Жоспарлау өзіне жатқызады:
Мейірбикелік кірісулердің пейілін және көлемін анықтау
Науқас және науқастың туысқандарымен бірге науқастың күтім жоспарын талқылау
Кірісулердің ұзақтығын анықтау.
Төртінші кезең – мейірбикелік кірісулердің жоспарын жүзеге асыру Мейірбикелік үрдістің ең маңызды кезеңдерінің бірі– жоспарлардың жүзеге асырылуы. Науқастың күтімінің жоспары– науқас күтімінің жоспарын жүзеге асыру үшін мейірбикенің іс-әрекеттерінің барлығы жазылған.
Мейірбикелік үрдістің төртінші кезеңінің мақсаты:науқасты күту мақсатында жасалған барлық қажетті күтім шараларын жүзеге асыру үшін барлық мүмкіндікті жасау.
Мейірбикелік кірісулердің келесі үш түрін ажыратады: 1. Тәуелді – мейірбикенің іс-әрекеттері 2. Тәуелсіз 3. Бір-біріне тәуелді Тәуелді– дәрігердің белгілеуімен және бақылауымен жасалатын мейірбикенің іс-әрекеттері. Мысалы, инфузиялық терапияны жүргізу, антибиотиктерді енгізу, байламдарды ауыстыру және т.б.
Тәуелсіз – мейірбикенің өз ықыласымен біліктілігіне байланысты, дәрігер жақтан талап етілмеген іс-әрекеттері. Мысалы, аурудың емге реакциясын бақылау, дәрігерге дейінгі көмек көрсету, науқастың жеке гигиенасына қарасты шараларды жүргізу, аурухана ішілік жұқпаларды алдын-алу мақсатымен жасалатын шараларды, науқасқа және оның жанұясына кеңестер беру, науқастың демалуын ұйымдастыру (жағдай жасау).